Құрметтік спорт атағын беруге жаңа талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің қаулысымен бекітілген 1996 жылғы 24 қыркүйек N 2-5 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 3 маусымда N 533 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012.04.18 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрлігі қаулы етеді:
      1. "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" құрмет белгісі мен "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" құрметтік спорт атағы туралы Ереженің жаңа редакциясын бекітсін.
      2. "Қазспортжабдықтау" Басқармасына (М.Ж.Дияров) "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы", "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері", "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" белгілері мен оларға куәліктерді осы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде әзірлеу мен өндіруді жүктесін.
      3. "Құрметтік спорт атағын беруге жаңа талаптарды бекіту туралы"

 

Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің

алқасы қаулыны қабылдаған сәттен бастап іс-қимылға енгізсін.

     4. Қазақстан Республикасының туризм, дене мәдениеті және спорт

министрлігінің алқа қаулысы күшін жойды деп белгіленсін.


     Министр



           "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы"

           "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері"

             құрметтік спорт атағы туралы, "Дене мәдениеті мен

           спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" Құрмет белгісінің

                                 ЕРЕЖЕСІ


                           1. Жалпы ережелер



 
       1.1. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы", "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" - құрметті спорт атақтары болып табылады. "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" - құрмет белгісі, Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің айрықша құрмет белгісі болып табылады.
      1.2. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы", "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" атақтарын беру, "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" құрмет белгісімен марапаттау, Жастар ісі, туризм және спорт облыстық, Алматы қаласы басқару органдарының тапсырысы бойынша, Қазақстан Республикасы жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің алқасымен ұйғарылады.
      Аталған атақтарды беруге тапсырылатын құжаттар спорт түрлері жөніндегі федерациялармен келісіледі.
      1.3. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы", "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" құрметті спорт атағын беру құжаттары осы Ережеде көрсетілген нормативтердің орындау сәтінен кейін алты ай мерзімінде қарауға қабылданады.
      1.4. "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін" құрмет белгісімен марапатталған, "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы", "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" құрмет атағы берілген адамдарға белгілі үлгідегі омырау белгішесі мен куәлігі тапсырылады, ал олардың аты-жөні Қазақстан Республикасының Жастурспорт министрлігінің құрметтеу кітабына жазылады.
      "Дене мәдениеті мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін" құрмет белгісі кеуденің оң жағында ілінеді, өзгелері сол жағында болады.
 
           2. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы
 
      2.1. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан құрама командалары, спорт қоғамдары, ведомостволар мен клубтардың жаттықтырушыларына, спорт жөніндегі мұғалімдерге Олимпиадалық ойындар, әлем чемпионаттары, өзге де ірі халықаралық жарыстарда аттары танылған спортшылар немесе командаларды даярлау жөнінде көп жылдық ізгі оқу-жаттықтырулық және тәрбиелік еңбегі үшін,- жаттықтырушыларға беріледі.
      2.2. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағына тапсыруға ұсынылған азаматтар, сол атағына тапсырылған спортшылар немесе командаларда кемінде 3 жыл еңбек стажы болуы тиіс.
      2.3. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы Олимпиадалық бағдарламаның спорт түрлері жөнінде мынадай орын алған спортшылар немесе командаларға беріледі:
      2.3.1. Олимпиадалық ойындарда 1-3 орынға;
      2.3.2. Ересектер арасында әлем чемпионаттарында 1-2 орынға;
      2.3.3. Жасөспірімдер немесе юниорлар арасында әлем біріншілігінде 1-ші орынды алған (біреуі үш мәрте) үш спортшыны.
      2.4. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген спорт түрлері жөнінде мынадай орын алған спортшылар немесе командаларға беріледі:
      2.4.1. Әлем чемпионаттарында 1-ші орынға;
      2.4.2. Жасөспірімдер немесе юниорлар арасында әлем біріншілігінде 1-ші орынды алған (біреуі үш мәрте) үш спортшыны;
      2.4.3. Паралимпиадалық ойындарда немесе Дүниежүзілік мүгедектер ойындарында 1-ші орынға немесе мүгедектер арасында әлем чемпионаттарында 1-3 орынға.
      2.5. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы халықаралық аренада спорт түрлерін насихаттау мен енгізуге, ұлттық және халықтар спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды әзірлегені үшін беріледі.
      2.6. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы егер, спортшы осы Ереженің талаптарын қайта орындаған жағдайда, (екінші жаттықтырушыға) сол бір спортшының қайталаған жеңістері үшін берілуі мүмкін.
      2.7. Жас спортшылардың болашақ спортта қалыптасу үшін, өзге жаттықтырушыға қолма-қол өткізген, олармен кемінде 3 жыл жұмыс істеген, оның нәтижесінде аты көпке танылған спортшылар даярланған және осы Ереженің талаптарын орындаған жаттықтырушы мұғалімге "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы" атағы берілуі мүмкін.
 
           3. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері
 
      3.1. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" атағы, Олимпиадалық ойындарда, әлем чемпионаттарында, ересек спортшылар арасында өзге ірі халықаралық жарыстарда жоғары спорттық жетістіктерге жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
      3.2. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" атағына тапсыруға ұсынылған спортшылар жас спортшыларға өз тәжірибелерін белсенді үйретіп, жоғары санасымен ерекшеленіп, спорттың еңбек сүйгіштігі және тәртібімен көрінуге тиіс.
      3.3. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" атағы

 

спорт түрлерінен Олимпиадалық бағдарламаның мынадай талаптарын орындаған

спортшыларға беріледі:

     3.3.1. Олимпиадалық ойындарда 1-3 орынға;

     3.3.2. Әлем чемпионаттарында 1-2 орынға.

     3.4. "Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері" атағы

Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кірмеген спорт түрлері жөнінде

мынадай талаптарды орындаған спортшыларға кіреді:

     3.4.1. Әлем чемпионаттарында екі мәрте 1 орын алғанға;

     3.4.2. Паралимпиадалық ойындарда 1-3 орын немесе дүниежүзілік

мүгедектер ойынында 1 орын немесе мүгедектер арасындағы әлем чемпионатында

1 орынға.


          4. "Дене мәдениеті мен спорттың дамуына қосқан еңбегі үшін"

                                 құрмет белгісі


     "Дене мәдениеті мен спорттың дамуына қосқан еңбегі үшін" құрмет

белгісімен, дене мәдениеті және спорттың жоғары жетістіктерін дамыту

жөнінде әдістемелі-ұйымдастыру және педагогикалық жұмысында ерекше қызметі

үшін, Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.



     Оқығандар:    

          Үмбетова А.М.

          Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады