"Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 260 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 302/НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8945 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 405-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 76 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 04.09.2024 № 405-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 17.09.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 90 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушысының. 2012 жылғы 17 шілдедегі № 222 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде № 7867 болып тiркелген, 2012 жылғы № 19 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанында:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке сәйкестендіру нөмірі, Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуiн;

      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, жарияланғаннан кейін мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Заң қызметі департаментіне ұсынсын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат министрі

Өңірлік даму министрі


      ______________ М. Құл-Мұхаммед ______________ Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады