Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 26 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 22215 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 12 ақпандағы
№ 26 Қаулыға
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5406 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтарда "Заң газеті" газетінде № 5 (1428) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылатын "репо" операциялары "репо" операцияларының бастапқы мерзімін ұзарта отырып, тоқсан күнтізбелік күннен аспайтын мерзімнен аспайтын мерзімде жасалады.".

      2. "Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларын және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7540 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 369-374 (27448) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарушы компания инвестициялық қор активтерін инвестициялауды Қағидаларда және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтаған кезде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері Қағидалардың 8-2-тармағында белгіленген қаржы құралдарын қоспағанда, инвестициялық қордың активтерінің есебінен бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшері:

      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма пайызынан;

      2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;

      3) ақшаға, орталық контрагенттің қатысуымен жасалған кері репо операцияларының мәні болып табылатын бағалы қағаздарға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, Exchange Traded Funds-тың (Эксчейндж Трэйдэд Фандстың) баға құру қор индекстеріне байланысты пайларына қатысты ашық, аралық және жабдық инвестициялық пай қорының және акционерлік инвестициялық қорының активтері құнының бір жүз пайызынан аспайды.

      8-2. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның қызметін ұлттық экономиканың бір саласында жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі болатын бір тұлға шығарған (ұсынған) қаржы құраларына инвестициялық қордың активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың жиынтық мөлшері:

      1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;

      2) акционерлік инвестициялық қор және жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының елу пайызынан аспайды.

      8-3. Қағидалардың 8-1 және 8-2-тармақтарыда көрсетілген қаржы құралдарына инвестициялық қорлар активтерінің есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлардың активтері құнының бір жүз пайызынан және жылжымайтын мүлік қорының таза активтері құнының жиырма пайызынан аспайды.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесінде:

      1-тармақтың кестесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

  ";

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары немесе негізгі қор индекстеріне байланыстырылған пайлары бойынша баға құру

  ".

      3. "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 болып тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға қойылатын талаптарда:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Талаптардың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша:

      1) клиенттердің номиналды ұстауға және (немесе) кастодиандық қамтамасыз етуге берілген активтерін есепке алу мүмкіндігін;

      2) клиент активтерін жеке есепке алуды, оны есептеу бойынша барлық операцияларды жүргізуді, жеке шот бойынша операциялардың тарихын талдау мүмкіндігін, оның ішінде операциялық күн ішінде кез келген күні мен уақытындағы жағдай бойынша ақша қалдығы туралы, сондай-ақ әрбір клиенттің және клиенттің ақшасын есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның бөлігінде ақша қозғалысы туралы мәліметтерді автоматтандырылған қалыптастыруды, мына ақпаратты қоса алғанда бірақ олармен шектелмейді:

      ақшамен операция жүргізу күні мен уақыты;

      операцияның атауы;

      растайтын құжаттың деректемелері мен атауы;

      клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы;

      қаржы құралдармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылатын есеп айырысу-депозитарлық жүйесінің атауы;

      брокердің және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның атауы;

      клиенттің шоты бойынша ақша бойынша әрбір операцияның сомасы;

      брокердің және (немесе) дилердің, кастодианның, қор биржасының және өзге ұйымдардың көрсетілгені (жүргізілгені) үшін сыйақы есептелген және (немесе) есептен шығарылған қызмет көрсетуді және (немесе) мәмілені (операцияны) көрсете отырып осы сыйақысының сомасы;

      төлемнің мақсаты;

      ақшамен операция бойынша контрагенттің атауы және оның шотының деректемелері;

      екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, ақшамен операциялар бойынша контрагент тарапынан іс-әрекет жасайтын ұйымның атауы және оның шотының деректемелері;

      3) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде қор биржасының және (немесе) клиринг ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді."

      4. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ жойылсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Кастодиандық шарт";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кастодиандық шарт кастодиан мен клиенттің арасында жазбаша нысанда жасалады.

      Арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бойынша бос түсімдерді инвестициялаған кезде кастодиан, арнайы қаржы компаниясы және басқаруында арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтері бар инвестициялық портфельді басқарушы арасында кастодиандық шарт (бұдан әрі - арнайы қаржы компанияның инвестициялық портфелі).

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу мақсатында кастодиандық шарт кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жазбаша нысанда жасалады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кастодиандық шартта кастодиан ерікті жинақтаушы зейнетақы қормен немесе арнайы қаржы компаниясымен немесе арнайы қаржы компаниясымен және арнайы қаржы компаниясының инвестициялық портфельді басқарушысымен немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және инвестициялық портфельді басқарушымен жасалатын кастодиандық шартты қоспағанда, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 75-бабының 3-тармағында белгіленген оның мазмұнына қойылатын талаптардан басқа мыналар қамтылады:

      1) кастодианның бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны, сондай-ақ кастодианның клиенттен немесе клиенттің шоттарын басқаруға өкілеттігі бар ұйымнан кастодианның осы Қағидалардың 22-тармағының 8) тармақшасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды алу құқығы;

      2) кастодианның клиент алдындағы есептілігінің нысаны мен кезеңділігі;

      3) клиентке активтерді қайтару не клиенттің активтерін жаңа кастодианға тапсыру тәртібі;

      4) салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі мен кезеңділігі;

      5) тараптардың біреуінің бастамасы бойынша және (немесе) уәкілетті органның кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берген кастодиан лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде кастодиандық шартын бұзу тәртібі мен талаптары;

      6) уәкілетті органға нақты болуын және сақталатын резервтік көшірмесінің мазмұнын тексеруге мүмкіндік беретін шарттар;

      7) кастодианның кастодиандық қызметін реттейтін ішкі құжаттарымен танысқаны туралы клиенттің белгісі;

      8) кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес өзге де ережелер.

      Осы тармақтың 3), 5) және 7) тармақшаларының талаптары кастодиан мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған кастодиандық шарттың мазмұнына қолданылмайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Кастодиандық шартты бұзудың бастамашысы екінші тарапты (тараптарды):

      1) кастодианның және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын;

      2) кастодианның және арнайы қаржы компаниясының арасында жасалған кастодиандық шартты немесе кастодианның, арнайы қаржы компаниясының, және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын;

      3) кастодианның және бірыңғай жинақтаушы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын хабардар етеді.

      Өзге кастодиандық шарттарды бұзуға бастамашы шарттың екінші тарабын кастодиандық шартта белгіленген мерзімде хабардар етеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Кастодиандық қызмет";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Клиенттердің активтерін есепке алуды ұйымдастыру";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу қызметтерін көрсететін кастодиан мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис), Fіtch (Фич) агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard&Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар не Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес бас банкінің Қазақстан Республикасының резиденті еншілес банкі болып табылады;

      2) халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне (Еuroclear (Еуроклир) және Сlearstream Іnternatіonal (Клирстрим Интэрнэшнэл) түріндегі) мынадай түрдегі:

      тікелей қол жетімділігі;

      бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей қол жетімділігі бар шетелдік номиналды ұстаушымен кастодиандық шарт жасасу арқылы;

      орталық депозитарий көрсететін қызметтерді пайдалану арқылы қол жетімділігі бар.";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 20, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-тармақтарының талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-бөліммен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу ерекшеліктері

      58-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу үшін кастодиан таңдауды инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асырады.

      Бір инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан жүзеге асырады.

      58-2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерімен операцияларды есепке алу кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартқа сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодианда ашылған шоттарында жүзеге асырылады.

      Кастодианның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін есепке алу бойынша шоттарын жүргізу технологиясы және режимдері кастодианның ішкі құжаттарында және кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартта айқындалады.

      58-3. Кастодианның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған кастодиандық шартты бұзуға негіздемелер мыналар болып табылады:

      1) кастодианның және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының лицензиясын қолдануды тоқтата тұру немесе айыру;

      2) кастодианның Қағидалардың 34-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес болмауы;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының кастодиандық шартты бұзу туралы шешімі.

      58-4. Қағидалардың 58-3-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша кастодиан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған кастодиандық шартты бұзудың белгіленген күні басталғанға дейін кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін жаңа кастодианға өткізеді.

      Кастодиандық шартты бұзу кезінде кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында тұрған зейнетақы активтерін жаңа кастодианға өткізгенге дейін кастодиандық шарт бойынша міндеттемелерді орындайды.

      58-5. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу жөніндегі функцияларды іске асыру мақсатында кастодиан:

      1) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін құрайтын және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды;

      2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін құрайтын және кастодиандық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлем агентінің қызметтер көрсетуді;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін құрайтын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді және оның осы бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растауды;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру, оларды орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операцияларды есепке алуды;

      5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, инвестициялық портфельді басқарушыны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған шоттарының жай-күйі туралы, сондай-ақ кастодиандық шартта көзделген нысан бойынша шоттар бойынша есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы ай сайын хабардар етуді;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және инвестициялық портфельді басқарушыға кастодиандық шартта белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есепті ай сайын беруді;

      7) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуді

      8) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын (пайдаланылуын) бақылауды;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алған комиссиялық сыйақы сомаларын бақылауды;

      10) кастодиандық шартта көзделген қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады.

      58-6. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын (пайдаланылуын) бақылауды кастодиан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және инвестициялық портфельді басқарушы ұсынған, кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операцияларды жасауға арналған құжаттар мен бұйрықтарды (тапсырмаларды):

      1) Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 8-бабының 1-3) тармақшасында, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 10) тармақшасында және кастодианның ішкі құжаттарында;

      2) инвестициялық декларацияда;

      3) зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған, уәкілетті орган қолданған қадағалау ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру арқылы жүзеге асырады.

      58-7. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын (пайдаланылуын) бақылау жөніндегі функцияларды орындау шеңберінде кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша зейнетақы активтері есебінен операция жасауға алынған бұйрық Қағидалардың 58-6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде операцияны тіркеуді (орындауды) жүзеге асырады және бұйрық (тапсырма) тіркелген күннен кейінгі жұмыс күні сағат 10:00-ден кешіктірмей осы бұйрықты (осы тапсырманы) берген тұлғаға тиісті бұйрықтың (тапсырманың) орындалуы туралы есеп жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген есепті жіберу қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша талап етілмейді.

      58-8. Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 58-6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған кезде кастодиан бұл туралы уәкілетті органды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, инвестициялық портфельді басқарушыны және егер мәміле сауда жүйесінде жасалса, қор биржасын дереу хабардар етеді.

      58-9. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерімен операцияларды есепке алу және жүргізу, сондай-ақ олар бойынша кірістер алу және бөлу Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға, кастодианның Қағидаларына және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      58-10. Кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің өзекті есебін қамтамасыз ету мақсатында айына кемінде бір рет өзінің зейнетақы активтерін (ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын) есепке алу жүйесінің деректерін олардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, орталық депозитарийдің деректеріне, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу және сақтау үшін шоттары ашылған шетелдік кастодиандардың деректеріне сәйкестігіне салыстырып тексеруді жүргізеді.

      58-11. Кастодианды есепке алу жүйесінің деректерін орталық депозитарийдің деректерімен салыстырып тексеру орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кастодианды есепке алу жүйесінің деректерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының деректерімен салыстырып тексеру ерекшеліктері кастодиандық шартта және кастодианның ішкі құжаттарында белгіленеді.

      58-12. Кастодиан:

      1) № 210 Қағидалардың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтерді;

      2) кастодиан инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы, олардың Қағидалардың 58-6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеу себебі бойынша бас тартқан (орындамаған) зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттары бойынша операцияларды;

      3) инвестициялық портфельді басқарушының кастодианға берілген, Қағидалардың 58-6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін бұйрықтары (тапсырмалары) туралы уәкілетті органға жіберілген хабарламаларды;

      4) кастодианның ішкі құжаттарында көзделген мәліметтерді дұрыс және өзекті есепке алуды (есепке алу деректерін өзгерту үшін негіздер туындаған күні) жүзеге асырады.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді есепке алу тиісті есепке алу журналдарын қалыптастыру мүмкіндігімен кастодианның бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Кастодианның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін, инвестициялық қордың активтерін және арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа кастодианға беруді клиент жаңа кастодианмен кастодиандық шарт жасасқаннан кейін іс-әрекет етуші және жаңа кастодианның уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір данадан төрт данада жасалады, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі кастодиандық шарт бұзылған күнгі жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан бес данада жасалады, оған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының, кастодианның және жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, инвестициялық қор активтерін қабылдау-өткізу актісінің даналарын кастодиандық қызмет көрсетуге активтерді қабылдайтын кастодиан оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.";

      70-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-1. Осы тарауда белгіленген клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі Қағидалардың 60-тармағында, 61-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 62-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 64-тармағында, 66-тармақтың екінші бөлігінде, 69 және 70-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, бас банк (бұдан әрі – бас банк - жаңа кастодиан) пен еншілес банк (бұдан әрі – еншілес банк-кастодиан) арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде кастодианның инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беруіне қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда еншілес банк - кастодиан клиенттердің активтерін бас банк - жаңа кастодианға клиент еншілес банк - кастодианмен кастодиандық шартты бұзбай-ақ және клиент бас банк - жаңа кастодианмен кастодиандық шартты жасамай-ақ клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде береді.

      Кастодиандар клиенттің активтерін еншілес банк - кастодианнан есептен шығару және бас банк - жаңа кастодианда есепке алу операцияларын клиент жеке шоттардан (шоттарға), ағымдағы шоттардан (шоттарға) есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізуге арналған бұйрықтарды ұсынбай-ақ клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісінің негізінде жүргізеді. Бас банк - жаңа кастодианның клиентке жеке, ағымдағы шоттарды ашуы жеке, ағымдағы шоттарды ашуға арналған бұйрықтарды ұсынбай жүзеге асырылады.

      Клиенттің активтерін қабылдау-тапсыру актісіне еншілес банк - кастодианның және бас банк - жаңа кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.

      Бас банк - жаңа кастодианның және еншілес банк - кастодианның арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру операциясын жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде клиенттен жазбаша қарсылықтың және клиенттің активтерді аударуға бұйрығының болмауы клиенттің активтерді бас банк - жаңа кастодианға беруге келісімі ретінде қаралады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе лицензиясынан айырылған жағдайда жаңа басқарушы компанияны таңдау бойынша, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмысын тоқтату бойынша кастодиан қолданатын іс-әрекеттер тәртібі".

      5. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың қолданылуы мыналарға қолданылады:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары;

      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына;

      3) Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін бөлікте брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылатын инвестициялық қорлардың басқарушы компанияларына.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Брокер және (немесе) дилердің ішкі құжаттарында брокердің және (немесе) дилердің бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің, қор биржаның, клиринг ұйымының және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын есеп айырысу ұйымының (бұдан әрі – есеп айырысу ұйымы) және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының электрондық құжаттарымен алмасу жүйесіне кіру үшін рұқсаты бар (парольдерді пайдаланатын) қызметкерлерінің жауапкершілігі белгіленеді.

      Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есеп айырысу ұйымы деп мыналар түсініледі:

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      бейрезидент бас банкінің Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар еншілес банк болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі;

      орталық депозитарийдің мәртебесі бар, шыққан елдің шетелдік қадағалау органы халықаралық Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған ұйым;

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-ден төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетелдік ұйым;

      Заңды тұлға ретінде тіркелген елдің заңнамасына сәйкес, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын, мынадай талаптарға сәйкес келетін шетелдік ұйым:

      осы заңды тұлға шыққан елде бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және (немесе) қадағалау функциясын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – шетелдік қадағалау органы) бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берген лицензиясы (рұқсаты) бар;

      осы заңды тұлға шыққан елдің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия ұйымының Консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойған;

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар елде тіркелген заңды тұлға болып табылады, немесе мынадай бір немесе бірнеше халықаралық қаржы қауымдастығына мүшелігі бар: Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы (ІCMA), Валюта және ақша нарықтары кәсібилерінің халықаралық қауымдастығы (ACІ the Fіnancіal Markets Assocіatіon), Еуропа қаржы нарықтарының қауымдастығы (AFME).";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер шетел валютасымен жасайтын мәмілелерді қоспағанда, қаржы құралдарымен мәмілелер жасау";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын немесе Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алу және сақтау үшін банк шоттарын банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында және (немесе) орталық депозитарийде және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.";

      45-2 және 46 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылмайтын брокер және (немесе) дилер клиенттердің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған банк шоттарына есепке жазу үшін клиенттерден қолма-қол ақша қабылдамайды.

      46. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің қаржы құралдарымен мәмілелері ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында, сондай-ақ, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында да жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелер жасасудың мынадай жағдайларын қоспағанда, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығында жасалады:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) сәйкес мәмілелер жасау;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бастапқы нарықта орналастыру кезінде олармен мәмілелер жасау;

      3) шет мемлекеттердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16149 болып тіркелген "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 234 қаулысымен белгіленген рейтингі бар орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигацияларды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды бастапқы нарықта орналастырған кезде олармен мәмілелер жасау;

      5) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жағдайлары.";

      52, 53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Брокер және (немесе) дилер ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен контрагенті Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар заңды тұлғалар және (немесе) мына халықаралық қаржы ұйымдары:

      Азия даму банкі (the Asіan Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (the Іnter-Amerіcan Development Bank);

      Африка даму банкі (the Afrіcan Development Bank);

      Еуразиялық даму банкі (Eurasіan Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstructіon and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (the European Іnvestment Bank);

      Еуропа кеңесінің даму банкі (the Councіl of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам Корпорациясы (the Іslamіc Corporatіon for the Development of the Prіvate Sector);

      Ислам даму банкі (the Іslamіc Development Bank);

      Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі (the Multіlateral Іnvestment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordіc Іnvestment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the Іnternatіonal Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the Іnternatіonal Development Assocіatіon);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for Іnternatіonal Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the Іnternatіonal Centre for Settlement of Іnvestment Dіsputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (the Іnternatіonal Bank for Reconstructіon and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (the Іnternatіonal Fіnance Corporatіon) болатын, күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге (көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалатын мәмілелерді қоспағанда, талаптарында мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелері көзделетін мәмілелер жасамайды.";

      53. Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жүзеге асыратын "репо" операциялары, сондай-ақ немесе халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында брокер және (немесе) дилер жүзеге асыратын мәмілелер мәні болып табылатын қаржы құралдарын кері сатып алу не кері сату міндеттемелерін көздейтін өзге де операциялары брокердің және (немесе) дилердің меншікті ақшасы есебінен не брокерлік шартының шеңберінде клиенттің бұйрығына сәйкес күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімге көрсетілген операциялардың бастапқы мерзімін ұзартуды ескере отырып) жасалады.

      54. Брокер және (немесе) дилердің шоттарындағы клиент активтерінің ең төменгі құны жасалған маржалық мәмілелер болған кезде маржаның шектеулі деңгейін ескермей, тұрақты түрде қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер осы клиенттің тапсырмасы бойынша "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" ашудың барлық операциялары сомасынан отыз пайыздан кем емес мөлшерді құрайды.

      Қағидалардың осы тармағында клиенттің активтері ретінде мыналар танылады:

      ақша;

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы салымдар;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      Standard & Poor 's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В -"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар бағалы қағаздар.

      Осы тармақтың талаптары орталық контрагенттің қызметтерін қолдана отырып, қор биржасының сауда жүйесінде брокер және (немесе) дилер "тікелей" тәсілмен жасаған "репо" операцияларына қолданылмайды.

      55. Брокер және (немесе) дилер ол бойынша есеп айырысулар "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша (мәміленің бір тарабының қаржы құралын немесе ақшаны жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауы мәміленің басқа тарабының ақшаны немесе қаржы құралын жеткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындаған жағдайында мүмкін болатын) жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәмілені брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған кезде жасаспайды (мәміле жасасуға өтінім бермейді).

      Осы тармақтың бірінші бөлігі орталық контрагенттің қызметін пайдалана отырып жасалатын және (немесе) клиенттің тәуекелін сипаттайтын көрсеткіштің мәні № 214 қаулының талаптарына сәйкес келген кезде клиенттің тапсырмасы бойынша, есебінен және мүддесінде жасалатын мәмілелерге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары бағалы қағаздармен жасаған мәмілелерге қолданылмайды.

      Егер мәміле нысаны болып табылатын бағалы қағаздар немесе ақша брокердің және (немесе) дилердің немесе есеп айырысулар жүргізу сәтіне дейін бұрын жасалған мәміленің негізінде оның клиентінің шотына есепке жазылатын болса, мәміле жасасу сәтіне брокердің және (немесе) дилердің немесе оның тапсырмасы бойынша мәміле жасасу жоспарланған оның клиентінің тиісті шотында бағалы қағаздардың немесе ақшаның қажетті саны болмаған жағдайда ол бойынша есеп айырысу мәміле жасаған күннен кейін жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен мәміле жасауға рұқсат етіледі.";

      4-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1-тарау. Банк болып табылмайтын брокердің және (немесе) дилердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шетел валютасымен мәмілелер жасауы";

      63-3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-3. Брокер және (немесе) дилер, оған және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алу және сақтау үшін банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында бөлек банк шоттарын ашады.

      Осы талап қор биржасында брокерге және (немесе) дилерге және оның клиенттеріне тиесілі қолма-қол емес шетел валютасын есепке алған және сақтаған жағдайда қолданылмайды.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Бірінші санатты брокерге және (немесе) дилерге тиесілі қаржы құралдары мен ақша оның клиенттерінің қаржы құралдары мен ақшасынан бөлек есепке алынады. Осы мақсатта бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзіне және өзінің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) және банк шоттарын банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында ашады.

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер өзінің клиенттеріне тиесілі ақшаны бөлек есептеуге және сақтауға арналған банк шоттарын өз бетінше ашуға құқылы.

      65. Бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін қаржы құралдары мен ақшаны брокердің және (немесе) дилердің клиенттеріне тиесілі қаржы құралдары мен ақшаны есепке алу және сақтау үшін арналған шоттарға банктерде және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында және (немесе) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде және (немесе) кастодиандарда (тек шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары бойынша) және (немесе) клирингтік ұйымдарда және (немесе) есеп айырысу ұйымдарында және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымдарында қаржы құралдары мен ақша келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аударуға тиіс.

      Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 63-бабының 1-тармағы төртінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бірінші санатты брокер және (немесе) дилер клиенттерден келіп түсетін аталған брокердің және (немесе) дилердің көрсетілген клиенттерге ашқан банк шоттарына осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде аударуға құқылы.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Клиенттің маржалық мәміле бойынша міндеттемелерін қамтамасыз етуі ретінде мыналар:

      1) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп, Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша ұлттық шқаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "Акциялар" секторының "Премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғалардың акциялары және (немесе) "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-сатыққа жіберілген заңды тұлғалардың акциялары немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі заңды тұлғалардың акциялары;

      3) ықтимал залалдарға резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының резиденттер заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімі "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында көпшілік сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      6) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары;

      7) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің ұлттық валютадағы ақшасы және шетел валютасы;

      8) ықтимал залалдарға арналған резервтерді шегеріп (негізгі борыш және есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып), Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody’s Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының және Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін басқа мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      9) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис) немесе Fіtch (Фич) агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қағидалардың 75-1-тармағында анықталған есептік көрсеткіштердің (индекстердің) құрамына кіретін акциялар қабылданады.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Туындайтын тәуекелдерді басқару мақсатында брокер және (немесе) дилер клиенттің барлық маржиналдық мәмілесіне қатысты маржа деңгейін есептейді. Маржа деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      МД – брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәміле жасау үшін ақша, шетел валютасын немесе бағалы қағаздар берген кезде есептелетін маржа деңгейі;

      АСк – ақшаның, шетел валютасының және (немесе) бағалы қағаздардың нарықтық құнының сомасы, оның ішінде маржиналдық мәміле жасау нәтижесінде түсетін, маржиналдық мәміле жасау үшін қамтамасыз ету ретінде клиент ұсынатын;

      БҚСк – брокер және (немесе) дилер клиентке маржиналдық мәміле жасау үшін ұсынатын ақшаның, шетел валютасының және (немесе) бағалы қағаздардың нарықтық құнының сомасы.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Брокер және (немесе) дилер айына кемінде бір рет жеке және банктік шоттардағы қаржы құралдарының саны мен ақша қаражаты туралы өз есебінің деректерін осы брокер және (немесе) дилер үшін ашылған шоттардағы қаржы құралдары мен ақша сомасы туралы орталық депозитарийдің, клирингтік ұйымдардың және (немесе) есеп айырысу ұйымдарының, кастодиандар мен банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының деректерімен салыстырып тексереді.

      Қаржы құралдары мен ақшаның санында сәйкессіздіктер болмаса, шетелдік есеп айырысу ұйымы ұсынған үзінді-көшірме салыстырып тексеру актісі ретінде танылады. Егер брокер және (немесе) дилер клиенті (контрагент) үзінді-көшірмені алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілген деректерден қате шыққаны жөнінде мәлімдемесе, үзінді-көшірме дұрыс болып есептеледі және салыстырып тексеру актісі ретінде танылады.

      Брокер және (немесе) дилер күн сайын орталық бағалы қағаздар депозитарийіне әрбір клиенттің орталық бағалы қағаздар депозитарийінде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға арналған ақша сомасы туралы мәліметті береді.";

      6. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарда:

      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:

      "36-1. Ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорларының пайларын "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар саны қор биржасының ресми тізіміне енгізуге өтініш берген күні кемінде бес болады;

      2) олардың қор биржасының ресми тізімінде болуының бүкіл мерзімі ішінде осы бағалы қағаздардың маркет-мейкерінің болуы;

      3) ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорларының пайларын осы секторға енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай пайларға қойылатын, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленетін талаптарға.

      Тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қордың акцияларын "Аралас" алаңының "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу және олардың онда болуы үшін осы бағалы қағаздар және олардың эмитенттері мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) рұқсат беруге бастамашы ретінде "қор" санаты бойынша Биржа мүшесі іс-әрекет жасайды;

      2) инвестициялық қор акционерлерінің саны қор биржасының ресми тізіміне енгізуге өтініш берген күні кемінде бес болады;

      3) олардың қор биржасының ресми тізімінде болуының бүкіл мерзімі ішінде осы бағалы қағаздардың маркет-мейкерінің болуы;

      4) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорларының акцияларын осы секторға енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай акцияларға қойылатын, қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленетін талаптарға.

      Бағалы қағаздар қор биржасының ресми тізімінде болған кезде ашық инвестициялық пай қорының, тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы ақпаратты ашу қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор туралы мәліметтерді ашу "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады