"Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 14 мамырда № 7652 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 29.07.2014 № 300 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қазандағы «Заң газеті» № 158 (1384), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж. № 10 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесінде:
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) спорттық атақтар:
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы;
      «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері;»;
      8 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:
      1) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру үшін - төрешілер алқасы «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы кемінде үш төрешіден тұрады;
      2) спорттық разрядтар беру үшін:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы үш төреші;
      1-ші разрядты спортшыға - «Спорттан жоғары санаттағы ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші;
      2-3-ші разрядтағы спортшыға - «Спорттан ұлттық төреші» санатындағы екі төреші және бірінші санаттағы екі төреші;
      1, 2, 3 жасөспірімдік разрядтағы спортшыға - бірінші санаттағы екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.
      9. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын, осы бұйрықтың 15-1-тармағында қарастырылған жағдайлардан басқа жағдайларда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери орталық спорт клубының, спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.
      10. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер спорттық разрядын, бірінші спорттық разрядты аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның, спорт түрлерінен облыстық федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган береді.
      11. Екінші және үшінші спорттық разрядтарды, жасөспірімдер арасындағы бірінші, екінші және үшінші спорттық разрядтарды дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган береді.»;
      14-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «15-1. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын алу үшін Олимпиада, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшылар осы ереженің 15-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбайды.
      15-2. Уәкілетті орган Олимпиада, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындар аяқталғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағын беру туралы бұйрық шығарады».
      2021-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру мәселелерін алқалы қарау үшін уәкілетті органда, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарда консультативтік-кеңесші органдар - Спорт атақтарын, разрядтарын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
      21. Комиссия мына құрамда құрылады: комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері, комиссия хатшысы. Комиссияның құрамы уәкілетті органның, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.»;
      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «23. Комиссия ұсынылған құжаттарды келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде қарайды. Отырыста қарау кезінде Комиссия спорттық атақ, разрядты беру немесе спорттық атақ, разрядты беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;
      Мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Спорттық атақ, разрядты беруге ұсынылған құжаттарды қараудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады:
      1) осы Ереженің 131519 тармақтарының талаптарын орындамау;
      2) ұсынылған құжаттардың жалғандығы;»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Уәкілетті орган, дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган Комиссияның хаттамасының негізінде Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы бұйрық шығарады.»;
      26-28-тармақтар алынып тасталсын;
      3211-тармақтар-34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Спорттық атаққа лайық немесе разрядтық талаптарды орындаған спортшыларға тиісті куәліктер (3-қосымшаға сәйкес) тапсырылады.
      33. Куәліктерді тапсыру, берілген куәліктерді тіркеу журналында тіркеледі.
      34. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган спорттық атақтар немесе разрядтар беру туралы бұйрықтардың негізінде жіктеме сынақ кітапшаларын (4-қосымшаға сәйкес) ресімдейді.».
      Ережеге 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 3 шілдеде № 533 тіркелген, Қазақстан Республикасының Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің «Құрметтік спорт атағын беруге жаңа талаптарды бекіту туралы» 1996 жылғы 24 қыркүйектегі № 2-5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Баспасөз қызметі (Г.Б. Жәлелитдинова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның міндетін атқарушы                М. Омаров

Қазақстан Республикасы     
Спорт және дене шынықтыру    
істері агенттігі төрағасының міндетін
атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі
№ 62 бұйрығына 1-қосымша     

Спорттық атақтар мен разрядтар
және спорттан төреші   
санаттарын беру ережесіне  
4-қосымша         

Спортшының жіктеме сынақ кітапшасы

      Спортшының жіктеме сынақ кітапшасының тіркеу № ____

Спорт түрі


Тегі


Аты


Әкесінің аты


Туған жылы


Тұрғылықты жері


Оқу орны, жұмыс мекенжайы


Дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган


Спорттық атағы, разряды


Спортшының қолы


Күні

20 жыл « »

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органда тіркелген

Спортшының суреті     Дене шынықтыру және спорт саласындағы      М.О.
   үшін орын          аудандық (облыстық маңызы бар қаланың)
  3.5 х 4.5           жергілікті атқарушы орган басшысының
                                    қолы

Спортшының жарысқа қатысуы және нәтижесі

Жарыстың аты

Өткізілген орны мен мерзімі

Нәтижесі

Бас төреші мен хатшының қолы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады