Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 135 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 мамырда № 7661 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасында банктердiң, сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының уақытша әкімшіліктерінің қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актілерді жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесiн бекiту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4070 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметiнiң ережесінде (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) банктiк, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сондай-ақ зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрi – лицензия) айыруға байланысты тағайындалған банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртiбi, уақытша әкiмшiлiктiң жұмысын ұйымдастыру тәртiбi және өкiлеттiктерi айқындалады.»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) Орталық – Қазақстан Республикасының Үкiметi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) сәйкес функцияларды жүзеге асыруға өкiлеттiк берген заңды тұлға;
      2) уақытша әкiмшiлiк (уақытша басқарушы) – мүліктiң сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкiмшiлiк);
      3) уақытша әкiмшiлiктiң басшысы – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан, не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан тағайындайтын және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн тұлға;
      4) уақытша әкiмшiлiктiң мүшесi – уәкiлеттi орган өз қызметкерлерінің қатарынан, не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың қатарынан уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына қатысу үшiн тағайындайтын тұлға.
      2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.
      Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi – ұйым) уақытша әкiмшiлiгi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уақытша әкiмшiлiктiң құрамына:
      1) ұйымның қызметкерлері, оның iшiнде ұйымның, оның филиалдарының және еншiлес ұйымдарының басшылары, басқару органы мен атқару органына кiретiн тұлғалар, сондай-ақ бас бухгалтер, ревизиялық комиссия басшысы (ревизор) және iшкi аудит қызметiнiң басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйыммен аффилиирленген тұлға;
      3) осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, ұйымның кредиторы болып табылатын тұлға;
      4) ұйым алдында берешегi бар тұлға;
      5) соңғы жыл iшiнде қаржы саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға;
      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдағанға дейiн бiр жылдан артық емес кезең iшiнде қаржы ұйымында жұмыс iстеген тұлға кірмейді.»;
      78910-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Лицензиядан айырылған және уақытша әкiмшiлiк тағайындалған күннен бастап:
      1) ұйым мынадай шығыстарға:
      уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн қамтамасыз етуге және ұйымға түсетiн ақшаны есепке жазуға байланысты ұйымды ұстау;
      жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – алушы Қор) немесе сақтандыру ұйымына аударым жасау;
      банктiң банк активтерi мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн бiр мезгілде ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу;
      банктiң қате төлем құжаттары бойынша келiп түскен ақшаны қайтару шығыстарына;
      жинақтаушы зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн алушы Қорға беруге байланысты, сондай-ақ аудит жүргiзгенде – аудиторлық ұйымның қызметтерiн төлеуге байланысты шығыстарына байланысты жағдайларды қоспағанда, қаржы қызметiн жүзеге асыруды, оның ішінде қолданыстағы шоттар бойынша барлық операцияларды тоқтатады;
      2) жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқығы бар салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады;
      3) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау өтiнiштерiн қабылдауды тоқтатады;
      4) ұйымның органдары мен құрылтайшылары (қатысушылары) ұйымның мүлкiне иелiк етпейдi, оның iстерiн басқару функцияларын орындаудан шеттетіледі және уақытша әкiмшiлiкке бухгалтерлiк және өзге де құжаттаманы, материалдық және өзге де құндылықтарды, ұйымның мөрлерi мен мөртабандарын берудi қамтамасыз етедi;
      5) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Банктер туралы заң), Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрi – Сақтандыру туралы заң) көзделген салдар басталады.
      8. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi орган оны тағайындаған күнi өз мiндеттерiн орындауға кiрiседi. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұйымды лицензиядан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмдерiнiң көшiрмелерiн уақытша әкiмшiлiк ұйымның басшылығына қол қойдырып тапсырады.
      Шешiмдердi қол қойдырып тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда уақытша әкiмшiлiк бұл туралы акті жасайды және уәкiлеттi органды хабардар етедi.
      Уақытша әкiмшiлiк басшысы уақытша әкiмшiлiктiң жұмысына басшылық жасайды және үйлестiредi, мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету және қаржы ұйымын басқару өкiлеттiктерiн жүзеге асырады, уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң арасында мiндеттердi бөледi.
      9. Уақытша әкiмшiлiк ұйым басшылығына уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн тапсырған күнi мынадай iс-әрекеттер орындайды:
      1) ұйым басшысынан өзіне барлық мөрлердi, мөртабандарды, клише мен пломбылау заттарын, ұйымды тiркеуге байланысты құжаттарды, ұйымға берілген лицензиялардың түпнұсқаларын, фирмалық бланкiлердi, ақпаратты электрондық тасымалдағыштарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, ұйым меншiк иесi болып табылатын құжаттамалық нысанда шығарылған басқа заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын дереу тапсыруын талап етедi және оларды қабылдау-тапсыру актiсi бойынша қабылдайды;
      2) Банктер туралы заңның 48-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Сақтандыру туралы заңның 69-бабы 2-тармағының  6) тармақшасында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 45-2-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;
      3) ұйымның, оның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң кассасындағы барлық ақшалай және өзге де құндылықтарын тексере отырып, кассаға тексеру (ревизия) жүргізеді, қолма-қол ақшаны одан кейін банктiң корреспонденттiк шоттарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде және тиiсiнше банктерде ашылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шоттарына есепке жазу үшiн оның инкассациялануын ұйымдастырады;
      4) ұйымның атынан бұрын берiлген сенiмхаттардың күшiн жояды;
      5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның ұйымды лицензиядан айыру туралы шешімінің көшiрмесiн және уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұйымның клиенттерi танысу үшін қол жетімді орында орналастырады;
      6) Уақытша әкiмшiлiктi тағайындау күнiне қолда бар электрондық түрдегi бухгалтерлiк ақпаратты басып шығарады. Мұндай ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда көрсетiлген күнге қолда бар қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негiзге алынады.
      10. Уақытша әкiмшiлiк мынадай iс-әрекеттер орындайды:
      1) ұйымның активтерін, міндеттемелерін, құжаттарын түгендеуді жүргізеді, қабылдау-тапсыру актiсi бойынша ұйымның мүлкi мен құжаттарын қабылдайды, олардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      2) ұйымды басқару функцияларын жүзеге асырады және ұйымның барлық құжаттарына қол қояды;
      3) ұйымның атынан соттарға талап-арыздар, оның iшiнде ұйым органдарының мүшелерiн, бас бухгалтердi, егер олардың iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) ұйымға шығын келтiрiлген болса, жауапқа тарту туралы талап-арыздар бередi;
      4) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспа басылымында қазақ тілінде және орыс тілінде хабарландыру жариялау жолымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешiмiн және уәкілетті органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнің көшірмесін ұйым акционерлерiнiң, кредиторлары мен дебиторларының назарына жеткізеді;
      5) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұйым шоттарының болуын анықтайды және корреспонденттiк, ағымдағы шоттардың (оның iшiнде шетелдiк банктердегi) және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкiндегi шоттардың қалдықтарын салыстырып тексерудi жүргiзедi. Ұйымның бухгалтерлiк есебiнiң деректерi бойынша шоттардың қалдықтарын көрсетiлген шоттар ашылған банктердiң деректерiмен салыстырып тексередi және салыстырып тексеру қорытындылары бойынша тиiстi акті жасайды;
      6) толық материалдық жауапкершiлiк атқаратын адамдар, оның iшiнде бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне және ұйымның қаржылық және өзге де есептiлiгiн жасауға қол жетімділігі бар адамдар тобын анықтайды;
      7) уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясына ұйымның мүлкiн, құжаттарын және iс қағаздарын қабылдау-өткiзу аяқталғаннан кейiн уәкiлеттi органға бекіту үшін уақытша әкiмшiлiктің орындалған жұмыс туралы есебін ұсынады;
      8) уақытша әкiмшiлiктің қызметі кезеңінде қызметкерлермен еңбек қатынастарын жалғастыру қажеттілігі болмаған жағдайда олармен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын бұзады;
      9) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарға, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi», «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі», «Қазақстан қор биржасы» акционерлiк қоғамдарына ұйымның лицензиясынан айырылғаны және уақытша әкiмшiлiктiң тағайындалғаны туралы хабарлайды және уақытша әкiмшiлiк жасамайтын ұйымның мүлкiн иелiгiнен шығару мәмiлелерiн тiркеуге, сондай-ақ ұйым кепiл ұстаушысы болып табылатын мүлiктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгiлейдi;
      10) ұйымның активтерін анықтайды;
      11) өзінің функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін ақысы төленетін қызмет көрсету шарттары бойынша адамдар тартады.»;
      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1. Болжанбаған шығыстар мөлшерi банк үшiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын, осы Ереженiң 12-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 6-2), 6-3), 6-4) тармақшаларында көзделмеген уақытша әкiмшiлiктiң кезек күттiрмейтiн мұқтаждарға жоспарланбаған шығындарын бiлдiредi.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Уәкiлеттi орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiкке жазбаша ұйғарымдар жiбередi және уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн тексередi. Уақытша әкiмшiлiктің есептілікті ұсынуының нысаны, мерзімдері және кезеңділігі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3581 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 98 қаулысымен бекітілген Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша басқарушының) есеп пен өзге ақпаратты беруiне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта белгіленеді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкiлеттiгiнен босайды және Банктер туралы заңда, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Сақтандыру туралы заңда белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте құжаттар мен мүлiктi (ұйымның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкiн) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етедi.»;
      2526 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «25. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi мынадай iс-әрекеттер орындайды:
      1) банктiң активтерi мен мiндеттемелерiн, баланстан тыс активтерi мен мiндеттемелерiн, қолдағы шарттар мен басқа да негiзгi құжаттарды түгендейдi, оның нәтижелерi бойынша түгендеу тізімдемелерін жасайды;
      2) банктiң корреспонденттiк шоттары бар банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады;
      3) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде банктiң корреспонденттiк шоттары бар банктерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген) (бұдан әрi – № 266 қаулы) бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген қол қою және мөр бедерінің үлгiлерi бар жаңа құжаттарды ұсынады;
      4) тағайындалған күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешiмiн және уәкілетті органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн жібереді;
      5) тағайындалған күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлуі тиіс депозиттер туралы және екiншi деңгейдегi банктердегi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен келiсiлген нысандар бойынша оларға есептелген сыйақы сомасы туралы ақпаратты береді;
      6) банкке келiп түсетiн қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның, оның iшiнде заемшылар бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, кредиттер бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған (қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшалай нысанда) кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды;
      7) «Мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары», «Банктiң корреспонденттiк шотында ақшаның болмауынан мерзiмiнде төленбеген клиенттердiң есеп айырысу құжаттары» баланстан тыс шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады;
      8) банк лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде банктiң активтерiн және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы мiндеттемелерiн Агенттiк Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5770 тiркелген) бекiтiлген Банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген лицензиядан айырылған банктiң активтерiн және мiндеттемелерiн бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу ережесiнде белгiленген тәртiпте бөлiгiмен не толық көлемде бiр мезгiлде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргiзу туралы шешiм қабылдайды.
      26. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай iс-әрекеттер орындайды:
      1) активтер мен мiндеттемелердi, жеке шоттарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын, сақтандыру полистерiн және басқа да негiзгi құжаттарды түгендейдi, оның нәтижелерi бойынша түгендеу тізімдемелерін жасайды;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерiнiң бланкiлерiн және сақтандыру агенттерiндегi қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттары бар банктерге уәкiлеттi органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады;
      4) тағайындалған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде банк шоттарының ашылу орны бойынша банктерге № 266 қаулының талаптарына сәйкес ресімделген қол қою және мөр бедерінің үлгiлерi бар жаңа құжаттарды ұсынады;
      5) активтердi, оның iшiнде сақтандыру резервтерiнiң қаражатын анықтайды;
      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешiмiн және уәкілетті органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiн сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымның назарына жеткізеді;
      7) тағайындалған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн ұйымға мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тiзiлiмiн ұсынады;
      8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келiп түсетiн барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның, оның iшiнде орналастырылған сақтандыру резервтерi мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның iшiнде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кiрiстердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерiнiң, дебиторлық берешегiнiң, тұрақсыздық айыптарының, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражаттың есепке жазылуын бақылайды;
      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс сақтандыру портфелiн табыстау туралы шешiм қабылдайды.
      27. Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi мынадай iс-әрекеттер орындайды:
      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау жолымен зейнетақы жарналарын тарту және жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырылғаны туралы ақпаратты салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді. Хабарландыруда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиядан айыру туралы шешiмдi қабылдау күнi, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерді Алушы қорға беруді уақытша әкiмшiлiк өзінің таңдауы бойынша жүзеге асыратыны туралы ақпарат қамтылады, таңдауы туралы ақпаратты уақытша әкiмшiлiк Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екi мерзiмдi баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тiлiнде жариялайды;
      2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыру туралы шешiмiнің көшірмесін және уәкілетті органның уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешiмiнің көшірмесін зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға және банк шоттары бар банктерге, сондай-ақ кастодиан банкке ұсынады;
      3) тағайындалған күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде банктерге және кастодиан банкке № 266 қаулының талаптарына сәйкес ресімделген қол қою және мөр бедерінің үлгiлерi бар жаңа құжаттарды ұсынады;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорына келiп түскен қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның, оның iшiнде зейнетақы жарналарының, дебиторлық берешектiң, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарының, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылуын, қаржы құралдарына орналастырылған зейнетақы активтерiнiң, басқа кiрiстердiң, жинақтаушы зейнетақы қорының аванстық төлемдерiн, меншiк құқығындағы жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден түскен қаражаттың қайтарылуын бақылайды;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының меншiктi активтерi мен мiндеттемелерiн түгендейдi, сондай-ақ мыналарды көрсете отырып, зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы мәліметтер қамтылатын уақытша әкiмшiлiктің, жинақтаушы зейнетақы қорының және Орталықтың арасында жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсырудың үш жақты актісін жасайды:
      жасалған және қолданылуы тоқтатылған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардың жалпы тiзiмi, сондай-ақ осы жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоты бар, осы жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт туралы мәлiметтерi жоқ салымшылар тiзiмi;
      мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының тiзiмi, ерiктi зейнетақы жарналары салымшыларының тiзiмi, ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары салымшыларының тiзiмi, оларда мынадай ақпарат:
      жеке зейнетақы шотының нөмiрi;
      салымшының (алушының) тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты;
      салымшының (алушының) жынысы;
      әлеуметтік жеке коды және салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бар болса – жеке сәйкестендiру нөмiрi;
      зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нөмiрi мен жасалған күнi;
      салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, оны берген мемлекеттiк орган туралы мәлiметтер, берiлген күнi;
      салымшының (алушының) мекенжайы, тұрғылықты жерi, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотына келiп түскен барлық түсiмдердiң сомасы туралы мәлiметтер қамтылады;
      жинақталған зейнетақы қаражаты осы тармақтың 15) тармақшасына сәйкес басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аударылуға тиіс жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) тiзiмi;
      инвестициялық портфельдiң құрылымы, уақытша әкiмшiлiктi тағайындау күнiне шоттардағы инвестицияланбаған ақша қалдығы, ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн, айналыста болу мерзiмiн, санын (данасын), сатып алу бағасын, бiр бағалы қағаздың ағымдағы құнын, пайыздар мен дивиденттер бойынша есептелген кiрiстi, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi» акционерлiк қоғамының есепке алу жүйесiндегi кастодиан банктiң жеке шоты шеңберінде ашылған жинақтаушы зейнетақы қорының қосалқы шотындағы бағалы қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, тапсырылатын бағалы қағаздар тiзбесi;
      зейнетақы активтерi орналастырылған басқа қаржы құралдарының сомасы, саны және тiзбесi;
      мiндеттемелер сомасы, оның iшiнде қате есепке жазылған сомалар, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына комиссиялық сыйақылар сомалары, өзге мiндеттемелер;
      6) одан әрi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ, қажет болған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару қызметiн жүзеге асыратын ұйымды таңдайды және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгi мүшелерiнiң қатарынан осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитеттiң құрамына кiретiн қызметкердi айқындайды;
      7) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерiн қабылдау-тапсыру актiсiне қол қойылған күнге дейiн осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiн есептеуді жалғастырады;
      8) Алушы қорға жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерiн қабылдау-тапсыру актiсiне қол қойылған күнге дейiн пруденциалдық нормативтердi және басқа да мiндеттi нормалар мен лимиттердi есептеудi жалғастырады;
      9) қаржылық және өзге де есептiлiктi қалыптастырып, уәкiлеттi органға тапсырып отыруды жалғастырады;
      10) қажет болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелер болса, оның зейнетақы активтерi алдындағы мiндеттемелерiн төлеу үшін жинақтаушы зейнетақы қорының меншiгi болып табылатын ақша есебiнен берешек сомасын өтеу операцияларын жүзеге асырады;
      12) зейнетақы активтерiн Алушы қордың кастодиан банкiне (уақытша әкiмшiлiк белгiлеген мерзiмде) беру рәсiмi аяқталғаннан кейiн жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкiндегi шотын жабады;
      13) жинақтаушы зейнетақы қорының картотекасынан «Мерзiмiнде төленбеген есеп айырысу құжаттары» шоттары бойынша төлем құжаттарын төлеушiлердiң осы құжаттарды қайтарып алу туралы өкiмдерiнiң негiзiнде қайтарады;
      14) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екі мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау жолымен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерiн Алушы қорға беру туралы ақпаратты салымшылардың (алушылардың) назарына жеткізеді;
      15) мыналар бойынша жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасайды:
      жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырған күнге дейiн Орталықтың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым жасау туралы электронды хабарламалары алынған басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырған күнге дейiн қабылданған жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасуына байланысты сақтандыру ұйымына аударым жасау туралы өтiнiштерi бойынша;
      салымшылардың (алушылардың) жинақтаушы зейнетақы қорын зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырған күнге дейiн қабылданған ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау туралы өтiнiштерi бойынша;
      16) осы тармақтың 15) тармақшасында көрсетiлген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар мен салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 240 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5517 тiркелген) бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау ережесiнде (бұдан әрi – Жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау ережесi) белгiленген жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау мерзiмдерiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 31-бабының 5-тармағында белгiленген тәртiпте және мөлшерде зейнетақы төлемдерiн уақтылы жүзеге асырмағаны үшiн өсiмпұл төлейдi. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорында меншiктi қаражат болмаған жағдайда өсiмпұлды Алушы қор төлейдi;
      17) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiне құқығы бар салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.»;
      29-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерiн Алушы қорға беруді уақытша әкiмшiлiктiң, Алушы қордың, бұрынғы және жаңа кастодиан банктер мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасында жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерiн және мiндеттемелердi беру туралы келiсiмнiң (бұдан әрi – Келiсiм) және зейнетақы активтерi мен мiндеттемелердi қабылдау-тапсыру актiсінiң негiзiнде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.»;
      29-329-4 және 29-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «29-3. Уақытша әкiмшiлiк ұсыныс жіберілген күннен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей осы Ереженiң 29-2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш берген жинақтаушы зейнетақы қорларының қатарынан және мынадай талаптарға сәйкес келетiн Алушы қорды таңдайды:
      1) өтiнiш беру күнiне дейiн соңғы бес жыл ішінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы;
      2) өтiнiш беру күнiнде астанада, республикалық маңызы бар қалада және лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары орналасқан облыстарда филиалдардың болуы. Филиалдары болмағанда – уақытша әкiмшiлiк Алушы қорды таңдау туралы шешiм қабылдаған күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде филиалдар ашу туралы жазбаша мiндеттеменi ұсыну;
      3) өтiнiш беру күнінiң алдындағы соңғы ай iшiнде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгi және зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi бойынша пруденциалдық нормативтердi бұзу фактiлерiнiң болмауы;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi оның өтiнiш беру күнiнде лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi мөлшерiнен кем емес шамада болуы;
      5) iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiлерiне сәйкес келетiн барлық тұлғалардың өтiнiш беру күнiне дейiн кем дегенде бiр жыл бұрын берiлген қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге келiсiмiнiң болуы;
      6) жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы (заңды тұлға) өтiнiш беру күнiне дейiн соңғы бес жыл ішінде дефолтқа және (немесе) өзiнiң мiндеттемелерiн қайта құрылымдауға жол бермеген.
      Осы тармақтың 3) тармақшасында белгiленген талап лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн қабылдау салдарынан меншiктi капиталдың жеткiлiктiлiгi және зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi бойынша пруденциалдық нормативтердi бұзуға жол берген жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
      Өтiнiш берген бiрнеше жинақтаушы зейнетақы қоры осы Ереженiң 29-3-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уақытша әкiмшiлiк осы Ереженiң 29-2-тармағы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетiлген стресс-тестингтiң ең жақсы нәтижелерi бар жинақтаушы зейнетақы қорын таңдайды.
      Ұсыныс жіберілген күннен бастап жетi күнтiзбелiк күн өткен соң өтiнiштер болмаған немесе өтiнiш берген жинақтаушы зейнетақы қоры осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уақытша әкiмшiлiк лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерiн және мiндеттемелерiн мемлекеттің, ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қорына беруді жүзеге асырады.
      29-4. Уақытша әкiмшiлiктiң лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн беру жүзеге асырылатын Алушы қорды таңдау туралы шешiмi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiсуге жiберiледi.
      29-5. Уақытша әкiмшiлiктiң Алушы қорды таңдау туралы шешiмi қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiскеннен кейiн уақытша әкiмшiлiктiң, Алушы қордың, бұрынғы және жаңа кастодиан банктер мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың арасындағы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiн Алушы қорға беру рәсiмi айқындалатын Келiсiмге қол қойылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады