Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7867 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 04.09.2024 № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 17.09.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына және "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының ұсынған нысаны бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен соң оның ресми түрде жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi төрағасына жүктелсiн (Б.С. Калианбеков).

      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

Экономикалық даму және сауда


      министрінің м.а.

_______________ Д. Мыңбай

____________ М. Әбілқасымова


      2012 жылғы 29 маусым 2012 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 90
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң м.а.
2012 жылғы 17 шілдедегі № 222
бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген

      Нысан

Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тексеру парағы

      Ескерту. Тексеру парағының нысанына - өзгеріс енгізілді ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 07.11.2013 № 260 және ҚР Өңірлік даму министрінің 13.11.2013 № 302/НҚ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________

      _________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________

      (№, күні)

      Тексеру субъектісінің атауы _____________________________________

      _________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі, Бизнес сәйкестендіру нөмірі __________

      Тұрған жерінің мекен – жайы _____________________________________

Т/т№

Талаптар

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

Тексеру субъектілерге қойылатын жалпы талаптар

1.

Ақпараттың келесі түрлерін жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау:



1.1

өзін өзіне қол жұмсауды насихаттайтын;



1.2

қатыгездік пен зорлықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық артықшылдықты насихаттайтын;



1.3

Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, насихаттайтын;



1.4

экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын;



1.5

ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты қоздыратын;



2.

Порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімді жария ететін теле-, радиобағдарламалар, теле-, радиоарналар жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау



3.

Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" Заңына сәйкес "Е 18" деп белгіленетін фильмдерді жергілікті уақыт бойынша 6.00 дан бастап 22.00–қа дейін таратпау



4.

Егер де өзге телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иегері болып табылатын теле-радиокомпания арасында жасалған шартта көзделмеген болса теле-, радиоарнаның, теле-, радиобағдарламаның мазмұнына өзгертулерді енгізбей қайта көрсету



5.

Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-радиокомпаниямен міндетті теле-, радиоарналарды өзара есептесу негізінде көрсету



6.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңына сәйкес келетін жарнаманы тарату



7.

Көлемi кадр алаңының он бес пайызынан аспайтын, қосымша ақпаратты тарату



Телерадио хабарларын тарату операторлары үшін талаптар

8.

Телерадио хабарларын тарату операторларымен міндетті теле-, радиоарналардың таратылуы



9.

Теле-, радиоарнаның, телерадио бағдарламаларды таратуға телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иегері болып табылатын теле-, радиокомпания арасында жасалған шарттың болуы



10.

Мүдделі органда есепке қойылған шетелдiк теле-, радиоарналарды тарату



Теле-, радиокомпаниялар үшін талаптар

11.

Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың жұма сайынғы көлемін және уақыт аралығын сақтау/немесе қазақ тіліндегі негізгі дыбыстық сүйемелдеу ретінде дыбыстық сүйемелдеудің көп арналық берілуін пайдалану



12.

Жаңалықтар сипатындағы кем дегенде бiр телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түрiндегi аудармамен тарату



13.

Теле-, радиоарна меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен орындарға немесе оны жалға алуға, оның iшiнде:

телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнайы үй-жайларды (студиялық, аппараттық, қосымша);

шығармашылық персоналына (редакциялық) арналған үй-жайларды;

әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларды жалға алуға мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттардың болуы



14.

Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемiнде шетелдiк теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын тарату теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауы



15.

Алты ай iшiнде трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басу және сақтау




      Тексеруді жүргізген ___________ __________________________ ______

      (лауазымы) (Аты, Тегі, Әкесінің аты - (қолы)

      бар болса (бұдан әрі – А.Т.Ә.)

      М.О.

      талаптардың бұзылғандығы айқындалған жағдайда....құрастырған

      күні мен нөмірі көрсетіледі от ("__" __________ 20__ жылғы № _____)

      Тексерудің қорытындыларымен таныстым (келісемін/келіспеймін)

      __________________ ______________

      (А.Т.Ә.) (қолы)

      "___" ________________ 20__ жыл

      Тексеру қорытындылары бойынша тексерілетін субъект __________________

      (субъекттің атауы)

      ("+" белгісімен белгілеу керек) тобына ауыстырылады:

тәуекел

деңгейі жоғары

тәуекел

деңгейі орташа

тәуекел

деңгейі елеулі емес





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады