Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 қаңтарда № 6754 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 123-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы № 15
бұйрығымен бекітілген

Жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу
кітабын (депозиттік кітап) жүргізу ережесі

      1. Осы Ереже "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы123-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабын (депозиттік кітап) жүргізу тәртібін реттейді.

      2. Ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу мақсатында жеке сот орындаушысымен ағымдағы шоттағы сомаларды есепке алу кітабы (бұдан әрі - депозиттік кітап) жүргізіледі.

      3. Депозиттік кітап нөмірленеді, тігіледі, жеке сот орындаушысының қолы қойылып, мөрімен куәландырылады.

      4. Депозиттік кітапта: ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні, атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі; төлем құжатының атауы мен нөмірі; борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері; түскен соманың мөлшері; төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн; төленген соманың мөлшері, егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі, алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы); төленбеген соманың қалдығы көрсетіледі.

      5. Депозиттік кітапты ашу кезінде оған жеке сот орындаушысының сол күнгі банктегі ағымдағы шотында бар қалдық сома түгелдей енгізіледі. Кейіннен банктен үзінділердің келіп түсуіне қарай жазба жүргізіледі.

      6. Ағымдағы шотқа сомалар түскен жағдайда жеке сот орындаушы үш жұмыс күні ішінде төлем шотын банкке жібереді.

      Аталған төлем шотының орындалуы туралы банктің белгілеуінен кейін жеке сот орындаушысы депозиттік кітапта тиісті жазба жүргізеді. Төлем шотының бір данасы атқарушылық іс жүргізу материалдарына тіркеледі, екіншісі хронологиялық тәртіпте нарядқа жеке тігіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2012.05.25 № 207 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Жеке сот орындаушысымен ағымдағы
шоттағы сомаларды есепке алу
кітабын (депозиттік кітап)
жүргізу ережесіне қосымша

      Нысан

Ағымдағы шоттағы соманы есепке алу кітабы (депозиттік кітап)

Р/с

Ағымдағы шотқа ақша сомасы түскен күні

Атқарушылық іс жүргізу нөмірі, егер борышкер бірнеше атқарушылық іс жүргізу бойынша сома аударса, онда барлық атқарушылық іс жүргізудің нөмірлері көрсетіледі

Төлем құжатының атауы мен нөмірі

Борышкердің деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ борышкер үшін сома аударған адамның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

Өндіріп алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы), сондай-ақ өндіріп алушы өкілінің деректері

Түскен соманың мөлшері

Төлем құжатының нөмірі мен күні, өндіріп алушыға соманы төлейтін күн

Төленген соманың мөлшері (егер өндіріп алушылар бірнеше болса, әрбір өндіріп алушыға төленген сома көрсетіледі), және алушының деректері (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

Төленбеген соманың қалдығы

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады