Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 413 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 21 тамызда № 7869 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 109 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.02.2014 № 109 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi;
      2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының және оның аумақтық бөліністерінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығы (бұдан әрi – ААО):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
      2) белгіленген тәртіпте ресми жариялауды ұйымдастыруды орындауды қамтамасыз етсін:
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н. Закаргаева) жүктелсiн.
      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты                               Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2012 жылғы 23 шілдедегі № 413
бұйрығымен бекiтiлген   

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты
мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін
беру» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер 

      1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрi – Регламент) «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Мемлекеттік қызметті Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – ІІМ АрММ), оның аумақтық бөліністері (бұдан әрі – АрММ аумақтық бөліністері) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – оқу орындарының АрММ) көрсетеді.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 216 Жарлығының, «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604 қаулысының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жеке және заңды тұлғаларға олардың өтініштері бойынша мұрағаттық анықтамаларды, мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қағаз тасымалдағышта беру не болмаса сұрау салынған мәліметтердің жоқ екендігі туралы жазбаша растау болып табылады.
      6. Осы Регламентте мынадай терминдер қолданылады:
      1) мемлекеттiк қызмет – жеке сипаты бар және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттiк органдардың жекелеген қызметтерiн жүзеге асыру нысанының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметi;
      2) мемлекеттік қызметті алушылар – мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке және заңды тұлғалар;
      3) арыз - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелері бойынша ақпарат беру туралы өтініші;
      4) мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңызына қарай және жекеменшік үшін де сондай бағасы бар сақтаудағы немесе сақтауға жататын құжат;
      5) мұрағаттық анықтама – заңды күшi бар және тапсырыс, құжаттарды іздестіру мәліметтері туралы мұрағаттық ақпараты бар ресми құжат;
      6) мұрағаттық көшірме – мұрағаттық құжат кескіні немесе мәтінді көшірмелеу, оның іздестіру мәліметтері арқылы көрсетілген мұрағаттың ресми құжаты. 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІМ АрММ, АрММ аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ алуға болады.
      ІІМ-нің, оның аумақтық бөліністерінің және оқу орындарының жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат, www.pravstat.kz интернет–ресурсында орналасады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген жазбаша өтініш берген күннен бастап – күнтізбелік 10 күн;
      2) электрондық сұрау берілген күннен бастап – күнтізбелік 10 күн. Бұл ретте жауап мемлекеттік қызметті алушыға ІІМ АрММ-нің, АрММ аумақтық бөлінісінің және оқу орындарының АрММ мөрімен бекітілген қағаз тасымалдағышта жолданады, бұл туралы тұтынушының электрондық мекенжайына хабарланады;
      3) құжаттарды тапсыру кезінде ең көп кезек күту уақыты – 20 минут;
      4) анықтаманы және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін алу кезінде ең көп кезек күту уақыты – 10 минут.
      10. Ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеу және олардың толық болмауы фактілерін анықтау мемлекеттік қызметті тоқтата тұруға негіз болып табылады. Анықталған кемшіліктер жойылған соң мемлекеттік қызмет қайта жаңғыртылады.
      11. ІІМ АрММ, АрММ-нің аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ қызметкерлері келіп түскен өтiнiштерге және құжаттарға тексеру жүргiзедi. Барлық тексеру жұмыстары айқындалған тәртіп бойынша өткізіледі.
      Тексеру iс-шаралары аяқталғаннан кейiн әрбiр өтiнiш бойынша жазбаша жауап құрастырылады, мәлiметтер болған жағдайда мұрағаттық анықтама және/немесе мұрағаттық көшiрме берiледi. 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі (өзара іс-әрекет) әрекеттерді сипаттау

      12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі – ІІМ-нің ҚҚЕБ), оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтары арқылы өтiнiштердi қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон берiледi.
      13. Ақпараттық қауiпсiздiкке талаптар:
      1) құпиялылық (ақпараттарды рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) толықтық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау).
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесi:
      1) өтiнiштердi қабылдау, тiркеу және жіберуді (берудi) ІІМ-нің ҚҚЕБ оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтары жүзеге асырады;
      2) тексерудi, өңдеуді және жазбаша жауапқа, мұрағаттық анықтамаға, және/немесе мұрағаттық көшiрмеге қол қоюды ІІМ АрММ, АрММ-нің аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ жүзеге асырады.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық дәйектiлiгi мен құрылымдық-қызметтiк бiрлiк арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтiрiлдi.
      16. Әрбір құрылымдық функционалдық бірліктердің (бұдан әрі – ҚФБ) әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимыл жасаудың мәтіндік кестелік сипатталуы әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

«Қазақстан Республикасы         
Ішкі істер министрлігі         
Ақпараттық-аналитикалық орталығының  
арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның 
аумақтық бөліністерінің шегінде  
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе 
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»
мемлекеттiк қызмет регламентiне   
1-қосымша               

Функционалдық өзара әрекеттестік сызбанұсқасы 

Әрекеттердiң
алгоритм адымы

Ролі

Орындау тәртібі

басы v (тұлғаға мемлекеттік
қызметті ұсыну туралы
ақпарат алу қажет) v Қызмет туралы ақпарат v
  (мемлекеттік қызметті
алушы өтінішті әкелді
немесе пошта арқылы,
немесе электронды
пошта арқылы жіберді) v
  Өтінішті беру  v
  өтініште барлық
қажетті мәлімет
көрсетілді ме?
v      v
Иә      жоқ v       v
түзеткенше  өтінішті
тоқтата     қабылдау
тұру       және
           өңдеу
                       v орындау                          v
 
  жазбаша жауапты,
мұрағаттық анықтаманы,
мұрағаттық көшірмені
беру немесе сұрау
салынған
мәліметтердің жоқ
екендігі туралы
жазбаша растау  v  Мемлекеттік қызметті алушыға жіберілді

Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарының
қызметкерлері
  
Мемлекеттік қызметті
алушы (оның уәкілетті өкілі) 
 
Қазақстан
Республикасы Ішкі
істер министрлігінің
Арнайы мемлекеттік
мұрағаты, оның
аумақтық бөліністері
АрММ және оқу
орындарының АрММ
қызметкерлері
 
Қазақстан
Республикасы Ішкі
істер министрлігінің
Арнайы мемлекеттік
мұрағаты, оның
аумақтық бөліністері
АрММ және оқу
орындарының АрММ
қызметкерлері 
 
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарының
қызметкерлері

1. қызмет көрсету
тәртібі туралы ақпарат

2. өтінішті рәсімдеу
үлгісі 
 
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарына беру
 
1. өтінішті тексеру
және талон беру

2. өтінішті тіркеу 
 
1. Сұрау салуды
мұрағаттық қор
аумағында
тексеру 
 
Жауапты дайындау және
қол қойғызу 
 
Жауап мемлекеттік
қызметті алушының
өзінің қатысуымен
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарында
көрсетіледі не
болмаса адресатқа
пошта арқылы
жолданады.

«Қазақстан Республикасы         
Ішкі істер министрлігі         
Ақпараттық-аналитикалық орталығының  
арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның 
аумақтық бөліністерінің шегінде  
мұрағаттық анықтамаларды және/немесе 
мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру»
мемлекеттiк қызмет регламентiне   
2-қосымша               

1-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсететін ІІМ ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы

Негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағымы)

1

№ іс-қимыл (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарының қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімдеудің, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау

Тұтынушы өтінішін АрММ қызметкерімен қарастырылуы

Мұрағаттық құжаттарды өңдеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу, тұтынушыға өтініштің нөмірі және қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдануы туралы талон беру.

Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздестіру

Мұрағаттық құжаттардан көшірме алу, мұрағаттық іс материалдары негізінде анықтама әзірлеу

5

Орындалу мерзімдері

1 күн

4 күн

3 күн

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

Қабылдау кезіндегі негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыс барысы, ағымы)

1

№ іс-қимыл (жұмыс ағымы, барысы)

Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу

Әзірленген құжаттарды тіркеу

Дайын құжатты тұтынушыға беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Мұрағаттық құжаттардан көшірме жасау, мұрағаттық істердің материалдары негізінде анықтамалар құрастыру

Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздестіру

Тұтынушыға мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тапсыру. Тұтынушының мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін алғаны жөнінде қол қоюы

5

Орындалу мерзімдері

1 күн

1 күн

15 минут

6

Келесі
іс-қимылдың нөмірі

5

6

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

      Негізгі үдеріс - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты шегінде мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру.

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарының қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

1. Тұтынушының ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау
 
2. Өтінішті тіркеу, тұтынушыға өтініштің нөмірі және қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдануы туралы талон беру. 

3. Әзірленген құжаттарды тіркеу

4. Тұтынушыға мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тапсыру. Тұтынушының мұрағаттық анықтамалар және/немесе мұрағаттық құжаттар көшірмелерін алғаны жөнінде реестрге қол қоюы

1. Тұтынушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарастыруы

2. Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздестіру

3. Мұрағаттық құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттардан көшірмелер түсіру, мұрағаттық іс материалдары бойынша мұрағаттық анықтамалар әзірлеу

4. Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу

5. Ұсынылған құжаттарды мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тіркеу журналына жазу

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2012 жылғы 23 шілдедегі № 413
бұйрығымен бекiтiлген   

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік
мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Мемлекеттік қызметті Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – ІІМ АрММ), оның аумақтық бөліністері (бұдан әрі – АрММ аумақтық бөліністері) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындары (бұдан әрі – оқу орындарының АрММ) көрсетеді.
      3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттық-аналитикалық орталығының және оның аумақтық бөліністерінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері не болмаса жазбаша түрде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Осы Регламентте мынадай терминдер қолданылады:
      1) мемлекеттiк қызмет – жеке сипаты бар және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) өтiнiштерi бойынша жүзеге асырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттiк органдарды қоспағанда) қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттiк органдардың жекелеген қызметтерiн жүзеге асыру нысанының бiрi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметi;
      2) мемлекеттік қызметті алушылар – мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн жеке және заңды тұлғалар;
      3) арыз - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелері бойынша ақпарат беру туралы өтініші;
      4) мұрағаттық құжат - қоғам үшін маңыздылығына қарай және жекеменшік үшін де сондай бағасы бар сақтаудағы немесе сақтауға жататын құжат;
      5) мұрағаттық анықтама – заңды күшi бар және тапсырыс, құжаттарды іздестіру мәліметтері туралы мұрағаттық ақпараты бар ресми құжат;
      6) мұрағаттық көшірме – мұрағаттық құжат кескіні немесе мәтінді көшірмелеу, оның іздестіру мәліметтері арқылы көрсетілген мұрағаттың ресми құжаты. 

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне талаптар

      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІМ АрММ, АрММ аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ алуға болады.
      ІІМ-нің, оның аумақтық бөліністерінің және оқу орындарының жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат, www.pravstat.kz интернет–ресурсында орналасады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап – 10 жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру кезінде ең көп кезек күту уақыты – 30 минут;
      3) құжаттарды алу кезінде ең көп кезек күту уақыты – 20 минут.
      10. Ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеу және олардың толық болмауы фактілерін анықтау мемлекеттік қызметті тоқтата тұруға негіз болып табылады. Анықталған кемшіліктер жойылған соң мемлекеттік қызмет қайта жаңғыртылады.
      11. ІІМ АрММ, АрММ-нің аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ қызметкерлері келіп түскен өтiнiштерге және құжаттарға тексеру жүргiзедi. Барлық тексеру жұмыстары айқындалған тәртіп бойынша өткізіледі.
      Тексеру iс-шаралары аяқталғаннан кейiн әрбiр өтiнiш бойынша жазбаша жауап құрастырылады, мәлiметтер болған жағдайда апостиль қойылған мұрағаттық анықтама және мұрағаттық көшiрме берiледi. 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіндегі (өзара іс-әрекет) әрекеттерді сипаттау

      12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі – ІІМ-нің ҚҚЕБ), оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтары арқылы өтiнiштердi қабылдаған кезде мемлекеттік қызметті алушыға Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон берiледi.
      13. Ақпараттық қауiпсiздiкке талаптар:
      1) құпиялылық (ақпараттарды рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) толықтық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қол жетімділік (ақпараттар мен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау).
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесi:
      1) өтiнiштердi қабылдау, тiркеу және жіберуді (берудi) ІІМ-нің ҚҚЕБ оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтары жүзеге асырады;
      2) тексерудi, өңдеуді және жазбаша жауапқа, апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаға, және мұрағаттық көшiрмеге қол қоюды. ІІМ АрММ, АрММ-нің аумақтық бөліністері және оқу орындарының АрММ жүзеге асырады.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық дәйектiлiгi мен құрылымдық-қызметтiк бiрлiк арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба осы регламенттiң 1-қосымшасына сәйкес келтiрiлдi.
      16. Әрбір құрылымдық функционалдық бірліктердің (бұдан әрі – ҚФБ) әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимыл жасаудың мәтіндік кестелік сипатталуы әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 2-қосымшасында ұсынылған.

«Қазақстан Республикасы        
Ішкі істер министрлігі        
Ақпараттық-аналитикалық орталығының  
арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның 
аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою»    
мемлекеттiк қызмет регламентiне   
1-қосымша               

Функционалдық өзара әрекеттестік сызбанұсқасы      

Әрекеттердiң
алгоритмдік адымы

Ролі

Орындау тәртібі

БАСЫ v
  (тұлғаға мемлекеттік
қызметті ұсыну туралы
ақпарат алу қажет) v
  Қызмет туралы ақпарат
  v
  (мемлекеттік қызметті
алушы өтінішті әкелді
немесе пошта арқылы,
немесе электронды
пошта арқылы жіберді)
  v
  Өтінішті беру
  v
 
  өтініште барлық
қажетті мәлімет
көрсетілді ме?
v      v
Иә      жоқ v       v
түзеткенше  өтінішті
тоқтата     қабылдау
тұру       және
           өңдеу
                    
            v  орындау 
               v
 
  жазбаша жауапты,
апостиль қойылған
мұрағаттық анықтаманы,
мұрағаттық көшірмені беру немесе сұрау салынған мәліметтердің жоқ екендігі туралы жазбаша растау
  v
  Мемлекеттік қызметті алушыға жіберілді

Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарының
қызметкерлері  
 
Мемлекеттік қызметті
алушы (оның уәкілетті өкілі)
 
Қазақстан
Республикасы Ішкі
істер министрлігінің
Арнайы мемлекеттік
мұрағаты, оның
аумақтық бөліністері
АрММ және оқу
орындарының АрММ
қызметкерлері
 
Қазақстан
Республикасы Ішкі
істер министрлігінің
Арнайы мемлекеттік
мұрағаты, оның
аумақтық бөліністері
АрММ және оқу
орындарының АрММ
қызметкерлері
  
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарының
қызметкерлері

1. қызмет көрсету
тәртібі туралы ақпарат

2. өтінішті рәсімдеу
үлгісі
  
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарына беру
 
1. өтінішті тексеру
және талон беру

2. өтінішті тіркеу
 
1. Сұрау салуды
мұрағаттық қор
аумағында тексеру
 
Жауапты дайындау және
қол қойғызу 
 
Жауап мемлекеттік
қызметті алушының
өзінің қатысуымен
Қазақстан
Республикасы ІІМ
Құжаттамалық
қамтамасыз ету
басқармасы, оның
аумақтық бөліністері
немесе оқу
орындарының
хатшылықтарында
көрсетіледі не
болмаса адресатқа
пошта арқылы
жолданады.

«Қазақстан Республикасы        
Ішкі істер министрлігі        
Ақпараттық-аналитикалық орталығының  
арнайы мемлекеттік мұрағатынан және оның 
аумақтық бөліністерінен шығатын мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою»    
мемлекеттiк қызмет регламентiне   
2-қосымша               

1-кесте. Мемлекеттік қызмет көрсететін ІІМ ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы

Негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағымы)

1

№ іс-қимыл (жұмыстың барысы, ағымы)

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарының қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімдеудің, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау

Тұтынушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы

Мұрағаттық құжаттарды өңдеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Өтінішті тіркеу, тұтынушыға өтініштің нөмірі және қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдануы туралы талон беру.

Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздестіру

Мұрағаттық құжаттардан көшірме алу, мұрағаттық іс материалдары негізінде анықтама әзірлеу

5

Орындалу мерзімдері

1 күн

4 күн

3 күн

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

Қабылдау кезіндегі негізгі үдеріс іс-қимылы (жұмыс барысы, ағымы)

1

№ іс-қимыл (жұмыс ағымы, барысы)

4

5

6

2

ҚФБ атауы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарының қызметкерлері

3

Іс-қимылдың атауы (үдерістің, рәсімдеудің, операциялардың) және олардың сипаттамасы

Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу

Әзірленген құжаттарды тіркеу

Дайын құжатты тұтынушыға беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Апостиль мөртабанын қою және оны толтыру немесе оны компьютерлік әдіспен орындау

Ұсынылған құжаттарды
мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тіркеу журналына жазу

Тұтынушыға апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру. Тұтынушының апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттар көшірмелерін алғаны жөнінде қол қоюы

5

Орындалу мерзімдері

1 сағат

1 сағат

10 минут

6

Келесі
іс-қимылдың нөмірі

5

6

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс

      Негізгі үдеріс - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты шегінде мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою.

Негізгі үдеріс (жұмыс ағымы, барысы)

Қазақстан Республикасы ІІМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, оның аумақтық бөліністері немесе оқу орындарының хатшылықтарының қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағаты, оның аумақтық бөліністері АрММ және оқу орындарының АрММ қызметкерлері

1. Тұтынушының ұсынған құжаттар пакетін тексеру және қабылдау
 
2. Өтінішті тіркеу, тұтынушыға өтініштің нөмірі және қабылданған күні, құжаттарды қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылдануы туралы талон беру.
 
3. Әзірленген құжаттарды тіркеу

4. Тұтынушыға апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттар көшірмелерін беру. Тұтынушының апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар және мұрағаттық құжаттар көшірмелерін алғаны жөнінде реестрге қол қоюы

1. Тұтынушының өтінішін АрММ қызметкерінің қарауы

2. Мұрағаттық құжаттарды тиісті мұрағаттық қорда іздестіру

3. Мұрағаттық құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттардан көшірмелер түсіру, мұрағаттық іс материалдары бойынша мұрағаттық анықтамалар әзірлеу

4. Әзірленген құжаттардың сапасын тексеру. Құжатты техникалық өңдеу. Апостиль мөртабанын қою және оны толтыру немесе оны компьютерлік әдіспен орындау

5. Ұсынылған құжаттарды мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттар көшірмелерін тіркеу журналына жазу

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады