Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7730 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Олардың жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесі.

      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Н. Қаппаров


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 1-қосымша

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі
жобаларды әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін азайтудың қол жеткізілген көлемі салыстырылатын ұсынылған ішкі жоба болмаған жағдайда, парниктік газдар шығарындыларының деңгейін немесе парниктік газдар сіңірулерінің деңгейін бейнелейтін сценарий;

      2) парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту жөніндегі ішкі жоба (бұдан әрі – ішкі жоба) - парниктік газдар шығарындыларын азайтуға немесе парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту тетігі негізінде жүзеге асырылатын және базалық сценарийде сәйкестендірілген жағдайларды өзгертетін қызметтер немесе қызмет түрлері.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ішкі жобаларды әзірлеуді жобаның өтініш берушісі жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі
ішкі жобаларды әзірлеу тәртібі

      4. Ішкі жобаларды әзірлеу келесі міндеттердің іске асырылуын қарастырады:

      1) жобаны жоспарлау және жоба тұжырымдамасын дайындау (жобалық идеялар);

      2) жобамен байланысты болатын парниктік газдар шығарындыларының көздерін немесе сіңірулері мен жинаушыларды сәйкестендіру;

      3) жобаның базалық сценарийін анықтау;

      4) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде парниктік газдарды азайтуға және сіңірулерін ұлғайтуға қатысты сандық бағалау және мониторинг рәсімдерін әзірлеу;

      5) ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің негізінде жобалық құжаттаманы және жобаның мониторинг жоспарын дайындау.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жоба бастамашысы ішкі жобаны жоспарлау сатысында жобаның сипатталуын құрастырады, оның орындалуы үшін базалық жағдайларды, парниктік газдар шығарындыларын азайту немесе олардың сіңірулерін ұлғайту тәсілдерін анықтайды, парниктік газдар шығарындыларының күтілетін азаюын немесе олардың сіңірулерінің ұлғаюын алдын ала бағалайды, жобаны іске асырумен байланысты қауіп-қатерді сәйкестендіреді, жобаның орындалуының алдын ала күнтізбелік жоспарын құрастырады.

      6. Егер де ішкі жоба қарастырудың бір сатылы рәсіміне енбесе, онда жоба бастамашысы жоспарлау сатысы нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба тұжырымдамасын (жоба идеясын) дайындайды.

      7. Жобаның өтініш берушісі жобаның базалық сценарийіне мыналардың негізінде бағалау жүргізеді:

      1) көздерден және (немесе) олардың сіңірулерінің абсорбциясынан парниктік газдардың нақты шығарындылары туралы мәліметтер;

      2) жобаны іске асыру шартына қатысты мүмкін болатын белгісіздіктер есебі;

      3) экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша реттейтін норманың стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар және іс-қимылдар есебі;

      4) бекітілген ұлттық немесе халықаралық әдістемелердің бірі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ішкі жобаларда бірнеше бір типті көздер және бірыңғай технологиялар пайдаланған жағдайда бір көз үшін базалық сценарий әзірлеуге және осы бастапқы жағдайларды тарату басқа көздерге беріледі.

      9. Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін жобалық құжаттамалар және парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша ішкі жобалар үшін жобалық құжаттаманы әзірлеу осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.

      10. Жобаның өтініш берушісі парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе олардың сіңірулерін жобаның базалық сценарийімен салыстырғанда ұлғайтудың мөлшерлік анықтау рәсімін әзірлейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жобаның өтініш берушісімен әзірленген немесе қолданылған мониторинг және мөлшерлік анықтау рәсімінің сипаттамасы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылатын мониторингі жоспарына енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Жоба тұжырымдамасының нысаны (жобалық идея)

      1. Жобаның қысқаша сипаттамасы: жобаның атауы; мақсаты; типі; болжамды іске асыру орны; жобаның қысқаша сипаттамасы және ұсынылған шаралар.

      2. Ішкі жоба бастамашысы туралы ақпарат: жеке тұлғаның ТАӘ немесе заңды тұлғаның атауы; тіркеу деректері; мекенжайы; жоба бойынша байланысатын тұлға; негізгі қызмет түрі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жобаны орындағанға дейін бар базалық шарттардың сипаттамасы: ұсынылған жоба болмаған жағдайда орнын табатын неғұрлым мүмкін технология және шығарындылар деңгейі; қазіргі заңнама, экономикалық және өзге шарттар.

      4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және сіңірулерін ұлғайту тәсілдері және қаржыландыру: қызмет категориясын көрсету, мысалы, жаңартылатын энергия көздеріне көшу, энергия тиімділік бойынша шаралар, ормандылықты ұлғайту және т.б.; техникалық аспектілер мен жоспарланған технологиялардың қысқаша сипаттамасы; жобаны іске асыруға күтілетін шығындар.

      5. Күтілетін азайтулар немесе сіңірулердің ұлғаюы: парниктік газдар түрлері; шығарындылардың азаюы мен сіңірулерінің ұлғаюы көлемін алдын ала бағалау; азайтуға қол жеткізу немесе сіңірулердің ұлғаюы үшін күтілетін кезең.

      6. Жобаны іске асырумен байланысты, оның ішінде, жоба шегінен тыс жүзеге асырыла алатын инвесторларды іздеуге, жобаны жоспарланған жерде іске асыруға, шығарындылар кемуіне қатысты қауіп – қатерлер.

      7. Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары: жобаның ағымдағы мәртебесі, жобалық құжаттаманы дайындаудың күтілетін мерзімі, жобаны іске асыру басы; жобаның ұзақтылығы.

  Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 2-қосымша

      нысан

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі
жобалар үшін жобалық құжаттама

1. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат


1. Жоба бастамашысының атауы.

2. Жоба бастамашысының заңды мекенжайы және орналасқан мекенжайы.

3. Жоба бастамашысының қызметінің негізгі түрі.

4. Жоба бастамашысының мемлекеттік тіркеуі туралы деректер.

5. Жоба бастамашысының жетекшісінің аты-жөні.

6. Жоба бастамашысының аты-жөні, мекенжайы, телефоны, факсі және

байланысты тұлғаның электрондық поштасы.

7. Жоба инвесторының атауы.

8. Жоба инвесторының заңды мекенжайы және орналасқан мекенжайы.

9. Жоба инвесторының қызметінің негізгі түрі.


2. Жобаның жалпы сипаттамасы


1. Жоба атауы.

2. Жоба сипаттамасы.

3. Жобаға қатысушылар.

4. Жобаның техникалық сипаттамасы.

5. Жобаның орналасқан орны: (аймақ, елді мекен, жобаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жобаның географиялық орналасқан жері туралы мәлімет).

6. Жоба шеңберінде ендірілетін технология(лар), немесе қолданылатын шаралар, операциялар немесе іс-қимылдар.

7. Парниктік газдардың антропогендік шығарындылары көздерден ұсынылған жоба арқылы қысқаруына қатысты қысқаша түсініктеме, оның ішінде, базалық шарттарды назарға ала отырып, жоба енгізілмесе, онда шығарындылар неге азаймайды түсініктемесін қоса алғанда.

8. Жоба бойынша көміртегі бірліктерін шығару кезеңінде бағаланатын шығарындардың азаю көлемі.

9. Жобаны мүдделі тараптың мақұлдауы.


3. Базалық сценарий


1. Базалық сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі.

2. Жоба болмаған жағдайда, парниктік газдардың антропогенді шығарындары көздерден берілген деңгейден төмен қысқаруының сипаттамасы.

3. Жобаға қатысты қолданылатын қызмет шегі анықталуының сипаттамасы.

4. Базалық сценарий бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде: анықтау күні және тартылған тұлғалар.


4. Жобаның ұзақтылығы және көміртегі бірліктерін шығару кезеңі


1. Жобаның басталу күні.

2. Жобаның күтілетін ұзақтығы.

3. көміртегі бірліктерін шығару кезеңінің ұзақтылығы.


5. Парниктік газдар шығарындыларының азаюын бағалау


1. Жоба бойынша бағаланатын шығарындылар көлемдері.

2. Бағаланатын кемулер:

3. Шығарындылардың күтілетін азаю және кему соммасы.

4. Базалық сценарий бойынша бағаланатын шығарындылар.

5. Жобадан күтілетін кемулерді ескере отырып, шығарындылар азаюының көлемі.

6. 1 және 5 тармақтар бойынша алынған жалпы анықтамалар кестесі.


6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері


Мүдделі тараптардың түсініктемелері және оның жобаға қатысушылармен қалай ескерілгендігі туралы ақпарат.

  Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 3-қосымша

      нысан

Парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту бойынша жоба үшін
жобалық құжаттама

1. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат


1. Жоба бастамашысының атауы.

2. Жоба бастамашысының заңды мекенжайы және орналасқан мекенжайы.

3. Жоба бастамашысының қызметінің негізгі түрі.

4. Жоба бастамашысының мемлекеттік тіркеуі туралы деректер.

5. Жоба бастамашысының жетекшісінің аты-жөні.

6. Жоба бастамашысының аты-жөні, мекенжайы, телефоны, факсі және байланысты тұлғаның электрондық поштасы.

7. Жоба инвесторының атауы.

8. Жоба инвесторының заңды мекенжайы және орналасқан мекенжайы.

9. Жоба инвесторы қызметінің негізгі түрі.


2. Жобаның жалпы сипаттамасы


1. Жоба атауы.

2. Жоба сипаттамасы.

3. Жобаға қатысушылар.

4. Жобаның техникалық сипаттамасы.

5. Жобаның орналасқан орны: (аймақ, елді мекен, жобаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жобаның географиялық орналасқан жері туралы мәлімет).

6. Жоба шеңберінде ендірілетін технология(лар), немесе қолданылатын шаралар, операциялар немесе іс-қимылдар.

7. Парниктік газдардың антропогендік шығарындылары көздерден ұсынылған жоба арқылы қысқаруына қатысты қысқаша түсініктеме, оның ішінде, базалық шарттарды назарға ала отырып, жоба енгізілмесе, онда шығарындылар неге азаймайды түсініктемесін қоса алғанда.

8. Көміртегі бірліктерін шығару кезеңіңде бағаланатын шығарындардың азаю көлемі.

9. Жобаны мүдделі тараптың мақұлдауы.


3. Базалық сценарий


1. Базалық сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі.

2. Таңдалған көміртегі жинақтаушылар.

3. Парниктік газдар көздерінің ерекшелігі, шығарындылары жер пайдаланудың өзгеруіне немесе ормандылықтың артуына жататын жобалардың бір бөлігі болып табылады.

4. Соңғы антропогендік сіңірулерінің абсорбциясы жоба болмаған жағдайдағы деңгейден жоғары болуы туралы сипаттама.

5. Жобаға қатысты қолданылатын қызметтің шегі анықталуының сипаттамасы.

6. Базалық сценарий бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде: анықтау күні және тартылған тұлғалар.


4. Жобаның ұзақтылығы және көміртегі бірліктерін шығару кезеңі


1. Жобаның басталу күні.

2. Жобаның күтілетін ұзақтығы.

3. Көміртегі бірліктерін шығару кезеңінің ұзақтылығы.


5. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды бағалау


1. Жоба бойынша сіңірулерінің бағаланатын соңғы антропогендік абсорбциясы.

2. Базалық сценарий бойынша сіңірулерінің бағаланатын соңғы антропогендік абсорбциясы.

3. Жоба және базалық сценарий бойынша сіңірулерінің бағаланатын соңғы антропогендік абсорбциясының айырмашылығы.

4. Бағаланатын кемулер.

5. Сіңірулерінің соңғы антропогендік абсорбциясының бағаланатын артуын көрсететін 3 және 4 тармақтары арасындағы айырмашылығы.

6. 1 және 5 тармақтар бойынша алынған мәндердің жалпы кестесі.


6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері


Мүдделі тараптардың түсініктемелері және оның жоба қатысушыларымен ескерілуі

  Парниктік газдар шығарындыларын
азайту жөніндегі ішкі жобаларды
әзірлеу қағидаларына 4-қосымша

      нысан

Ішкі жобаның мониторинг жоспары

      1. Жобаның атауы.

      2. Мониторинг жоспарының жалпы сипаттамасы.

      3. Жоба бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингін (есебін) өткізу үшін қолданылатын деректер.

Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі

Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі

Деректер көзі

Деректердің өлшем бірлігі

Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем

Бекіту және деректер жиілігі

Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы























      4. Жоба бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).

      5. Базалық сценарий бойынша шығарындылар және/немесе сіңірулер мониторингі (есебін) үшін қолданылатын деректер.

Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі

Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі

Деректер көзі

Деректердің өлшем бірлігі

Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем

Бекіту және деректер жиілігі

Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы























      6. Базалық сценарий бойынша шығарындылар азайтуды және/немесе сіңірулерді ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формулалардың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін шығарындылар екі көміртегі тотығының тоннадағы баламасы).

      7. Егер қолданылатын болса, мониторинг жоспарында жобадан кемуді бағалау

Мониторинг өткізілетін қызмет немесе қондырғының реттік нөмірі

Мониторинг өткізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі

Деректер көзі

Деректердің өлшем бірлігі

Саналған, өлшенген немесе бағаланған көлем

Бекіту және деректер жиілігі

Тиісінше деректерді жалпы көлем мониторингісіне соқтыратын деректерге қатысы























      8. Кемуді санауға арналған формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі және т.б. үшін, көміртегі қос тотығы эквиваленті тоннасындағы шығарындылар).

      9. Жобадан шығарындыларды азайтуды бағалау үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, шығу көзі, т.б. үшін; CO2 тонна эквивалентіндегі шығарындыларды азайту).

      10. Мониторинг жоспары үшін қабылданған сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету рәсімінің сипаттамасы.

      11. Мониторинг жоспарын ендірген жағдайда пайдаланылатын басқару және қызмет жүйесінің сипаттамасы.

  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 14 мамырдағы № 156-ө
бұйрығына 2-қосымша

Ішкі жобалар жүзеге асырылуы мүмкін экономика секторлары
мен салаларының тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің м.а. 17.11.2016 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Экономика салалары:

      1) тау-кен өндіру және металлургия (шахталық метанды кәдеге жарату жобалары бөлігінде);

      2) ауыл шаруашылығы;

      3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

      4) орман және далалы аумақтарды көгалдандыру;

      5) жердің тозуының алдын алу;

      6) жаңартылатын энергия көздері;

      7) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу;

      8) көлік;

      9) энергия тиімді жұмсалатын құрылыс;

      10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

      2. Экономика секторлары:

      1) қаржылық емес бірлестіктер;

      2) мемлекеттік басқару органдары;

      3) үй шаруашылығына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады