Қазақстан Республика Әділет министрінің "Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 207 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 маусымда № 7764 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 123-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6754 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 сәуірдегі "Казахстанская правда" газетінде жарияланған № 129-130 (26550-26551)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттық кітап) жүргізу туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ағымдағы шотқа сомалар түскен жағдайда жеке сот орындаушы үш жұмыс күні ішінде төлем шотын банкке жібереді.

      Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі.".

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады