Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 39 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 наурызда № 7463 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк, не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі:
      банктің еншілес ұйымының не банк холдингінің, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан;
      банк конгломератының бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) 10 (он) пайызынан аспауы тиіс деп белгіленсін.
      2. Банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ банктің не банк холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары 2013 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыда белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Г. Марченко           

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады