"Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 18/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 18465 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 41/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7575 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" № 360-364 (27438) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағының құрылымы";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ғарышкерлер жасағының құрылымы:

      1) Ғарышкерлер жасағының бастығынан;

      2) Ғарышкерлер жасағы бастығының орынбасарынан;

      3) нұсқаушы ғарышкерден;

      4) сынаушы ғарышкерден;

      5) сынаушы ғарышкерден;

      6) зерттеуші ғарышкерден тұрады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ғарышкерлер жасағының негізгі функциялары мен мақсаттары";

      13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшу нәтижелері бойынша есептік құжаттамалар әзірлеуге, ұшу нәтижелері бойынша қорытындыларды, дәйектемелерді, бағалауларды, ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдауға, сондай-ақ ұшқыш басқаратын ғарыштық ұшуларда орындалған эксперименттер, зерттеулер және қолданбалы жұмыстар нәтижелерін талдауға қатысу;";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) борттық құжаттаманы эксперименттік жетілдіруіне қатысу;";

      13-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін мемлекеттік медициналық мекемелерде дәрігерлік-сараптау комиссиясының жыл сайынғы медициналық куәландыруды ұйымдастыру;".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жұмағалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады