Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7738 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 22.09.2014 № 91 бұйрығымен (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға жолдасын.
      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

Келісілді:

Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігінің
(қаржы полициясы) төрағасы

____________________ Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы

____________________ Н. Әбікаев

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі

____________________ Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының  
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 68 бұйрығымен бекітілген

Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын
техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулық сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде алдын ала қылмыстық iзге түсу органдары пайдаланатын тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдануды нақтылайды.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізу процесінде тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданылатын тергеу іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделсе, тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолданудың өзге тәртібін қолдануға жол беріледі.
      3. Адамды ұстаған немесе оны қамауға алу кезінде жүргізілетін жеке тінтуді қоспағанда, тұрғын үй-жайды тексеру, тінту кезінде ҚІЖК-нің 201-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес куәгерлердің міндетті түрде қатысуы көзделген. Өзге тергеу іс-әрекеттері барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды міндетті түрде қолдана отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізіледі.

2. Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп
тұратын техникалық құралдарды қолдану

      4. Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құрал (бұдан әрі – техникалық құрал) – кинокамера, бейнекамера, фотоаппарат, диктофон.
      Ақпарат жеткізгіш – ақпаратты қамтитын (ұстап тұратын), өз құрылымында оған енгізілген ақпаратты ұзақ уақыт жеткілікті сақтай алатын материалдық объект.
      5. Техникалық құралдар ҚІЖК-нің 129 және 203-баптарына сәйкес қолданылады.
      6. ҚІЖК-нің 203-бабының 4-тармағына сәйкес техникалық құралдардың қолданылуы тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасында белгіленеді, сондай-ақ:
      1) техникалық құралдың және ақпарат жеткізгіштің түрі мен моделі;
      2) тергеу іс-әрекетін жүргізу объектісі немесе барысы;
      3) оларға алдын-ала техникалық құралдардың қолданылатыны туралы хабардар етілгені көрсетіліп, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан адамдар;
      4) тергеу іс-әрекетіне қатысушылардың арыздары мен өтініштері;
      5) техникалық құралға тіркеп жазылған уақыты: жазуды қосу мен аяқтау уақыты көрсетіледі.
      7. Техникалық құралға жазу тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның түсіндірмелерімен сүйемелденеді, қосылған кезде жазудың басталған уақыты, күні, орны, тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның лауазымы мен тегі, оған қатысқан тұлғалардың тектері мен лауазымдары айтылады.
      8. Техникалық құралда жазуды аяқтар алдында – жазу аяқталатын уақыт хабарланады, тергеу іс-әрекеттеріне қатысушылардан өтініштердің, ескертулер мен ұсыныстардың болуы, және қажет кезде, тергеу іс-әрекеттерін аяқтау не одан әрі жүргізу себептері туралы мәселе жария етіледі.
      Техникалық себептермен жазу ауық-ауық үзілген және қайтадан қосқан жағдайда жазуды тоқтата тұру себептері мен қалпына келтірілген уақыты туралы хабарланады.
      9. Техникалық құралдың қолданылуына жауапты тұлға, әдетте тергеу іс-әрекеттерін тіркеуді қамтамасыз ететін маман не қылмыстық iзге түсу органының қызметкері.
      10. Тергеу іс-әрекеті аяқталғаннан кейін ақпаратты жеткізгіш тергеу іс-әрекетін жүзеге асыруға жауапты тұлғаға беріледі.
      Егер техникалық құралда ақпаратты алынбалы жеткізгіште тіркеуге және сақтауға мүмкіндік болмаса, тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат бастапқы форматта қайта жазуды немесе өзге де өзгертуді көздемейтін басқа жеткізгішке ауыстырылады. Тергеу іс-әрекетінің хаттамасында 1 байтқа дейінгі дәлдікпен файлдың бақылау сомасы және файлдың форматы көрсетіледі. Фототүсірілімдер қағаз нұсқаға ауыстырылады.
      11. Алдын ала тергеу немесе анықтаудың аяқталғаны жөніндегі ақпарат жеткізгішті қылмыстық іс өндірісінде жатқан тергеуші немесе анықтаушы буып-түйеді, мөрмен бекітеді, қолдарын қояды және тиісті биркамен жабдықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады