Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7575 тіркелді.

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Ғарыштық жобаларды сүйемелдеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыш төрағасының орынбасары М.М. Молдабековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Т. Мұсабаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының
2012 жылғы 6 сәуірдегі
№ 41/НҚ бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2019 № 18/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағының мәртебесін, функциясын, мақсатын және құрылымын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы (бұдан әрі - Ғарышкерлер жасағы) ұшқыш басқаратын ғарыш жүйелерінің (көлік кемелері мен орбиталық станцияларының) сынау ұшуларын қамтамасыз етуге қатысатын "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ-тың мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғарышкерлер жасағы дайындықтан өткен және ғарышкер (сынаушы ғарышкер, зерттеуші ғарышкер, нұсқаушы ғарышкер) біліктілігін және Қазақстан Республикасының ғарышкер мәртебесін беру туралы құжаттарға ие болған Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралған.

      3. Ғарышкерлер жасағы өзінің мақсатына сай Ғарышкерлер жасағының қызметін қамтамасыз ететін ұйымның басшысымен бекітілген ұшу бағдарламаларына, тақырыптық жоспарларға, жоспар-кестелерге, техникалық шешімдерге, келісімшарттарға сәйкес жұмыстарды орындайды.

      4. Қазақстан Республикасының ғарышкерлері лауазымына тағайындау Ғарышкерлер жасағының қызметін қамтамасыз ететін ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      5. Ғарышкер өзі атқарып отырған лауазымынан мынадай жағдайларда:

      1) жазбаша түрде берілген өзінің жеке өтініші бойынша;

      2) денсаулығының жай-күйі бойынша босатылуы мүмкін.

      Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген жағдайларда лауазымнан босату Ғарышкерлер жасағының қызметін қамтамасыз ететін ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      6. Зерттеуші ғарышкерге сынаушы ғарышкер біліктілігін алу үшін, сынаушы ғарышкерге зерттеуші ғарышкер біліктілігін алу үшін арнайы бағдарлама бойынша оқу курсынан өтуі және ғарышкерлерді даярлаудың сертификатталған орталықтарында тиісті емтихандар тапсыруы тиіс.

2-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағының құрылымы

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2019 № 18/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ғарышкерлер жасағын Ғарышкерлер жасағының жоспарларын орындау үшін жеке құрамды жұмылдыру арқылы барлық ғылыми-техникалық қызметті басқаратын, қызметтің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, жұмыстарды жоспарлайтын, өзінің шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын бастық басқарады. Ғарышкерлер жасағының бастығы болмаған кезде, оның функцияларын орынбасары орындайды.

      8. Ғарышкерлер жасағының бастығы және Ғарышкерлер жасағының қызметкерлері уәкілетті органның келісімі бойынша Ғарышкерлер жасағының қызметін қамтамасыз ететін ұйым басшысымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлері ішінен тағайындалады және Ғарышкерлер жасағының қызметін қамтамасыз ететін ұйым басшысына бағынады.

      9. Ғарышкерлер жасағының бастығы өз жұмысында осы Ережені, лауазымдық нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

      10. Ғарышкерлер жасағының бастығына ғарышкерлер (нұсқаушы ғарышкер, сынаушы ғарышкер және зерттеуші ғарышкер) тікелей бағынады.

      11. Ғарышкерлер жасағының бастығы өз өкілеттігі шегінде Ғарышкерлер жасағы қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті тапсырмалар береді және шешімдер қабылдайды.

      12. Ғарышкерлер жасағының құрылымы:

      1) Ғарышкерлер жасағының бастығынан;

      2) Ғарышкерлер жасағы бастығының орынбасарынан;

      3) нұсқаушы ғарышкерден;

      4) сынаушы ғарышкерден;

      5) сынаушы ғарышкерден;

      6) зерттеуші ғарышкерден тұрады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2019 № 18/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Ғарышкерлер жасағының негізгі функциялары мен мақсаттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2019 № 18/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ғарышкерлер жасағының негізгі функциялары мен міндеттері мыналар:

      1) ұшқыш басқаратын ғарыш жүйелерінің барлық түрлерінде (көлік кемелері, орбиталық станциялар) сынау ұшуларын дайындау және орындау;

      2) ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуға дайындау бағдарламасы туралы, ғарыш техникасының жай-күйі туралы және ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшу бағдарламасы туралы толық және сенімді ақпараттар алу;

      3) ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуды орындайтын ұшқыш басқаратын ғарыш объектісі (бұдан әрі - ҰБҒО) бойынша техникалық және ғылыми құжаттамаларға, сондай-ақ ғарыштық ұшудың дайындығы мен орындалуы туралы қажетті мәліметтері бар басқа да құжаттамаларға қол жеткізу;

      4) ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшу нәтижелері бойынша есептік құжаттамалар әзірлеуге, ұшу нәтижелері бойынша қорытындыларды, дәйектемелерді, бағалауларды, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдауға, сондай-ақ ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуларда орындалған эксперименттер, зерттеулер және қолданбалы жұмыстар нәтижелерін талдауға қатысу;

      5) борттық құжаттаманы эксперименттік жетілдіруіне қатысу;

      6) экипаж қызметіне қатысты техникалық және пайдалану құжаттарын, бөлімдерін келісу;

      7. ұшу бағдарламаларының орындалу нәтижелерін талдауға, ұшқыш басқаратын ғарыш жүйелерінде ұшу-конструкторлық нәтижелері бойынша қабылданған экипаждардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыруға қатысу;

      8) ұшқыш басқаратын ғарыш жүйелерін құру бойынша жобалық және конструкторлық жұмыстарға, ғарышкерлердің тұратын бөліктері мен жұмыс орындарының макетін жасауға қатысу;

      9) ғарыш техникасының үлгілерін (борттық жабдық) әзірлеуге, оларды құру және сынау процесіндегі сараптамаға қатысу;

      10) ұшқыш басқаратын ғарыш объектілерін сынауларға (дайындаушы-зауыттың конструкторлық-сынау цехында және экипаждың қызметі бөлігіндегі көлік, ұшқыш басқаратын ғарыш кемесінде) қатысу;

      11) экипаждың жұмыс орны мен экипаждың іс-әрекеттерін меңгеру бойынша стендтерде, макеттерде және эксперименттік қондырғыларда эксперименттер жүргізуге қатысу;

      12) ғарыштық ұшу факторларын модельдеу жағдайларындағы жаттығу және сынау жұмыстарына қатысу (гидроорта, ұшақ-зертхана, термобарокамера), авиациялық техникалардағы ұшуларға қатысу;

      13) мақсатты және арнайы эксперименттерге, ҰБҒО бортындағы зерттеулер мен қолданбалы жұмыстарға арналған ғарыш техникалары мен жабдықтарын жерүсті (ұшу, теңіздік) сынауларына қатысу;

      14) ғарыштық тақырыптамаға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және сынау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысу;

      15) Ғарышкерлер жасағының дене күйін қалпында сақтау үшін жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;

      16) кәсіби міндеттерін орындауға кедергі келтірмейтін болса, ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметпен айналысу;

      17) Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін мемлекеттік медициналық мекемелерде дәрігерлік-сараптау комиссиясының жыл сайынғы медициналық куәландыруды ұйымдастыру;

      18) арнайы жаттығулар мен ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуларды орындауға арналған қажетті деңгейде Ғарышкерлер жасағы денсаулығының жай-күйін сақтау үшін профилактикалық, карантиндік және оңалту іс- шараларын орындау болып табылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.03.2019 № 18/НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ғарышкерлер жасағының ұшу қызметі ұшқыш басқаратын ғарыш кемесін әзірлеуші бас ұйымның борттық құжаттамасымен (нұсқаулықтарымен), ұшу қағидаларымен, жобалық және пайдалану құжаттарымен, Ұшуды басқару орталығының нұсқауларымен, халықаралық келісімдермен регламенттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады