Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 162 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7779 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
      19-1 және 19-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
      19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3 (үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы тиіс;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері болуы тиіс.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмауы тиіс.
      Мамандандырылған мандат қолданыла бастағаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ Ереженің 12-тармағында көрсетілген шектеуден аспайтын мөлшердегі активтер беріледі.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру туралы немесе оны тоқтату туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының нәтижелері негізінде 3 (үш) жылдық басқару кезеңі үшін қабылданады.»;
      2 және 3-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      KЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі

      ____________ Б. Жәмішев
      2012 жылғы 1 маусым

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі  
№ 162 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды  
таңдау ережесіне    
2-қосымша       

Сыртқы басқарушылардың ұсыныстарын салыстырмалы талдау үшін
бағалау критерийлері


Критерийлер

Критерийдің мәні (пайызбен)

1.

Портфельді басқарудың тарихи нәтижелері (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде көрсеткіштер тиісті мандаттың қамтуына байланысты нормаланады)

35


үстеме кірістіліктің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер үстеме кірістілік көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

40

ақпараттық коэффициенттің соңғы 3-5 жылдағы орташа көрсеткіші (егер ақпараттық коэффициенттің көрсеткіші 5 жылдан кем кезеңде оң болса, көрсеткіш 5 жылдық кезеңге қатысты нормаланады)

60

2.

Активтер

10


осы мандат түрі бойынша активтер көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы (аймақтық мандаттарға маманданған және ауқымды мандат бойынша басқарушыны таңдауға қатысатын әлеуетті сыртқы басқарушылардың ұсыныстарына салыстырмалы талдау жүргізген кезде аймақтық мандаттар бойынша активтердің көлемі пайдаланылады. Бұл мән тиісті мандаттың қамтуына байланысты нормаланады)

65


институционалдық инвесторлардың активтері көлемінің басқарудағы жалпы активтерге қатысты пайызы

35

3.

Команда

15


тиісті мандат бойынша активтерді басқаруға жауапты портфельдік менеджерлердің және талдаушылардың орташа жұмыс тәжірибесі

50

компания бойынша тұтастай алғанда портфельдік менеджерлер мен талдаушылардың арасында мамандардың тұрақтамауының төмен болуы

50

4.

Кредиттік мәртебе

5


- егер бас ұйымның кепілдігі болса не келісімге бас ұйым қол қойған жағдайда, бас ұйымның кредиттік рейтингісі (S&P немесе Moody's), олай болмаған жағдайда компанияның кредиттік рейтингісі


5.

Басқару үшін төленетін комиссияның деңгейі

20


Базалық комиссияның деңгейі

90

Net new high basis since inception қағидатын қабылдау

10

6.

Сервис

10


Ұлттық Банктің мамандарын оқыту

70

күн сайынғы есептілік

30

7.

Тәуекелдерді бақылау және басқару бойынша мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы

2

8.

Сыртқы басқару бойынша келісімнің талаптарын бұзған жағдайда Ұлттық Банк алдында жауапкершілік қабылдау

3

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 162 қаулысына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды  
таңдау ережесіне    
3-қосымша       

Сыртқы басқарушының ұсыныстарын бағалау критерийлерінің
кестесіне сәйкес бағалау тәртібі

      1. Тиісті салмақтары бар бағалау критерийлері кестесінде (бұдан әрі -Кесте) келтірілген барлық көрсеткіштер сомасы сыртқы басқарушының ұсынысын бағалау болып табылады.
      2. Қандай да болмасын көрсеткіш Кестеге енгізілмес бұрын, төмендегі формуланы пайдалана отырып қаралатын критерийдегі ең жақсы көрсеткішке қатысты нормаланады:
      Басқарушының нормаланған көрсеткіші = Басқарушының көрсеткіші/барлық сыртқы басқарушылар бойынша көрсеткіштің ең көп мәні.
      3. Егер сыртқы басқарушы мандаттың жарияланған түрі бойынша активтерді басқа мандаттың шеңберінде басқарса, онда осы активтерді басқарудың тарихи нәтижелерін басқа мандаттың шеңберінде бағалау жүзеге асырылады.
      4. Бас ұйымның және/немесе сыртқы басқарушының кредиттік рейтингісін бағалау кезінде мынадай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады:

Кредиттік рейтинг (S&P)

Көрсеткіш

AAA

1

АА+

0,8

АА

0,7

АА-

0,6

А+

0,5

A

0,4

А-

0,3

ВВВ+

0,2

ввв

0,1

ВВВ төмен

0

      5. Ұлттық Банктің мамандарын оқытуды бағалау кезінде көрсеткіштердің мынадай жүйесі пайдаланылады:

Тренинг талаптары

Көрсеткіш

Сыртқы басқарушы ұшу, тұру, тамақтану ақысын төлейді

1

Сыртқы басқарушы тұру, тамақтану ақысын төлейді

0.5

Сыртқы басқарушы тұру ақысын төлейді

0.2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады