Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын және кәсiптiк білім беру мен оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 наурыздағы № 147 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 маусымда № 7723 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығымен

      Ескернту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 18.08.2014 № 516 (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 104 және 108-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта бiлiм алуын және кәсiптiк білім беру мен оларды кәсiптiк даярлауды ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5974 болып енгізілді, 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1688) «Заң газеті» газетінде, 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1862) «Юридическая газета» газетінде, 2010 жылғы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған.
      2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығының 1-тармағының 14) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6745 болып енгізілді, 2011 жылғы 15 ақпандағы № 46-47 (26449) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты                       Қ. Қасымов

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
____________ Б. Жұмағұлов
20__ жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 17 наурыздағы
№ 147 бұйрығымен   
бекітілген     

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта, кәсiптiк бiлiм алу мен оларды кәсiптiк
даярлауын ұйымдастыру қағидасы 

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, кәсiптiк бiлiм алу мен оларды кәсiптiк даярлауын ұйымдастыру қағида (бұдан әрі - Қағида) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алу мен оларды кәсiптiк даярлауын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару және Бюджеттік кодекстеріне, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
      3. Түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік оқу мекемелер (бұдан әрі – Мектеп) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағида мен Мектеп Жарғысын басшылыққа алады.
      4. Мектептің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта, кәсiптiк бiлiм алу мен оларды
кәсiптiк даярлауын ұйымдастыру тәртібі

      5. Түзеу мекемелеріндегі Мектептер қылмыстық-атқару жүйесінің облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша органдарының ұсынымы бойынша облыстар, Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларымен келісіліп, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.
      6. Мектепті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мектепті ұйымдастыру және қызмет ерекшеліктері Мектеп Жарғысымен және осы Қағидамен айқындалады.
      8. Мектептің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
      9. Мектепке қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады.
      10. Кәсіптік білім алу үшін сотталғандарды Мектепке қабылдау білімі туралы құжаттардың негізінде жүргізіледі.
      11. Сотталғандардың білім деңгейін анықтау үшін міндетті түрде тестілеуден өткізеді.
      12. Білімі туралы құжаты болмаған жағдайда Мектеп директоры сотталғанның оқыған білім беру мекемесі құзыретіне жататын облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру басқармаларына сұрау салу жібереді. Қабылдау түзеу мекемесі бастығымен келісілген Мектеп директорының бұйрығымен ресімделеді. Сыныптарды толықтыру оқу жылы бойы жүргізілуі тиіс.
      13. Айыптық оқшаулау орындарына қамалған және камералық үлгiдегi үй-жайға, бір адамдық камераға, жазаны өтеудің қатаң жағдайларына ауыстырылған мектеп білім алушылары сырттай оқиды.
      14. Өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеуші сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға тартылмайды. Оларға өз бетімен білім алуы үшiн жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiне қайшы келмейтiн жағдайлар жасалады.
      15. Сотталғандарды кәсіптік даярлық ету жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды олардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес және Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 32-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Мектепті бітірген сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі. Осы құжат, сондай-ақ үлгерімі және сабаққа қатысу табелі сотталғандардың жеке істерінде сақталып, жазасын өтеуден босатылғаннан кейін қолдарына беріледі.
      17. Сотталған басқа түзеу мекемесіне ауыстырылған жағдайда үлгерім және сабаққа қатысу табелі оның жеке ісіне қоса тігіледі.
      18. Түзеу мекемесіне оқу жылы басталғаннан кейін келген сотталғандарды Мектепке қабылдау жеке ісіндегі деректердің негізінде жүргізіледі.
      19. Емтихан тапсыру үшін білім алушылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатылады.
      20. Түзеу мекемесінің түрін өзгерту, ол ауырған жағдайда не болмаса оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн түзеу мекемесiн қайта ұйымдастыру немесе тарату кезiнде, өндiрiске қажет болған жағдайда сотталғанның келiсiмiмен, оқу жылы кезеңінде білім алушыларды бір түзеу мекемесінен екіншісіне ауыстыруға жол берілмейді. Әрбір алдағы ауыстыру жөнінде мекеменің арнайы есепке алу бөлімі (бөлiмшесi, тобы) Мектеп директорын хабардар етеді.
      21. Сабақ оқитын күндері білім алушыларды сабақтан қол үзумен байланысты мерзімнен тыс жұмыстарға тартуға тыйым салынады.

3. Оқу-тәрбиелік жұмысы

      22. Мектепте оқу жылы 1-ші қыркүйекте басталады, мекеменің өндірістік кәсіпорнының 2 ауысымдық жұмысы кезінде оқу сабақтары екі ауысымда ұйымдастырылады және аптасына 5-6 күн өткізіледі. Сабақтардың басталу және аяқталу уақыттары, сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы түзеу мекемесінің бастығымен келісе отырып, Мектеп директорының бұйрығымен белгіленеді. 

4. Оқу-материалдық базасы, қаржыландыру және есеп беру

      23. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ үй-жайларды ұстауға (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және өзге шығындар) байланысты шығындар, қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу мекемелері қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшылық және педагогикалық қызметкерлердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті қаражат есебінен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады