Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9761 тіркелді

      РҚАО-ның ескерпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 197-бабының 6-бөлігіне сәйкес, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидасы бекітілсін.
      2. «Тергеу іс-әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдарды қолдану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 31 мамырдағы № 68 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7738 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 тамыздағы № 11 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын.
      4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен мекемелерінің бастықтары және қызметкерлері таныстырылсын, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

             Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Жоғарғы Сотының Төрағасы
      Қ. Мәми
      _________________________
      17 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      Төрағасы
      Н. Әбіқаев
      _________________________
      19 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік күзет
      қызметінің бастығы
      А. Күреңбеков
      _________________________
      10 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа қарсы
      іс-қимыл агенттігінің төрағасы
      Қ. Қожамжаров
      _________________________
      11 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      С. Ахметов
      _________________________
      15 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      Қ. Қасымов
      _________________________
      12 қыркүйек 2014 ж.
 
            Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Сұлтанов
      _________________________
      8 қыркүйек 2014 ж.


 
 
 

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының      
2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 91
бұйрығымен бекітілген    

Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін
ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қылмыстық қудалау органдары пайдаланатын тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдардың қолданылуын нақтылайды.
      2. Осы қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) ақпаратты жеткізгіш – онда/оған салынған ақпаратты өзінің құрылымында ұзақ уақыт сақтауға қабілеті бар ақпаратты қамтитын (жеткізетін) материалдық объект;
      2) тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемені табу, тіркеу, алып қою және зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар.
      3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) және осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделсе, тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың өзге тәртібін қолдануға жол беріледі.
       4. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдар ҚПК-де тікелей көрсетілген жағдайларда міндетті тәртіппен қолданылады. Қалған жағдайларда олар тергеушінің, анықтаушының, прокурордың қалауы бойынша немесе ҚПК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаттары бойынша қолданылады.
      Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар жоқ болған немесе оларды қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда куәгерлер тартылады.
      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты тергеу ірекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
 

2. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркеп
тұратын ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібі

      5. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар ҚПК-нң 126 және 199-баптарына сәйкес қолданылады.
      6. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану ҚПК-нің 199-бабының 5-бөлігіне сәйкес тергеу әрекеттерінің хаттамасында белгіленеді, сондай-ақ онда:
      1) ғылыми-техникалық құралдың және ақпарат жеткізгіштің түрі мен моделі;
      2) ғылыми-техникалық құралға тіркеп жазылған уақыты: жазуды қосу мен аяқтау уақыты;
      3) тергеу әрекетіне қатысушылардың аудио-бейне жазбаны қарағаны (тыңдағаны), қарап болғаннан кейінгі мәлімдеген ескертулері мен өтініштері туралы мәліметтер;
      4) бейне-аудио материалдарын бір жеткізушіден екіншісіне ауыстыру туралы мәліметтер көрсетіледі.
      7. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралға жазу тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның түсіндірмелерімен сүйемелденеді, қосылған кезде жазудың басталған уақыты, күні, орны, тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын тұлғаның лауазымы мен тегі, оған қатысқан тұлғалардың тектері, лауазымдары, процестік жағдайы, тергеу әрекеттерін тіркеп тұратын ғылыми-техникалық құралдардың және бұл ретте, пайдаланылатын ақпарат жеткізгіштің атауы айтылады.
      8. Тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралда жазуды аяқтар алдында жазу аяқталатын уақыт хабарланады, тергеу әрекеттеріне қатысушылардан өтініштердің, ескертулер мен ұсыныстардың болуы, және қажет кезде, тергеу әрекеттерін аяқтау себептері туралы мәселе жария етіледі.
      Техникалық немесе өзге себептермен жазу ауық-ауық үзілген және қайтадан қосқан жағдайда жазуды тоқтата тұру себептері мен қалпына келтірілген уақыты туралы хабарланады.
      9. Тергеу әрекеті аяқталғаннан кейін ақпаратты жеткізгіш тергеу әрекетін жүзеге асыруға жауапты тұлғаға беріледі.
      Егер ғылыми-техникалық құралда ақпаратты алынбалы жеткізгіште тіркеуге және сақтауға мүмкіндік болмаса, тергеу әрекеттерінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат бастапқы форматта ақпараттарға өзгерістер енгізуді және сапасын нашарлатуды болдырмайтын көшіру жолымен басқа жеткізгішке ауыстырылады.
      Ақпараттарды дереу көшіріп алуға мүмкіндік болмаған кезде тергеу әрекеті жүргізілген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей оны техникалық мүмкіндіктердің болуы фактісі бойынша ауыстыруға жол беріледі, ол туралы тергеу әрекеттерін жүргізген тұлға тиісті хаттамада қосымша жазба жүргізеді.
      Атап айтқанда, көшіруді жүзеге асырған тұлға туралы мәліметтер, ақпараттарды бір жеткізгіштен екіншісіне беру фактісі, 1 байтқа дейінгі дәлме-дәл файлдың бақылау сомасы және файлдың форматы, сондай-ақ пайдаланылған жабдықтар туралы ақпараттар көрсетіледі. Фототүсірілімдер қағаз жеткізгіштерге ауыстырылады.
      10. Аталған ақпарат жеткізгішті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға буып-түйеді, мөрмен бекітеді, қолдарын қояды, қылмыстық істің жанында сақталады (ҚПК-нің 199-бабының 8-бөлігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады