Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 181 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 шілдеде № 7803 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Егер Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырса, онда Өкілетті өкілдің, Төрағаның немесе Төрағаның уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының шешімі бойынша оның кандидатурасы Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы Ереженің 16, 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген рәсімдер өткізілместен енгізіледі.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасы не Өкілетті өкіл осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру туралы немесе оны тоқтату туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының нәтижелері негізінде 3 (үш) жыл басқару кезеңі үшін қабылданады.»;
      мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
      «35-1. Сыртқы басқарушының өткен кезең үшін алған кумулятивтік үстеме кірістілігі теріс болған жағдайда және оның абсолюттік мәні тиісті мандат бойынша кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) көрсеткішінің белгіленген лимитінің абсолюттік мәнінен асып кетсе, Ұлттық Банк Басқармасының қарауына осы сыртқы басқарушымен сенімгерлік басқару туралы келісімді бұзу туралы мәселе шығарылады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Егер сыртқы басқаруға берілетін Қордың лимиті жұмыс істеп тұрған екі сыртқы басқарушының бірігуіне байланысты бұзылса, уәкілетті бөлімше Өкілетті өкілдің қарауына екі сыртқы басқарушының осы Ереженің 4-қосымшасында келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне сәйкес төмен нәтиже көрсеткен біреуімен келісімді бұзу туралы мәселені енгізеді. Көрсетілген бұзушылық туындаған күнінен бастап 4 (төрт) айдың ішінде жойылады.»;
      4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                          Г. Марченко

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Жәмішев
2012 жылғы 21 маусым

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 25 мамырдағы  
№ 181 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық қорының активтерін
сыртқы басқарушыларды    
таңдау ережесiне 4-қосымша

Сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау көрсеткіштері

      Сыртқы басқарушының жұмысын бағалау кезінде субъективтілікті болдырмау үшін сыртқы басқарушыларды сандық және сапалық көрсеткіштерге сәйкес бағалау және балл қою негізгі мақсат болып табылады.
      Сандық көрсеткіштер:
      Ақпараттық коэффициент (Information ration)

Пайыздар

Ақпараттық коэффициент (Information ration)

>1

3 балл

0,5 – 1

2 балл

0 – 0,5

1 балл

0

0 балл

(-) 0,5 – 0

(-) 1 балл

(-) 1 – (-) 0,5

(-) 2 балл

<(-)1

(-) 3 балл

      Сапалық көрсеткіштер
      1) Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover);

Пайыздар

Қызметкерлерді жылжыту (Staff turnover)

>30

(-) 0,5 балл

5 – 30

(-) 0,25 балл

0 – 5

0 балл

      2) Операциялық тәуекел (Operational risk).
      Операциялық қате салдарынан инвестициялық шектеулерді бұзудың әрбір фактісі үшін бағадан 0,2 балл алынады;
      Есептілікті көрсетілген мерзімде жүйелі түрде ұсынбаған жағдайда бағадан 0,2 балл алынады;
      3) Іскерлік этиканы сақтау (compliance with a Code of Business Ethics).
      Сыртқы басқарушының іскерлік этиканы бұзуының әрбір фактісі үшін бағадан 0,5 балл алынады;
      Клиенттің тапсырмаларын жүйелі түрде уақтылы орындамаған жағдайда бағадан 0,5 балл алынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады