Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі № 212 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7860 тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 мамырда № 261-266 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары 2013 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады