Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 тамызда № 7837 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 44-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы және инвестициялық жобалар департаменті (Т.А. Нұрғожаева):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 1 тамыздағы
№ 350 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.08.2017 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.09.2018 № 466 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.09.2019 № 413 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау;

      3. Білікті қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

      4. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтерді қамтиды.

      5. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім.

      6. Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс.

      7. Мемлекеттік білім беру мекемесінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету.

      8. Балаларға қосымша білім беру.

      Ескерту. Тізбе 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 06.05.2021 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады