Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 227 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7784 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 109 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 17.03.2014 № 109 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 39-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 26-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 275 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7098 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 7 қыркүйекте № 418-419 (26813) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркегеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.
      4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
      5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Жақсыбеков

      Келісілді
      Білім және ғылым министрі
      ____________ Б.Жұмағұлов
      2012 жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 
2012 жылғы 4 маусымдағы
№ 227 бұйрығымен  
бекітілген     

Әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 39-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 26-бабының 12-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына кандидаттарды қабылдау тәртібін айқындайды.
      2. Әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді:
      1) әскери қызметшілер қатарынан - әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары);
      2) әскери қызметте тұрмайтын азаматтар қатарынан - жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
      3) Іріктеу жыл сайын 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін әскери оқу орындарына қабылдау жоспарына (бұдан әрі - қабылдау жоспары) сәйкес жүзеге асырылады.
      4) Қабылдау жоспарынан үзінділер оны бекіткеннен кейін онда көрсетілген әскери бөлімдер мен мекемелерге күнтізбелік он күн ішінде жеткізіледі.
      5) Әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері (бастықтары) үзінділерді алғаннан кейін әскери қызметшілер мен әскери қызметте тұрмайтын азаматтарды әскери оқу орындарына түсуге үгіт-насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізеді.
      6) Үгіт-насихаттау іс-шараларына қатысу үшін әскери бөлімдер мен жергілікті әскери басқару органдарына оқу орындарының тіршілік әрекеті туралы ақпараттық материалды ұсына отырып, әскери оқу орындарының өкілдері жіберіледі.

2. Әскери оқу орындарына қабылдау үшін құжаттарды
ұсыну тәртібі

      7. Әскери қызметшілер оқуға түсетін жылдың 1 сәуіріне дейін командирдің (бастықтың) атына әскери атағын, тегін, атын және әкесінің атын, атқаратын лауазымын, туған күнін, білім деңгейін көрсете отырып, баянат береді.
      Сонымен қатар баянатта әскери оқу орнының атауы және әскери қызметші оқуға ниет білдірген мамандық көрсетіледі.
      8. Әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген әскери қызметшінің баянатын аттестаттау комиссиясы қарайды.
      9. Аттестаттау комиссиясы әскери қызметшінің кандидатурасы бойынша оң шешім қабылдаған кезде командир (бастық) оны медициналық куәландырудан өту үшін жібереді.
      10. Әскери қызметші әскери қызметке жарамды деп танылған жағдайда оған әскери оқу орнына түсуге дайындалу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әскери оқу орындарына түсу үшін Құжаттар тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген қажетті құжаттарды жинауға және ресімдеуге уақыт беріледі.
      11. Әскери бөлімнің және мекеменің командирі (бастығы) жоғары тұрған қолбасшылықпен келісу және әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары қарау үшін әскери оқу орындарына түсу үшін іріктелген әскери қызметшілердің тізімімен бірге әскери қызметшілердің баянаттарын және Тізбеде көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ оқуға түсу үшін іріктелген кандидаттардың тізімдері мен осы Қағидаларға 2,3-қосымшаларға сәйкес үлгілер бойынша әскери қызметшілердің кәсіби іріктеу карталарын ұсынады.
      12. Әскери қызметшілер қабылдау жоспарында белгіленген мерзімдерде әскери оқу орындарына жіберіледі.
      13. Әскери қызметте тұрмайтын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтар оқуға түсетін жылдың 1 сәуіріне дейін жергілікті әскери басқару органдарына еркін үлгідегі өтінішті, сондай-ақ Тізбеде көрсетілген құжаттарды береді.
      14. Әскери қызметте тұрмайтын азаматтардың құжаттарын зерделеу үшін жергілікті әскери басқару органдары алдын ала іріктеуді жүзеге асыратын комиссияларды құрады.
      15. Жергілікті әскери басқару органдары көрсетілген құжаттарды зерделейді және әскери қызметте тұрмайтын азаматтарды алғашқы медициналық куәландырудан өткізеді.
      16. Азаматтардың өтініштері мен Тізбеде көрсетілген құжаттар, сондай-ақ осы Қағидаларға 24-қосымшаларға сәйкес үлгілер бойынша оқуға түсу үшін іріктелген кандидаттардың тізімі мен оқуға түсуші үшін кәсіби іріктеу карталары әскери оқу орындарының қабылдау комиссияларына ұсынылады.

3. Әскери оқу орындарына қабылдау тәртібі

      17. Әскери оқу орындарында оқуға түсетін жылы қабылдау комиссиялары құрылады, олар әскери қызметшілердің баянаттарын және әскери қызметте тұрмайтын азаматтардың өтініштерін зерделеуді жүзеге асырады.
      18. Қабылдау комиссияларының төрағалары болып әскери оқу орындарының бастықтары табылады. Одан басқа қабылдау комиссиясы:
      1) кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландырудан өткізуді;
      2) түсу емтихандарын өткізуді (ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижелерін қарауды);
      3) әскери қызметшілер мен әскери қызметте тұрмайтын азаматтардың дене дайындығын тексеруді;
      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша әскери оқу орындарына қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хаттаманы ресімдеуді жүзеге асырады.
      18. Әскери оқу орындары қабылдау комиссиялары қызметінің мерзімдері және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындары қабылдау комиссияларының құрамдары жыл сайын Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бұйрықтарымен айқындалады.
      Магистратураға және докторантураға түсу үшін қабылдау комиссияларының құрамдары әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен айқындалады.
      19. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген  сертификат балдарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі және үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бірінші кезеңде - әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары медициналық, дене және психикалық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу жүргізе отырып, кандидаттардың тізімдерін жасайды;
      екінші кезеңде - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Әскери оқу орындарына қабылдау емтихандары өткізілетін пәндер тізбесі (бұдан әрі - Пәндер тізбесі) бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін алған ағымдағы бітіру жылы жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің арасынан кандидаттарды іріктеу;
      үшінші кезеңде - әскери оқу орындарының қабылдау комиссиялары медициналық куәландыру, дене дайындығын тапсыру, психикалық-физиологиялық іріктеу нәтижелері және тестілеу нәтижелері бойынша қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Магистратураға, докторантураға қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады:
      1) бір шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша;
      2) мамандық бойынша;
      3) дене дайындығы бойынша.
      Магистратураға, докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
      Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы әскери оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      21. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламалары жоғары білім пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
      Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
      22. Магистратураға қабылдау үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бірінші кезеңде - қабылдау комиссиясы медициналық және психикалық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу жүргізе отырып, кандидаттардың тізімдерін жасайды;
      екінші кезеңде - Пәндер тізбесі бойынша және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша мамандық бойынша емтихан комиссиясының хаттамасын жасай отырып, оқуға түсу емтихандарын тапсыру жүргізіледі;
      үшінші кезеңде - әскери оқу орнының қабылдау комиссиясы медициналық, психикалық-физиологиялық іріктеу және түсу емтихандарын тапсыру нәтижелері бойынша магистратураға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      23. Докторантураға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша мамандық бойынша емтихан комиссиясының хаттамасын жасауды және дене дайындығын тапсыруды қоспағанда, медициналық куәландыру және 6-қосымшаға сәйкес Әскери оқу орындарына қабылдау емтихандары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша түсу емтихандарын тапсыру негізінде «магистр» академиялық дәрежесі, «ғылым кандидаты» ғылыми дәрежесі бар немесе әскери мамандықтар бойынша (жедел-тактикалық басқару буынының деңгейі) әскери академияларды және университеттерді бітірген адамдар қабылданады.
      24. Шет тілі бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша тапсырылады.
      25. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді, медициналық және психикалық-физиологиялық көрсеткіштер бойынша қайта іріктеу жүргізілмейді.
      Қабылдау комиссиясының жұмысы кезеңінде шағымдарды қарау үшін әскери оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
      Апелляциялық комиссия құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      26. Әскери оқу орнының магистратурасына оқуға түсу емтихандарының сомасы бойынша дене дайындығын тапсыруды қоспағанда, әр емтихан үшін 100 балдық бағалау шкаласы бойынша кемінде ең жоғары балл 150 балл жинаған адамдар қабылданады.
      Дене дайындығын тапсыру уәкілетті органдардың басшылары бекіткен дене дайындығы жөніндегі нормативтерге сәйкес бағаланады.
      Бірдей балл көрсеткіштері болған жағдайда қабылдау кезінде мамандық, дене дайындығы және шет тілі бойынша анағұрлым жоғары бағасы бар кандидаттар басым құқыққа ие болады.
      27. Әскери оқу орындарына тыңдаушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен, ал әскери оқу орындарына курсанттарды қабылдау тиісті әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен жүргізіледі.
      Тыңдаушылар мен курсанттарды қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектеріне, жергілікті әскери басқару органдарына және әскери бөлімдерге жеткізіледі.
      28. Әскери оқу орындарына қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер оқуға қабылданған әскери қызметшілерді әскери бөлімдер тізімдерінен шығару үшін негіз болып табылады.
      29. Қабылдау комиссияларының жұмысы аяқталғаннан кейін әскери оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментіне тыңдаушылар мен курсанттарға жүргізілген қабылдау туралы есеп беруді ұсынады.

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
1-қосымша   

Әскери оқу орындарына түсу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына түсетін әскери қызметшілер үшін

      1) № 8/ЖІ үлгісіндегі анықтама (офицердің өзі толтырған сауалнама);
      2) көлемі 4,5x6 сантиметр алты фотосурет;
      3) әскери қызметшінің өмірбаяны (бұдан бұрын оқыған шетел тілін көрсете отырып);
      4) әскери оқу орнында оқуға ұсынымы бар әскери қызметшінің қызмет орнынан қызметтік мінездеме (әскери бөлімнің қолбасшылығы қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
      5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
      6) тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді;
      7) нотариалды түрде куәландырылған білімі (қосымшасымен) және/немесе ғылым кандидаты туралы дипломның көшірмесі (бар болған жағдайда);
      8) қызметтік карточка (бөлім командирі қол қойған және елтаңбалы мөрмен расталған);
      9) жеке куәлігінің көшірмесі;
      10) әскери қызметшінің жеке куәлігінің көшірмесі;
      11) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болған жағдайда);
      12) некеге тұрғаны (некені бұзғаны) туралы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда);
      13) әскери (арнайы) оқу орнынан түсетін әскери қызметшінің медициналық куәландыру картасы;
      14) психиатриялық, наркологиялық, тері-венерологиялық, туберкулез диспансерлерінен АҚТВ-ға анықтамалар;
      15) Салық комитетінің есепті жыл үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны қабылдағаны туралы (салық төлеушінің салық есептілігін электронды түрде ұсынғаны туралы) анықтамасының көшірмесі;
      16) отбасы құрамы туралы анықтама (бар болған жағдайда);
      17) еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама және ақшалай аттестаты;
      18) үлгісін, нөмірін және күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсатнамасы туралы мәліметтер;
      19) құжаттар тізбесі.
      Ескертпе: жеке басын, білімін куәландыратын түпнұсқа құжаттарды, мемлекеттік құпияларға рұқсаттаманың бар болуы туралы мәліметті, ғылым кандидаты немесе докторы, жоғары арнайы білімі (жақын және алыс шет елдерінің түрлік академиялары және оларға тең жоғары оқу орындары) дипломын нострификациялау (тану) туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы берген куәлікті қабылдау комиссиясына жеке өзі ұсынады.
      Докторантураға түсетіндер үшін оқу ісіне қосымша болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультантпен келісілген жоспарланып отырған диссертациялық зерттеудің негіздемесін ұсынады.

2. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына түсетін әскери қызметшілер
үшін

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) орта білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, жеке куәлік, диплом) көшірмесі;
      3) көлемі 4,5x6 сантиметр алты фотосурет;
      4) өмірбаяны;
      5) мінездеме;
      6) қызметтік карточкасы;
      7) үлгісін, нөмірін және күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсатнамасы туралы мәліметтер;
      8) атаулы тізім және кәсіби іріктеу картасы;
      9) жеңілдіктерге құқық беретін құжаттар.
      Жеке куәлікті, әскери билетті және білімі туралы құжаттың түпнұсқасын әскери қызметші әскери оқу орнына келгеннен кейін көрсетеді.

3. Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына түсетін әскери қызметте
тұрмаған азаматтар үшін

      1) орта білімі туралы құжаттың (аттестаттың) көшірмесі (орта мектеп оқушылары ағымдағы үлгерімі туралы анықтама ұсынады);
      2) жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
      3) өмірбаян;
      4) үлгісін, нөмірін және күнін көрсете отырып, мемлекеттік құпияларға рұқсатнамасы туралы мәліметтер;
      5) атаулы тізім және кәсіби іріктеу картасы;
      6) көлемі 4,5x6 сантиметр алты фотосурет;
      7) жеңілдіктерге құқық беретін құжаттар.
      Жеке куәлікті, әскери билетті немесе тіркеу куәлігін және орта білімі туралы құжаттың түпнұсқасын және ҰБТ сертификатын (ағымдағы жылғы бітірушілер) кандидат әскери оқу орнына келгеннен кейін қабылдау комиссиясына ұсынады.

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
2-қосымша     

Үлгі  
Бекітемін             
__________________________________
(лауазымы)           
__________________________________
(әскери атағы, аты-жөні және тегі)

20 ж. _______ _________________

__________________________________________________________ комиссиясы
            (комиссия құрылатын органның атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (әскери оқу орнының, факультеттің атауы)
           оқуға түсу үшін іріктеген кандидаттардың

тізімі

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты

Ескертпе

1



2



3



Комиссия төрағасы ___________________________________________________
                         (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                         (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
3-қосымша   

Үлгі

_____________________________________________________________________
                        (әскери оқу орнының атауы)
_____________________________________________________________________
                        факультетіне (бөлімшесіне)

түсетін мерзімді қызмет әскери қызметшісін кәсіби іріктеу
картасы

1. Әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________
_____________________________________________________________________
2. Туған жылы және айы ______________________________________________
3. Ұлты _____________________________________________________________
                             (қалауы бойынша)
4. Білімі ___________________________________________________________
                  (оқу орнының атауы және бітірген жылы)
5. ҚК-ға шақырылғанға дейінгі лауазымы және жұмыс өтілі _____________
6. Мемлекеттік наградалары __________________________________________
7. Сыныптылығы ______________________________________________________
8. Спорттық атағы немесе спорттық разряды (спорт түрі) ______________
_____________________________________________________________________
9. ҚР ҚК-да __________________________________________________ бастап
10. Қызмет мерзімі және атқаратын лауазымы __________________________

1. Әскери бөлімде (мекемеде) алдын ала кәсіби іріктеу

11.Моральдық қасиеттері _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері:

Әдістеме атауы

Көрсеткіштер

Ескертпе







Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

13. Әскери-дәрігерлік комиссияның қаулысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

14. Дене дайындығын тексеру нәтижелері:

Тексерілетін жаттығулар

Өлшем бірліктері

Нәтижелер

Бағалар













Дене дайындығын қорытынды бағалау ___________________________________

15. Жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу нәтижелері:

Пән

Балл

Жалпы балл










16. Аттестаттау комиссиясының қорытындысы және әскери оқу орнына конкурстан тыс қабылдау жөніндегі ұсыныстар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________Комиссия төрағасы: __________________________________________________
                         (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

2. Әскери оқу орнында кәсіби іріктеу

17. Моральдық қасиеттері ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

18. Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері:

Әдістеме атауы

Көрсеткіштер

Ескертпе







Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

19. Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыштар) комиссияның қаулысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

20. Дене дайындығын тексеру нәтижелері:

Тексерілетін жаттығулар

Өлшем бірліктері

Нәтижелер

Бағалар













Дене дайындығын қорытынды бағалау
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

21. Жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу нәтижелері:

Пән

Балл

Жалпы балл










22. Әскери оқу орны қабылдау комиссиясының қорытындысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: __________________________________________________
                           (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Комиссияның жауапты хатшысы: ________________________________________
                               (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
4-қосымша   

Үлгі _________________________________________________________
(әскери оқу орнының атауы)
______________________________ факультетіне (бөлімшесіне)
түсуші үшін кәсіби іріктеу
картасы

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _______________________
2. Туған жылы және айы ______________________________________________
3. Ұлты _____________________________________________________________
                               (еркі бойынша)
4. Білімі ___________________________________________________________
                  (оқу орнының атауы және бітірген жылы)
5. Лауазымы және жұмыс өтілі ________________________________________
6. Мемлекеттік наградалары __________________________________________
7. Спорттық атағы немесе спорттық разряды (спорт түрі) ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

1. Қаланың (облыстың) қорғаныс істері жөніндегі басқармасында
(бөлімінде) алдын ала іріктеу

8. Моральдық қасиеттері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері:

Әдістеме атауы

Көрсеткіштер

Ескертпе







Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

10. Әскери-дәрігерлік комиссияның қаулысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

11. Дене дайындығын тексеру нәтижелері:

Тексерілетін жаттығулар

Өлшем бірліктері

Нәтижелер

Бағалар













Дене дайындығын қорытынды бағалау

12. Жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу нәтижелері:

Пән

Балл

Жалпы балл








13. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының қорытындысы және әскери оқу орнына конкурстан тыс қабылдау жөніндегі ұсыныстар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

14. Комиссияның кәсіби іріктеу жөніндегі қорытындысы. Негіздемелер бар болған кезде әскери оқу орнына конкурстан тыс қабылдау жөнінде ұсыныс енгізіледі

Комиссия төрағасы: __________________________________________________
                        (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

2. Әскери оқу орнына кәсіби іріктеу

15. Моральдық қасиеттері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

16. Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері:

Әдістеме атауы

Көрсеткіштер

Ескертпе







Психикалық-физиологиялық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

17. Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыштар) комиссияның қаулысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

18. Дене дайындығын тексеру нәтижелері

Тексерілетін жаттығулар

Өлшем бірліктері

Нәтижелер

Бағалар













Дене дайындығын қорытынды бағалау ___________________________________

19. Жалпы білім беру пәндері бойынша тестілеу нәтижелері:

Пән

Балл

Жалпы балл











20. Әскери оқу орны қабылдау комиссиясының қорытындысы

Комиссия төрағасы:___________________________________________________
                        (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Комиссияның жауапты хатшысы: ________________________________________
                               (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
5-қосымша    

Үлгі

Әскери оқу орындарына қабылдаудың және қабылдаудан бас тартудың
№ ____ хаттамасы

_______________________                            20 __ жылғы « __ »
(толтырылған орны)                                 (толтырылған күні)

______________________________________ қабылдау комиссиясының отырысы
(комиссия құрылатын органның атауы)
_____________________________ қабылдау (қабылдаудан бас тарту) туралы
(әскери оқу орнының атауы)
Төраға, төрағаның орынбасары, мүшелер құрамындағы комиссия: отырысында кандидаттарды қарады, зерделеді және қаулы етті:

Р/с

Әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, айы және жылы

Білімі

Мемлекеттік наградалары

жоғарғы оқу орнына түсу кезіндегі лауазымы және онда болу уақыты

Келісім шарт бойынша әскери қызметшінің атақта болған мерзімі

Жоғарғы оқу орнына конкурстан тыс қабылдау үшін негіздеменің бар болуы

Бөлімдер бойынша кәсіби іріктеу нәтижелері

Қоғамдық белсенділік нәтижелері және моральдық қасиеттері

Денсаулық жағдайы

Психологиялық деректер

Дене дайындығы

Жалпы білім беру (әскери) пәндері бойынша емтихандар және бағалары

Жоғарғы орнына қабылдау (бас тарту) туралы комиссияның шешімі























      а) Жоғары оқу орнының мамандықтары бойынша қойылатын талаптарды қанағаттандыратын психологиялық деректерді, дене дайындығын ескере отырып, жоғары моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы бар және жалпы білім беру (әскери) пәндері бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен кандидаттар оқуға қабылдансын:
      Жиыны адам қабылданды.
      Соның ішінде: адам - жалпы білім беру (әскери) пәндер бойынша білімдерін тексермей;
      адам - конкурстан тыс;
      адам — басым тәртіппен конкурс бойынша.
      б) Белгіленген талаптарға жауап бермейтін кандидаттарды қабылдаудан бас тартылсын.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________
      Комиссия төрағасының орынбасары _______________________________

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
6-қосымша   

Әскери оқу орындарына қабылдау емтихандары
(ұлттық бірыңғай тестілеу, мамандық бойынша емтихан)
өткізілетін пәндер тізбесі

Р/с

Әскери оқу орындарының (факультеттердің, мамандықтардың) атауы

Пәндер атауы

1

Ұлттық қорғаныс университеті

Мамандық бойынша емтихан (жалпы тактика, әскер тектерін жауынгерлік қолдану, қамтамасыз етудің барлық түрлері, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамасы, жауынгерлік мүмкіндіктері). Дене дайындығы. Шетел тілі.

2

ҚР ҚМ жоғары командалық, инженерлік әскери оқу орындары

Ұлттық бірыңғай тестілеу:
Қазақстан тарихы;
қазақ (орыс) тілі;
математика (бейіндік пән);
таңдау бойынша пән (шетел тілі - әскери аудармашылар мен әскери өлкетанушылар үшін, физика - басқа мамандықтар үшін).

Әскери оқу орындарына
қабылдау қағидаларына
7-қосымша     

Үлгі   

Бекітемін             
Қабылдау комиссиясының төрағасы 

___________________________________
(лауазымы)           
___________________________________
(әскери атағы) (аты-жөні және тегі)
20____ ж. « _______ »

_____________________________________________________ бойынша емтихан
       (пәннің немесе кешенді емтиханның атауы)
тапсыру туралы № қабылдау комиссиясының мамандық бойынша емтихан
комиссиясы отырысының 20___ ж. «___»____________

№ хаттамасы

_____________________________________________________________________
                        (әскери оқу орнының атауы)

Қатысқандар:
мамандық бойынша емтихан комиссиясының төрағасы
_____________________________________________________________________
                 (әскери атағы, тегі, аты-жөні)
мамандық бойынша емтихан комиссиясының мүшелері
_____________________________________________________________________
             (әскери атағы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
              (әскери атағы, тегі, аты-жөні)

      № қабылдау комиссиясының мамандық бойынша емтихан комиссиясы мынадай бағалар қоюды қаулы етеді:

Р/с

Әскери атағы

Тегі, аты-жөні

Емтихан билетінің нөмірі

Бағасы (жазбаша)

Ескертпе

1






2






      мамандық бойынша емтихан комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мамандық бойынша емтихан комиссиясының төрағасы:
_____________________________________________________________________
              (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)
Мамандық бойынша емтихан комиссиясының мүшелері:
_____________________________________________________________________
              (әскери атағы) (аты-жөні және тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады