Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 197 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 мамырда № 7636 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 15 мамырдағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 15.05.2014 № 224 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысаны бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4980 болып тіркелген, 2008 жылғы 9 қазанда № 154 (1554) "Заң газеті" газетінде жарияланған);
      2) "Оңалтуды басқарушының есебін келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 399 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5289 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 қазандағы № 10 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Оңалтуды басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 662 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6743 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 197 бұйрығымен  
бекітілген    

Нысан

Оңалтуды басқарушының қорытынды есебі

_______________                                   _________________
   (күні)                                          (жасалған орны)

_____________________________________________________________________    (оңалтуды басқарушының тегі, аты, болған жағдайда - әкесінің аты,
                           (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________(борышкердің ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, толық және
     қысқаша атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес қазақ және орыс
    тілдерінде), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН),
   бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), жеке сәйкестендіру
               нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) (бар болғанда)
_____________________________________________________________________             (банкроттың заңды мекенжайы, байланыс телефондары)

1. Борышкер туралы жалпы мәліметтер

      1.1. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы бойынша қызметтің түрі, кодын көрсете отырып (борышкердің өндірістік қызметті жүзеге асыру немесе оның жоқтығы туралы ақпаратты көрсете отырып):
_____________________________________________________________________

      1.2. Басшының Т.А.Ә.__________________________________________;
                         СТН (ЖСН) (бар болғанда), байланыс ақпарат
                       тұрғылықты жері (заңды мекен жайы), телефоны)

      1.3. Құрылтайшылардың атауы/Т.А.Ә., СТН, БСН (ЖСН) (бар болғанда), олардың үлестері, байланыс ақпараттары (тұрғылықты жері (заңды мекенжайы), телефон) ________________________________________;
      1.4. Жарғылық капиталдың мөлшері (мың теңге) _________________;
      1.5. Жарғылық капиталдағы мемлекеттің қатысуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________, %

      1.6. Борышкердің мүлкінің меншік иесінің қатысуы туралы ақпарат (оған уәкілетті органның), құрылтайшының (қатысушының) және/немесе борышкердің лауазымды тұлғасының (тұлғаларының) басқа да заңды тұлғаларға қатысуы туралы ақпарат, үлесінің мөлшері % (атауы, орналасқан жері, СТН, БСН, (ЖСН) (бар болғанда) қатысу кезеңі) _____;
      1.7. Оңалту рәсімін енгізгенге дейінгі 3 жыл бұрынғы қызметкерлердің орташа тізімдік саны (адам) ________________________;
      1.8. Мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер: ____________________
                                         (тіркеу (қайта тіркеу) күні,
_____________________________________________________________________
   тіркеу нөмірі, орны, тіркеу негізі (қайта құрылған, өзгертілген,
  қосылған және басқалар)/қайта тіркеу (жарғылық капитал мөлшерінің
                 төмендеуі, атауының өзгеруі және басқалар)).

      1.9. Салық төлеуші ретінде тіркеу туралы мәліметтер __________;
      1.10. Салық тіркеуі туралы мәліметтер (салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша) ___________________________________________;
      1.11. Санация рәсімі жөніндегі мәліметтер (қатысу шарттары, қабылданған міндеттемелердің мөлшері мен мерзімдері) ______.

2. Ұйымдастыру-құқықтық шаралары

      2.1. Оңалту туралы іс бойынша өндірісті қозғау туралы ұйғарым:
      20____ жыл "____"_______________       ______________________
                                                (соттың атауы)
      Оңалту рәсімін қолдану туралы, оңалту жоспарына өзгертулерді бекіту туралы сот ұйғарымы (ұзарту, бар болған жағдайда):
20______жылы "_____"_______________________________________шығарылды;                                 (соттың атауы)
20____жылы "_____"_______________________________Заңды күшіне енді*.

      2.2. Кредиторлар жиналысының хаттамасы және (немесе) оңалтуды
басқарушыны тағайындау туралы 20__ жылғы "__"______ №______ бұйрық*.
      2.3. Оңалтуды басқарушы қабылдаған бұйрықтар:
      1) 20 ____ жылғы "____" _________________*;
      2) 20 ____ жылғы "____" _________________*;
      3) 20 ____ жылғы "____" _________________*.
      2.4. Оңалтуды басқарушымен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған кредиторлар талаптары өтініштерінің тәртібі және мерзімі, борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы хабарлама (шыққан нөмірі және газеттің атауы): ___________ 20__ жылғы "___"_________ №_____*.

3. Борышкердің кредиторлар комитетін қалыптастыру

      3.1. Кредиторлар комитетінің құрамы және оған өзгерістер (егер енгізілсе).
      20___ жылғы "___"__________ №________________ хаттама*.
      Құрамы: __________________________________________________;.
                    (кредиторлар комитетінің құрамы)

      3.2. Кредиторлар комитетінің отырысы және қабылданған шешімдер (соның ішінде оңалтуды басқарушы мен кредиторлар комитетінің арасында жасалған келісімдер, мүлікті түгендеуді және бағалауды жүргізетін тиісті мамандармен шарт жасасу, конкурстық массаны сату жоспарын бекіту және оған өзгерістер енгізу туралы, мамандандырылған мекемелерді тарту және басқалар)*.


р/с

Хаттама нөмірі

Отырыстың күні

Күн тәртібі

Қабылданған шешім

1

2

3

4

5

1





2





3





4





4. Кредиторлар талаптары тізілімін қалыптастыру, бекіту және өтеу

      4.1. Кредиторлар өтініштерін және талаптарын қарау, кредиторлар берешегін есептеудің дұрыстылығын тексеру, қаржылық және салық есептілігін қарау, кредиторлармен өзара салыстыру:


р/с

Өтініш беруші

Өтінішті беру күні

Берешектің сомасы

Туындау негізі

1

2

3

4

5

      кестенің жалғасы

Оңалтуды басқарушының шешімі

Уәкілетті органның шешімі

Шағымданған жағдайда соттың шешімі

Ескерту

Кредиторға хабарлаған күні

Танылған сома

Танылмаған сома

Шешімнің негізі

6

7

8

9

10

11

12

      4.2. Кредиторлар талаптарының тізілімі:
      20___ жылғы "___"________ № ________ бұйрық*.
      Жалпы кредиторлық берешек мың теңге, соның ішінде кезек бойынша:
      1 кезек__________________________;
                   (мың теңге)
      2 кезек__________________________;
                   (мың теңге)
      3 кезек__________________________;
                   (мың теңге)
      4 кезек__________________________;
                   (мың теңге)
      5 кезек__________________________;
                   (мың теңге)
      4.3. Кредит берушілер талаптары тізіліміне өзгертулер енгізу
туралы мәліметтер: _________________________________________________
                                  (өзгертудің мазмұны)

      20__ жылғы "__"________ №__________ бұйрық*.

      4.4. Кредиторлық берешекті өтеу (соның ішінде нысандар
және әдістері бойынша):

Кезектің атауы

Оңалту басындағы кезек бойынша кредиторлардың талаптары (оңалту жоспарына сәйкес)

Сомасы, мың теңге

Қанағаттандырылған кредиторлық берешектің пайызы

Тізілімге сәйкес

Кредиторлардың қанағаттандырылған талаптары

кредиторлардың талаптары

Ақшалай түрде

Заттай түрде

Кредиторлық берешектің жалпы сомасы






1 кезек






2 кезек






3 кезек






4 кезек






5 кезек






      Ескерту: талаптары қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған кредиторлардың толық тізімі қоса беріледі.

5. Оңалту рәсімін қолданғанға дейін үш жыл кезеңінде
борышкермен жасалған мәмілелерді талдау

      5.1. Алынған ақпаратты талдау, тиісті қорытындыны көрсете отырып оңалту рәсімін қолданғанға дейін үш жыл бұрынғы кезеңде борышкерге қатысты заңсыз іс әрекетке қаржылық диагностиканы жүргізу (борышкердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, сонымен қатар соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік көрсеткіштерінің өзгерген динамикасын зерттеу, осы кезеңде жасалған борышкердің мәмілелерінің шарттарын талдау, (қалыптасқан нарықтық жағдаймен салыстырғандағы жеткізілген (сатып алынған) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасының көтерілуі немесе төмендеуі, сатып алынған немесе сатылған мүлік бойынша борышкер үшін тиімсіз мерзімдер және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ егер олар берешектің балама қысқаруымен шығарылса, борышкердің мүлкінің міндеттемелерін шеттету немесе қиыншылықтар түскен басқа да нысандар)


р/с

Оңалту рәсімін енгізгенге дейін үш жылда борышкермен жасалған мәмілелер

Келісімшарт жасаушы агенттің атауы немесе ТАӘ

Мәмілені жасау фактісін растайтын құжат

Мәміленің фактілерін растайтын құжатты алу негізгі

Мәміледе немесе құжаттарда оны жарамсыз деп тану үшін негіздердің болуы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

6. Борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану жөніндегі
қабылданған шаралар туралы ақпарат


р/с

Шарт туралы ақпараттар

Мүлікті қайтару бойынша қабылдаған шаралар

Күні

Заты

Сомасы, мың теңге

Оңалтуды басқарушымен талап/сотқа өтініш жолдау туралы ақпарат (күні, шығыс №, кіммен жіберілді)

Сот актісінің күні және №, соттың атауы

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Мүлікті қайтару бойынша қабылдаған шаралар

Мүлікті қайтару туралы нақты күні

Өндіруге жататын мүліктің құны, мың теңге

Ескерту

Борышкермен талап арызды қарау нәтижесі бойынша сот актісінің қысқаша мазмұны, нормативтік құқықтық актіні көрсету

Сот шешіміне шағымдану (наразылық білдіру) туралы мәліметтер

8

9

10

11

12

7. Қасақана және жалған банкроттық белгілерінің бар болуы,
қабылданған шаралар туралы ақпарат

      Қаржы полициясы және басқа да құқық қорғау органдарына материалдарды жолдау:


р/с

Құқық қорғау органдарына өтінішті жолдау күні және №

Құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар

Құқық қорғау органдарының қабылданған шешімі туралы ақпарат

Қасақана (жалған) банкроттық бойынша материалдарды сотқа жолдау күні

Қасақана (жалған) банкроттық фактісі бойынша сот шешімі, нормативтік құқықтық актісін көрсете отырып

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

      Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе оны тоқтатудың негізі: ____________________________________________________________

        Активтерді шығару негізі және себептері (мүлік меншік иесінің немесе уәкілетті органның және т.б. шешімі):
_____________________________________________________________________

8. Қорытынды ереже

      Оңалту жоспарын орындаудың қорытындысы: _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Есеп ________ парақта дайындалды, нөмірленген және тігілген.
      Қосымша: _______ парақта.

      Оңалтуды басқарушы      (р/р)      Т.А.Ә.

      Бас бухгалтер        (р/р)         Т.А.Ә.

      Мөр орны

      Ескертпе:
      Қорытынды есепке оңалту рәсімі енгізілген сәттегі және аяқталған күніндегі жағдай бойынша қаржылық есептілік "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржылық ұйымдарынан басқа) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6452 тіркелген) бекітілген нысандар бойынша қоса беріледі.
      * - растайтын құжаттардың көшірмесі қосымша.
      Борышкерге қатысты оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізілген жағдайда 1, 2, 4 және 8-бөлімдер толтыруға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады