Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерлерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 54 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4164. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын iске асыру, сондай-ақ қаржы рыногын реттеу мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi белгiленсiн:
      1) Ұлттық почта операторы үшiн - 1 (бiр) миллиард теңге;
      2) ипотекалық ұйымдар үшiн:
      осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап - "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының талаптарына сәйкес;
      2006 жылғы 29 желтоқсаннан бастап - 100 (жүз) миллион теңге;
      2007 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 300 (үш жүз) миллион теңге;
      2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 800 (сегiз жүз) миллион теңге;
      3) номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлермен және (немесе) дилерлерді қоспағанда, сондай-ақ қаулының осы тармағының 1) - 2) тармақшаларында көрсетiлгендердi қоспағанда, банктiк заем операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшiн - 
      2008 жылғы 1 сәуірден бастап - 300 (үш жүз) миллион теңге;
      2008 жылғы 31 желтоқсаннан бастап - 800 (сегіз жүз) миллион теңге;
      4) банк операцияларының өзге түрлерiн жүзеге асыратын басқа ұйымдар үшiн - 5 (бес) миллион теңге.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007.06.25  N 168 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 14 күн
өткеннен кейін қолданысқа енеді), 2007.12.24.  N 280 қолданысқа
енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      2. Осы қаулының күшi жарғылық капиталын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарда қолданылмайды.
      2-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлердің жарғы капиталының барынша төмен мөлшері Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысында белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5233).
       Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 N 49 қаулысымен.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      4. Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады