Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 мамырда № 7673 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 тамыздағы № 133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.08.2019 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі

      Төраға Ә.А.Смайылов

      2012 жылғы 23 сәуір

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 119 қаулысымен бекітілген

Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары

      Осы Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Клиринг ұйымы уәкiлеттi органға электронды нысанда:

      1) күн сайын, есепті күннен кейінгі күні Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ден кешіктірмей Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есепті;

      2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей:

      Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті;

      Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы есепті;

      Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті ұсынады.

      2. Электронды нысанда жасалған есептілік ұсынылып отырған деректердiң құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің тасымалдау жүйесін пайдалана отырып, уәкілетті орган көрсеткен мекенжай бойынша жіберіледі.

      3. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, клиринг ұйымы пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені уәкілетті органға ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Уәкілетті орган есептерді қарау кезінде клиринг ұйымынан есептілікте көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарға сұрау салады.

  Клиринг ұйымдарының
есептілікті ұсыну
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 7 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің
нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп" Есепті кезең: __.__.____ж.

      Нысанның индексі: Н1-КҰ

      Ақпаратты жинақтау кезеңділігі: күн сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар аясы: клиринг ұйымдары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Нысанды ұсыну мерзімі: есепті күннен кейінгі күннің Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-ден кешіктірмей.

      теңге

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары

1

2

3

4

5

1





2





n.






      кестенің жалғасы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің нетто-позициясы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің саны

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің көлемі

Маржа жарналарының сомасы

Қаржы нарығының секторы

6

7

8

9

10

















      Клиринг ұйымының толық атауы ________________________________________

      Орындаушының тегі, аты және, болған кезде, әкесінің аты _____________

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған
"Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің
нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп" нысанын
толтыру жөніндегі түсіндіру
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндіру "Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілердің нетто-талаптары мен нетто-міндеттемелері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 62-5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды клиринг ұйымы күн сайын жасайды.

      4. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі теңгемен белгіленеді.

      5. Есеп нысаны клирингтік қызмет көрсетуге қабылданатын қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ғана ұсынылады.

      6. Есеп нысанында есеп нысанын дайындаған орындаушының тегі, аты және, болған кезде, әкесінің аты көрсетіледі.

2. Есеп нысанын толтыру жөніндегі түсіндіру

      7. 2-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды көрсетіледі.

      9. 4-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің міндеттемелері көрсетіледі.

      10. 5-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің талаптары көрсетіледі.

      11. 6-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің 4 және 5-бағандарда көрсетілген деректердің айырмасы ретінде есептелген нетто-позициясы көрсетіледі.

      12. 7-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің саны көрсетіледі.

      13. 8-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәмілелерінің көлемі көрсетіледі.

      14. 9-бағанда клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің және оның клиенттерінің маржалық жарналарының сомасы көрсетіледі.

      15. 10-бағанда қаржылық құралдары клирингтік қызмет көрсетуге қабылданатын қаржы нарығының секторы көрсетіледі.

  Клиринг ұйымдарының
есептілікті ұсыну
қағидаларының 2-қосымшасы

      Нысан

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы

есеп

_____________________________________

(клиринг ұйымының атауы)

20__ жылғы "____" "__________" жағдай бойынша


Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды

Күні

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша нарық секторы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін алу

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін тоқтата тұру

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесін жаңарту

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мәртебесінен айыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1









2









n.










      Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам):

      _______________________________________________ ____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер: __________________________________ ____________

      (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы:

      _________________________________________ _________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – (қолы) (телефон

      әкесінің аты) нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "_____" _____________.

      Мөр орны

      Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы есепті толтыруға ескертпе:

      Клирингтік қызмет көрсету шарты жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша нарық секторы – бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын, туынды қаржы құралдары нарығын (мерзімді нарық) қамтиды.

  Клиринг ұйымдарының
есептілікті ұсыну
қағидаларының 3-қосымшасы

      Нысан

Клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған қаржы құралдары туралы

есеп

_____________________________________

(клиринг ұйымының атауы)

20__ жылғы "____" "__________" жағдай бойынша


Күні

Қаржы құралының атауы

Қаржы құралының коды/ҰСН/ISIN

Қаржы құралының түрі

Күні

Номинал валютасы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъекті мүшесі болып табылатын қор (тауар) биржасының атауы

Қаржы нарығының секторы

Қаржы құралын клирингтік қызмет көрсетуге қабылдау

Қаржы құралын клирингтік қызмет көрсетуден шығару

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1










2










n.











      Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам):

      _______________________________________________ ____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер: __________________________________ ____________

      (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы:

      _________________________________________ _________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – (қолы) (телефон

      әкесінің аты) нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "_____" _____________.

      Мөр орны

  Клиринг ұйымдарының
есептілікті ұсыну
қағидаларының 4-қосымшасы

      Нысан

Мәмілелер бойынша өзінің міндеттемелерін жосықсыз орындайтын

клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілер туралы

есеп

___________________________________

(клиринг ұйымының атауы)

20__ жылғы "____" "__________" жағдай бойынша


Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің атауы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің коды

Қаржы нарығының секторы

Клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектінің орындалмаған міндеттемесінің көлемі

Клиринг ұйымы қаржы құралдарымен уақтылы орындалмаған мәмілелер бойынша қабылдаған шаралар

1

2

3

4

5

6

1






2






n.







      Бiрiншi басшы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам):

      _______________________________________________ ____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер: __________________________________ ____________

      (тегі, аты, бар болса – әкесінің аты) (қолы)

      Орындаушы:

      _________________________________________ _________ _____________

      (лауазымы, тегі, аты, бар болса – (қолы) (телефон

      әкесінің аты) нөмірі)

      Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "_____" _____________.

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады