"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 295 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 шілдеде № 7788 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 № 324 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттік есептiлiктi жасау және беру ережесінде:
      19-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Қаржы жылының басына бюджет қаражаттарының қалдық сомасы есепке қолмен енгiзiледi, ағымдағы қаржы жылының басынан бастап және соңына дейін өзгерiссiз қалады және ол есептің анықтамалық бөлiмiнде «Бюджет түсімдерінің атқарылуы және/немесе бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» бағанында көрсетiледi.»;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. Жергілікті бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы  туралы айлық (жылдық) есепті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және арттыруға инвестициялық  жобалар, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыру, инвестициялар бойынша, сондай-ақ өзінің мазмұны бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, концессиялық жобаларды бірлесе қаржыландыруға және «Басқалар» деген бөлімде көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған  бюджеттік бағдарламаларға жатпайтын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша  қорытынды деректерді көрсете отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қалыптастырады.
      Жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы  туралы айлық (жылдық) есепті жергілікті бюджеттер жөніндегі бюджеттік даму бағдарламаларының дамуы туралы есептердің негізінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады. 
      Басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін объектілер бойынша басым республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.
      Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ережеге 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қоса берілетін республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қалыптастырады.»;
      52-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік, республикалық және жергiлiктi (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттердің атқарылуы туралы, басым республикалық бюджет бойынша бюджеттік инвестициялық жобалардың, Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, кейінге қалдыру шарттары бар, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есептері, жергiлiктi (жиынтық) бюджеттер бойынша бюджеттік даму бағдарламалардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган тиісті мемлекеттік органдарға осы Ережеге 26, 6-1, 7-қосымшаларға сәйкес (қол қоюмен бекітілмеген) нысандар бойынша қағаз тасығышта және электрондық түрде жібереді. Қағаз тасығыштағы есептер ілеспе хатпен беріледі.»;
      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «56. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есепті осы Ереженің мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептер үшін белгіленген мерзімінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды және Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органға (біріктірілген) электрондық түрде ілеспе хатпен жібереді.»;
      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. КБ-Б нысаны бойынша кредиторлық берешек туралы есеп мынадай үлгіде толтырылады:
      1-5-бағандарда мыналар көрсетіледі:
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
      Кейінгі бағандарды толтыру КБ-Б нысаны бойынша есептерді толтыру үшін осы Ереженің 78-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      81-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «81. Қағаз тасығыштағы КЗ-Б нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.
      Қағаз тасығыштағы КЗ-П нысан бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке басқа қаражаты есебінен құралған кредиторлық берешектің құрылу себептері туралы ақпарат осы Ереженің 16-1-қосымшасына сәйкес, әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебін түсіндіре отырып, қоса беріледі.»;
      91-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «91. ДБ-Б нысаны бойынша дебиторлық берешек туралы есеп мынадай түрде толтырылады:
      1-5 бағандарда мыналар көрсетіледі:
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтарына және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны жұмсау есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен ақылы қызметтердің тізбесіне сәйкес шығыстардың кодтары;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаны жұмсаудан қалыптасқан берешекті көрсету үшін 901 «Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен түсетін шығыстарға арналған ақша» коды;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және бюджет қаражатының жетіспеушілігі және оны талан-тараж жасау нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 902 «Жетіспеушілік» коды;
      бюджет шығыстарының сыныптамалық кодтары және өзге де себептер нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен қалыптасқан берешекті көрсету үшін 903 «Өзге» коды.
      6-бағанда 1-5-бағандардағы кодтарға сәйкес атаулар көрсетіледі;
      7-бағанда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарына арналған жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегi көрсетiледi. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық есептi тапсырған сәттен бастап 7-бағанда көрсетiлген кредиторлық берешектiң сомасы ағымдағы қаржы жылының iшiнде өзгермеуi тиiс.
      8-бағанда ағымдағы қаржы жылында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударылған өткен жылдың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
      9-бағанда басқа негiздер (ағымдағы жылы алынған, сот шешiмi немесе т.б. бойынша есептен шығарылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебiнен) бойынша өтелген өткен жылдардың дебиторлық берешек сомасы көрсетiледi;
      10-бағанда өткен жылғы дебиторлық берешектiң ағымдағы қаржы жылында бiр бөлiгi өтелгеннен кейiнгi қалдығы көрсетiледi;
      11-бағанда ағымдағы қаржы жылы пайда болған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi;
      12-бағанда есептi күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек көрсетiледi (11 және 12-бағандардың сомасы);
      13-бағанда әлеуеттi өнiм берушiлермен және мердiгерлермен бюджет қаражаттары есебiнен тауарлар мен жұмыстарды (қызметтердi) сатып алуға жасасқан, бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен ведомствоның аумақтық бөлiмшелерiнде тiркелген шарттың талаптарына сәйкес аванстық (алдын-ала) төлемдердiң сомасы көрсетiледi;
      14-бағанда қуыну мерзiмi аяқталған дебиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Көрсетiлген берешек активтердiң, материалдық қорлардың, ақшаның, есеп айырысулар мен мемлекеттiк мекеме теңгерiмiнiң басқа да баптарын түгендеу жүргiзiлгеннен және түгендеу актiсi жасалғаннан кейiн есепке енгiзiледi.»;
      92-тармақ алынып тасталсын;
      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «94. Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.
      Қағаз тасығыштағы ДЗ-Б нысандағы дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке өзге де қаражаты есебінен кредиторлық берешектің құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ережеге 16-1-қосымшаға сәйкес, әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектің құрылу себебiн түсiндiре отырып, қоса берiледi.»;
      6-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 6-1-қосымшасымен толықтырылсын;
      16-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес 16-1-қосымшамен толықтырылсын;
      19-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 11 маусымдағы  
№ 295 бұйрығына       
1-қосымша          

Бюджетті атқару жөніндегі  
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру 
ережесіне 6-қосымша     

Нысан           

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы
есеп

Бюджет түрі: Республикалық
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге

Код

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Функционалдық топ

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Инвестжобаның коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9






Барлығы









I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы









II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы









III. Нысаналы даму трансферттері - барлығы









IV. Кредиттер - барлығы




      кестенің жалғасы

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер 12 бағаны - 14 бағаны

Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы

Есепті кезеңге ауытқуы 14 бағаны - 11 бағаны

Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14 бағаны/11 бағаны * 100

Жылдық жоспарына бюджет түсімдердің атқарылуы
14 бағаны/ 9 бағаны * 100

Ескертпе (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспардың атқарылмауы себебінің негіздемесі)

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

10

11

12

13

14

15

16

17

18














































Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 11 маусымдағы  
№ 295 бұйрығына       
2-қосымша          

Бюджетті атқару жөніндегі  
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру 
ережесіне 6-1-қосымша    

Нысан           

Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді
іске асыруға бағытталған жоспарлау сатыларынан өтпеген бірақ
республикалық бюджет жобасына қосылған басым республикалық
бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

Бюджет түрі: Республикалық
Кезеңділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге

Код

Атауы

Есепті қаржы жылына арналған бекітілген бюджет

Есепті қаржы жылына арналған нақтыланған бюджет

Есепті қаржы жылына арналған түзетілген бюджет

Функционалдық топ

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Инвестжобаның коды

1

2

3

4

5

6

7

8

9






Барлығы









I. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар - барлығы









II. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар бюджеттік инвестициялар - барлығы









III. Нысаналы даму трансферттері - барлығы









IV. Кредиттер - барлығы




      кестенің жалғасы

Есепті кезеңге арналған қаржыландырудың жиынтық жоспары

Қабылданған міндеттемелер

Төленбеген міндеттемелер 12 бағаны - 14 бағаны

Бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы

Есепті кезеңге ауытқуы 14 бағаны - 11 бағаны

Есепті кезеңге бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің атқарылуы 14 бағаны/11 бағаны * 100

Жылдық жоспарына бюджет түсімдердің атқарылуы
14 бағаны/ 9 бағаны * 100

Ескертпе (бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жоспардың атқарылмауы себебінің негіздемесі)

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

10

11

12

13

14

15

16

17

18














































Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 11 маусымдағы  
№ 295 бұйрығына       
3-қосымша          

Бюджетті атқару жөніндегі  
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру 
ережесіне 16-қосымша    

Нысан           

Бюджет қаражаты есебінен _____________________________ берешегiнiң
                                (бюджеттiң атауы)
               қалыптасу себептерi туралы ақпарат

         20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша

Бюджет түрi - ________________________
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық

Әкiмшi

Бағдарлама

Кiшi бағдарлама

Атауы

Қарыз сомасы, мың теңге

Берешектiң қалыптастыру себептерi

1

2

3

4

5

6






















Барлығы



Мемлекеттiк бюджетке қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын
ведомствоның/бюджеттi атқару
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
органның басшысы                 ____________ _______________________
                                    (қолы)      (қолды таратып жазу)

Деректердi жасау үшiн жауапты
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы  ____________ _______________________
                                    (қолы)      (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 11 маусымдағы  
№ 295 бұйрығына       
4-қосымша          

Бюджетті атқару жөніндегі  
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру 
ережесіне 16-1-қосымша   

Нысан           

Өзге де қаражат есебінен _____________________________ берешегiнiң
                                 (бюджеттiң атауы)
              қалыптасу себептерi туралы ақпарат

        20___ жылға ___________________ арналған жағдай бойынша

Бюджет түрi - ________________________
Кезеңдiлiгi - айлық, тоқсандық, жылдық

Әкiмшi

Бағдарлама

Кiшi бағдарлама

Атауы

Қарыз сомасы, мың теңге

Берешектiң қалыптастыру себептерi

1

2

3

4

5

6






















Барлығы



Мемлекеттiк бюджетке қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын
ведомствоның/бюджеттi атқару
жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi
органның басшысы                 ____________ _______________________
                                    (қолы)      (қолды таратып жазу)

Деректердi жасау үшiн жауапты
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы  ____________ _______________________
                                    (қолы)      (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2012 жылғы 11 маусымдағы  
№ 295 бұйрығына       
5-қосымша          

Бюджетті атқару жөніндегі  
уәкілетті органдардың бюджеттік
есептілікті жасау және беру 
ережесіне 19-қосымша    

Нысан           

        Өзара өтелетiн төлемдер операциясы бойынша деректер
                   _________________________________
                     (жергiлiктi бюджеттiң атауы)
                           ____________ жылға

1-27 нысанына Қосымша
Есеп жасалынды: уақыты
ХN парағына дейiн

Республика (область, қала, аудан) ______________________
Мерзiмдiлiгi айлық, жылдық _____________________________
Өлшем бiрлiгi: мың. теңге

Бюджеттiк жiктеу жүйесi

Атауы

Есептi қаржы жылына бекiтiлген бюджет

Есептi қаржы жылына нақтыланған бюджет

Есептi қаржы жылына түзету енгiзiлген бюджет

Түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары, есептi жылға мiндеттемелердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспары

Қабылданған мiндеттемелер

Төленбеген мiндеттемелер

Бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы)

Есептi жылға түсiмдер мен төлемдердi қаржыландыру жөнiндегi жиынтық жоспарына бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы)

Орындалатын (бекiтiлген, нақтыланған, түзету енгiзiлген) бюджетке, бюджет түсiмдерiнiң орындалуы/немесе бюджеттiк бағдарламалар бойынша төленген мiндеттемелер (сол бағдарлама бағытындағы), %

Төлемдер бойынша

Мiндеттемелер бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


I. Табыстар












II. Шығындар












III. Таза бюджеттiк несиелер









х

х


Бюджеттiк несиелер












Бюджеттiк несиелердi өтеу












IV. Қаржы активтерiнiң операциялары бойынша қалдық









х

х


Қаржы активтерiн сатып алу












Мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер












V. Бюджет тапшылығы (профициті)









х

х


VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)









х

х


Қарыздар түсімі












Қарыздарды өтеу












Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары











Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуын
жүзеге асырушы, ведомстваның
аймақтық бөлiмшесiнiң басшысы      _________ ________________________
                                     (қолы)      (қолын ашып жазу)

             М.О.

Жиынтық жоспарды әзiрлеуге және
құрастыруға жауапты, құрылымдық
бөлiмшесiнiң басшысы               _________ ________________________
                                     (қолы)      (қолын ашып жазу)

Деректердi құрастыруға жауапты,
құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы    _________ ________________________
                                     (қолы)      (қолын ашып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады