"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды есепті, "Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы" № ЖКО-1 және "Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка" № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын, сонымен қатар оларды толтыру тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 29 маусымдағы № 78, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 378 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 438 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 тамызда № 7831 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1046 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1070 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 08.01.2016 № 1, ҚР Ішкі істер министрінің 22.12.2015 № 1046 және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.12.2015 № 1070 бірлескен бұйрығымен.

      Көрсеткіштерді есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін жалпы  регламенттеу, есепке алу мәліметтерін пайдалану және жол қауіпсіздігі саласындағы жарақат алу және қаза болу бойынша есептік деректерді қалыптастыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Бекітілсін:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есебі;
      2) Осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және  «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттары;
      3) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті қалыптастыру, «Жол көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 және «Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адам туралы карточка» № ЖКО-2 ақпараттық есепке алу құжаттарын толтыру тәртібі туралы Нұсқаулық;
      4) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес жол көлік оқиғасы салдарынан қаза болған және жарақаттанған адамдар туралы салыстыру актісі бекітілсін.
      2. «Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есеп нысанын және «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1, «Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адам туралы карточка» № ЖКО-2 нысандарын, сонымен қатар оларды толтыру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 27, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 155 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 185 бірлескен бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 11 мамырдағы № 6942 тіркелді).
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
      2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрлерінің орынбасарларына қызмет бағыттары бойынша жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының              Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры                          Ішкі істер Министрі

____________ А. Дауылбаев               __________ К. Қасымов

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау Министрі

__________ С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының     
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78          
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378        
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438         
бірлескен бұйрығына 1-қосымша         

Нысан

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есебі

Атауы


Жол-көлік оқиғасының барлығы (бұдан әрі - ЖКО)

Соның ішінде есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен жылда тіркелген ЖКО саны

ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны

Соның ішінде есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар саны

Жарақаттанғандар саны

Қаза болғандар саны

Барлығы

ауруханаға орналастырылғандар саны

Ер адамдар

Әйел адамдар

Кәмелетке толмағандар

Барлығы

Ер адамдар

Әйел адамдар

Кәмелетке толмағандар

А

Б

1



2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Ақтөбе облысы

1














Алматы қаласы

2














Алматы облысы

3














Ақмола облысы

4














Астана қаласы

5














Атырау облысы

6














Шығыс Қазақстан облысы

7














Жамбыл облысы

8














Батыс Қазақстан облысы

9














Қарағанды облысы

10














Қостанай облысы

11














Қызылорда облысы

12














Маңғыстау облысы

13














Павлодар облысы

14














Солтүстік Қазақстан облысы

15














Оңтүстік Қазақстан облысы

16














Барлығы

17














Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының     
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78          
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378        
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438         
бірлескен бұйрығына 2-қосымша         

Нысан

«Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасы
(бұл карточка жол полициясы немесе ішкі істер органдарының
қызметкерлерімен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті басқармасының (одан әрі – ҚСжАЕКБ)
деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)

1. Карточка нөмірі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні «_____» _________________ 20______ жыл
3. Бастапқы тіркеу: ӨАЕК (1), Әліпбилік журнал (2), Кіріс құжаттарын есепке алу журналы (3), басқа да көздер (4), № ___________ «_____» _______________ 20_____ жыл
4. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі - ЖКО) болған күн  «____» ________________ 20___ жыл
5. ЖКО болған тәулік «_____» сағат «_____» минут
6. ЖКО болған орын: елді мекен (1), елді мекен атауы _____________________________, көше атауы_________________; жол бойында (2), халықаралық, республикалық маңызы бар (3), облыстық, аудандық маңызы бар (4).
7. Километр, метр, тасжол № ______________________________________________________
8. ЖКО болуына септігін тигізген жол жағдайы: жол жабынының түрі: құрғақ (1), ластанған (2), жаңадан төселген (3), жеңіл-желпі өңдеу (4), тайғақтыққа қарсы материалмен өңделген (5), қар үйіндісімен (6), дымқыл (7), қар басқан (8), мұз қатқан (9), жол жөндеу кезінде (10); жарықтығы: күндіз (11), ымырт уақыты (12) түнде (13); қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (14), қосылмаған (15), жарық жоқ (16); көше, жол элементтері: жолдың тіке бөлігі (17), көпір (жол өтпесі) (18), виадук (19), эстакада (20), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (21), жаяу жүргіншілерге арналған жол (22), реттелетін көше қиылысы (23), реттелмейтін көше қиылысы (24), шлагбаум қойылған теміржол өткелі (25), шлагбаум қойылмаған теміржол өткелі (26).
9. Жол торабында анықталған кемшіліктер: тайғақ жабын (1), тегіс емес жабын (2), жолдың дағдылылығы (3), ойдымдар (4), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы (5), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі (6), теміржол өткелінің ұсынылған талаптарға сай келмеуі (7), ағаштар (8), жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (9), жаяужолдың жоқтығы (10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы (11), қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы (13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы (14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы (15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), жол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), басқа да жағдайлар(18), жоқтығы (19).
10. Ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5).
11. ЖКО түрі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту (8), велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10), жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12).
12. Жол қозғалысы ережесін бұзу (одан әрі - ЖҚЕ): ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (1), реттеу белгі берулеріне бағынбау, жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау (2), адам тасымалдау (3), маневрлену (4), жаяу жүргіншілер жолымен жүріп өту (5), қоғамдық көліктердің тоқтайтын тұрақтарынан өту (6), жарық беру құралдарын қолдану (7), жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (8), КҚ тоқтауы және тұрағы (9), теміржол өткелдерінен өту (10), жүк тасымалдау (11), буксирлеу (12), қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу (13), басып озу ережесін бұзу (14), жүру кезектілігін сақтамау, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу (15), ара-қашықтықты сақтамау (16), жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, пайдалануға тыйым салынған КҚ-мен жүру (17), шаршаған күйде, жол жүру үстінде ұйқыға кету (18), жүргізушілер, велосипедшілер және тасушылардың басқа да бұзушылықтары (19), белгіленбеген орында жаяу жүргіншінің жолдан өтуі (20), жол жүретін бөліктегі ойын (21), ересек адамның жетегінсіз жолдан өткен 7 жасқа дейінгі жолаушы  (22), жаяу жүргіншілермен ЖҚЕ  бұзудың басқа да түрлері (23).
13. ЖКО қатысқан көлік құралдарының саны: ________________________________________
14.

КҚ санаты

Руль басқаруының орналасуы (оң/сол)

КҚ мемлекеттік нөмірі

КҚ маркасы, моделі, шығарылған жылы

Жүргізушінің аты-жөні (одан әрі аты-жөні) Туған күні

Жүргізуші куәлігінің №

Жолаушылар саны











































15. ЖКО фабуласы: ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
16. Саны: жарақаттанғандар __________________ (1), қаза болғандар ____________ (2).
17. ЖКО кінәлі қатысушысы: КҚ тиісті санаты бойынша жүргізуші құқығы бар (1), жүргізуші құқығынан айырылған (2), жүргізуші құқығы жоқ (3), ЖКО орнынан жасырынған (4), жаяу жүргінші (5), велосипедші немесе тасушы (6).
18. ЖКО-ға кінәлі адамның масаңдығының түрі: сау күйде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4).
19. Кінәлі жаяу жүргінші, велосипедші, тасушы туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған күні):
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
сау күйде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4)
20. Карточканы толтырған ЖПБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
21. Карточканы қабылдаған ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
__________________________________________________________________________________


Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының     
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78          
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378        
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438         
бірлескен бұйрығына 3-қосымша         

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған
адамға арналған карточка» № ЖКО-2 карточкасы
(бұл карточка жол полициясы немесе ішкі істер органдарының
қызметкерлерімен Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті басқармасының (одан әрі – ҚСжАЕКБ)
деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)

1. Карточка нөмірі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні «_____» _________________ 20______ жыл.
3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі - ЖКО) болған күн  және тәулік уақыты «____»
_____________________________ 20_____ жыл «____________» сағат «__________» минут.
4. Зардап шегуші орын алған көлік құралының (бұдан әрі – КҚ) реттік нөмірі (№ ЖКО-1
карточкасының 11-тармағына сәйкес КҚ нөмірлеу, жаяу жүргіншілер және қозғалыстың өзге
қатысушылары үшін «0» қойылады):____________________________________________________
5. ЖКО қатысушысы: жаяу жүргінші (1), көлік жүргізушісі (2), жолаушы (3), велосипедші
(4), тасушы (5).
6. Қауіпсіздік белбеуі/дулыға: тағылған (1)/киген (2), тағылмаған (3)/кимеген (4), анықталмаған (5).
7. Баланы ұстап тұруға арналған құрылғының болуы: бар (1), жоқ (2), соның ішінде
баланы ұстап тұру құрылғысының белбеуі тағылған (3), тағылмаған (4), анықталмаған (5).
8. КҚ жолаушысының орналасқан жері: орын анықталмаған (1), алдыңғы орында (2), сол
жақ артқы орында (3), оң жақ артқы орында (4), артқы орынның ортаңғы бөлігінде (5),
бесік арбада (6).
9. ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет: жарақаттанған (1), қаза болды (2),
соның ішінде белгісіз адам (3).
10. ЖКО-да зардап шеккен адамның тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.):

Тегі

Аты

Әкесінің аты













11. Жынысы: ер адам (1), әйел адам (2).
12. Туған күні: «_____________» ______________________________________________ жыл.
13. Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы (1), Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы елдерінің азаматы (2), шетел азаматы (3), азаматтығы жоқ адам (4).
14. Жасы: 6 жасқа дейін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас
(5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жас және жоғары (9).
15. Әлеуметтік мәртебесі: әскери қызметкер (1), зейнеткер (2), жұмысшы (3),
мемлекеттік қызметкер (4), құқық қорғау органдарының қызметкері (5), жұмыссыз (6),
басқалар (7).
16. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің түрі: прокуратура органдары (1), ішкі
істер органдары (2), қаржы полициясы органдары (3), қылмыстық-атқару жүйесінің
органдары (4), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары (5), кеден органдары (6).
17. Карточканы толтырған ЖПБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы ____________
____________________________________________________________________________________
18. Жыртылмалы талонды медициналық мекемеге тапсырған күн «_____» ______ 20___ жыл
19. Медициналық мекеме атауы: ______________________________________________________
20. Зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: «___» ___ 20_ жыл
21. Жыртылмалы талонды қабылдаған медициналық мекеме қызметкерінің аты-жөні, лауазымы
және қолы ___________________________________________________________________________
22. Карточканы қабылдаған ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
_____________________________________________________________________________________

---------------------------------------------------------------------

ЖЫРТЫЛМАЛЫ ТАЛОН

(медициналық қызметкер (стационардың қабылдау бөлімінің,
травматология бөлімінің, амбулаторлық емхана мекемесінің
травматология және/немесе хирургия кабинеттерінің қызметкерлері)
ҚСжАЕКБ деректер банкінің толықтырылуы үшін толтырылады)

1. Карточка нөмірі /___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/___/
2. Жыртылмалы талонды тапсырған  ЖПБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
___________________________________________________________________________________
3. ЖКО-да жарақаттанған (1), қаза болған (4) адамның аты-жөні: ______________________
4. Зардап шеккен адамда алкогольдік немесе есірткілік масаңдықтың белгілері: жеңіл
(1), орташа (2), ауыр (3) __________________________________________________________
5. Медициналық көмек көрсетілді: амбулаторлық (1), стационарлық (2): ________________
6. Көрсетілген медициналық көмектің көлемі: алғашқы медициналық көмек көрсетілді (1),
ауруханаға жатқызылды (2), ауруханаға жатудан бас тартты (3), медициналық көмектен
бас тартты (4):_____________________________________________________________________
7. Зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: «_____» ___20___ жыл
8. Зардап шеккен адам жағдайының ауырлық деңгейі:  жеңіл (1), орташа (2), ауыр (3)___
9. Зардап шеккен адамның диагнозы (немесе қаза болу себебі) _________________________
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
10. Жыртылмалы талонды толтырған медициналық мекеме атауы ___________________________
_____________________________________________________________________________________
11. Медициналық мекеменің мөрімен расталған, жыртылмалы талонды толтырған медициналық
мекеме қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы ___________________________________
_____________________________________________________________________________________
12. Карточканы қабылдаған ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні, лауазымы және қолы
_____________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының      
2012 жылғы 29 маусымдағы  
№ 78           

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2012 жылғы 28 маусымдағы 
№ 378          

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы 
№ 438          
бірлескен бұйрығына   
4-қосымша      

«Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1, «Жол-көлік
оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға
арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық есепке алу
құжаттарын және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен
адамдар туралы» № ЖКО-1 нысанды есепті қалыптастыру бойынша
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық авария және жол-көлік жарақаты, адам өлімі көрсеткіштерін есепке алуды бейнелейтін «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы» № ЖКО-1 есептің (одан әрі – есеп) нысанын қалыптастыру, «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасын және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық есепке алу құжаттарын (одан әрі – АЕҚ) толтыру үшін берілген.
      2. Бұл жұмыс авария, жол-көлік жарақаты, адам өлімі фактілері құжаттамалық түрде рәсімделгеннен кейін ескеріледі.
      3. Жол-көлік оқиғасы (одан әрі – ЖКО) – бұл жол бойында көлік құралының (одан әрі – КҚ) қозғалысы процессінде және соның қатысуымен пайда болған, нәтижесінде адамдар қаза болған немесе жарақаттанған, көліктер мен жүктер қираған немесе өзге де материалды залал келтірілген оқиға.
      4. Қаза болған адам – ЖКО орнында алынған жарақаттардан қаза болған немесе оқиға болған сәттен бастап өлімі отыз тәулік ішінде құжаттамалық нақтыланған және жол-көлік оқиғасы арасындағы себеп-салдар байланысында қаза болған адам.
      5. Жарақаттанған – жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмысқа жарамсыз болып табылатын немесе ауруханаға жатқызылатын, не болмаса бірінші жедел жәрдем көрсетілгеннен кейін, кем дегенде бір күн амбулаторлық ем қабылдау тағайындалған дене жарақатын алған адам.
      6. Басқа уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті әскери полициясының автокөлік инспекциясы органдарының бөлімшелері болып табылады.
      7. Есептілікке адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын (дене жарақаттары) туғызған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер ғана енгізіледі.
      8. Есептілікке келесі мәліметтер енгізілмейді:
      кәсіпорындардың, ұйымдардың, аэродромдар, әскери бөлімдер және басқа да объектілердің қоршалған және қорғалған аумағында;
      КҚ-ның қозғалуына арналмаған іргелес аумақтарда (алаңдар, тұрғын-үй массивтері, автотұрақтар, автоқұйғыштар, гараждар);
      автомобильдік немесе мотоциклдік іс-шаралар өткізу кезінде (жарыстар, дайындықтар) көрермендер, қатысушылар және спорт іс-шараларына қызмет көрсету персоналы зардап шеккен жағдайда;
      көлік құралдарымен адамдарды немесе жүктерді тасымалдауға жатпайтын  технологиялық өндірістік операциялар өткізген кезде (оржолды салу, ауылшаруашылық жұмыстар өндірісі, ағаш дайындау, жүк тиеу-түсіру жұмыстары, мачталарды, тіреуішті орнату);
      табиғи апат кезінде;
      қауіпсіздік техникасын және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзған кезде (қозғалғыштың қосылуы, көлік құралдарын, механизмдерді, жабдықтарды ілестіру-ағыту кезінде);
      өзіне-өзі қол жұмсау немесе есі дұрыс емес жағдайда жасалған әрекеттер кезінде;
      азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қол сұғу немесе мүліктік залал келтіруге бағытталған әрекеттер кезінде;
      жолдан тыс жағдайларда жасалған ЖКО туралы.
      9. ЖКО және оның жасалу нәтижесіндегі салдарын есепке алуды аумақтық ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелері (одан әрі – жол полициясы органдары) жүзеге асырады.
      10. Медициналық ұйымдар (мекемелер) меншік түріне қарамастан, мәліметтерді есепке алып:
      ЖКО нәтижесінде жарақат алғандар, ЖКО болған орын немесе тұрғылықты орны бойынша жүгінгендер немесе медициналық көмек көрсету үшін жолданған тұлғалар және медициналық көмек үшін басқа медициналық ұйымдарға жолданған тұлғалар туралы;
      ЖКО сәтінен бастап «қаза болған» түсінігінде белгіленген мерзім ішінде қаза болған тұлғалар туралы жол полициясы органдарына, ал ауылды аймақтарда ішкі істер органдарына дереу жазбаша немесе телефонограммамен хабарлайды.
      11. Авария және жол-көлік жарақаттары, адам өлімі көрсеткіштерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі – ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдарымен (одан әрі – ҚСжАЕКБ), аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕБ-ның топтары есепке алады.
      АЕҚ кез келген деректемесі бойынша есепті іздей және қалыптастыра отырып, республикалық деректер мен есептерге қашықтан қатынау арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық қамтамасыз етуін ҚСжАЕК жүзеге асырады.
      12. ҚСжАЕКБ АЕҚ құрудың толықтығы мен дұрыстығына, оларда бейнеленетін ақпараттардың дұрыстығына, уақытында ұсынылуына бақылауды жүргізеді.
      13. ҚСжАЕК мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, АЕҚ әзірлейді және бірыңғай нысанын енгізеді.

2. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы»
№ ЖКО-1 есептің (одан әрі – есеп) нысанын қалыптастыру,
«Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 карточкасын
және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза
болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 нысанды ақпараттық
есепке алу құжаттарын толтыру тәртібі

      14. Есеп нысанын қалыптастыру «Жол-көлік оқиғасын есепке алу карточкасы» № ЖКО-1 (бұдан әрі – № ЖКО-1 АЕҚ) және «Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанған немесе қаза болған адамға арналған карточка» № ЖКО-2 карточкалары (бұдан әрі – № ЖКО-2 АЕҚ) негізінде жүзеге асырылады.
      15. Әрбір ЖКО-ға арналып № ЖКО-1 АЕҚ толтырылады және ЖКО-дан зардап шеккен әр тұлғаға № ЖКО-2 АЕҚ толтырылады.
      16. № ЖКО-1 және № ЖКО-2 нысанды АЕҚ қатаң түрде ЖКО материалдарына сәйкес толтырылады және ЖКО болғаннан кейін 3 тәулік ішінде есептілікті қалыптастыратын жол полициясы қызметкері, қажет жағдайда, басқа да уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕКБ-ға, ҚСжАЕКБ аумақтық топтарына ұсынады.
      17. Медициналық ұйымдар жыртылмалы талонды ҚСжАЕКБ-ға (аудандық және оған теңестірілген прокуратураларда орналасқан ҚСжАЕКБ топтарына) ЖКО болған сәттен бастап 5 күн ішінде ұсынады. ҚСжАЕКБ қызметкерлері (ҚСжАЕКБ топтары) қабылданған АЕҚ-ның және жыртылмалы талондардың негізінде олардың тіркелуін, автоматтандырылған өңделуін және авария, сондай-ақ, жол-көлік жарақаты көрсеткіштерінің қалыптасуын (есепке алынуын) қамтамасыз етеді.
      18. Жол полициясы органдарында немесе аудандық ішкі істер органдарында жауапты қызметкерлер АЕҚ-ын қағаз жүзінде түсінікті етіп, шималаусыз және түзетулерсіз, баспа әріптерімен, көк немесе қара сиямен, қолмен немесе компьютер арқылы толтырады.
      Ескерту: АЕҚ-ны электронды түрде ҚСжАЕКБ-не жолдаған кезде жол полициясы органдарында түпнұсқалары 1 жыл сақталады.
      19. ҚСжАЕКБ АЕҚ-ның негізінде келіп түсетін мәліметтерді ҚСжАЕК «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» (ББСЖ) (бұдан әрі – ББСЖ АДБ) автоматтандырылған деректер банкіне олардың келіп түскен сәтінен электрондық режимде 24 сағаттан кешіктірмей жолдау арқылы жергілікті ақпараттық деректер базасын қалыптастырады.
      20. АЕҚ қамтылған ақпараттардың толықтығы мен дұрыстығын АЕҚ толтырған қызметкер және АЕҚ қол қойған жол полициясы органының лауазымды тұлғасы қамтамасыз етеді.
      21. АЕҚ ББСЖ АДБ-не уақытында енгізіун ҚСжАЕКБ-ның тиісті қызметкері қамтамасыз етеді.

3. № ЖКО-1 АЕҚ толтыру

      22. № ЖКО-1 АЕҚ-ның деректемелері мынадай тәртіпте толтырылады:
      1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканы толтырған жыл, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшінші – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) ЖПБ-ның ЖКО есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
      2-деректемеде карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні көрсетіледі;
      3-деректемеде жол полициясы органының Өтініштерді есепке алу кітабында (бұдан әрі – ӨАЕК) (1), Әліпбилік журналға (2), Кіріс құжаттарын есепке алу журналында (3), басқа да көздерге (4) тиісті кодировканы белгілей отырып, басқа мәліметтердің бастапқы тіркелуі туралы ақпарат белгіленеді;
      4-деректемеде ЖКО-ның болған күні (санмен көрсетіледі: бірінші сан - 01, он бесінші - 15, айы - 01-қаңтар, 12 - желтоқсан, жылы – 2011 ж.) көрсетіледі;
      5-деректемеде ЖКО болған тәулік уақыты (санмен көрсетіледі және 00 сағаттан 23 сағатқа дейін жүргізіледі);
      6-деректемеде елді мекенде (1) елді мекен, көше атауы, жол бойында (2), халықаралық, республикалық маңызы бар (3), облыстық, аудандық маңызы бар (4) болған ЖКО тиісті коды қойылған мәтінде жазылады, жолда болған ЖКО орны (елді мекен аумағы бойынша өтілетін жолдарды қоспағанда ЖКО жолда болған кезде толтырылады);
      7-деректемеде тасжолдың километрі, метрі, № көрсетіледі.
      8-деректемеде жол жағдайы: жол жабынының түрі: құрғақ (1), ластанған (2), жаңадан төселген (3), жеңіл-желпі өңдеу (4), тайғақтыққа қарсы материалмен өңделген (5), қар үйіндісімен (6), дымқыл (7), қар басқан (8), мұз қатқан (9), жол жөндеу кезінде (10); жарықтығы: күндіз (11), ымырт уақыты (12) түнде (13); қараңғы уақытта сырттағы жарық: қосылған (14), қосылмаған (15), жарық жоқ (16); көше, жол элементтері: жолдың тіке бөлігі (17), көпір (жол өтпесі) (18), виадук (19), эстакада (20), қоғамдық көліктің тоқтайтын аймағы (21), жаяу жүргіншілерге арналған жол (22), реттелетін көше қиылысы (23), реттелмейтін көше қиылысы (24), шлагбаум қойылған теміржол өткелі (25), шлагбаум қойылмаған теміржол өткелі (26).
      9-деректемеде жол торабында анықталған кемшіліктер көрсетіледі: тайғақ жабын (1), тегіс емес жабын (2), жолдың дағдылылығы (3), ойдымдар (4), жол жиегінің қанағаттандырмайтын жағдайы (5), жол өтпесі қаранымының жол кеңдігіне сәйкес келмеуі (6), теміржол өткелінің ұсынылған талаптарға сай келмеуі (7), ағаштар (8),  жарықтандыру шамдарының тірегі (қағып өту, көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда) (9), жаяужолдың жоқтығы (10), жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы (11), қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы (12), жол бөлігінің жеткіліксіз жарықтандырылуы (13), жұмыс өндірісі орындарында қоршаудың және белгі беру құралдарының болмауы (14), жол белгілерінің жоқтығы немесе олардың дұрыс қолданылмауы (15), жол қозғалысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың ақауы немесе олардың нашар көрінуі (16), жол белгілеуінің жоқтығы немесе оның нашар көрінуі (17), басқа да жағдайлар (18), жоқтығы (19).
      10-деректемеде ауа-райы жағдайлары: ашық (1), бұлтты (2), тұман (3), жауын (4), қар (5) көрсетіледі.
      11-деректемеде ЖКО түрі тиісті кодировка арқылы көрсетіледі: қарсы соқтығысу (1), бүйірімен соқтығысу (2), жол-жөнекей соқтығысу (3), жолаушының құлауы (4), аударылу (5), тоқтап тұрған көлік құралын қағып өту (одан әрі – КҚ) (6), кедергілерді қағып өту (7), жаяу жүргіншіні қағып өту (8), велосипед жүргізушісін қағып өту (9), жегін көлікті қағып өту (10), жануарды қағып өту (11), басқа да оқиға түрлері (12).
      12-деректемеде Жол қозғалысы ережесін одан әрі – (ЖҚЕ) бұзудың түрлері: ЖҚЕ немесе жол белгілерімен белгіленген жылдамдықтан асыру (1), реттеу белгі берулеріне бағынбау, жол белгілері мен белгі қою талаптарын сақтамау (2), адам тасымалдау (3), маневрлену (4), жаяу жүргіншілер жолымен жүріп өту (5), қоғамдық көліктердің тоқтайтын тұрақтарынан өту (6), жарық беру құралдарын қолдану (7), жүру кезінде артықшылық құқықтары берілген КҚ кедергісіз жүру мүмкіндігін беру (8), КҚ тоқтауы және тұрағы (9), теміржол өткелдерінен өту (10), жүк тасымалдау (11), буксирлеу (12), қарама-қарсы жол қозғалысы сызығына шығу (13), басып озу ережесін бұзу (14), жүру кезектілігін сақтамау, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу (15), ара-қашықтықты сақтамау (16), жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, пайдалануға тыйым салынған КҚ-мен жүру (17), шаршаған күйде, жол жүру үстінде ұйқыға кету (18), жүргізушілер, велосипедшілер және тасушылардың басқа да бұзушылықтары (19), белгіленбеген орында жаяу жүргіншінің жолдан өтуі (20), жол жүретін бөліктегі ойын (21), ересек адамның жетегінсіз жолдан өткен 7 жасқа дейінгі жолаушы (22), жаяу жүргіншілермен ЖҚЕ  бұзудың басқа да түрлері (23) тиісті кодировкамен белгіленеді;
      13-деректемеде ЖКО-нда болған көліктердің саны көрсетіледі;
      14-деректемеде рульдік басқарудың санаты мен орналасуы (оң жақта, сол жақта), мемлекеттік нөмірі, маркасы мен моделі, жүргізушінің аты-жөні, жүргізу куәлігінің нөмірі және жолаушылар саны көрсетіледі (көліктің санаты, маркасы, моделі және мемлекеттік нөмірі олардың кодификаторына сәйкес толтырылады және мәтінмен жазылады). Егер ЖКО қатысқан көліктердің саны үшеуден көп болса, онда АЕҚ-ның артқы жағына қағаз жүзінде қалған КҚ-на ұқсас мәліметтер толтырылады;
      15-деректеме ЖКО фабуласын қамтиды, мұнда авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы көліктің маневрленуі және ЖКО пайда болуын туғызған жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттері қоса көрсетіледі;
      16-деректемеде жарақаттанғандар (1), қаза болғандар (2), саны көрсетіледі;
      17-деректемеде ЖКО–на кінәлі қатысушысы көрсетіледі: КҚ тиісті санаты бойынша жүргізуші құқығы бар (1), жүргізуші құқығынан айырылған (2), жүргізуші құқығы жоқ (3), ЖКО орнынан жасырынған (4), жаяу жүргінші (5), велосипедші немесе тасушы (6).
      4-мәнін толтырған кезде ЖКО-ға қатысқан көлік құралын көрсету міндеттелмейді. ЖКО жасау жағдайлары, оның жасалуына кінәлі адам анықталғанда, жол полициясы органдары ҚСжАЕКБ мекенжайына барлық статистикалық деректер көрсетілген түзету хатын жолдайды.
      18-деректемеде ЖКО-ға кінәлі адамның масаңдығының түрі көрсетіледі: масаңдық белгілері жоқ сау күйінде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4).
      19-деректемеде кінәлі жаяу жүргінші, велосипедші, тасушы туралы мәлімет (Т.А.Ә., туған күні): сау күйде (1), алкогольдік масаңдық (2), есірткілік масаңдық (3), уытқұмарлық масаңдық (4) болып көрсетіледі.
      карточканы толтырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен қолы 20-деректемеде көрсетіледі;
      ҚСжАЕКБ карточканы қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен қолы 21-деректемеде көрсетіледі.

4. № ЖКО-2 АЕҚ толтыру

      23. № ЖКО-2 АЕҚ екі бөлімнен тұрады: тұлғаға арналған карточка мен жыртылмалы талон және олар келесі түрде толтырылады:
      1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканың толтырылған жылы, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшіншісі – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) жол полициясы органының ЖКО-ын есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
      2-деректемеде карточканың ҚСжАЕКБ келіп түскен күні көрсетіледі;
      3-деректемеде ЖКО-ның болған күні (санмен көрсетіледі: бірінші сан - 01, он бесінші - 15 және т.б., айы - 01-қаңтар, 12-желтоқсан, жылы – 2012 ж., және т.б., ЖКО болған тәулік санмен көрсетіледі және 00 сағаттан 23 сағатқа дейін жүргізіледі);
      4-деректемеде зардап шеккен адам отырған көліктің реттік нөмірі көрсетіледі (№ЖКО-1 карточкасы 11-тармақта көрсетілген КҚ нөмірленуіне сәйкес, жол қозғалысының жолаушылары мен басқа да қатысушыларына «0» қойылады);
      5-деректемеде ЖКО қатысушысы көрсетіледі: жаяу жүргінші (1), көлік жүргізушісі (2), жолаушы (3), велосипедші (4), тасушы (5).
      6-деректемеде қауіпсіздік белбеуі тағылған (1), тағылмағаны (3), дулығаны киген (2), кимегені (4), анықталмағаны (5) көрсетіледі.
      7-деректемеде баланы ұстап тұруға арналған құрылғының болуы: бар (1), жоқ (2), бұл ретте, баланы ұстап тұру құрылғысының белбеуі тағылған (3), тағылмаған (4), анықталмаған (5) болып көрсетіледі.
      8-деректемеде КҚ жолаушысының орналасқан жері: орын анықталмаған (1), алдыңғы орында (2), сол жақ артқы орында (3), оң жақ артқы орында (4), артқы орынның ортаңғы бөлігінде (5), бесік арбада (6) болып көрсетіледі.
      9-деректеме ЖКО-да зардап шеккен адам туралы мәлімет көрсетіледі: жарақаттанған (1), қаза болды (2), соның ішінде белгісіз адам (3).
      Ескерту: ЖКО-да жарақаттанған және бір тәуліктен кем емес мерзімде амбулаторлық ем қабылдаған адамның жағдайы медициналық мекеменің құжаттарымен расталады.
      Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен адам туралы мәліметтер анықталған жағдайда, жол полициясы органдары ҚСжАЕБ мекенжайына оның сауалнама деректерін, жасын және азаматтығын көрсете отырып, реттеу хатын жолдайды.
      10-деректеме тұлға туралы мәліметтерді қамтиды: ЖКО-нан зардап шеккендердің тегі, аты және әкесінің аты;
      11-деректемеде жынысы тиісті мәнде көрсетіледі: 1 – ер адам, 2 – әйел адам;
      12-деректемеде зардап шеккеннің туған жылы, айы, күні көрсетіледі;
      13-деректемеде зардап шеккеннің азаматтығы туралы ақпараттар көрсетіледі: Қазақстан Республикасының азаматы (1), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің азаматы (2), шетел азаматы (3), азаматтығы жоқ адам (4).
      14-деректемеде зардап шеккеннің жасы көрсетіледі: жасы: 6 жасқа дейін (1), 7-13 жас (2), 14-17 жас (3), 18-20 жас (4), 21-29 жас (5), 30-39 жас (6), 40-49 жас (7), 50-59 жас (8), 60 жас және жоғары (9).
      15-деректемеде әлеуметтік мәртебесі: әскери қызметкер (1), зейнеткер (2), жұмысшы (3), мемлекеттік қызметкер (4), құқық қорғау органдарының қызметкері (5), жұмыссыз (6), басқалар (7) көрсетіледі.
      16-деректемеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің түрі: прокуратура органдары (1), ішкі істер органдары (2), қаржы полициясы органдары (3), қылмыстық-атқару жүйесі органдары (4), мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары (5), кеден органдары (6) көрсетіледі.
      карточканы толтырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты 17-деректемеде көрсетіледі;
      18-деректемеде жыртылмалы талонды медициналық ұйымға тапсырған күні көрсетіледі;
      19-деректемеде медициналық ұйымның атауы көрсетіледі;
      20-деректемеде зардап шеккеннің медициналық ұйымға келіп түскен күні белгіленеді;
      жыртылмалы талонды қабылдаған медициналық ұйым қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы 21-деректемеде көрсетіледі;
      карточканы қабылдаған ҚСжАЕБ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы және қолы 22-деректемеде көрсетіледі.
      24. Жыртылмалы талонды жол полициясы қызметкерлері медициналық ұйымға береді және медициналық қызметкер (стационардың қабылдау бөлімінің, травматология бөлімінің, амбулаторлық емхана мекемесінің травматология және/немесе хирургия кабинеттерінің қызметкерлері) ҚСжАЕКБ деректер банкінің толықтырылуы үшін үшін толтырады:
      ЖКО орнында қаза болған адамға – жыртылмалы талонды алған сәтінен бастап 24 сағат ішінде;
      ЖКО-да жарақат алып, ауруханаға орналастырылған адамға – зардап шеккен адамды ауруханаға орналастырған сәттен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей.
      25. Медицина қызметкерлері жыртылмалы талонды толтырғаннан кейін 5 тәулік ішінде мәліметтерді автоматтандырылған деректер банкіне енгізу үшін ҚСжАЕКБ-ға (ҚСжАЕКБ топтарына) жолдайды.
      Ескерту: жыртылмалы талонды ҚСжАЕКБ-на электронды түрде жолдаған кезде түпнұсқалары жол полициясы органында 1 жыл мерзім ішінде сақталады.
      26. Жыртылмалы талонның деректемелері келесідей толтырылады:
      1-деректемеде бірінші жұп болып – карточканы толтырған жыл, екінші жұбы – облыстар, Астана, Алматы қалаларының коды, үшінші – ауданның немесе қаланың коды, төртінші – ведомство коды, тоғызыншы санда – резервті нөмір және соңғы сандармен (5 белгі) жол полициясы органының ЖКО-ын есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді және ол сандық түрде толтырылады;
      талонды тапсырған жол полициясы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты 2-деректемеде көрсетіледі;
      3-деректемеде жарақаттанған (1) және қаза болған (4) адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
      4-деректемеде зардап шеккен адамда алкогольдік немесе есірткілік масаңдықтың белгілері: жеңіл (1), орташа (2), ауыр (3) көрсетіледі.
      5-деректемеде медициналық көмек көрсетілу жағдайы (түрі) көрсетіледі: амбулаторлық, стационарлық.
      6-деректемеде көрсетілген медициналық көмектің көлемі көрсетіледі: алғашқы медициналық көмек көрсетілді (1), ауруханаға жатқызылды (2), ауруханаға жатудан бас тартты (3), медициналық көмектен бас тартты (4).
      7-деректемеде зардап шеккен адамның медициналық мекемеге келіп түскен күні: «__» __________20__жылы көрсетіледі.
      8-деректемеде зардап шеккен адам жағдайының ауырлық деңгейі көрсетіледі: жеңіл (1), орташа (2), ауыр (3).
      27. Электронды АЕҚ-на жыртылмалы талонның мәліметтерін ҚСжАЕКБ қызметкері енгізеді.

5. № ЖКО-1 АЕҚ және ЖКО-2 АЕҚ жүргізу және есепке алу

      28. Жол полициясы немесе аудандық ішкі істер органы қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін, 3 тәулік ішінде ҚСжАЕКБ-ға (ҚСжАЕКБ топтарына) АЕҚ-ын қағаз түрінде жолдайды.
      Жол полициясы немесе ІІО қызметкерлерінде ББСЖ автоматтандырылған жұмыс орны болған жағдайда орталықтандырылған деректер банкінде online режимінде көрінетін электронды № ЖКО-1 және № ЖКО-2 АЕҚ нысандарын толтырады.
      29. Жол полициясы органдарының қызметкерлері ЖКО-дан жарақат алғандар және қаза болғандар туралы мәліметтерді медициналық мекемелермен әр айдың 28-жұлдызында ҚСжАЕКБ-ға ұсынылатын нысан бойынша салыстыру актісін құрай отырып (5-қосымшаға сәйкес) салыстырып тексеруді ұйымдастырады.
      30. АЕҚ-ға жол полициясы органының лауазымды тұлғасы қол қойғаннан кейін өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
      31. Егер АЕҚ және ББСЖ деректемелеріне түзету енгізу қажет болса, жол полициясы органы қате табылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей ҚСжАЕБ-на келесі негіздер бойынша тиісті АЕҚ-на өзгерістер енгізу туралы сұрауды жолдайды:
      мониторинг нәтижесі бойынша ҚСжАЕБ ақпараты бойынша, деректердің дұрыс еместігі расталған жағдайда;
      егер жарақаттанған адам қаза болғандар санатына ауыстырылса;
      медициналық ұйымдармен салыстыру жүргізген кезде басқа да жарақаттанғандар анықталғанда және ЖКО орнынан жасырынған адамдарды анықтаған жағдайда.
      32. Егер осы түзету салдарынан бұрынғы есептік кезеңдерде бұрмалаушылықтар пайда болса, ҚСжАЕКБ есептілікке түзетулер енгізу туралы қажетті құжаттар 24 сағаттан кешіктірілмей ҚСжАЕК-не жолданады.

6. Есепті құрастыру

      33. Есеп 1 бөлімнен тұрады және АЕҚ негізінде қалыптастырылады, деректемелері оның көрсеткіштерімен бірегей болып келеді және адамдардың жарақаттануын немесе қаза болуын туындатқан ЖКО туралы төмендегідей ақпаратты бейнелейді:
      А жолында атауы және Б жолында аймақтардың кодтары бейнеленеді;
      1-бағанда барлық ЖКО саны, соның ішінде: 2-бағанда есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңде тіркелген ЖКО саны көрсетіледі;
      3-бағанда ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдар саны, 4-бағанда есептік кезеңде келіп түскен АЕҚ бойынша өткен кезеңдерде зардап шеккен адамдар көрсетіледі;
      5-бағанда жарақаттанғандардың жалпы саны қойылып, 6-бағанда ауруханаға орналастырғандар, 7-бағанда ер адамдар, 8-әйел адамдар, 9-кәмелетке толмағандар көрсетіледі;
      10-бағанда қаза болғандардың жалпы саны көрсетіледі, солардың ішінен 11, 12, 13 бағандарда ер адамдардың, әйел адамдардың және кәмелетке толмағандардың саны бейнеленеді.

7. Есептерді ұсыну мерзімдері

      34. Есеп ай сайын өсу қорытындысымен құрастырылып, ҚСжАЕБ және уәкілетті орган бастықтары қол қойғаннан кейін ҚСжАЕК-не келесі есептік кезеңдегі айдың 3 күні ұсынылады.
      35. ҚСжАЕК Республика бойынша жинақталған есепті құрайды, оған ҚСжАЕК Төрағасы немесе оны ауыстыратын лауазымды тұлға қол қояды және  ол жинақталған есеп келесі есептік кезеңдегі айдың 8 күні Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына ұсынады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне жолдайды.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының     
2012 жылғы 29 маусымдағы № 78          
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 378        
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 маусымдағы № 438         
бірлескен бұйрығына 5-қосымша         

Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған және жараланғандар туралы
мәліметтерді салыстыру актісі
201_ жылғы «__» ________ № ____
«__» ___________ бастап  «__» _____________ дейін
(салыстыратын кезең)


р/с

Медициналық ұйымға түскен күні

Зардап шеккеннің тегі, аты-жөні, туған жылы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары

ЖКО жасалған күні, орны, қысқаша фабуласы

Жарақат сипаты, жарақат ауырлығының дәрежесі

ЖКО-да зардап шеккен адамдардың мас күйінде болғаны, не болмағаны

Медициналық ұйымның қабылдау бөлімінде көрсетілген медициналық көмек ауқымы (одан әрі госпитализациялаусыз және емханалық емдеу тағайындаусыз)

Емханалық емдеу тағайындалды

Ауруханаға жатқызылды

Алған дене жарақаттарынан медициналық ұйымда қайтыс болды, күні (қабылдау бөлімінде немесе бөлімшеде, көрсетілсін)

Басқа медициналық ұйымға жіберілді (ұйым атауы, күні)













Медициналық ұйым өкілі                                 М.О.
________________________________________________    _________________
(Тегі, аты-жөні, лауазымы, медициналық                  (қолы)
ұйым атауы, мекенжайы, байланыс телефондары)

Жол полициясының лауазымды адамы                         М.О.
____________________________________________  ___   _________________
(Тегі, аты-жөні, лауазымы, жол полициясы                (қолы)
бөлінісінің атауы, мекенжайы, байланыс телефондары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады