Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 207 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 мамырда № 22744 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
от 6 мая 2021 года № 207
бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 (1242) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      9-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология және қашықтықтан оқыту бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;".

      2. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларында:

      20-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан оқыту арқылы ұйымдастырылады.";

      52-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) бекітілген Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес экстернат нысанында білім алушы балалар қашықтан оқыту арқылы БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.";

      53-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "53-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан оқыту арқылы қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары ұйымдастырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларында:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдайды.

      Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда, оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы, оның ішінде оқытудың жеке траекториясын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.

      Қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) арқылы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау:

      1) білім алушы мен оқытушының телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн немесе офлайн режимінде тікелей қарым-қатынасы;

      2) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

      3) жеке тапсырмаларды тексеру (білім алушылардың электрондық поштасына, мессенджерлеріне тапсырмалар беру) арқылы жүзеге асырылады.

      Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу нысандарын педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып анықтайды.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын оқу жұмыс жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.

      ҚО арқылы аралық аттестаттау өткізу кезінде мынадай нысандар қолданылады:

      1) тапсырманы орындауға кететін уақытты шектеу мүмкіндігі бар автоматтандырылған тест жүйелерін қолдана отырып тестілеу;

      2) жеке жобаны орындау (онлайн, офлайн);

      3) практикалық, шығармашылық тапсырманы орындау (онлайн, офлайн);

      4) емтиханды онлайн режимінде тапсыру (ауызша немесе жазбаша түрде).

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.

      Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.

      Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім осы біліктілік бойынша жұмыс түрлерін орындау жөніндегі біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.";

      23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қоспағанда, жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғауды немесе дипломдық жұмысты орындауды және қорғауды қамтиды.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қорытынды аттестаттау оны өткізудің алдын ала бекітілген кестесі бойынша өткізіледі.

      Қорытынды аттестаттауға академиялық қарызы жоқ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген білім алушылар жіберіледі.

      ҚО арқылы қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім беру ұйымы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, оның тәсілін ұйым дербес таңдайды және оны өткізу тәртібінің сақталуын бақылайды.

      Білім алушыларды сәйкестендіру білім алушының жеке басын бейне камера алдында ашық түрде ұсынылған жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен визуалды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар байланыс жабдықтары мен арналарына қойылатын техникалық талаптар туралы алдын ала хабардар етіледі. Білім беру ұйымы білім алушылардың техникалық мүмкіндігіне байланысты алдын ала тексеру арқылы көз жеткізеді.

      Компьютерлік тестілеу ақпараттық жүйелерге енгізілген құралдардың көмегімен немесе жеке құралдардың көмегімен өткізіледі. Тестілеу процесі автоматтандырылған. Тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу және сақтау қамтамасыз етіледі.";

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау, оның ішінде ҚО арқылы қорытынды атттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және МЖМБС белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде өткізіледі.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін, оның ішінде қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі, жұмысты ресімдеу қағидалары, жұмыстың орындалу ұзақтығы, қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция беру тәртібі туралы нұсқаулық өткізіледі.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау өткізу тәртібімен таныстыруды білім беру ұйымы кемінде 20 жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      ҚО арқылы қорытынды аттестаттау өткізу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына берілетін жеке өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында ҚО арқылы қорытынды аттестаттау өткізу үшін орынжайлар:

      1) білім алушыларды үздіксіз бейне және аудио бақылау, бейнежазба жүргізуді;

      2) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау кезінде білім алушылардың презентациялық материалдарын көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті жабдықтар жиынтығымен жарақтандырылады.

      ҚО арқылы қорытынды аттестаттауға қатысатын білім алушылар рәсімнің тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен және бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыру немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғау немесе дипломдық жұмысты орындау мен қорғау нысанында өткізіледі.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау олардың денсаулық жағдайына теріс факторлардың әсерін болдырмайтын және білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына жауап беретін жағдайларда өткізіледі.

      ҚО арқылы қорытынды аттестаттау нақты уақыт режимінде (онлайн) өткізіледі. Білім беру ұйымдары тарапынан қорытынды аттестаттаудың бағдарламалық құралдарын ұсынуға және техникалық қолдауға жауапты білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалған тұлға болып табылады, ол қорытынды аттестаттауды өткізудің техникалық шарттарын тексеруді басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.

      Пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар оқу бағдарламаларына сәйкес: бірнеше арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша сұрақтарды қамтитын ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысандарында өткізіледі.

      ҚО арқылы қорытынды аттестаттау өткізу кезінде білім алушының жеке басын міндетті түрде сәйкестендіруді және кешенді емтихандарды өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыра отырып, компьютерлік тестілеу нысанында кешенді емтихандар өткізу қарастырылады.

      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында оның мүшелерінің кемінде 2/3-сінің қатысуымен өткізіледі. Бір дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 (отыз) минуттан аспайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау үшін білім алушы ұзақтығы 10 (он) минуттан аспайтын баяндама жасайды.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар қорғауға жіберілген дипломдық жобаларды (жұмыстарды) рецензиялармен және презентациялық материалдармен ұсынады.

      Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауды өткізу уақыты кестемен анықталады және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын білім алушылардың назарына жеткізіледі.

      Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау, оның ішінде ҚО арқылы қорғау презентация түрінде өтеді.

      ҚО арқылы дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау процесі үзілген жағдайда, білім алушы оны жалғастыру туралы өтінішпен дереу басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе оқу бөлімінің меңгерушісіне жүгінеді.

      Ауызша қорытынды емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 (он бес) минуттан аспайды.

      Қорытынды емтиханды ҚО арқылы өткізу кезінде жұмыстарды белгіленген уақыттан бұрын орындаған жағдайда, Комиссия төрағасының рұқсатымен бейнеконференцбайланыс сеансын мерзімінен бұрын аяқтауға рұқсат етіледі.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша практикалық жұмысты тапсыру нысанында орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, басшының міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. Практикалық жұмысты қорғау үшін білім алушы жұмыстың орындалу кезеңдері туралы ұзақтығы 15 (он бес) минуттан аспайтын баяндама жасайды. Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде есту қабілеті бұзылған білім алушылар үшін сурдоаудармашы тартылады.

      Қорытынды аттестаттауды өткізудің барлық рәсімі бейнеге жазылады.";

      35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Жекелеген жағдайларда, белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушыларға оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін екі айдан ерте емес мерзімде қорытынды аттестаттауды (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе ұзарту) жеке тапсыруға рұқсат етіледі.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері жанындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауды мерзімінен бұрын тапсыруға, жазасын өтеуден босату туралы мәселе шешілген жағдайда, оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін үш айдан ерте емес мерзімде жол беріледі.

      Дәлелді себептермен қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады және себебін растайтын құжатты ұсынады. Оң шешім алған жағдайда, білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының қорытынды аттестаттауды өткізу кестесінде көзделген басқа күні емтихан тапсырады және (немесе) дипломдық жобаны (жұмысты) қорғайды.

      Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар қаралмайды.

      Қорытынды аттестаттауды ҚО арқылы өткізу кезінде техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, білім алушыға басқа күні және (немесе) басқа уақытта қорытынды аттестаттаудан өту мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда техникалық хатшы электрондық акт ресімдейді және актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.

      36. Қорытынды аттестаттау комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Қорытынды емтихандарды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

      Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар апелляцияға өтінішті ол өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Ерекше жағдайларда (оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында уәкілетті органның шешімі бойынша ҚО арқылы оқыту кезінде) қорытынды аттестаттауға қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес өзге де мән-жайлар туындаған кезде, Комиссия осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін айқындау жөнінде шешім қабылдайды.

      Қорытынды аттестаттауды ҚО арқылы өткізу кезінде нәтижелерді есепке алу электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қорытынды аттестаттау туралы мәліметтерді қағаз тасымалдағышта сақтау міндетті болып табылады.".

      3. "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      55-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "55. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша оқыту кезінде қашықтан оқыту арқылы түрлі оқыту технологиялары пайдаланылуы мүмкін.".

      4. "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7837 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846 (27917) санында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Балаларға қосымша білім беру.".

      5. "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту арқылы меңгеруін қарастырады.".

      6. "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартында:

      5-тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) қашықтан оқыту арқылы оқытудың нұсқаулықтарын, бағдарламаларын іске асыру және орнату бойынша білім алушыға қолдау көрсетуге міндетті.".

      7. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык куәландырылған аудармасы болуы тиіс.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.

      Шет тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге беріледі.

      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.".

      8. "Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларында:

      46 және 47-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "46. Төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ), төтенше ахуал (бұдан әрі – ТА) кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын есептеу осы Қағидаларда көрсетілген тәртіпке және білім беру ұйымының түріне сәйкес жүргізіледі.

      47. Жалақыны бұрынғы жалақы деңгейін сақтай отырып есептеу ТЖ, ТЖ кезеңінде қашықтан оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге тартылмаған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне оларды еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен ресімделген қызметкердің өзінің келісімімен басқа жұмыс түрлеріне тарту кезінде Кодекстің 38, 41, 42, 46 және 58-баптарына сәйкес басқа жұмыс түрлеріне ауыстыру арқылы, сондай-ақ Кодекстің 127-бабына сәйкес қызметкерді жұмыс берушінің басқа жерде орналасқан құрылымдық бөлімшесіне уақытша ауыстыру кезінде жүргізіледі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады