Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 35 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7521 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы 196 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру
ережесінде:
      12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі (бұдан әрі - Мемлекеттік реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) баға белгілеу - почталық, электрондық немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қарсы әріптестердің қаржы құралдары бойынша баға ұсыныстары;
      2) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың (Ұйымның) меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегиясын, талаптары мен шектеулерін, Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі бекіткен меншікті активтерді хеджирлеу мен әртараптандырудың талаптарын айқындайтын құжат;
      3) қарсы әріптес - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      5) халықаралық қаржы ұйымы - халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
      6) хеджирлеу құралдары - хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын, осы Ереженің 123 және 4-қосымшаларында көрсетілген туынды қаржы құралдары;
      7) principal protected notes - негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздар.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қордың акциялары қор биржасы ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы), екінші (ең жоғарғы) немесе үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санатына енгізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Қор меншікті активтерінің есебінен мынадай мүлікті:
      1) осы Ереженің 123 және 4-қосымшаларында айқындалған, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде көрсетілген мүлікті;
      2) Қордың өз мұқтажы үшін және Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті орындауы үшін пайдаланылатын мүлікті;
      3) акцияларды және Қордың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      4) акцияларды және бір немесе бірнеше Қор өз қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерін қорғау және білдіру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ортақ міндеттерді шешу үшін құрған заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алады немесе сатады. Осы тармақшада көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін құрылған қауымдастықтарға және (немесе) одақтарға Қордың меншікті активтері есебінен мүше жарналарын төлеуге жол беріледі.»;
      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1 Ұйым (Қор) зейнетақы және (немесе) меншікті активтері есебінен үлестес тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін, параметрлері қор биржасы акциялары нарығы индексін есептеу мақсатында пайдаланылатын қор биржасының тізіміне (қор биржасының өкілдік тізіміне) кіретін акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, үлестес тұлғалар шығарған акцияларды не осындай акциялар базалық актив болып табылатын депозитарлық қолхаттарды сатып алмайды.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Егер қандай да болмасын жағдайлардың нәтижесінде Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтері немесе меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ережеде, пруденциалдық нормативтерде, инвестициялық декларацияда немесе Ұйымның (Қордың) меншікті активтерін басқару жөніндегі саясатта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Ұйым (Қор) осындай сәйкессіздікпен байланысты инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауы, олардың орындалуына жауапты Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлері және орындалу мерзімдері көрсетілген сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, осы сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.
      Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда Ұйым (Қор) оны іске асыруға кіріседі және іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шаралардың орындалу мерзімдері өткен соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға іс-шаралардың орындалғаны туралы есептерді ұсынады. Іс-шаралар жоспарына уәкілетті органның ескертулерін алған жағдайда, Ұйым (Қор) уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.»;
      3-қосымшаның «Ұйым (Қор) инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке Қордың орташа инвестициялық портфеліндегі зейнетақы активтерін орналастыратын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:» деген 1-тармағының реттік нөмірі 9-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

9.

      Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
      «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар эмитенттердің акциялары;
      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар;
      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғарғы) санатының талаптарына сәйкес келетін акциялар;
      «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВ»-дан төмен емес рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «рейтинтілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар;
      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
      басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, № 77 қаулыда көзделген «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторының талаптарына сәйкес келетін пайлары;
      эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде осы
эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздарына не өзге
міндеттемелеріне айырбастау мақсатында шығарылған бағалы
қағаздар

».

      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және жинақтаушы зейнетақы қорлары осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін үш ай ішінде меншікті активтерді инвестициялау тәртібін айқындайтын өздерінің ішкі құжаттарын осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                       Г. Марченко 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады