Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 349-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қыркүйекте № 7896 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 373 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.10.2021 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Г. Әбдіқалықова


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 349-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (58-шығарылым) "Жалпы мамандықтар, Киностудиялар және Теледидар мен радиотарату кәсіпорындары, ұйымдары, Киножүйе және кинопрокат, Театр-көрініс кәсіпорындары".

      2. Жұмыс разрядлері жұмыс ауырлығына байланысты еңбек талаптарының есепке алмай жасалған (еңбек ауырлығының деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігін жоғарлату сұраныстары қысылтаяз жағдайлар қоспағанда).

      3. Әр мамандықта тарифтік – біліктілік сипаттама екі бөлімнен тұрады. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде маман орындауға тиісті жұмыстардың сипаттамасы берілген. "Білуге тиіс" бөлімі маманнан талап етілетін маманның жұмысқа қатысты арнайы білім разрядсінің болуы, басшылыққа алатын материалдарды және әдістеме мен құралдардың қолдану ережелерін білу сияқты арнайы талаптардан тұрады

      4. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды толық қамтымайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

      5. Сонымен қоса "Жұмыс сипаттамасы" бөлімінде белгіленген бойынша маман ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, құрылғыларын тазалау, ыңғайлау және оларды техникалық құжаттамада бекітілген жағдайда ұстауға тиіс.

      6. Бөлімде көрсетілген теориялық және практикалық білімдерімен қоса маман: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныстың нормалары мен ережелерін; жеке басын қорғау құралдарымен пайдалана білу; орындалып жатқан жұмыстың сапасына қойылатын талаптар; ақау түрлері және олардың алдын алу және жою; өндірістік дабыл қағу; жұмыс орнында еңбекті оңтайлы ұйымдастыру талаптарын білуге тиісті.

      7. Біліктілігі жоғары маман оның тарифті – біліктілік тізімдегі атқаратын міндетімен қоса тарифті – біліктілігі төмен мамандардың да жұмысын орындай алуы және берілген мамандықтың аясындағы біліктілігі төмен жұмыс топтарын басқаруы керек. Осыған байланысты тарифті – біліктілік сипаттамада көрсетілген төмен білікті мамандар мен жоғары білікті мамандардың жұмысы көрсетілмеген.

      8. Маманның еңбек кітапшасын толтыру барысында, оның мамандығының тарифті разряды өзгерген жағдайда ол БТБА сәйкес толтырылады.

      9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядтық тарифтік торға сәйкес әзірленген.

      10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.

      11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

2-бөлім. Жалпы мамандықтар

      1. Бутафор

      Параграф 1. Бутафор, 1-разряд

      12. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары бутафордың басшылығымен бутафор өнімдерін өңдеу кезіндегі дайындық жұмыстарын орындау: қағазды қию, бор және гипсты елеу; сазды, желімді, клейстерді дайындау; папье –маше материалына қағаздар дайындау;

      тегіс заттың үстін қап тігетін матамен және қағазбен желімдеу;

      қағаздарды жапырақ үшін бояу.

      13. Білуге тиіс:

      бутафор ісінің негізгі элементтері,

      бутафор бұйымдарын қарапайым өңдеу,

      желім мен клейстерді қайнату тәсілдері.

      Параграф 2. Бутафор, 2-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      бутафор өнімдерін өңдеу кезіндегі дайындық жұмыстарын орындау;

      гипс және папье-маше материалынан жасалған бұйымдарды терең және үстірт рельефпен тығындау және сылау;

      тегіс гипс пішіндерін немесе рельефпен тұрпайы гипс пішіндерін дайын шаблондармен жасау;

      дайын пішіндер бойынша папье-маше материалынан бутафор өнімдерін желімдеу және бояуға дайындау, оларды орнату және декорацияларға бекіту;

      бутафор бұйымдарының қию, тігу және жиектеу;

      тығынды және левкасты дайындау.

      15. Білуге тиіс:

      гипс бұйымдарының пішінің терең және үстіртін рельефпен және тұрпайы пішінді рельефпен папье-маше материалынан бұйымдар дайындалу техникасын;

      қолданып жатқан материалдардың құрамы мен бекітілуі;

      мөртаңба станогының жұмыс мақсаты;

      тығынды және левкасты дайындау тәсілі;

      қолданыстағы құрылғылар мен құралдарды пайдалану ережелері және белгіленуі.

      16. Жұмыс үлгісі:

      1) қағаздан жасалған тастар – папье-маше материалдарынан жапсыру;

      2) бутафор жапырақтары – мөрлеу немесе қолдан қию, ағаштарға орау;

      3) бутафор қары – папирос қағазын арнайы машинада немесе қолмен ысқылау.

      Параграф 3. Бутафор, 3-разряд

      17. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым бутафор бұйымдарын дайындау;

      үстіртін рельефпен эскиздер мен дайын шаблондар бойынша әртүрлі материалдардан бұйымдар жапсыру;

      гипсті пішіндерді дайындау және папье-маше материалынан жапсырма және шамалы тереңдікпен үлкен анық сурет рельефімен бутафор бұйымдарын мастиктау.

      18. Білуге тиіс:

      мастикты дайындау тәсілдері;

      бутафор бұйымдарын қолдан дайындау кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылымы және пайдалану ережелері.

      19. Жұмыс үлгісі:

      1) мастиктан ионика – дайындау;

      2) бутафор қағаздары – әртүрлі рең берумен түрлі түске бояу;

      3) кілем тәрізді шөп, қағаздан жасалған гүл – дайындау.

      Параграф 4. Бутафор, 4-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа ауырлықтағы бутафор бұйымдарын дайындау;

      әртүрлі материалдардан терең рельефпен және орташа қалыңдықтағы оюмен немесе эскиз, сызба, шаблон бойынша толтыру бутафор бұйымдарын жасау;

      архитектура бөлшектерін қарапайым көлемді гипс пішіндерінен жасау;

      көлемді пішіндерден архитектура және мүсін бөлшектерін папье-маше материалынан алып тастау;

      декорацияға көлемді архитектура бөлшектерін орнына монтаждау барысында түзету мен орнату;

      әртүрлі фактуралардың үстіңгі қабатын түзету;

      қағаз жұмыстарын орындау;

      майлы бояулардан колерлар жасау;

      мата мен қағаздан гүлдер жасау.

      21. Білуге тиіс:

      архитектура бөлшектерінің қарапайым көлемді пішіндерін жасау техникасы мен технологиясы;

      бутафор бұйымдарын жинау, өңдеу, орнату және реставрация жұмыстарын жасау технологиясын;

      қолданылатын материалдар және олардың құрамы;

      майлы, анилинді колерлардың және тегістеу ерітіндісінің рецептурасын жасау;

      картонажды бұйымдарын есептеу және сызбаларды оқу ережесі;

      маталарды бояу технологиясы.

      22. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаздан, розеткадан жапсырылған гүл тізбегі – пішіндер дайындау;

      2) қабырға мен есіктердегі қырау, терезедегі аяз – имитация;

      3) ұлғайтылған түрлі-түсті ордендер – әшекей;

      4) ескі ағаштарға қаптамалар – өңдеу;

      5) реквизит – дайындау және жапсырманы реставрациялау;

      6) маталардан гүлдер: 5-6 гүлден тұратын сирень, түймедақ, қызғалдақ, гладиолусы, қалампыр, көк гүл букетін жапырақтарымен – дайындау.

      Параграф 5. Бутафор, 5-разряд

      23. Жұмыс сипаттамасы:

      қиын бутафор бұйымдарын дайындау;

      әр түрлі материалдар көлемді бутафор бұйымдарын эскиз бойынша ұсақ суреттерді оюлаумен жасау;

      мүсіндердің гипстен қиын кесекті пішіндерін дайындау;

      бояулардан колерлар жасу;

      гипстен модельдер қию;

      ағаштардың фактурасы;

      муляжды жұмыстарды атқару;

      жібек пен мақпалдан гүлдерді дайындау;

      шаблондарды сызу және дайындау.

      24. Білуге тиіс:

      көлемді бутафор бұйымдарын ұсақ суреттерді оюлаумен дайындау техникасын;

      имитациялы заттарды жасау және жұмыстарды реставрациялау технологиясы;

      бутафор бұйымдарын безендіру тәсілдері;

      гүлдерді дайындау техникасы мен технологиясы;

      шаблондарды дайындау тәсілдері.

      25. Жұмыс үлгілері:

      1) барельефтар, оюланған вазалар, мүсіннің жоғарғы жағы, маскалар – модельдер дайындау;

      2) айыру белгілері, ордендер, матадан жасалған гүлдер: георгиндер, раушан – дайындау;

      3) бутафор бұйымы – бірнеше колермен желім бояуымен әшекейлеу;

      4) мақпал, піліштерге сурет салу – ыстық тәсілмен әшекейлеу;

      5) мықты сылақтан сурет салу – алтын немесе ескі күміске ұқсатып қаптау және соғу;

      6) аңдар, құстар тұлыбы – балшықтан соғу.

      Параграф 6. Бутафор, 6-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      өте қиын, бірегей бутафор бұйымдарын көркем безендіру арқылы жасау;

      мүсіндерді соғу;

      оргшыныдан, фольгадан, жезден, текстолиттен заттар жасау;

      металл өнімдерін күміс пен алтынға ұқсатып соғу жұмыстарын орындау;

      архитектура бөлшектерін және бутафор бұйымдарын алтын мен күміске және металға ұқсатып өңдеу;

      вакуумға қондырылған пластмассадан жасалған өнімдерді дайындау.

      27. Білуге тиіс:

      бутафор бұйымдарын қиыстырылған пішіндерін қаңқасымен жасау технологиясы;

      сызба, сұлба және эскиздерді оқу ережесі, бөлшектерді құю үшін отқа төзімді пішіндерді дайындау тәсілдері;

      белгіленген мөлшерге дейін үлгі, сұлба, сызбаларды ұлғайту техникасы, қаптау, сусалды алтынмен алтындау ережесі;

      вакуумға қондырылған пластмассадан жасалған бутафор бұйымдарын техникасы мен технологиясы.

      28. Жұмыс үлгілері:

      1) сәнді түйреуіш, ваза, қалың резинадан актини-балдырлар, алқа, аспа шам – дайындау;

      2) азаматтық және әскери үлгідегі мүсіндер – дайындау;

      3) конус және коринф үлгісіндегі капительдер – дайындау;

      4) пышақ, сапы, қанжар, қылыш, сабтарын, оқтар үшін қорам сап – соғу.

      2. Гример-пастижер

      Параграф 1. Гример-пастижер, 2-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары гример-пастижердің басшылығымен жақын және алыс жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларын гримдеу;

      пастижер бұйымдарын дайындау үшін шаштарды дайындау: жуу, тарау, сорттау және тарту;

      креп, трес, бұрым, шиньон, бұрымдарды сарлы және жасанды шашатан жасау.

      30. Білуге тиіс:

      гример және пастижер жұмысының негізі;

      пастижер жұмысын жасауға қолданылатын құралдарды пайдалану ережесі;

      пастижер жұмысын жасауға арналған құралдарды пайдалану ережесі;

      гремдеуге және пастижер жұмысын атқаруға арналған материалдар мен бояулардың құрамын.

      Параграф 2. Гример-пастижер, 3-разряд

      31. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші-гримердің басшылығымен алғашқы жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына және эпизоттық рольдердегі актерларға эскиз бойынша грим жасау;

      алғашқы жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына және эпизодтық рольдердегі актерларға сақал, қас, кірпік, қал және ұсақ жапсырмалар дайындау;

      табиғи шаштан бұрым және шиньон жасау;

      шаштарды "фрезюрлауға" дайындау: тұлымдарға бөлу, коклюшкаларға бұйралау;

      шаштар мен париктарды бұйралау;

      екі толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      32. Білуге тиіс:

      пастижер бұйымдарын дайындау технологиясы;

      шаш пен жүннің құрамын білу;

      грим мен парикті дайындауға кететін материалдың нормасын;

      бояларды таңдау, шаша пен жүнді бояу ережелері;

      әртүрлі бояулардың тері әсерін;

      бет сүйегінің құрылысын.

      Параграф 3. Гример-пастижер, 4-разряд

      33. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші-гримердің басшылығымен қарапайым және орташа ауырлықтағы дербес және ұлттық гримді жасау;

      көркем шаш сәнің жасау;

      барлық жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына арналған париктерді сәнді етіп қию;

      гуммозды жапсырмаларды жапсыру;

      сақал, бакенбард, маңдай және шекеге арналған жапсырмаларды, контраньюрларды дайындау;

      парикке арналған жұқа тресті өру;

      трестен париктер дайындау;

      суретші-гримердың басшылығымен эскиз бойынша тамбурланған париктерді сарлы және жасанды шаштан дайындау;

      үш толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      34. Білуге тиіс:

      әртүрлі үлгі мен дәуірдегі шаш сәнінің үлгілерін моделін;

      әртүрлі сорттағы пленкаларда бояудың суретке жақсы түсуі;

      ымдау заңдылығын;

      пластикалық және ішкі декоративтік бояулар түрін және оларды пайдалану;

      гримдеу техникасын;

      пастижерлі бұйымдардың дайындалу технологиясын;

      пастижер өнімдерін дайындауда түсті таңдау ережесі.

      Параграф 4. Гример-пастиже, 5-разряд

      35. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз, бейнелеу және суретші- гримердың үлгілері бойынша қиын дербес және ұлттық гримді пластикалық бөлшектерді және мүсінді соғу жеңіл жұмыстарын орындау (бұрым, иек, бет сүйегін);

      актердың бетінен масканы шешу және оны дайындау;

      барлық түрлі жапсырмаларды, кейіпкерлерлік және портретті париктер, айрығы бөлінген қиыстырылған париктер мен жапсырмаларды дайындау;

      шаштарды және париктерді қию;

      төрт толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      36. Білуге тиіс:

      масканы дайындау технологиясын;

      масканы беттен сүртетін материалдар дайындау және олардың тәсілін;

      пластикалық бөлшектерді қолдану тәсілдері;

      шашты әртүрлі қылып бояу ережелері.

      Параграф 5. Гример-пастижер, 6-разряд

      37. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз, бейнелеу және суретші-гримердың үлгілері бойынша суретті және мінезді бейнелейтін гримді жәнет мүсінді соғу ауыр жұмыстарын орындау: бет пішіндерін, бас пішінің өзгерту, мақта, тығын және пластикадан жасалған арнайы жапсырманы пайдалану;

      маңдайы ашық және айрықпен тамбурланған парик жасау;

      "Тонзур" және "Ежик" мінезді бейнелейтін түркілер түсірулеріне арналған арнайы париктерді дайындау;

      адам шашын, сарлы шашты, тауешкінің жүнің, түйе жүнің, ангорды бояу;

      бес толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      38. Білуге тиіс:

      бейненің сыртқы пішінінің сыртқы құрылымының сызбасын жасау ережелері;

      грим өндіру технологиясы(бояуларды);

      түстану негіздері;

      көркем жарық түсірудің мақсаты;

      пленканың түстіфильтрлар белгілеу;

      пластикалық бөлшектерді дайындауда пайдаланылатын материалдардың құрылымы;

      пластикалық бөлшектерді дайындау тәсілі;

      арнайы париктерді дайындау тәсілі.

      39. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      3. Костюмер

      Параграф 1. Костюмер, 2-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары костюмердің басшылығымен түсірілімдерді, телебағдарламаларды, көріністерді, концерттерді, цирк қойылымдарын және дайындықта қызмет көрсету;

      суретші мен суретшінің көмекшісімен таңдап алынған костюмдерді қоймадан киімдерді, бас киімдерді, аяқ киімдерін сұрыптап алу;

      көпшілік және топтық көріністердің қатысушыларын жартылай немесе толықтай киіндіру;

      киімдерге түсірілім, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында ұсақ түзетулер жасау;

      киім, бас киім және аяқ киімдерді салу және жинау;

      киімдерді үтіктеу;

      киімдердің жоғалып кетпеуін және санитарлы жағдайын қамтамасыз ету;

      түсірілім мен дайындық кезінде кезекпен жұмыс жасау.

      41. Білуге тиіс:

      студия, театр, цирктің фондын, тігу, үтіктеу, киімдерді жуу, жөндеу жұмыстарын жасау қарапайым ережелерді білу;

      киім, бас киім және аяқ киімдердің салу және жиналу ережелерін білу;

      киімдерді сақтау тәсілдері;

      материалды есепті құрау және жүргізу.

      Параграф 2. Костюмер, 3-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым костюмдармен заманауи тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарда қызмет көрсету;

      суретші мен суретші көмекшісінің тапсырысы бойынша фондтан (студия, театр, концерт ұйымдары, цирк және тағы басқа) киім оларға аксессуар, бас киім және аяқ киім таңдап алу;

      эпизодтық рольдерді орындаушыларды толықтай немесе жартылай киіндіру;

      павильон жағдайында түсіріліп жатқан фильмнің костюмін жүйелендіру;

      киімдерге түсірілім, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында жеңіл жөндеу жұмыстарын жасау;

      үш толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету

      43. Білуге тиіс:

      түсірілім, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында костюмдарды бөлшектеу;

      киімді тігу және өзгерту жөндеу жұмыстарының техникасы;

      қолданып жатқан материалдың фактурасы;

      бояулардың суретке жақсы түсірілуі;

      түс және жарықтың негізі, киімдерді және олардың бөлшектерін;

      бас және аяқ киімдерін тазарту тәсілі.

      Параграф 3. Костюмер, 4-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      костюм бойынша орташа қиындықтағы түсірілім, телебағдарлама, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарды қызмет көрсету: тарихи, фантастикалы тақырыптағы кинофильм және телебағдарламаларды, ертегі-фильмдерде эпизодттық рольдерді, көпшілік және топтық көріністі орындаушыларға;

      суретші және суретшінің көмекшісінің нұсқауымен басқа ұйымдардың фондынан киімдер және оларға аксессуар, аяқ және бас киімдерді таңдап алу;

      кейіпкерді киіндіру;

      экспедиция жағдайында түсіріліп жатқан фильмнің киімдерін жүйелеу;

      костюмның талап етілетін фактурасын жасау;

      костюмдердің бөлшектерін ауыстыру;

      бес толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      45. Білуге тиіс:

      кинофильмдер мен телебағдарламаларда сомдайтын дәуірдің киімдерін құрайтын элементтер мен формасы;

      тігу жұмыстарының негізін;

      киімнің композициясын жасауға талап етілетін;

      бояуларды пайдалану ережесі және бекітілуі.

      Параграф 4. Костюмер, 5-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      костюм бойынша қиын түсірілім, телебағдарлама, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарды қызмет көрсету;

      ірі масштабты кинофильмдердің және тарихи телебағдарламалардың кейіпкерлеріне, әскери және тарихи-революциялы тақырыптағы эпизод рольдерін сомдайтын және тағыда басқа рольдерді сомдайтын өте көп актерларға қызмет көрсету;

      басты рольді сомдайтын актерларды киіндіру;

      жеті толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      47. Білуге тиіс:

      әртүрлі стиль мен дәуірдегі киімдерді құрайтын элементтер;

      тігу жұмыстарының негізін және техникасын;

      киімдердің маталарының фактурасын.

      Параграф 5. Костюмер, 6-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      костюм бойынша аса қиын әртүрлі тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарға қызмет көрсету;

      суретшінің бейнелеуі бойынша студияның фондынан немесе басқа ұйымдардың фондынан киімдерді және оларға аксессуарларды өздігінен таңдау;

      он толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      49. Білуге тиіс:

      әртүрлі стиль мен дәуірдегі киімдер;

      тарихи, арнайы және басқада күрделі киімдерді құрайтын элементтер мен пішіндер;

      матаның фактурасы және олардың технологиясын пайдалану.

      4. Пастижер өндірісіндегі бояушы

      Параграф 1. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 4-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанды талшықтарды тапсырыс берушілердің шаш үлгісінің түсімен немесе эталон үлгісімен бояу;

      шілтер, лента, тоқыма бау газ-ситты монтюра жасау үшін өңдеу және бояу;

      берілген рецептура бойынша қолданылатын материалдарды бояуға арналған бояуларды дайындау.

      51. Білуге тиіс:

      жасанды талшықтардың, бояулардың, қолданылатын материалдардың физикалық және химиялық құрамы;

      жасанды талшықтарды алдын ала дайындалған рецептура бойынша бояу технологиясы;

      түстану негіздері, қолданылатын қондырғылардың, құрылғылардың, құралдардың құрылымы және пайдалану ережелері.

      Параграф 2. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 5-разряд

      52. Жұмыс сипаттамасы:

      эталон үлгілері бойынша табиғи шаштарды бояу және мелирование жасап бояу;

      берілген рецептура бойынша табиғи шашты бояуға бояуларды дайындау.

      53. Білуге тиіс:

      табиғи шаштың физикалық және химиялық құрылысы;

      табиғи шашты бояу немесе мелирование жасап бояу технологиясы;

      табиғи шашты бояуға арналған бояуды дайындау технологиясы.

      Параграф 3. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 6-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      табиғи шаштарды, жасанды талшықтарды және басқада материалдарды тапсырыс берушілердің шаш үлгісінің түсімен немесе эталон үлгісімен және бояудың рецептурасын өңдеумен бояу;

      сынақ бояуларын өңдеу және шашты және талшықтарды тотықтыратын, реңк беретін және қалтқысыз бояулармен бояудың оңтайлы режимін таңдау;

      эталон үлгілері бойынша шашқа "мелирование" жасау үшін кесте жасау;

      шаштың "мелирование" үлгісінің, табиғи шаштың бояуының, жасанды талшықтың және басқада қолданылып жатқан материалдың сапасын тексеру.

      55. Білуге тиіс:

      бояулардың рецептурасы;

      табиғи шаштың, жасанды талшықтың және басқа да қолданылатын материалдарды бояу режимі;

      бояу және мелированиенің сапасын тексеру ережесін.

      5. Декорацияны өңдеуші маляр

      Параграф 1. Декорацияны өңдеуші маляр, 1-разряд

      56. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары декорацияны өңдеуші малярдың басшылығымен декорацияны бояу өңдеуіне және колер жасау бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      заттың үстін бояуға, желімдеуге және басқада малярлы жұмыстарды жасауға алдын ала дайындық.

      57. Білуге тиіс:

      бояу ісінің негізі;

      бояу жаққышпен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері;

      түсқағаздарды жапсыруға дайындау ережесі;

      шыныларды жуу және фундусты қалқанды тазалау тәсілдері;

      жұмыс құралдарының белгіленуі.

      58. Жұмыс үлгілері:

      1) жаңыршақ бір-бірлеп – қағу;

      2) түйіршекті әк – езу;

      3) бояу жаққыш, бояуға арналған құралдар, ағашты заттың үсті, фундусты қалқан, шыны, рама тазарту, жуу, сүрту;

      4) клейстер – қайнату;

      5) құм, бор, мәрмәр ұнтағы, үгінді – елеу.

      Параграф 2. Декорацияны өңдеуші маляр, 2-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны желім және майлы бояулармен қолдан және бояу пультімен қарапайым маляр жұмыстарын орындау;

      заттың үстін бояуға, жапсыруға және басқада маляр жұмыстарын істеуге дайындау;

      сылақтарды дайындау;

      тік бұрыштың және тіктөрт бұрышты конфигурацияның ойықтарын шынылау.

      60. Білуге тиіс:

      заттың үстін қарапайым бояуға;

      тегістеуге және жапсыруға дайындау ережесі;

      қолданылатын бояулар мен сылақтардың сортын;

      қолданылатын бояу пультін пайдалану ережесі және белгіленуі;

      сылақтарды дайындау тәсілі.

      61. Жұмыс үлгілері:

      1) ағаш заттардың үстін – олифтеу, қол щеткамен бояу;

      2) түс қағазбен немесе қағазбен жапсырылған заттың үстін – желімді бояулармен бояу.

      Параграф 3. Декорацияны өңдеуші маляр, 3-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны желім және майлы және эмальді бояулармен қолдан және бояу пультімен орташа күрделі маляр жұмыстарын орындау;

      қиын емес сылақ жұмыстарын орындау;

      қарапайым колерлар жасау;

      бейнелі ойықтарды шынылау;

      дайын белгілер мен қиын емес трафарет бойынша маляр жұмыстарын орындау.

      63. Білуге тиіс:

      малярлы және түсқағазды өңдеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың құрамы мен ассортименті;

      бояйтын ерітінділер мен қарапайым бояйтын құрамдарды дайындау тәсілі;

      қарапайым пішіндердің үстін өңдеу тәсілі;

      бояу, эмаль, лак және ерітінділерді сақтау ережесі;

      бояу пультінің түрлері;

      декорацияның қарапайым эскиздарын оқу ережесі.

      64. Жұмыс үлгілері

      1) заттың бетін – қарапайым суреттелген түсқағазбен өңдеу;

      2) едендер – дайын белгі бойынша бояу.

      Параграф 4. Декорацияны өңдеуші маляр, 4-разряд

      65. Жұмыс сипаттамасы:

      сурет және эскиз бойынша декорацияны желімді, майлы, эмальді бояуларды бояу пультін пайдаланумен күрделі маляр жұмыстарын орындау;

      жұмысты нитробояулармен қолдан жасау;

      күрделі суретті түсқағазға декорацияны жапсыру: мәрмәр, ағаш, кафель және басқалары;

      тегістеу, грунттау, бояу құрамдарын және бояудың әртүрінен колер жасау;

      күрделі тегістеу жұмыстарын орындау;

      заттың бетін грунттау;

      күрделі емес суретті мәрмәрға имитациялау;

      күрделі емес трафаретпен жазба жасау;

      күрделі емес трафаретті дайындаушы.

      66. Білуге тиіс:

      бояудың әртүрлі реңінің суретте жақсы көрінуі және тұрақтылығы;

      әртүрлі колерлер мен бояудың ерітіндісінің рецептурасын дайындау;

      трафаретті дайындау тәсілі;

      орташа күрделі эскизді оқу ережесі;

      мәрмәрдің әртүрінің текстурасы;

      сурет өнерінің элементі, әртүрлі бояу пультін пайдалану тәсілі;

      заттың бетін әртүрлі фактураларға өңдеу тәсілі.

      67. Жұмыс үлгілері:

      1) жазбалар – әртүрлі үстіңгі беттерге қарапайым шрифтпен, дайын трафаретпен, майлы бояумен орындау;

      2) боялған үстіңгі беттер – лакпен қапталған;

      3) ақ-қара фильмдерге декорация өндіру үшін желімді, майлы құрамдар - дайындау;

      4) түрлі-түсті шынылар – имитация.

      Параграф 5. Декорацияны өңдеуші маляр, 5-разряд

      68. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны өңдеу бойынша өте күрделі малярлы жұмыстарды орындау. Фонды көркем безендіру үшін, үш түрлі реңге дайындау және грунттау;

      заттың үстін алюминий және қола ертіндімен, графитпен өңдеу;

      суретшінің арнайы эскизі бойынша линолеум мен линкрусты таңдау және жапсыру;

      альфрейлі жұмыстарды орындау;

      аэрография тәсілімен заттың үстін өңдеу;

      саны төрттен аз емес пигменттер болса колерлар (желімді, майлы) жасау;

      декорацияға қажет фактураны жасау;

      жазбаларды күрделі трафаретпен жасау;

      күрделі трафарет жасау.

      69. Білуге тиіс:

      сурет өнерінің негізгі элементтері, линолеум, линкрустты жапсыру тәсілі және жабысатын мастик жасау;

      күрделі эскиздерді оқу ережесі, әртүрлі фактураларға заттың бетін өңдеу тәсілі;

      колерді таңдау ережесі;

      трафаретті дайындау тәсілі, заттың үстіне алюминий және қола ертіндімен;

      графитті жағу тәсілі;

      бояу пультінің барлық түрін пайдалана алу.

      70. Жұмыс үлгілері:

      1) баляснитерді – өңдеу;

      2) маңдайша – жазу;

      3) кабинеттер, жұмсақ купе вагондар – өңдеу;

      4) перила, ұшақ кабинасы, каминдер, көпір, паровоздар, әшекейлі тор – металдан жасау;

      5) плакаттар – дайындау;

      6) түрлі-түсті фильмдерді декорациялау үшін грунт, желім, майлы құрамдар – дайындау.

      Параграф 6. Декорацияны өңдеуші маляр, 6-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:

      сусалды және поталды жұмыстарды орындау;

      әртүрлі классқа жататын ағаштарға имитация жасау үшін жұмыстарды орындау: қызыл ағаш, карель аққайыңы, палисандр, жаңғақ ағашы;

      түрлі-түсті мәрмәрдің күрделі суретін имитациялау;

      үлгі бойынша бояулардың барлық түрін жасау;

      трафаретпен жазба және декорацияның, колоннаның тегістігін, төбені металмен, алтынмен, күміспен өңдеу;

      боямалау өнімдерді;

      рельефті бояу.

      72. Білуге тиіс:

      бағалы классқа жататын ағаштың имитациялы текстурасын;

      потальмен жұмыс істеу;

      әртүрлі материалдарға сусалды алтынды құю тәсілі;

      сурет өнерінің қарапайым тәсілдері;

      түс қалыптастыру ережесі.

      73. Жұмыс үлгілері:

      1) табиғи бағалы классқа арналған декоративті жиһаз – өңдеу;

      2) күрделі оюлар – трафаретпен жазу;

      3) күрделі ою, жиһаз, терезе, күмбез, аспалы шамдар – алтындау.

      6. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 2-разряд

      74. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыстық техникаларға қызмет көрсету бойынша біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен біріктіретін сымдар, дыбыстық аппаратураларын монтаждау және жөндеу жұмыстарын жасау, дыбыстық аппаратура мен қосалқы техниканы коммутациялау және дайындау;

      түсірілім мен дыбыстық басылымдар кезінде көмек көрсету; дыбыстық өткізгіш сымды тарқату және коммутациялау, өткізгіш сымдарды аппаратурадан ажырату және тағы басқа;

      түсірілім және дыбыстық басылымдар болып жатқан жерге дыбыстық аппаратураны және қосалқы техниканы жеткізу;

      сақтау орындарына дыбыстық аппаратураларды жеткізу және демонтаждау.

      75. Білуге тиіс:

      дыбыс басқыш жиынтықтың құрамы және ол жайлы жалпы мәліметтер;

      дыбыстық жолдарының бөлек элементтерінің белгіленуі, дыбыс басқыш техниканың коммутациясын;

      электротехника және радиотехника бойынша жалпы мәліметтер;

      дыбыс басқыш және дыбысты күшейткіш құрылғының түрлері;

      біріктіргіш өткізгіш сымдардың белгіленуі;

      электромонтажды және жөндеу жұмыстары барысында пайдаланылатын қарапайым құралды пайдалану ережесі;

      дыбыстық аппаратураны жөндеу және монтаждау барысында пайдаланылатын негізгі радиотехникалық материалдар мен бөлшектердің түрлері және белгіленуі.

      Параграф 2. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      76. Жұмыс сипаттамасы:

      біріктіретін сымдар (өткізгіш сымдардың) мен дыбыстық аппаратураны монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау;

      дыбыстық жабдықты түсірілім мен дыбыстық баспаларға, телеарна мен радиохабарламалар теледидарлы және радиобағдарламаларды жасауға аппаратты-студиялы блоктың жабдықтарын дайындау;

      микрофон (микрофон, микрофон ілмегін, микрофон тіреулерін) жабдықтарын орнату;

      микшер пульті мен микрофонның қуат беру көздерін қосу;

      түсірілім мен баспа жұмыстары кезінде қосалқы микрофонмен жұмыс жасау;

      қарапайым панорама – ірі жоспарлы түсірілімдер кезінде бір микрофонмен жұмыс жасау;

      өткізгіш сымдардың біріктірулерін, біріктіретін панельдер мен аралық ажырамаларды монтаждау және жөндеу жұмыстарын жасау;

      трансформаторларды жөндеу және орау;

      дыбыс басқыш және дыбыс шығарушы аппаратуралардың түзеткіш құрылғысын жөндеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың, қарапайым механикалық және электрлі ретке келтіруін жүзеге асыру;

      электроакустикалы өлшемдер жүргізу жұмыстарына қатысу. Өткізгіш сымды жөндеу.

      77. Білуге тиіс:

      электротехника мен радиотехниканың негізі, қызмет көрсетіліп жатқан дыбыс басқыш және дыбыс шығарушы аппараттың блок-сызбасын;

      қарапайым сызбасын, режиссер пультінің реттеу торабының және бөлшектерінің белгіленуі, микрофондардың түрлері, оларды қосу ережелері;

      біріктіру шлангтарының белгіленуі;

      магнитті жазбалар бойынша қарапайым мәліметтер;

      дыбыс техникалық жабдықтарды павильонда және табиғатта техникалық пайдалану;

      сақтау және тасымалдау ережелері;

      жұмыста қолданылатын өлшеу құралдары мен саймандарын пайдалану ережелері және олардың белгіленуі.

      Параграф 3. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      78. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыс басатын және дыбыс шығаратын аппаратураның сызба қағидалары бойынша жұмыстарды орындау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың бөлшектерін және тораптарын тексеру, бөлшектеу және қайта құрау, ақауларды, бұзылуларды анықтау және жою, жөндеу жұмыстарын жасау, бекітілген техникалық жұмыс режимдерінің орнығуын, қамтамасыз ету;

      дыбыстық жабдықты орнату және дайындау, оның барлық элементтерін радио және теледидардың аппараттық-студиялық блогында (АСБ) түсіруде коммутациялау;

      орташа жоспардағы кішкене декорацияларды түсіру кезінде әртүрлі микрофондармен панорамалау;

      күрделі емес стереофонды түсірілімдерді және микрофондардың статикалық орнатылуларымен стерео баспалар кезінде қызмет көрсету;

      стереофонды фильмдерді дыбыстау;

      павильонда және студияда радиобайланысты қосу және қызмет көрсету;

      фильмдерді және фонограммаларды қайта жазу кезінде дыбыс шығаратын аппараттың дыбыс жасауы;

      радиоаппаратты орнату және жөндеу;

      дыбыс шығару аппаратураларын павильонда және экспедицияда тасымалдау.

      79. Білуге тиіс:

      дыбыс техникасы, кино техникасы, магнитті баспаның негіздері, дыбыс басатын және дыбыс шығаратын аппаратураның жиынтықтарының түрлері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың қағидалы және монтажды сызбалары, АСБ радио және теледидар дыбысты белгілерінің өту блок сызбасын;

      дыбыс жолдарының бөлек тораптарының белгіленуі, радио және теледидарлы аппараттың және қозғалмалы теледидарлы станциялардың (ҚТС) дыбыс техникалық шектескен бөліктерінің белгіленуі;

      дыбыс басуға арналған кинопленка мен магнитті лентаның түрлері мен құрамы;

      түсіретін камера мен дыбыстық аппаратураның жиынтығының ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жалпы мәліметтер.

      Параграф 4. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      80. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыс басатын және дыбыс шығаратын аппараттың күшейткіш және түзеткіш құрылғыларына монтаж және жөндеу жұмыстарын жасау;

      дыбыстық жабдықты жөнге салу және дайындау жұмыстарын жасау; жабдықтардың жұмыс режимдерін тексеру жұмыстарын жасау және оның сапалы көрсеткіштерін өлшеу;

      ірі декорациялардағы жалпы және орташа жоспардағы түсірілімдер кезінде микрофон және микрофон жүйесін панорамалау;

      құрамы аз оркестрлердің басылымдары кезінде микрофондарды орнату және жұмыс жасау;

      дыбыс операторының басшылығымен дыбыс және дыбыс шығару кезінде синхронизациялау түрін таңдау;

      ірі нысандарды радиофикациялауға арналған бірнеше дыбыс күшейткіштерді табиғатта түсірілім кезінде радиобайланыспен жұмыс жасау;

      жаңа жетілген жүйені есепке ала отырып дыбыс және радиоаппаратураны қайта өңдеу;

      трансформаторларды орау;

      дыбыс жабдықтарын және радиоаппаратураны реттеу және жөндеу;

      дыбыс жабдықтары мен әртүрлі құрылғыларға профилактикалық күтім;

      АСБ радио және теледидар дыбыс жабдықтарына өлшеуді жүргізу.

      81. Білуге тиіс:

      дыбыс басу технологиясының негізі, дыбыс акустикасы элементінің теориясы;

      жұмыс жасап жатқан жабдықтың техникалық сипаты, түсіретін оптиканың қолданылу ережесі;

      қолданыстағы синхронизация жүйесінің қағидасы бойынша түсірілім камераларының түрлері;

      түсіретін камера мен үнтаспаны синхронизациялау тәсілдері;

      негізгі видео (видеобақылау құрылғылары, осциллографтар), құралдарының бақылау-өлшеу құрылғыларын пайдалану ережелері және оларды коммутациялау;

      АСБ радио және теледидар өлшеулерінде қолданылатын өлшеу құралдарын қолдану қағидалары және пайдалану ережелері;

      дыбысты локализациялауды есепке ала отырып стереофонды баспа кезінде кадр бойынша микрофондарды қою.

      Параграф 5. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      82. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыстық аппаратураның жаңа әзірлемесін монтаждау бойынша жұмыстарды жасау;

      стереофонды дыбыспен ірі форматты фильмдерге арналған дыбыстық аппаратураны монтаждау және жөндеу, дыбыс жолдарының параметрлерін өлшеу;

      күрделі панорамалы көпшілік көрінісін және стереофонды дыбыс баспаны жасауда 5-10 микрофонды пайдаланып, стереофонды түсірілім кезінде дыбыс жабдығына техникалық пайдалану қызмет көрсету;

      көп құрамды оркестрды басу кезінде микрофондарды орнату және жұмыс жасау;

      дыбыс режиссерымен бірге дыбыс басу;

      дыбыс басу және дыбыс шығару аппараты жұмысының синхрондылығын тексеру;

      қозғалмалы және дыбыс басқыш аппаратураны оған профилактикалық жөндеужұмыстарын жасап эксплуатациялы жағдайда жұмыс жасау;

      АСБ радио және теледидар, радиохабарламалы және кезкелген күрделіліктегі (көпканалды магнитофондар, авторереттегіштер, ревербераторлар, кідіріс желісі, бекіту аппараттары және тағы басқа) дыбыс басқыш аппаратураға бекітілген жабдыққа жөндеу жұмыстарын жасау және сынау;

      жұмыс жасап жатқан жабдыққа, технологиялық процессорларды автоматтау бойынша дайындық және жөнге салу жұмыстарын жүргізу.

      83. Білуге тиіс:

      электроника, телевидение, электроакустика, стерефония негіздерін;

      дыбысты жабдықтың кешенді құрылғысын, ревербераторлар, автореттегіш және басқада арнайы эффекиқа арналған құрылғыларды;

      видеомагнитофонның дыбыстық каналының құрылғыларды;

      желі жабдықтарының дыбыстық сызбаларының қағидалары;

      дыбыстың сыртқы негіздерінің барлығының коммутациялауды;

      қолданылатын өлшегіш құралдардың құрылымы және техникалық мүмкіндіктері;

      қозғалмалы электростанциялардың, генераторлардың және қайта құрушының жұмыс тәртібі.

      Параграф 6. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 7-разряд

      84. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі санды дыбыс баспаны жүзеге асыру бойынша дыбыс станциясында жұмыс жасау;

      дыбыстық жабдықтың барлық түрін орнату, монтаждау жұмыстарын орындау, бірегей аппаратуралы студиялы кешенге және радио бағдарламаны өндіріп жатқанда оларды коммутациялау;

      дыбыс техникасының барлық жинағының жұмысын бақылау;

      дыбыстық жабдықтың және радиоаппараттың әртүрлі блогының өзара әрекеттесуін тексеру;

      АСБ радио және теледидар, радиохабарлама және дыбыс басқыш аппаратураға бағдарламаны басқару электронды құрылғысын пайдалана отырып техникалық пайдалану, кешенді жөндеу және дыбыс жабдықтарының барлық түріне жөндеу жұмыстарын жасау;

      дыбыс станциясы мен дыбыс аппаратурасының жұмысындағы тоқтап қалу мен ақауларды талдау және кез-келген күрделі дыбыс жабдығына жөндеу жұмыстарын жасау және сынау;

      жаңа дыбыс техникасын монтаждау жөндеу жұмыстарына және игеру жұмыстарына қатысу.

      85. Білуге тиіс:

      дыбыс техникасының, электроакустика, стереофония негіздерін;

      дыбыстық станция, дыбысты жабдықтың жинағының құрылымы;

      ревебераторлар, авторегуляторлар және басқада арнайы эффектке арналған құрылғыларды, желі жабдықтарының дыбыстық сызбаларының қағидалары;

      дыбыстың сыртқы негіздерінің барлығының коммутациялауды;

      электр құрылғыларының конструкциялы ерекшеліктері және дыбыс техникасының басқару жүйесі;

      дыбыстық жабдықтың диагностикалау және жөндеу жұмыстарын жасау бойынша жұмыстың орындалу тәсілдері;

      дыбыс станцияларында пайдаланылатын аппаратты және бағдарламаны қамтамасыз етуді.

      86. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      7. Магнитті баспалардың операторы

      Параграф 1. Магнитті баспалардың операторы, 3-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:

      магнитті жазбаларды және қайта жазуларды орындау;

      магнитті баспаларды тыңдау үшін дыбыстау;

      дайын магнитті баспаларды эфирге шығару үшін дыбыстау;

      жұмыс жасалып жатқан жабдықты дайындау;

      фонограмма басу жұмысына дайындық және магнитті лентаны ажырату, алу және дайындау;

      эфирде материалдың берілу тәртібі бойынша редактормен салыстыру;

      магнитті лентаны ажырату және ракордтты жапсыру;

      магнитті баспаларды дыбысталуға тапсыру үшін безендіру.

      88. Білуге тиіс:

      электротехника және радиотехника бойынша қарапайым мәліметтерді;

      коммутациялы аппараттың сызбасын, магнитофон мен хабарлау пультін пайдалану ережесі;

      аппаратты пайдалану бойынша технологиялы нұсқаулықты;

      техникалық құралды пайдалану ережесі;

      техникалы құжатнама жүргізу;

      жұмыс жасайтын аппаратураның күтім ережесін.

      Параграф 2. Магнитті баспалардың операторы, 4-разряд

      89. Жұмыс сипаттамасы:

      көп каналды магнитті баспаларды орындау;

      магнитті баспаларды монтаждау, сонымен қоса баспаны күту монтажы;

      дайын магнитті баспаны кез-келген мақсатта дыбыстау;

      магнитті баспа бойынша біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен әртүрлі жылдамдықтағы өлшеу лентасын дайындау;

      бағдарламаларды жүргізу: дыбыстау, микширлау деңгейлерін ретке келтіру, диктор жұмысындағы динамикалы диапозонды қысу разрядін бақылау және орнату.

      90. Білуге тиіс:

      электротехника және радиотехника негіздері;

      магнитті баспаның стандартты деңгейлері;

      жұмыс жасап жатқан жабдықтың электроакустикалық параметрлері;

      деңгейді өлшеуіштерді, магнитофондарды және акустикалы агрегаттарды;

      бөлек тораптарды және хабарлау пультінің блогының құрылымы және белгіленуі;

      аппаратты резервтеу сызбасын;

      дыбысты белгіні өңдеу тәсілдері;

      дайын магнитті баспаны безендіру және тапсыру ережелері;

      фонограмма мен өлшеу ленталарының техникалы жағдайлары;

      эфирге шығатын материалдар мен хабарланатын бағдарламаларды салыстыру ережесі.

      Параграф 3. Магнитті баспалардың операторы, 5-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:

      стреофонды баспа жасау;

      магнитті баспаны қондыру тәсілімен монтаждау және электронды монтаж;

      барлық түрдегі өлшеу ленталарын жасау;

      кез-келген дыбыс басылған құрылғыдан магнитті лентаға қайта басу;

      дыбыс басқыш және хабарлау аппаратурасын техникалы қадағалауды қамтамасыз ету;

      барлық бағдарламаларды жүргізу;

      магнитті баспаның көркем бағдарламасын монтаждау.

      92. Білуге тиіс:

      техникалы жабдықтың аппаратының негізгі параметрлері және түрлері;

      құрылымы, жұмыс мақсаты, стереофонды белгілер, стерогониметр құрылғысы және онымен қалай жұмыс істек керек екендігі және олар туралы жалпы түсінік;

      магнитті баспаларды және қайта басуларды безендіру ережелері;

      радиохабарламасының ұйымдастыру құрылымы;

      трансляциялы бағдарламаларды өткізу тәртібі;

      автореттеуіштің жұмыс істеу қағидасы, автоматиканың негіздері.

      Параграф 4. Магнитті баспалардың операторы, 6-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанда реверберацияны пайдалана отырып магнитті бапс жасау;

      күрделі монтаждарды қондыру тәсілімен өңдеу;

      магнитті баспаларды қалпына келтіру үшін жаңарту жұмыстарын жасау;

      дыбыс басқыш аппараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу;

      магнитті баспа аппараттарын электрлі және механикалы ретке келтіру.

      94. Білуге тиіс:

      магнитті және пластикті ревербаторларды, жиілік корректорларды орнату, белгілену және қолданылу және пайдалану ережесі;

      музыкалы сауаттылық туралы қарапайым мәліметтер;

      магнитті баспа аппаратын реттеу тәсілдерін және ережелерін.

      Параграф 5. Магнитті баспалардың операторы, 7-разряд

      95. Жұмыс сипаттамасы:

      көпканалды магнитті баспаны орындау және оларды жүйеден тыс монтаж станциясына апару;

      күрделі монтажды аналогты, сандық жабдықта дыбыстық белгіні жиілік-динамикалы өңдеу мен компьютерлік техниканы пайдалана отырып жасау;

      сандық, магнитті, көп оптикалы құрылғыдан, сонымен қоса компакт дискіден қайта басу;

      дыбыс басқыш және хабарлау аппаратурасының жұмысын тексеру;

      магнитті баспаның параметрлерін және дыбысталуын ретке келтіру;

      жұмыс жасап жатқан жабдықты диагностикалау және профилактика жұмыстарын жасау және оның жұмыстағы ақауларын жою;

      магнитті баспаларды монтажды компьютер станцияларын пайдалана отырып қайта өңдеу жұмыстарын жасау;

      дыбыс басқыш жабдықтарының жаңа үлгілерін енгізу бойынша жұмыстарға қатысу;

      техникалық құжатнама жүргізу.

      96. Білуге тиіс:

      теледидар және радиохабарлама технологиясын;

      магнитті баспаның сапасына (деңгейіне) қойылатын техникалы талаптар және мемлекетті стандарттар;

      дыбыс белгілерін өңдеу тәсілдері;

      магнитті баспаның қолданыстағы аппаратурасын орнату, белгілену және реттеу ережелері;

      магнитті баспаның және компьютер техникасы аппаратурасын пайдалану нұсқаулықтары;

      станция технологиясында пайдаланылатын желіден тыс монтажды пайдаланушы деңгейінде аппаратты және бағдарламалы қамтамсыз ету;

      дыбыс ақпаратын өңдеу тәсілдері;

      магнитті баспа және дыбысталудың параметрлері.

      97. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Магнитті баспаны және фонограммаларды стереофонды және монофонды нұсқаларда арнайы дыбыс белгілерін өңдеу құралдарын пайдалана қайта басуды орындау кезінде: компьютер техникасы, ревербератор, эквалайзер, шуды азайту жүйесі және тағы басқа 8-разряд

      98. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      8. Жарық түсіруші

      Параграф 1. Жарық түсіруші, 3-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:

      жарық түсіруші аппаратураның жұмыс істеуіне дайындық жұмыстарын жасау: линзаларды жуу, құралдар, шторок, тубустарды сүрту; түсірілім телімінде жарық түсіруші жабдықтардың орның ауыстыру және тасымалдау; құралдарды штативқа орнату;

      біліктілігі жоғары жарық түсірушінің басшылығымен қарапайым жарық түсірулерді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында жұмыс жасау;

      жарық түсіру аппаратураның барлық түрімен жұмыс жасау, жүйені қамтамасыз ететінінен басқа: дистанциялы басқарма пульттерін, регуляторларды;

      жарық түсіруші аппаратураның профилактикалы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      100. Білуге тиіс:

      электротехника негіздері, жарық түсіруші аппаратураның негізгі түрлері және оның белгіленуі;

      коммутациялы және басқа да құрылғыларды қоса, кабель, лампа және углей маркалары.

      101. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіруші аппаратура, линза – тазарту;

      2) жазық қабырғала және төбелерді қарапайым декорациялау – жарық түсіру;

      3) диктор – жарық түсіру;

      4) кабель – ақау жоқтығын тексеру;

      5) шамдар – тексеру және ауыстыру;

      6) түсірілім теліміндегі металл конструкциялар – монтаждау және ілу;

      7) тубус және кашеттар – орнату;

      8) таған – майлау.

      Параграф 2. Жарық түсіруші, 4-разряд

      102. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым жарық түсірулерді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында жұмыс жасау;

      жарық түсіруші партитураға сәйкес көрініс, концерт, цирк қойылымдары және дайындықтар кезінде сахнаға жарық түсіру;

      шығу жұмыстары кезінде жүйелі жарық түсіруші аппаратураны орау және тасымалдау;

      қарапайым оператордың жарық сызбасы бойынша жарық түсіруші аппаратураны монтаждау және демонтаждау;

      қуат кабельдерінің фазасы бойынша жарық түсіруші аппаратураларды біркелкі етіп орнату;

      жарық түсіруші аппаратураға профилактикалы тексеріс және профилактикалы жөндеу жұмыстарын жасау;

      жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою.

      103. Білуге тиіс:

      электротехника негіздері, нысандарға жарық түсірудің түрлері мен тәсілдері;

      жарық түсіруші аппаратураның жүйесі;

      коммутациялы аппаратураның электро сызбасы және олардың түрлері;

      теледидарлы жіберетін трубоктардың параметрлері және кинопленканың түрлері.

      104. Жұмыс үлгілері:

      1) ірі фондармен декорация – жарық түсіру;

      2) көп жоспарлы интерьерлер – жарық түсіру;

      3) найзағай әсері – жасау.

      Параграф 3. Жарық түсіруші, 5-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      телеоператордың басшылығымен павильонда және табиғатта күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      жарықтың сапа бақылауы;

      жарық түсіруші аппаратурасының бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен таңдап алу және тексеру, күрделі оператор сызбасы бойынша оны монтаждау және демонтаждау;

      күрделі жарық эффектілерін жасау; түнгі және кешкі сахналарға жарық түсіру.

      106. Білуге тиіс:

      жарық техникасы мен оптика негіздері;

      сахнаға жарық түсірудің негізгі элементтері;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың сипаттамасы және түрлері;

      доғалы және галогенді циклмен жарық көздері;

      жарық түсіретін аппаратураның барлық түрлерінің электрлі және кинематикалы сызбалары.

      107. Жұмыс үлгілері:

      1)әртүрлі көздерден қосылған жарық түсіргіш аппаратура – электромонтаж;

      2) күрделі архитектура декорациясы – жарық түсіру;

      3) қозғалатын нысандар – жарық түсіру;

      4) күрделі ойын алаңдары – жарық түсіру;

      5) жарық түсіру гаммасы бойынша эффекттер – жасау.

      Параграф 4. Жарық түсіруші, 6-разряд

      108. Жұмыс сипаттамасы:

      павильонда және табиғатта күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      қашықтықтан басқаратын жарық түсіруші аппаратураны қолданып күрделі жарық эффекттерін жасау;

      жарықпен безендірудің кез-келген сызбасы бойынша жарық түсіруші аппаратураны монтаждау және демонтаждау;

      жұмыс диагностикасы, жарық түсіруші аппаратураның барлық түріне жөндеу жұмыстарын жасау.

      109. Білуге тиіс:

      жарық және түстану негіздері;

      жарық түсіруші аппаратураның әртүрлі жүйесінің қолдану қағидалары;

      пайдаланылатын электро өлшегіш және бақылау құралдарының құрылысы;

      пайдалану ережелері, қолданыстағы жүк көтергіш механизм.

      110. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіргіш аппаратура, коммутациялы құралдар, фильтрлар – таңдау және орнату;

      2) жарық– алғашқы орнату;

      3) түзететін фильтрлер – орнату;

      4) кернеудің өзгеруімен күрделі жарық эффекті – жасау.

      Параграф 5. Жарық түсіруші, 7-разряд

      111. Жұмыс сипаттамасы:

      өте күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі-түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      санды басқару бағдарламасымен жарық түсіруші аппаратураны қолданып өте күрделі жарық эффекттерін жасау;

      компьютер пульттарында немесе жеке компьютерлерде жарық партитурасын жасауда және басуға қатысу;

      жарық түсіргіш жабдықтың жинағының жұмыс параметрларын бақылау;

      жарық түсіруші жабдықтың жинағының жұмыс ақауларының табу, диагностикадан өткізу, ақауларды жою;

      жарық түсіргіш техниканың жаңа түрлерін енгізу жұмыстарына қатысу.

      112. Білуге тиіс:

      жарық түсірілетін кеңістіктің құрылым негізі;

      жарық түсіргіш аппаратурасының жарық және түс параметрлерін;

      жарық түсірудің арнайы бағдарламалары;

      бағдарламаны санды басқарумен жарық түсіру құралдарының қолданыс қағидалары,

      дербес компьютермен және жарықтық компьютер пульттарын пайдалану ережесі;

      электроника негіздері;

      қолданылатын жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережелері;

      жарықты басқару жаңа технологиялары.

      113. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      114. Жұмыс үлгілері:

      1)санды басқару бағдарламасымен жарық түсіргіш жабдық – коммутация;

      2) жарық партитуралары – жарықтық компьютер пультына немесе дербес компьютерлерде баспа жасау және оны дыбыстау.

      Параграф 6. Жарық түсіруші, 8-разряд

      115. Жұмыс сипаттамасы:

      жарық түсіруші техниканың барлық түрін, санды бағдарлама басқару және сканер құрылғыларын кешенді қолданып аса күрделі эффект жасау;

      телеоператордың басшылығымен компьютер пульттарында немесе дербес компьютерде жарық партитурасын жасау және басу;

      жарықты конструкцияның модульдерін, жарық түсіргіш құралдарды, санды және аналогты басқарумен үшті және тиристорлы құрылғыларды ұйымдастыру, жинау, монтаждау, ілу, коммутациялау жұмыстарын басқару;

      жарық түсіргіш аппаратураның талап етілетін жұмыс параметрлерін бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен қолдау;

      қолданыстағы жарық түсіргіш жабығын модернизациялау жұмысына қатысу.

      116. Білуге тиіс:

      жарық түсірілетін кеңістіктің құрылым негізі;

      жарық түсіргіш аппаратурасының жарық және түс параметрлерін;

      жарық түсіргіш аппаратураны жинау және монтаждау қағидалары;

      жарық түсіргіш модульді жинау және монтаждау қағидалары;

      жарық түсірудің арнайы бағдарламалары;

      дербес компьютердің қолдану қағидасы және пайдалану ережесі;

      жарықты компьютер пульті және сканерлеу құралдары;

      электротехника негіздері, жарықты басқару заманауи технологиялары;

      жүк-көтергіш механизмдердің белгіленуі және пайдалану ережелері.

      117. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      118. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіруші аппаратураның барлық түрі – әртүрлі қуат беру көздеріне қосылу;

      2) жарық түсіруші модуль – жинау және коммутациялау;

      3) түсіру алаңында өте көп нысанды және жарықты қоюдың ерекше жағдайларымен телебағдарлама және шоу бағдарлама - қызмет көрсету.

      9. Пастижер

      Параграф 1. Пастижер, 3-разряд

      119. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанды талшықты майсыздандыратын және жуатын заттардың көмегімен арнайы ертіндімен өңдеу, талшықтың жылтырын кетіру, антистатикалы және тұтануға қарсы өңдеу;

      жасанды талшықты нөмірімен сорттау, орау және кесу, жасанды талшықты байламға қалау, орау және қоймаға тапсыру.

      120. Білуге тиіс:

      пастажир өнімдерін өңдеу үшін жасанды талшықтың түрлері;

      өңдеу технологиясын және жасанды талшықты сорттау ережесі;

      қолданылып жатқан жабдықты, құралды, құрылғыны пайдалану ережесі және құрылымы.

      Параграф 2. Пастижер, 4-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      майсыздандыратын және жуатын заттарды қолданып табиғи шашты арнайы ертіндімен өңдеу;

      тұлымға буылған табиғи шашты дезинфекциялау, жуу, қайнату және кептіру;

      табиғи шашты түсі және ұзындығына байланысты сорттау, шашты тұлымға қалау, тарау;

      таралған шашты қалау және кішкентай байламға байлау, шаштың ұшын тегістеу, орау және қоймаға тапсыру.

      122. Білуге тиіс:

      пастижер өнімдерін дайындау үшін қолданылатын табиғи шаштың түрлері;

      өңдеу технологиясын және табиғи шашты сорттау,

      қолданылып жатқан жабдықты, құралды, құрылғыны пайдалану ережесі және құрылымы.

      Параграф 3. Пастижер, 5-разряд

      123. Жұмыс сипаттамасы:

      шиньон, бұрым, кірпік, қастарды табиғи шаштан және жасанды талшықтан жасау бойынша жеке тапсырыстарды дайындау және жөндеу жұмыстарын жасау;

      қию және шиньондарды, бұрымдарды, кірпіктерді безендіру;

      парик, жартылай парик, жапсырмаларды, контраньерларды біліктілігі жоғары пастижердің басшылығымен дайындау.

      124. Білуге тиіс:

      түстану негіздері, табиғи шаштан және жасанды талшықтан тамбурлау және трестеу тәсілімен пастижер өнімдерін дайындау технологиясы және жөндеу жұмыстары;

      табиғи шаша пен жасанды талшықтың құрамы;

      қолданылып жатқан жабдықты, құралды;

      құрылғыны пайдалану ережесі және техникалы сипаттамасы.

      Параграф 4. Пастижер, 6-разряд

      125. Жұмыс сипаттамасы:

      косметикалық және арнайы париктерді, басқа да пастижер өнімдерін дайындау және жеке тапсырыс бойынша жөндеу жұмыстарын жасау: жартылай парик, жапсырма, контраньерлар;

      парикті, жартылай парикті, жапсырманы, контраньерларды дайындау үшін өлшемін алу және тапсырысты мода бағытын есепке ала отырып және тапсырыс берушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып жасау;

      пастижер өнімдерін қию, химиялы бұйралау және шаш сәнін көркем безендіру.

      126. Білуге тиіс:

      пастижер өнімдерін дайындау үшін өлшемдерді ау ережесі;

      моданың бағытын.

      10. Реквизитор

      Параграф 1. Реквизитор, 2-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары реквизитордың басшылығымен түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықты деректеме заттарымен және перделеу жұмыстарын орындау;

      қоймадан суретші таңдап алған деректеме заттарын, перделеу, жиһаздарды таңдау және алу, оларды салу және орау;

      түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарында деректеме, перделеуді, жиһазға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау;

      жиһазды және деректеме заттарын орнын ауыстыру, тасымалдау;

      деректеменің түгелдігін және санитарлы жағдайын қамтамасыз ету;

      түсірілім мен дайындық кезінде кезекшілік ету.

      128. Білуге тиіс:

      деректеме, жиһаз, перделеудің фонды бар екенін, қарапайым тігу, жапсыру, жуу техникасын, малу құралы, желім, лакты пайдалану ережесі және дайындау;

      жиһаз және деректеменің орнын ауыстыру, тасымалдау, сақтау тәсілдерінің ережесін;

      материалды есептіліктің тәртібі және формасы.

      Параграф 2. Реквизитор, 3-разряд

      129. Жұмыс сипаттамасы:

      деректеме бойынша қарапайым заманауи тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықта қызмет көрсету;

      суретшінің нұсқауымен қажет деректемені, жиһазды және перделемені өз қорынан жинақтау;

      эскиз бойынша және суретшінің нұсқауымен қарапайым декорацияны деректемемен, жиһазбен, перделемемен безендіру;

      павильон жағдайында түсіріліп жатқан фильм, телебағдарламаның деректемесін жүйелеу;

      құнды деректеме мен жиһаздың затын салу, орау және тасымалдау;

      деректеме, жиһаз, перделемені түсірілім және дайындық барысында кішігірім жөндеу жұмыстарын жасау;

      деректемемен қамтамасыз ету үш толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      130. Білуге тиіс:

      деректемені түсірілім алаңында бөлшектеп қою;

      деректеме, жиһаз, перделемені белгілену, жөндеу техникасы, сақтау ережесі;

      орау тәсілдері және санитарлық профилактиканы.

      Параграф 3. Реквизитор, 4-разряд

      131. Жұмыс сипаттамасы:

      деректеме бойынша орташа қиындықтығы түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықта қызмет көрсету;

      фильм және тарихи, қиял ғажайып тақырыптағы телебағдарлама, ертегі – киноларда қызмет көрсету;

      экспедиция жағдайында түсіріліп жатқан фильмнің деректемесін жүйелеу;

      қажет деректемені, қаптаманы және жиһазды суретшінің нұсқауымен басқа ұйымдардың фондынан жинақтау;

      эскиз бойынша және суретшінің нұсқауымен орташа қиындықтағы декорацияны деректемемен, жиһазбен, қаптамамен безендіру;

      деректемеге ие болу және оны сақтау;

      деректеменің талап етілетін фактурасын жасау;

      деректемемен қамтамасыз ету бес толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      132. Білуге тиіс:

      деректеменің, жиһаздың, перделеменің негізгі стильдері, бояудың белгіленуі және пайдалану ережелері;

      бутафор, түсқағаз-қаптау және ағаш-ұсталықтың негізгі элементтері;

      өңдейтін материалдардың белгіленуі, фильмдердегі режиссер сценарилерін және бағдарламаның қойылымын.

      Параграф 4. Реквизитор, 5-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      деректеме бойынша күрделі түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындықтарға қызмет көрсету;

      әскери және тарихи тақырыптағы ірі масштабты фильмдерде қызмет көрсету;

      эскиз бойынша және суретшінің нұсқауымен орташа қиындықтағы декорацияны деректемемен, жиһазбен, қаптамамен безендіру;

      үлкен габаритті деректеме жиһазын бөлшектерге бөлу және бөлшектерді түйреуге монтаждау;

      қажет деректеме, жиһаз, қаптамамен өз қорынан жинау;

      деректеме, жиһаз, қаптамамен декорацияны безендіру үшін үлгі және жоспарлау, сызбаларды өңдеу жұмыстарына қатысу;

      деректемемен қамтамасыз ету бес толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      134. Білуге тиіс:

      деректемені орналастыру сызбасы мен үлгісі, бутафор, түсқағаз-қаптау және ағаш-ұсталықтың негізгі элементтері;

      әр түрлі стиль мен дәуірдегі деректеме және қаптама.

      Параграф 5. Реквизитор, 6-разряд

      135. Жұмыс сипаттамасы:

      деректеме бойынша өте күрделі кез-келген тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарын және дайындық қызметін көрсету;

      суретшінің нұсқауымен басқа ұйымдардың қорынан деректеме, жиһаз, қаптаманы жинау;

      деректемемен қамтамасыз ету он толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек

      136. Білуге тиіс:

      жиһаздар стилін, әр түрлі стиль мен дәуірдегі деректеме және қаптама;

      бутафор, түсқағаз-қаптау және ағаш ұсталық жұмыстарының орындау ережелері.

      11. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы

      Параграф 1. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 1-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      қолдан жасалған декорация бөлшектерінің түйіндерін дайындау және жинау;

      қарапайым жиһазды жасау;

      кесетін құралды қайрау және май құю;

      ағаш өнімдеріне арналған желімді дайындау;

      қарапайым ағаш өнімдерін дайындау;

      қырлы бөрене мен тақтайларды механикалы өңдеуден кейін тазарту.

      138. Білуге тиіс:

      ұсталық жұмыстардың негіздері;

      ағаш өңдейтін қарапайым станоктардың түрлері;

      ұсталық жұмыстарда қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын және жұмыс құралдарын белгілеу.

      139. Жұмыс үлгілері:

      1) ұсталы өнімдер – бөлшектеу;

      2) қалқандар, рама астына қоятындар, ән қобдишасы мен табуретті, бақшаға арналған қарапайым орындық, сәлем саухат жәшігі дайындау үшін тік бұрышты фанера – дайындау.

      Параграф 2. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 2-разряд

      140. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба және эскиз бойынша қарапайым ұста жұмыстарын орындау;

      қарапайым декорация мен жиһаздың бөлшектерін қолдан жасау және кезектегі өңдеуді жинау, дайындау;

      қолдан немесе механикалы жіберіп отыратын ағаш өңдейтін станокта қарапайым бөлшектерді өңдеу;

      орташа қиындықтағы ағаш өнімдерін жөндеу.

      141. Білуге тиіс:

      ағаштың түрлері және оның ақаулары;

      ағаш өңдеудің негіздері, ағаш және казеинді желімнің құрамы;

      кесетін және өлшейтін құралдың жұмыста пайдалану тәсілдері;

      негізгі қатты және ағаштың жұмсақ түрлерінің орман материалдарының жалпы ағаштың қатты және жұмсақ түрлерінің сорты;

      эскиз бойынша күрделі емес шаблон;

      бөлшек және қосылыстарды сызып алу негіздері.

      142. Жұмыс үлгілері:

      1) кронштейндегі тор полкалар, жұқа тақтайдан тіке бөгет, қарапайым рама, табуреттер – дайындау;

      2) фанерадан шрифтер және сандар – дайындау.

      Параграф 3. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 3-разряд

      143. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба және эскиз бойынша орташа қиындықтағы ағаш – өңдеу жұмыстарын орындау;

      орташа қиындықтағы декорация мен жиһаздың бөлшектерін өңдеу, жинау және дайындау;

      сәнді жиһазды дайындау және жинау;

      қолдан немесе механикалы жіберіп отыратын ағаш өңдейтін станокта орташа қиындықтағы бөлшектерді өңдеу;

      күрделі ағаш өнімдерін жөндеу;

      кесетін құралды қайрау және май құю.

      144. Білуге тиіс:

      ақ ағаштың түрлері;

      ағаштың түрлерін анықтау ережелері;

      өңдейтін материалдардың белгіленуі;

      ағаш өңдейтін станоктарда өңдеу тәсілдері;

      орман материалдарын электро құралмен өңдеу ережелері;

      қарапайым сызба мен эскиздерді оқу ережелері;

      желімнің түрлерінің рецепті.

      145. Жұмыс үлгілері:

      1) тік каркасты колонналар, панельді қарапайым есіктер, терезе ағашы, дөңгелек және тік қималы ұстағыштар, фигуралы торлар, қисық кескінді қораптар, терезе арналған күрделі профильді тақтайлар – дайындау;

      2) кесетін құралдар – орнату.

      Параграф 4. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 4-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба, эскиз және суретшінің нұсқауларымен декорация бөлшектерін дайындау және жинау бойынша күрделі ұста жұмыстарын жасау;

      қолдан немесе механикалы жіберіп отыратын ағаш өңдейтін күрделі станокта күрделі бөлшектерді өңдеу;

      күрделі тоғысуларды дайындау;

      жиһазды жаңарту жұмыстарын жасау;

      заттың үстін желімдеуге дайындау және тазалау.

      147. Білуге тиіс:

      ұста өнімдерінің түрлері мен құрылымдары;

      ағашты өңдеуге арналған құрылғының құрылымы мен белгіленуі;

      ағашты механикалы өңдеу технологиясы,

      заттың үстіңгі бетін өңдеу тәсілдері;

      орташа күрделі сызба және эскиздерді оқу ережесі.

      148. Жұмысқа сипаттама.

      1) фигуралы ілгішпен бөрене колонналары, ішкі күрделі кескін және вразноус қосылыстарымен терезе және есік ағашы, карниз және фигуралы тоғысатын тұтқа – дайындау;

      2) ағаштың құнды түрінен портретке арналған рамалар, кішкене орындықтар, славян шкафтары – дайындау, жылтырату.

      Параграф 5. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 5-разряд

      149. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба, эскиз және суретшінің нұсқауларымен декорация бөлшектерін дайындау және жинау, стильді жиһаз дайындау бойынша өте күрделі ұста жұмыстарын жасау;

      заттың үстін өңдеу, лактау.

      150. Білуге тиіс:

      ағаштың технологиялы құрамы: шалыстық, күрделі колонналарды, рама және есіктерді дайындауда серпімділік, өңдеу материалдарын дайындау тәсілдері және рецептура;

      заттың бетін политура және лакпен өңдеу;

      фанерлеумен өңдеу тәсілдері.

      151. Жұмыс үлгілері:

      1) ионды колонналар – дайындау;

      2) терезе рамалары, әртүрлі стиль мен дәуірдегі есіктер – дайындау, жинау және жылтырату.

      Параграф 6. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 6-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба, эскиз және суретшінің нұсқауларымен өте күрделі әртүрлі стильге және дәуірге жататын архитектура құрылыстарын орындау;

      заттың үстіңгі бетін жылтырату;

      стильдің және дәуірдің барлық түрінің жиһаздарын және ағаштың құнды түрінен жасалған музыка аспаптарын дайындау, жаңарту жұмыстарын жасау;

      күрделі панельдерді құрау және орнату.

      153. Білуге тиіс:

      жылтыратқыш, улағыш және лактардың құрамы және оларды пайдалану ережелері;

      ағаштың құнды түрі, бөлшекті сызу және бұйымдардың тоғысу ережелері.

      154. Жұмыс үлгілері:

      1) ішкі күрделі кескінмен және вразноус қосылыстарымен фанерленген заттың беті – жылтырату;

      2) каннелюрлы күмбез тәріздес жиынтық, каннелюрлы бөшке тәріздес колонналар, күмбез тәріздес нишалар, кесонды төбелер – дайындау.

      12. Декорация қоюшы

      Параграф 1. Декорация қоюшы, 1-разряд

      155. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны құрауда және бөлшектеуде дайындық жұмыстарын жасау;

      бөрене, пластина және тақтайды сыртынан тазарту;

      дайын тетіктерге болтты қою;

      тұтқаны қағу;

      шымда қаптамасымен кесу және көтеру;

      декорация аймағын үгінділер, құм, топырақ және құрылыс қоқыстарымен бітеу;

      аумақты жоспарлау;

      ағаш бөлшектерін декорацияны орнату кезінде кейінгі пайдалану үшін бөлшектеу;

      бөлшектерді, фундус қалқандарын құрылып жатқан декорацияға әкелу.

      156. Білуге тиіс:

      орнату жұмыстарының негіздері;

      құрылыс тәсілдері және декорацияны бөлшектеу;

      қарапайым ағаш өңдеушінің жұмыстарын орындау ережесі.

      157. Жұмыс үлгілері:

      1) қырлы бөрене – өлшем бойынша аралау;

      2) декоративті қарапайым бөлшектер – бөлшектеу;

      3) декорация едені – төгу;

      4) қабырға – тілу.

      Параграф 2. Декорация қоюшы, 2-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары декорация қоюшының басшылығымен өлшеу құралын пайдалана қарапайым декорацияны нығайту және бөлшектеу, орнату жұмыстарын орындау;

      декорацияның қарапайым бөлшектерін дайындау;

      тақтайларды қолдан жасау және фигуралы белбеу, салпылдақ, коньки және басқада әшекейлерді орнату;

      қабырғаны қолданыста болған фанерамен қаптау;

      тақтайдың қиықтарын қабырғаға жапсыру,

      дайын мөлшерқадаларды орнату;

      басу үшін рама астына төсеніш дайындау және оны орнату;

      мінбелерді құрау және орнату;

      бутафор плитасын тастың астына еден ретінде төсеу.

      159. Білуге тиіс:

      көп қолданылатын фундустың ассортименті;

      декорацияны жинау және бөлшектеудің негізгі ережесі;

      қазбаның күрделі емес жүйесі және ағаш конструкцияларды жалғау.

      160. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлме, баспана, вагондардың декорациясы – бөлшектеу,

      2) жер шатыр – құрылғы;

      3) тақтай едендер – төсеу;

      4) тақтай мен пластинадан лагы – құрылғы.

      Параграф 3. Декорация қоюшы, 3-разряд

      161. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым декорацияларды сәнді бөлшектерін жұмыс сызбасы және жоспарлар бойынша, өлшейтін құралдарды пайдаланып таңбалау, қалау және жинақтау жұмыстарын орындау;

      қарапайым сәнді бөлшектерді дайындау;

      фундус және каркас қабырғаларды тақтай, вагонка, фанера, дөңес, кафельмен жапсыру;

      қабырғалардың құлаған жерлерін тегістеуіш ертіндімен қалау, баспалдақ және террасалары бар тіреуден мінбе жасау;

      төбелерді дайындау;

      металды жартылай сфераны монтаждау.

      162. Білуге тиіс:

      қарапайым декорацияны нығайту тәсілдері;

      декорацияны жинауда фундусты пайдалану тәсілі;

      түсірілімнен кейін декорацияны бөлшектеу кезінде фундусты пайдалану тәсілі.

      163. Жұмыс үлгілері:

      1) сақшыға күрке – дайындау;

      2) тақтайдан және тор шарбақтан таза дуал – құрылғы;

      3) тақтай мен горбылдан шатыр – дайын негізді пайдалана құру.

      Параграф 4. Декорация қоюшы, 4-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба және эскиз бойынша орташа күрделі декоративті бөлшектерді таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау: 10 метрге дейін биіктіктегі декорация, жазылған бұрышты мен қисық сызықты бетті, мінбелерде, үлкейтілген мөлшерде және дайын ұсталық затты тықсыру;

      сызба және эскиз бойынша орташа күрделі декорация бөлшектерін өлшеу және ұсталық құралдарды пайдаланып дайындау;

      радиус қабырғаларын тақтай, вагонка, фанера, кафельмен қаптау, сонымен қоса тік қабырғаларды вагонкамен "шырша" тәріздес қаптау;

      жуандықты, фундус және каркас нишалар құру;

      сыртқы қақпаны құрау.

      165. Білуге тиіс:

      орташа күрделі декорация бөлшектерін жапсыру тәсілдері;

      орман материалдарын түрлері мен сорттары, оларды пайдалану ережесі және құрамы;

      сызба мен эскиздарды оқу ережесі;

      қалқан құрылғыларында жұмыс істеу тәсілдері.

      166. Жұмыс үлгілері:

      1) панорама үшін барабандар – орнату және нығайту;

      2) ағаш қабырғаларды, шатырға негіз, тегіс емес еден, фанерлі фриздерді орнату үшін каркастар – құру;

      3) колонна және фермалар, ағаш карниздар, пилястралар – жинау және орнату;

      4) адырналардағы ағаш баспалдақтар – дайындау;

      5) қалқан және қарапайым паркет, фанерлі едендер – төсеу;

      6) сүйеусіз төбелер және фанерадан қабырғалар, фундус қалқандарынан арқалық – құру;

      7) тастұғыр – құру;

      8) пластина мен бөренеден істелген қабырға – жону;

      9) реңдер – жарық түсіру.

      Параграф 5. Декорация қоюшы, 5-разряд

      167. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба, эскиз және суретшінің нұсқауы бойынша орташа күрделі декоративті бөлшектерді таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау, 10 метрден биік, күрделі өнделгендігімен ерекшеленетін ұста өнімдерін көп мөлшерде тықсыру;

      сызба, эскиз бойынша, өлшеу құралдарын және ұсталы құралдарды пайдаланып декорацияның күрделі бөлшектерін дайындау;

      ағаш өңдейтін станокта жұмыс істеу;

      павильонда және табиғатта күрделі кескінді ойықпен және радиусты, қалқан қабырғаларға каркасты орнату;

      фундусты қабырғаларды панельге бөлшектеу;

      дайын түрлі карнизді орнату;

      консольды аймақтарды орнату;

      жарық беруші ормандарды жинау және демонтаж жасау, жарықты орнатқанға дейін және кейін ормандарды тексеру.

      168. Білуге тиіс:

      күрделі декорацияны жинау және нығайту;

      студияда бар фундустың барлық түрін;

      ағаш өңдейтін станоктың белгіленуі және оларды пайдалану ережесі.

      169. Жұмыс үлгілері:

      1) арка, жартылай жинақ және жинақтар, қисық сызықты каркасты нишалар, кессонды төбелер – құру;

      2) едендер – барлық түстегі безендіру паркетін төсеу;

      3)жолаушы вагондары, трамвай және автобустардың қабырғалары – оларды қозғалып бара жатқанда түсіру үшін жинау және орнату.

      Параграф 6. Декорация қоюшы, 6-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      сызба, эскиз және суретшінің нұсқауы бойынша өте күрделі декоративті бөлшектерді таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау: 10 метрден биік кешенді декорация және өңдеуге өте күрделі;

      декорацияны нығайту үшін күрделі конструкцияның құрылымы;

      сфералы жинақ және күмбез үшін лекальды жұмыстарды орындау;

      аспалы жарық түсіруші орман секциясын дайындау.

      171. Білуге тиіс:

      өте күрделі кешенді декорацияны жоспарлау сызбасы, сызу элементтері;

      өте күрделі декоративті конструкцияны және декорация бөлшектерін жинау және нығайту ережелері.

      172. Жұмыс үлгілері:

      1) антресолдар, балкондар, консолдар – жүктемеге жинау;

      2) қолданыстағы бассейндер – дайындау;

      3) бронекөліктер, паровоздар, пароходтар – қозғалатын немесе тербелетін аланда жинақтау және қаптау;

      4) арен, көпір, шіркеу, театр, цирк декорациясы – жасау;

      5) күмбез, сүйір және сфералы жиындар, сфералы көп крестті шатырлар; арка, жүгіріп өтетін қисық баспалдақ фоны – дайындау;

      6) қозғалмалы және жылжымалы құз – фурға орнату;

      7) кеменің ішкі құрылыс бөлігі – дайындау;

      8) ұшақ кабинасының, лифттің декоративті бөлшегі – жинау;

      9) күрделі киіз үй, мазар – құру.

      13. Фонды үйлестіруші

      Параграф 1. Фонды үйлестіруші, 4-разряд

      173. Жұмыс сипаттамасы:

      фонға түсетін музыка, шу және қыстырма сөздерді қабылдау, жүйелеу, есепке тіркеу және сақтау;

      фон материалын таңдау және тапсыру;

      фон материалды бақылау және оның уақытылы қайтарылуын қадағалау;

      музыка шығармасын (мажор, минор және тағы басқа) және шудың әртүрлі формасын және естуді анықтау;

      шумды бейнеге салу;

      материалдарды қайта басуға дайындау.

      174. Білуге тиіс:

      фонды материалды жүйелеу мақсаты;

      фонограмманың түрлері және сипаты;

      пленкамен жұмыс жасау ережесі,

      фонды материалды жапсыру және сақтау ережесі.

      Фонды материалды қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану – 5-разряд.

3-бөлім. Киностудия және теледидар мен радиотарату
кәсіпорындары, ұйымдары

      14. Видеотекарь

      Параграф 1. Видеотекарь, 4-разряд

      175. Жұмыс сипаттамасы:

      видеофонограммаларды және видеорулондарды қабылдау, жүйелеу, есепке тіркеу және тарату:

      видеофонограммаларды жинақта ілеспелі және техникалы құжатнамамен монтаждау үшін аппаратқа тапсыру үшін дайындау және қабылдау, теледидарлы бағдарламаларды дайындау бойынша жұмыс күнтізбесіне және оны эфирде теледидар хабарламасының күнтізбесіне сәйкес редакциялы және техникалы қарау;

      таза ленталы видеорулондарды түсірілім үшін дайындау;

      өндіріске енгізілетін жаңа видеолентаның техникалы құжатнамасын рәсімдеу, видеорулон және видеофонограмма жайлы мәліметтерді тіркеу, оларды видеотүсірілімдер және дыбысталуын өңдеу кезінде белгіленген форма бойынша белгілі тіркеу құжатына енгізу, видео материалдың уақытылы қайтарылуын қадағалау;

      видеолентаны түсірілім үшін таңдау барысында техникалы құжатнама бойынша сапасын тексеру;

      видеолентаны және видеофонограмманы аппаратқа және видео сақталатын жерге жеткізілуін қамтамасыз ету, аппарат аралы және сақталатын жерге жіберу.

      176. Білуге тиіс:

      теледидарлы бағдарлама мен теледидарлы хабарламаны өңдеуді ұйымдастыру негіздерін;

      видеотекалы материалды жүйелеу мақсаты;

      видеолентамен жұмыс істеуді және видеотека қорында сақтауларды;

      видеотекалы материалдың бекітілген тіркеу формасы және қозғалу есебін тіркеу;

      видеолентаны желімдеу ережесі;

      есептен шығару тәртібі және эксплуатациядан алынған видеорулондарды жою;

      жабдықтаушыға ақаулы лентаны орап қайтару.

      Видеофонограмманы қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану – 5-разряд.

      15. Зоология базасының аңшысы

      Параграф 1. Зоология базасының аңшысы, 1-разряд

      177. Жұмыс сипаттамасы:

      жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту жұмыстарын орындау, біліктілігі жоғары зоология базасының аңшысының басшылығымен оларды асырау: бөлмелерді жинау, торларды ұсақ жөндеуден өткізу және барлық техникалы жұмыстар;

      азық дайындауға көмектесу және жануарлар мен құстарды азықтандыруға көмектесу;

      жануарлардың стационарға және торлы қораға қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету.

      178. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстарды күту техникасы бойынша негізгі ережелерді;

      оларды азықтандыру шарттары және ережелері;

      жануарлар мен құстарды тасымалдау ережелері.

      Параграф 2. Зоология базасының аңшысы, 2-разряд

      179. Жұмыс сипаттамасы:

      жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту жұмыстарын орындау;

      азықты өңдеу және дайындау, жануарлар мен құстарды азықтандыру;

      жануарлар мен құстарды қолға үйретуге қатысу;

      жануарлар мен құстарды зообазаның аумағында орналасқан тасымалдау торына қауіпсіз жеткізу;

      мал дәрігері мен зоотехниктің нұсқауларын орындау.

      180. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстарды күту техникасы, асырау, режим азықтандыру мөлшері;

      азықты дайындау технологиясы;

      жануар мен құстардың жүріс-тұрысының нормасы.

      Параграф 3. Зоология базасының аңшысы, 3-разряд

      181. Жұмыс сипаттамасы:

      үйретушінің басшылығымен жануарларға (үй және жабайы) және құстарға санитарлық ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

      фураждың жарамдылығын анықтау;

      жануарлар мен құстарға азық дайындау;

      жануарлар мен құстарды түсірілімге дайындау;

      жануарлар мен құстарды сыртқы түріне қарап денсаулық жағдайын анықтау;

      жануарлар мен құстарды ұстау үшін бөлмені дезинфекциялау.

      182. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстардың әр түрін ұстау үшін бөлменің құрылысын;

      жануарлар мен құстардың азықтану мөлшері;

      дезинфекциялау негіздері.

      Параграф 4. Зоология базасының аңшысы, 4-разряд

      183. Жұмыс сипаттамасы:

      жануарларға (үй және жабайы) және құстарға санитарлық ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

      қарапайым мал дәрігерінің процедурасын орындау: температураны өлшеу, жасанды тыныс және тағы басқа;

      төлді өсіру;

      жануар мен құстардың мөлшер шамасында бір тәуліктегі азықтану рационың құрау.

      184. Білуге тиіс:

      жануар мен құстардың физиологиясы мен анатомиясы бойынша негізгі мәліметтер;

      жануарлар мен құстарға алғашқы көмек көрсету ережесі;

      азықтану рационының құрамындағы рұқсат етілетін өзгерулер қажет болса бір азықты басқасымен алмастыру.

      16. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы

      Параграф 1. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 5- разряд

      185. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз және суретшінің сызбасы бойынша қарапайым және орташа күрделі ағаштан, металдан, пластмассадан және губкадан, резинадан, матадан және басқа материалдан ойнайтын қуыршақтың бөлшектерін, конструкциясын және корпустарын дайындау;

      суретшінің эскизі бойынша қарапайым және орташа күрделі ойын қуыршақтарына сыртқы безендіру жасау: фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және қарапайым заманауи киімдерді, көйлектерді, бас киімдерді және аяқ киімдерді өңдеу.

      186. Білуге тиіс:ойын қуыршақтарының әртүрлі жүйесі;

      конструкциясы және құрылымы, ойын қуыршақтарын дайындауда қолданылатын материалдарды өңдеу;

      ағашқа ою салу ережесі;

      ағаш пен металды токарьмен өңдеу тәсілдері;

      темірші жұмысының негізі;

      жұмсақ қуыршақты пішу негізі;

      ойын қуыршағын дайындау және безендіру кезінде қолданылатын материалдың белгіленуі мен құрамы;

      киімді, аяқ киімді тігу технологиясының негізі;

      қуыршақ фильмдерін өндіру негізі.

      187. Жұмыс үлгілері:

      1) ойыншық қуыршақтың бас, қол, аяқ – дайындау;

      2) қыршақтың металдан және резинадан топса жасау – дайындау;

      3) әртүрлі материалдан қуыршаққа топса – жинау.

      Параграф 2. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 6-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз және суретшінің нұсқауымен ойыншық қуыршақтың әртүрлі материалдан күрделі конструкциясын (топса, тросты) және мүсінді бөлшектерін дайындау;

      қуыршақтың басын тоқтамай кадр тәсілімен түсірілім үшін қуыршақтың басын ымдайтын қылып дайындау;

      суретшінің эскизі бойынша күрделі ойыншық қуыршаққа сыртқы безендіру жасау: фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және күрделі тарихи, ертегі және басқада киімдерді, көйлектерді, бас киімдерді және аяқ киімдерді өңдеу.

      189. Білуге тиіс:

      ойын қуыршақтарының әртүрлі жүйесі, конструкциясы және құрылымы, ойын қуыршақтарының қозғалыс техникасы;

      қуыршақтың құрылысы және анатомиясы;

      әртүрлі материалдың фактуралы сапасы;

      модельдеу ережесі, киімді және аяқ киімді тігу технологиясы;

      қолданылатын материалдың ассортименті.

      190. Жұмыс үлгісі:

      1) ойыншық қуыршақтың конструкциясы – толықтай жинау;

      2) қуыршақтың денесін және каркастың бөлшектерін, ойыншық қуыршақтың ішкі, көздіі, ауыздың қозғалу механизмі – тоғысқан жинақ.

      17. Субтитрларды дайындаушы

      Параграф 1. Субтитрларды дайындаушы, 3-разряд

      191. Жұмыс сипаттамасы:

      каллиграфияға сәйкес цинкті пластинаға субтитрлардың нөмірін жазу жұмыстарын орындау;

      пластинаны жолақтарға және клишеге 35 милиметрлі фильм көшірмесін істеу үшін қию;

      клишені каллиграфияға сәйкес жинақтау.

      192. Білуге тиіс:

      әртүрлі маркалы цинктың құрылымы;

      кесетін станоктың құрылымы, 35 милиметрлі фильмнің көшірмесін субтитрлау үшін клишенің геометриялы өлшемі;

      клишеде текстің орналасу ережесі.

      Параграф 2. Субтитрларды дайындаушы, 4-разряд

      193. Жұмыс сипаттамасы:

      субтитрдың клишесін әртүрлі материалдан субтитрлау үшін 16 милиметрлі және 70-милиметрлі фильм көшірмесін және әртүрлі жүйелі кескіш станоктарда екі еселі субтитрлардың фильм көшірмесін жасау жұмыстары;

      клишелерді бөлшектерге бөлу.

      194. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі кескіш станоктардың құрылымы және әрекет ету қағидалары;

      16 миллиметрлі, 70 – миллиметрлі фильм көшірмесін және екі еселі фильм көшірмесін субтитрлау үшін геометриялы өлшемдер;

      клишені дайындауда қолданылатын металдың құрамы.

      Параграф 3. Субтитрларды дайындаушы, 5-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      35 – миллимерлі фильм көшірмесін субтитрлау үшін қолданылатын клишені дайындау үшін субтитрлар түпнұсқасын негативтен металға көшіру;

      субтитр түпнұсқаларын монтаждау және олардың негативін дайындау үшін фотоға түсіру;

      түсірілім және көшірменің дұрыс режимін таңдау;

      түсірілген және көшірілген материалды зертханада өңдеу, дайындау, пластинкаларды жарық сезгіш қабатпен қаптау үшін дайындау;

      эмальді дайындау, пластинкаларға эмальді құю;

      негативті өңдеу;

      электролитті дайындау және ваннаны толтыру.

      196. Білуге тиіс:

      субтитрларды металға көшіру технологиясы;

      әртүрлі жүйелі фото көшіргіш жабдықтың құрылымы және жұмыс қағидалары;

      материалдардың құрылымы, жарықты қою қағидасы,

      фототүсірілім және көшірмені анықтау режимі;

      электрлі ваннаның құрылымы;

      электролиттің құрамы және рецептурасы.

      Параграф 4. Субтитрларды дайындаушы, 6-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:

      субтитр түпнұсқасын негативтан 16 – миллиметрлі және 70-миллиметрлі фильм көшірмесін және екі еселенген кино көшірмені субтитрлауда қолданылатын металға клише дайындау үшін көшіру;

      метал пластиналарды улау;

      улау режимін таңдау, рельефтің тереңдігін бақылау.

      198. Білуге тиіс:

      улауға арналған жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты;

      улау кезінде қолданылатын ерітіндінің құрамы және рецептурасы;

      әртүрлі өлшемегі клишені бақылау тәсілі.

      18. Түстаңдаушы

      Параграф 1. Түстаңдаушы, 1-разряд

      199. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары түстаңдаушының басшылығымен негізгі 15 түстен пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу дайындау.

      200. Білуге тиіс:

      механикалы араластырғышта және илеуіште жұмыс жасау ережесі;

      колерсіз бояуды дайындау технологиясы.

      Параграф 2. Түстаңдаушы, 2-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары түстаңдаушының басшылығымен екі негізгі түстен қарапайым мультипликациялы бояуды дайындау.

      202. Білуге тиіс:

      қарапайым мультипликациялы бояуды дайындау технологиясы.

      Параграф 3. Түстаңдаушы, 3-разряд

      203. Жұмыс сипаттамасы:

      негізгі 15 түсті пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу және 3 түсті қарапайым колермен мультипликациялы бояу дайындау;

      мультипликациялы бояуды жұмысқа дайындау: фильтрлау, қосымшаларды қосу және дайын мультипликациялы бояуды жұмыс қалпында сақтау;

      механикалы илеуіште техникалы талаптарға жауап бермейтін дайын мультипликациялы бояуларды берілген рецептура бойынша қайта өңдеу.

      204. Білуге тиіс:

      дайын мультипликациялы бояуларға қойылатын техникалы талаптар;

      бояудың маркировкасы;

      бояуды сақтау технологиясы;

      қолданыстағы бояудың шкаласын.

      Параграф 4. Түстаңдаушы, 4-разряд

      205. Жұмыс сипаттамасы:

      қолда бар эталон бойынша негізгі тістерден колерлі мультипликациялы бояу дайындау;

      мультипликациялы бояуларды қажет консистенция және икемділікке байланыстыратын пластификатордың мөлшерін реттеу жолымен жеткізу.

      206. Білуге тиіс:

      құрғақ пигменттер мен байланыстыратын материалдардың физикалы құрамы.

      Параграф 5. Түстаңдаушы, 5-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген шкала бойынша колерлі мультипликациялы бояу дайындау;

      туш, гуаш, грунтты дайындау;

      дайын мультипликациялы бояулардың сапасын бақылау.

      208. Білуге тиіс:

      құрғақ пигменттердің, байланыстыратын материалдардың, лактардың, бояулардың, қабық түзетін пластификаторлардың, қоспалардың химиялы құрылымы;

      дайын мультипликациялы бояуларды бақылау тәсілі;

      түстану негіздері, ауаның ылғалдығын анықтау тәсілі;

      өлшеу құралдарын пайдалану ережелері.

      Параграф 6. Түстаңдаушы, 6-разряд

      209. Жұмыс сипаттамасы:

      қоюшы-суретшімен бірге эталонды бояуларды фильмнің түріне іріктеу. Фильмді өңдеу уақытының барысында цех үшін бояудың және туштың барлық ассортиментінің уақытылы дайын болуын және сапасын бақылау;

      шығатын материалдарды мультипликациялы бояулар дайындау үшін талдау жасау;

      мультипликациялы бояудың құрамын толық жетілдіру жұмыстарына, оларды дайындау технологиясына, түстің гаммасын ұлғайтатын бояудың және грунттың жаңа типін дайындауға қатысу; оларды өндіріске қосу.

      210. Білуге тиіс:

      мультипликациялы бояуды өңдеу технологиясы;

      мультипликациялық фильмді өндіру технологиясының негізі;

      түстану, түрлі-түсті пленканы өңдеу режимі;

      мультипликациялы бояуды дайындауда қолданылатын компоненттің физикалы және химиялы құрамы;

      мультипликациялы сурет үшін негіздің құрамы.

      211. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      19. Контурлаушы

      Параграф 1. Контурлаушы, 2-разряд

      212. Жұмыс сипаттамасы:

      заттардың және кейіпкерлердің қарапайым формадан тұратын суреттерді контурлау жұмыстарын орындау;

      көлеңкелерді немесе қарапайым кескіндегі орташа силуетті контурлау.

      213. Білуге тиіс:

      контурлау ережесі;

      мультипликациялы фильмді өңдеу негіздері;

      триацетатты негіздің және туштың белгіленуі және құрамы;

      қауырсынды пайдалану техникасы.

      214. Жұмыс үлгілері:

      Контурлау.

      1) қарапайым формадағы тамшылар, штрихтың топтары, үзік сызық;

      2) сипаты бойынша күрделі емес контурдың орташа жоспардағы шағылысуы;

      3) зоологиялы кейіпкерлер.

      Параграф 2. Контурлаушы, 3-разряд

      215. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа және жалпы пландағы орташа күрделі кейіпкерлерді және көп емес нысаннан тұратын орташа күрделі және көп емес байланыстан тұратын суреттерді контурлау жұмыстарын орындау;

      күрделі кескінді коленке және силуэттерді контурлау;

      қарапайым және орташа күрделі штрихты жұмысты контурлау.

      216. Білуге тиіс:

      мультипликациялы фильмді өңдеу технологиясы;

      суретті және экспозициялы парақтарды оқу техникасы;

      мультипликациялы фазды біріктіру тәсілдері;

      штрихты жұмыстарды орындау тәсілі;

      сызу бойынша қарапайым мәліметтер.

      217. Жұмыс үлгілері:

      1) орташа пландағы ұшып бара жатқан ұсақ құстардың тобы ( 5-6);

      2) кадрдың ортасында шашылып жатқан судың көбігі немесе шашыраған кескіннің контуры;

      3) адам, зоологиялы кейіпкер немесе суретте және жалпы пландағы көп емес мөлшердегі бөлшектермен шартты күрделі емес контур кескіні.

      Параграф 3. Контурлаушы, 4-разряд

      218. Жұмыс сипаттамасы:

      контурлау жұмыстарын орындау: ұсақ нысандардан тұратын күрделі суреттерді немесе көп мөлшердегі біріктірулермен күрделі формалы кейіпкерлерді; күрделі және тез қозғалыста әртүрлі формадағы және жалпы пландағы күрделі ракурсты нысандар; кадрдың барлық аумағын толтыратын табиғат құбылысы;

      күрделі штрихты жұмысты контурлау.

      219. Білуге тиіс:

      күрделі ойын көріністерін біріктіру техникасы;

      контурлаудың ақауын түзету тәсілдері.

      220. Жұмыс үлгілері:

      Контурлау.

      1) жалпы пландағы ұсақ масштабты 2-3 өзара қарым – қатынастағы адам немесе зоология кейіпкері;

      2) өте көп мөлшердегі бөлшектермен орташадан ірі планға дейін 23 кейіпкерден тұратын сурет.

      Параграф 4. Контурлаушы, 5-разряд

      221. Жұмыс сипаттамасы:

      контурлау бойынша жұмыстарды орындау: барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі конфигурацияның көп мөлшердегі бөлшекті нысаннан тұратын контурдың қатты сынған және ұштанған сызығымен өте күрделі сурет; кең экранды фильмдер үшін статистикалы көрініс және панорама; әртүрлі жуандықтағы көптүсті контур;

      сызу құралын пайдалана жасалған суретті контурлау;

      ығысқан кадрдағы крестерді контурлау;

      көп қабатты сахнаны бір қабатқа парақтарға шахматты жазба жасай отырып біріктіру;

      салынған контурды гравюра тектес контурлау.

      222. Білуге тиіс:

      ығысқан кадрда панораманың қозғалу және контурлауды орындау техникасы;

      қозғалыстың биомеханикасы;

      суретті салу техникасы;

      сызудың негіздері;

      шрифтілер, сызу құралының белгіленуі және құрылысы.

      223. Жұмыс үлгілері:

      Контурлау.

      1) ірі пландағы өзара қарым-қатынастағы адамдар кейіпкерлерінің тобынан сурет;

      2) жалпы пландағы көп мөлшердегі фигурадан тұратын зоология кейіпкерлерінің тобынан сурет.

      20. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      224. Жұмыс сипаттамасы:

      кино түсірілім немесе телебағдарлама түсірілімі кезінде кино немесе телеоператордың нұсқауымен желдің қажетті қарқының қамтамасыз ете отырып әртүрлі конструкциялы жел құрылғысында қызмет көрсету;

      тасымалдауға дайындау және жел құрылғысын тасымалдау;

      қауіпсіздік техникасын ескере отырып түсірілім аумағында жел құрылғысын орнату;

      двигательмен жұмыс істеу кезінде ауа ақауларын анықтау және жою: бұранданы, шассиді, балауызды, магнетті ауыстыру.

      225. Білуге тиіс:

      кинотүсірілім және телебағдарлама жағдайында жел құрылғысын пайдалану ерекшеліктерін;

      жел құрылғысында қолданылатын әртүрлі двигательдің құрылымы және жіберу ережесі;

      жел құрылғысын тасымалдау ережесі;

      қолданылатын жанар май мен майдың сорттары;

      двигательді жіберу, тоқтату тәсілі және тәртібі;

      жұмысты өңдеуге қажет токарлы, фрезерлі және темір ұсталығының мөлшері;

      қолданылып жатқан жабдықты қоршау ережесі;

      двигательді консервациялау ережесі және қысты күні жел құрылғысын қосу.

      Параграф 2. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      226. Жұмыс сипаттамасы:

      жел құрылғысында пайдалану үшін двигательді (авиациялыны қоса) қайта жабдықтау;

      жел құрылғысының двигателінің бөлшектерін ауыстыру;

      жел құрылғысының барлық түріне жөндеу жұмыстарын жасау.

      227. Білуге тиіс:

      кинотүсірілім және телебағдарлама техникасы;

      әртүрлі двигательді жіберу ережесі;

      әртүрлі конструкциялы қоршайтын жабдықтың құрылымы;

      кинофильмдер мен телебағдарламаның режиссер желісі.

      21. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотеледидарлы жабдықта жұмыс істейтін біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен теледидарлы камераларды, студиялы теледидарлы жабдықта және оператор техникасына пайдалану жұмысын жүргізу;

      камералардың орның ауыстыру және оларды штативқа немесе кранға орналастыру, кабельді қосу;

      видеобақылаушы құрылғыларды және режиссердің қозғалмалы пультін орнату және қосу;

      оператор техникасын, кабельдің орынын ауыстыру, оперативті реттеуді орындау;

      профилактикалы, жөндеу және өлшеу жұмыстарына қатысу.

      229. Білуге тиіс:

      электротехника, радиотехника, теледидар жайлы қарапайым мәліметтерді;

      кинотеледидарлы камералардың негізгі торабының құрылымы және белгіленуі;

      камераларды және оператор техникасын пайдалану ережесі;

      жұмыста қолданылатын өлшейтін құрылғылар мен құралдардың бекітілуі және оларды пайдалану ережесі;

      кинопленканың түрлері.

      Параграф 2. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы:

      теледидарлы камераларды, студиялы теледидарлы жабдықта және оператор техникасына пайдалану техникасында қызмет көрсету;

      жабдықты жұмысқа дайындау;

      оператор техникасының барлық түріне камераларды орнату және оларды теңгеру;

      қажетті оптиканың жиынтығын орнату, видеобақылайтын құрылғыны жөнге салу;

      пленканы ақауларды анықтау үшін тексеру;

      камераны пленкамен жабдықтау, оптиканы ауыстыруды түсірілім, баспа, дайындық кезінде жүзеге асырылуы;

      камераны кассетадан, пленканың шаңынан тазарту, қарапайым ақауларды табу және оларды жою;

      профилактикалы жұмыстар жасау.

      231. Білуге тиіс:

      электротехника, радиотехника, теледидар, кино түсіру техникасы, фильм жасау технологиясы;

      кинооптиканың негіздерін, кинотеледидарлы камералардың электрлі тораптарын және негізгі механикасының құрылымын;

      штатив, крандардың құрылымы және оларды пайдалану ережесі;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құрылғыларын және құралдарды қолдану ережесі.

      Параграф 3. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы:

      лента созатын механизмдерінің тораптарын, оптика–механикалы тораптардың, жергілікті және қашықтықтан басқарылатын, кинотеледидарлы камералардың белгі беру тізбегін тексеру жұмыстарын орындау;

      камераның оптикасын тазарту және фильм каналын тексеру;

      теледидарлы камераның жұмысын бақылау және жұмыс барысында қажетті түзетулер;

      жұмыс жасап жатқан жабдықтың ақауларын анықтау және оларды жою;

      қозғалмалы оператор техникасында күрделі панорамаларды жасау;

      кинотеледидарлы жабдыққа ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау;

      жұмыс жасалып жатқан жабдықта өлшеу жұмыстарын жасау.

      233. Білуге тиіс:

      жұмыс жасалып жатқан жабдыққа техникалы сипаттама;

      теледидарлы жабдықтың блок сызбасын;

      теледидарлы белгінің қалыптасуы және пайда болуы мақсатын;

      қолданылатын кинопленканың түрлерін;

      қолданылатын өлшеу құралдарын пайдалану ережесі;

      кинопленканың техникалы параметрлері.

      Параграф 4. Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотеледидарлы камералардың күрделі торабын жұмысқа дайындау, аппараттың жұмысқа дайын екенін анықтау;

      жұмыс жасалып жатқан жабдықты дайындау және икемдеу;

      бақылау құралдарының көмегімен бақылау түсірілімін жасау жолымен аппараттың кино түсіретін бөлігін тексеру: автокалиматорлар, индикаторлар және басқада;

      бекітілген жабдықтағы бекітілген техникалы көрсеткіштерді бақылау және қолдау.

      235. Білуге тиіс:

      телехабарлау және фильм жасау технологиясының теориялы негіздері;

      экспонометрия, жарық техникасы, оптика және анық механиканың негіздері;

      фотохимиялы процесс, электр – және радио өлшеуіштің негіздері;

      өлшеуіш құралдардың белгіленуі және әрекет ету мақсаты;

      кинопленканы өңдеу технологиялы процесі.

      Видео камера, аппаратты студиялы блоктардың және монтажды техниканың жабдықтарын, тізімдегі санды монтажды жинақтың және тізімнен тыс жинақта жұмыс істеу барысында аналогты жабдықты кез-келген ақауды табу және жою – 7-разряд.

      236. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Санды және аналогты монтажды жинақта жұмыс істеу барысында санды жабдықта, кинотеледидарды жабдықтың күрделі жөндеу жұмысында, шығармашылық шешім қабылдау үшін әртүрлі жабдықты жинақтауда ақауларды жою – 8-разряд.

      237. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      2. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 2-разряд

      238. Жұмыс сипаттамасы:

      түсіретін аппаратта жұмыс жасайтын біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен түсіретін аппаратурада жұмыс жасауға дайындық жұмыстарын орындау;

      қосымша оператор техникасының қолда барын тексеру: оператор арбасы, крандар, штативтар, түсірілетін аймақтағы рельстер;

      түсіретін аппаратураны, аккумуляторларды, қуат беретін кабельді дайындау және техникаларды түсірілім орнына жеткізу;

      рельстерді және басқада панорамалы жолдар түрлерін алғашқы төсеу;

      қосалқы оператор техникасын тазарту, майлау және олардың техникалы жағдайын тексеру;

      қуат беретін кабельді тарту.

      239. Білуге тиіс:

      электротехниканың негізі;

      түсірілім аппараттарын және оператор құрылғыларының түрлері және белгіленуі;

      қосалқы оператор техникасының және оператор көлік құралдарының түрлері;

      түсіретін аппаратураны тасымалдау ережесі.

      Параграф 2. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім аппаратурасында жұмыс жасау үшін дайындық жұмыстарын орындау;

      түсірілім аппаратурасында қызмет көрсететін біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен ілеспелі және табиғи түсірілімдер үшін түсіретін қол аппаратурасында түсірілім алаңында жұмыс жасау;

      қоймада қосалқы оператор техникасын қабылдау;

      оператор крандарының тежеуіш жүйесіне сыртқы тексеру жасау және олардың техникалы жағдайында тексеру;

      контрбаланс жәшігіне жүкті тиеу;

      рельстерді және панорамалы жолдарды разряд бойынша тексеру және оларды түсірілімге дайындау: графитті, талькті жағу;

      таған қалпақшасының барлық түрін, түрлі тіреуіштерге орнату;

      кернеуді және кабельді қуат беру көзіне қосылғаның тексеру.

      241. Білуге тиіс:

      түсірілім аппаратурасы, оператор краны және оператор жабдығының негізгі бөлшектерінің қолданылу қағидалары;

      түсірілім аппаратурасы мен крандарды пайдалану ережесі;

      кабельді қуат беру көзіне қосу ережесі.

      Параграф 3. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      242. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім қол аппаратурасын ілеспелі және табиғи түсірілімдер үшін түсірілім алаңында жұмыс істеу;

      түсірілім аппаратурасын, оған қажет құралдарды және опткаларды қабылдау, қоймада олардың техникалы жағдайын тексеріп алу;

      түсірілім алаңында аппаратураны монтаждау;

      блоктау құрылғыларын және аппаратураны бақылау құралдарын бағдарының және жұмысының дұрыстығын тексеру;

      кинопленка мен видеолентаның жағдайын тексеру;

      оператор крандарын аппарат және адамдармен теңгеру және оларда жұмыс жасау;

      оператор механизмдерін түсірілім кезінде басқару;

      қосалқы жабдықтың профилактикасы;

      түсіру аппаратурасын тазарту және майлау.

      243. Білуге тиіс:

      жұмыс жасап жатқан түсірілім аппаратурасының құрылымы;

      түсірілім техникасының негіздері;

      кино өңдеу технологиясының негіздері;

      кинооптика, видео баспаның негіздері;

      түсірілім барысында пайда болатын түсірілім техникасының қарапайым ақауларының пайда болу себептері және оларды жою.

      Параграф 4. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      244. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім алаңында әртүрлі түсірілім аппаратурасын олардың әртүрлі оператор құралдарымен жұмыс жасау;

      оптиканы панорамалау кезінде қайтадан фокустау;

      фокустау ара қашықтығын ауыстырып тұратын объективпен жұмыс жасау;

      рирөндіріс және экрандағы ("қателестіретін маска") түсірілімде қызмет көрсету;

      кинопленка, видеолента және екі пленкалы аппаратты, стерео камераларды толықтыру;

      бақылау құралдарының көмегімен камераның жұмысын тексеру;

      оператор техникасы мен құралдарына профилактикалы күтім;

      түсірілім алаңында түсірілім аппаратурасы мен оператор құрылғысының ұсақ ақауларын қол құралдарын пайдалана жою.

      245. Білуге тиіс:

      жұмыс жасалып жатқан түсірілім аппаратурасының құрылымын;

      жұмыс қағидаларын және пайдалану ережелерін;

      бөлшектер мен тораптарды байланыстыратын электромонтажды сызбаны;

      видеолента мен кинопленканың түрлері мен құрылымдары;

      түсірілім объективтері мен трансфокатордың негізгі сипаттамасы;

      тұрақты және айнымалы тоқтың құрылысы;

      негізгі түрлері және сипаттамасы.

      Параграф 5. Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      246. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім алаңында теледидарлы нысаналау және қашықтықтан басқару жүйесіне жұмыс жасау;

      қосалқы техниканың барлық түрінде жұмыс жасау;

      түсірілім аппаратурасын түсірілім және бақылау құралдырының көмегімен тексеру: автокалиматорлар, тахометрлар, стробоскоптар, вольтметрлар, амперметрлар және басқаларын;

      түсірілім аппаратурасы мен оператор жабдықтарын қол құралдарын қолданып жөндеу жұмыстарын жасау.

      247. Білуге тиіс:

      электромеханиканы және механиканы;

      видео және кинотүсірілім техникасы;

      түсірілім аппаратурасы және оператор құралдарының конструкциясы;

      экспонометрия негіздері;

      фото ерітіндінің құрамы;

      кинопленканы өңдеу ережесі;

      түсірілім аппаратында кинопленкаға келтірілген ақаулардың пайда болу себептері және олардың алдын алу жолдары.

      23. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      248. Жұмыс сипаттамасы:

      аппараттық студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

      аппараттық студиялық блоктың бекітілген жабдықтарын жұмысқа дайындау және оның жұмысына бақылау жасау;

      камераларды, видеобақылау құрылғыларын және басқада жабдықтарды орнату және орның ауыстыру;

      қосалқы техникалы жабдықты қосу: видеобақылау құрылғылары, оператор крандары, штатив және басқада жабдықтар;

      қосылыстарды тексеру;

      теледидарлы камера мен каналдарды жөнге келтіруге қатысу;

      қарапайым электрлі және механикалық ретке келтірулерді жүзеге асыру;

      блоктар мен бөлек радиокомпоненттерді ауыстыру;

      қарапайым профилактикалы және жөндеу жұмыстарын орындау;

      электр өлшемдерін жасау жұмысына қатысу;

      оптиканың қажет жиынтығын орнату;

      бағдарламаны түсіруді бастауға дейін кабельді орап төсеп қою;

      дайындық және бағдарлама кезінде кабельді жеткізу.

      249. Білуге тиіс:

      электр және радиотехника, телевидение жөнінде жалпы мағлұматтарды білу;

      белгінің өту блок сызбасын;

      торап және теледидарлы камераны реттеу органдарын белгілеу және оларды пайдалану ережесі;

      штатив, оператор крандарын және теледидарлы камераның механикалы тораптарының құрылымын;

      қолданыстағы бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарының белгіленуі;

      қолданылу қағидасы және ережесі;

      теледидарлы жабдықты жөнге келтіру үшін сынақ кестесін белгілеу.

      Параграф 2. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      250. Жұмыс сипаттамасы:

      аппараттық–студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау;

      аппараттық-студиялық блоктың жабдықтарының бекітілген жұмыс режимін қамтамасыз ету және оның жұмысына бақылау жасау;

      бекітілген жабдықтың орташа күрделі электрлі және механикалы реттеулерін жүзеге асыру;

      блок және бөлек радиокомпоненттерді ауыстыру;

      орташа күрделі профилактикалы және жөндеу жұмыстарын орындау;

      электр өлшемдерін жүргізу;

      студияға жарық беру режимін бақылауға қатысу.

      251. Білуге тиіс:

      электротехника, радиотехника және теледидардың негізін;

      дыбыс және видео белгілердің өту блок сызбасы;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтағы блоктардың белгіленуі;

      көршілес алаңдағы жабдықтың белгіленуі және қолданыс мақсаты.

      Параграф 3. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      252. Жұмыс сипаттамасы:

      аппаратты – студиялы блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша күрделі жұмыстарды орындау;

      жабдықты қосу;

      жабдықтарды күрделі электрлі және механикалы реттеу және оны бөлшектеп, жинап оған жөндеу жұмыстарын жасауды қамтамасыз ету;

      күрделі профилактикалы жұмысты орындау;

      теледидар жабдықтарына сапалы параметрлерін өлшеуді жүргізуге қатысу;

      дабыл қағу тізбегіндегі және жүйедегі ақауларды табу және оларды жою;

      теледидарлы жабдықты автоматтау, жөнге келтіру және модернизациялау іс-шараларына қатысу;

      техникалы құжатнама жасау.

      253. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы сипаттамасын;

      теледидар жабдығының барлық жинағына дыбыстық және видео дабылдардың өту блок сызбасын;

      қызмет байланысының коммутациялы сызбасы;

      теледидарлы және дыбысты жабдықтың монтажды сызбасы;

      жабдықты жөнге келтіру кезінде сынақ кестесін пайдалану ережесі.

      Параграф 4. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      254. Жұмыс сипаттамасы:

      аппаратты – студиялы блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша өте күрделі жұмыстарды орындау;

      теледидар жабдығын дайындық, жөнге келтіру және барлық параметрлерін өлшеу жұмыстарымен айналысу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау, жою және онда бекітілген техникалы көрсеткіштерді қолдау, модернизациялау, автоматизациялау және жаңа теледидарлы жабдықты меңгеру жұмыстарына қатысу.

      255. Білуге тиіс:

      теледидар жабығының құрылымы және қолданыс мақсаты;

      электр және радиоөлшемдерін;

      магнитті баспаның негіздері;

      теледидар жабдығының қағидалы және монтажды сызбасы;

      теледидар жабдығының жұмыс параметрлерін өлшеу кезінде өлшеу аппараттарымен пайдалану ережесі;

      белгіленуі және құрылғысы.

      256. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Параграф 5. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 7-разряд

      257. Жұмыс сипаттамасы:

      теледидар жабдығының барлық түріне кешенді техникалық пайдалану қызмет көрсету;

      теледидар жолдарының, камералы каналдардың электронды жүйесі мен құрылғысына қызмет көрсету жұмыстарын орындау;

      теледидар жабдығының барлық жұмыс параметрлерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      бөлек тораптар мен электронды жүйенің жұмысын тексеру және диагностикалау;

      ақпаратты қамтамасыз ету жүйелеріндегі ақауларды табу және ауытқушылықты жою;

      теледидар жабдығына профилактикалы және жөндеу жұмыстарын орындау: видео түсірілім, монтажды пульттар, мониторлар және басқа жабдықтар;

      теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимін орнатуға, монтаждауға және теледидар техникасының жаңа түрлерін меңгеру жұмыстарына қатысу.

      258. Білуге тиіс:

      теледидардың теоретикалы негіздері;

      теледидар жабдығының құрылымы және қолданыс мақсаты;

      электр және радиоөлшемдерін;

      магнитті баспа негіздері;

      теледидар жабдықтарының құрылымының функционалды;

      қағидалы және монтажды сызбасы;

      теледидар жолдарының және камера каналдарының параметрлерін өлшеу тәсілі;

      бөлек тораптардың және электронды сызбаларға жөндеу жұмыстарын жасау тәсілдері;

      теледидар жабдығының ақауларын жөндеу және диагностикалау жұмыстарын орындау тәсілдері;

      теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимін есептеу тәсілінің негізі;

      студиялы теледидарлы түсірілім мен трансляцияларды жүргізу технологиясы.

      259. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Параграф 6. Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик, 8-разряд

      260. Жұмыс сипаттамасы:

      бөлшектеуге, модернизация және электронды жүйені, бағдарламалы және видеобасқару, электроавтоматика құрылғыларын пайдаланып жаңа теледидар жабдығын меңгеруге қатысу;

      теледидар жабдығын бағдарламалы басқару, электронды жүйе, теледидар жолдарын және камера каналдары құрылғыларын пайдалана отырып теледидар жабдығының барлық түріне қызмет көрсету кешенді жөндеу және жөндеу жұмыстарын жасау;

      теледидар жабдығының, басқару жүйесінің блоктарының әрекеттесуін тексеру және диагностикадан өткізу: олардың жұмысындағы ақауларын және кемшіліктерін табу және жою;

      теледидар жабдығының жиынтығының жұмысын бақылау және барлық технологиялы параметрлерін сақталуын қамтамасыз ету;

      теледидар жабдығының, электронды және видеожүйенің жұмысындағы тоқтап қалуларын және ақауларын жүйелеу және талдау;

      теледидар жабдығының барлық түрін, электронды жүйе, теледидар жолдарының және камера каналдарының құрылғыларын кешенді реттеу;

      техникалы құралдарды пайдалану, дайындау және жөндеу бойынша техникалы құжатнама ұстау.

      261. Білуге тиіс:

      теледидардың теоретикалы негіздері, теледидар жабдығының құрылымы және қолданылу қағидалары;

      теледидар жабдығының конструктивті ерекшеліктері және негізгі техникалы сипаттары;

      электр және радиоиөлшеуіштің, магнитті баспаның негіздері;

      радиохабарлау, радиобайланыс жолына кіретін теледидар аппараттары, жабдықтарының қағидалы және монтажды сызбасы;

      электронды құрылғылардың, басқару жүйесінің және жергілікті желідегі мәліметтерді жіберу жүйесінің конструктивті;

      электрлі және басқада ерекшеліктері;

      өлшеу аппаратурасының белгіленуі;

      құрылымы және теледидар жабдығының жұмыс параметрлеріне өлшеу жүргізуде онымен пайдалану ережелері;

      электрлі және қағидалы сызбаны оқу ережесі;

      электронды жабдықтың;

      басқару жүйесінің және мәліметтерді жіберу аппаратурасын қайтадан жөндеу әдісі, тәсілдері;

      теледидар жабдығының оңтайлы жұмыс режимінің тәсілін есептеу, теледидар жабдығының, аппаратының, байланыс құралдарына жөндеу жұмыстарын жасау;

      қызмет көрсету технологиялы процесі;

      теледидар жабдығының ақауларын жөндеу және диагностикалау жұмыстарын орындау тәсілі;

      теледидар өндірісінің жұмысын жасау технологиясы.

      262. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      24. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик

      Параграф 1. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      263. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша біліктілігі жоғары механиктің басшылығымен кинотехнологиялық жабдыққа монтаж және демонтаж, жөндеу жұмыстарын жасау және қызмет көрсету;

      технологиялы құбырларға, желдеткіш, фильтр және бактарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы жағдайын тексеру, регламент бойынша параметрлерді күнделікті өлшеу;

      технологиялы карталарға сәйкес профилактикалы регламент жұмыстарын орындау.

      264. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа техникалы сипаттама жасау және белгіленуі;

      құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

      поливинилхлоридты материалдарды механикалы өңдеу ерекшеліктері;

      орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.

      Параграф 2. Кинотехнологиялы жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      265. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі кинотехнологиялық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау;

      кино көшіретін аппараттың және айқындау процессорының лента созғыш жолдарының бөлшектерін монтаждау, демонтаждау, бөлшектеу, дайындау және жөндеу;

      кино көшіретін аппаратты лайықты регламент бойынша қызмет көрсету: ерітіндіні шайқау, дозаторды реттеу, ерітіндіге қажет температураны орнату, көшірме аппаратының түрлі-түсті клапандарының жұмысын және жарық түсіру деңгейін тексеру;

      лента созғыш жолдардың бөлшектерін тегістеу және тықсыру.

      266. Білуге тиіс:

      кинопленканы өңдеу технологиясы;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың температуралы және жылдамдық сипаттамасы;

      кинопленканы көшіру және өңдеу барысында пайда болатын;

      ақаудың негізгі пайда болу себептері және олардың алдын-алу жолдары;

      қолданыстағы өлшеу құралдарын пайдалану ережесі мен берілген параметрлерді өлшеу тәсілі;

      орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.

      Параграф 3. Кинотехнологиялы жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      267. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі кинотехнологиялық жабдықты, кино көшіретін аппараттың фонограммалы блогының оптикалы жүйесін, ерітіндіні шайқау және айналым жүйесін, әртүрлі жүйелі насостың, әртүрлі қуатты электродвигательді компрессор мен желдеткіштерге қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау;

      поливинилхлоридтты өнімдерді дәнекерлеу, винипластты құбырды төсеу және монтаждау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың бөлшектері мен тораптарын дайындау және жаңарту жұмыстарын жасау;

      қайта жаңартатын машинаны және кинопленканы ультрадыбыспен тазартатын машинаны, кинопленкаларды жапсыратын жапсырма жартылай аппаратқа қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау.

      268. Білуге тиіс:

      қолданылып жатқан кинопленканың түрі;

      оларды пайдалану және өңдеу ерекшеліктері;

      әртүрлі жүйелі насостардың,

      әртүрлі қуатты вентиляторлардың,

      компрессорлардың құрылысы, орындалатын жұмыстың өндірісіндегі технологиялы карталар;

      үш фазалы электродвигательдерді қосу ережесі;

      оларды фазалау және жерлендіру,

      кинопленканың механикалы ақауларының себебін табу әдістемесі және оларды жою тәсілдері;

      орындалып жатқан жұмыстың мөлшеріндегі темір ұсталы жұмыстар.

      Параграф 4. Кинотехнологиялы жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 7-разряд

      269. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм материалдарын басу және өңдеуге арналған күрделі кинотехнологиялық жабдықты монтаждау, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау: аддитивті баспалы кино көшіретін аппаратты, айқындайтын процессор;

      отандық және шетелдік өндірісті өте тура электронды бақылау-өлшеу құралдарына техникалы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау: сенситометрлер, денситометрлер, экспрессфотометрлер, спектрофотометрлер, магнитті араластырғыштар, PH-метрлер және ионометрлер, фотоэлектрокалориметрлер, кептіретін шкафтар, басқада зертханалы жабдықтар;

      кинопленканы өңдейтін әлдеқайда күрделі процестерге техникалық қызмет көрсету;

      жұмысты бақылау: термореттегіш электронды жүйе, мөлшерлейтін құрылғы, жіберетін және ауаны желдету құрылғысы, жуатын суды арнайы тазарту;

      технологиялы ерітіндіден күмісті екінші рет алуға арналған отандық және шетелдік өндірістегі жабдыққа техникалы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау;

      электр қуат бергішін, кернеуді түрлендіруші және тиристорлы реттеуіштерге профилактикалы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау.

      270. Білуге тиіс:

      зертханалы бақылау-өлшеу жабдығының құрылысы және қолданылу қағидасы;

      термореттегіш құралдардың параметрлері мен құрылысы;

      қызмет көрсетілу лента созатын құралдардың;

      оптикалы жүйесінің және термореттеу жүйесінің әдістемесі;

      қалыпты тоқты электродвигательдің жұмыс мақсаты және құрылысы;

      оларды қосу және айналымын реттеу.

      271. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Параграф 5. Кинотехнологиялы жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 8-разряд

      272. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм материалдарын басатын және өңдеуге арналған, өте күрделі кинотехнологиялы жабдықты монтаждауға, техникалы қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын орындауға: аддитивті иммерсионды басатын кинокөшіретін аппаратты, фонограммаларды басуға арналған жабдықталған құрылғы, химиялы және температуралы бақылау жүйесімен, рэк-лифтпен, технологиялы процессті бағдарламалау жүйесімен жабдықталған айқындайтын процессор;

      кинокөшіретін аппараттардың, шетелде өндірілген ақпаратты электронды түрде жинау және басқару жүйесімен жабдықталған түс талдауыштың оптикалы жүйесін түзету, микропроцессордың негізінде орындалған бөлек блоктар мен тораптарына жөндеу жұмыстарын жасау;

      айқындайтын процессорлардың мәлімет жіберу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

      вариаторлар мен редукторлардың шапшаң режимдерін түзету және жөндеу;

      орындайтын механизм мен құрылғыларға жөндеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

      өте дәл желімдейтін жартылай автоматтандырылған және негативті монтаждауға арналған шетелде өндірілген автоматтарға жөндеу жұмыстарын жасау және техникалы қызмет көрсету;

      жылдамдықты реттейтін басты жүйенің, автоматика және дабылқағу электронды – механикалы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау;

      кинокөшіретін аппараттардағы, түс талдайтын, айқындайтын процессорлардың лента созғыш құралдардағы фильм материалдарына келтірілген механикалы ақаулардың себебін табу және оны жою;

      фильм материалдарының эмульсиялы қабатын және негізін жаңарту жұмыстарын жасауға арналған шетелде өндірілген жабдықтың және машинаға жөндеу жұмыстарын жасау және қызмет көрсету: фильм материалдарын ультрадыбысты тазарту жүйесі, жылтыр негіз жүйесі;

      ауаны кондиционерлеу мен жуатын суды арнайы тазарту параметрлерінің жіберу және бақылау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеужұмыстарын жасау;

      кешенді профилактикалы жөндеу жұмыстарынан кейін реттеу жұмыстарын жасау, кинотехнологиялы жабдықты жұмыстың бар режимімен сынау.

      273. Білуге тиіс:

      кинопленканы өңдеу процесі;

      бақылау–өлшеу аппаратурасында жұмыс жасау ережесі;

      цехтың кинотехнология жабдығының қолдану мақсаты және құрылысы;

      технологиялы ерітіндінің негізгі физикалық-химиялық құрамы;

      электротехника мен механиканың негізгі заңдылықтары.

      274. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      25. Негативті монтаждаушы

      Параграф 1. Негативті монтаждаушы, 1-разряд

      275. Жұмыс сипаттамасы:

      контратиптерді, аралық позитивтерді, фонограмма негативі;

      сайнекстарды, бекітілген роликтарды басуға арналған пленканы дайындау және оларды желімдеу;

      суреттің негативіне, фонограмманың негативіне, аралық позитивтерге, контративтерге қорғайтын ракордтарды жапсыру.

      276. Білуге тиіс:

      пленкамен жұмыс жасау ережесі;

      пленканы желімдеп жапсыру ережесі;

      монтаждау жабдығын пайдалану ережесі;

      монтажды стол, синхронизатор, желімдейтін жартылай автомат.

      Параграф 2. Негативті монтаждаушы, 2-разряд

      277. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары негативті монтаждаушының басшылығымен бейнені және жарнама роликтарын монтаждау;

      негативті бейнені, негативті фонограмманы, аралық позитивті және контративті басылымға дайындау;

      негатив материалын сұрыптау және заттаңбасындағы белгімен тиісті журналға тіркеу.

      278. Білуге тиіс:

      негатив материалымен жұмыс жасау ережесі;

      пленканы өңдеу технологиясының негізі;

      негативті материалды монтаждау техникасы.

      Параграф 3. Негативті монтаждаушы, 3-разряд

      279. Жұмыс сипаттамасы:

      бейне негативін және жарнама ролигін монтаждау және қайта монтаждау;

      монтаждауға дубльдің негативін таңдау және оларды жүйелендіру;

      бір пленкаға басу үшін фонограмманы қайта басуға дайындау;

      бейненің негативін қайта жасауға дайындау;

      бейненің негативін, фонограмманың негативін және контратиптерді стандартты ракорттармен безендіру;

      алғашқы материалдарды іске қосу;

      қызмет көрсетуі екі толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      280. Білуге тиіс:

      негативті материалдарды монтаждау техникасы;

      түсіру процесінің технологиясын;

      монтаждау барысында пайдаланылатын нормативтік-техникалық құжатнама.

      Параграф 4. Негативті монтаждаушы, 4-разряд

      281. Жұмыс сипаттамасы:

      аралық позитивті, дубляждалып жатқан фильмнің контратипін монтаждау және қайта монтаждау;

      аралық позитивті басу үшін монтаждау және аралас кадрларды түсіру үшін аралық позитивті монтаждау және таңдау;

      субтитрларды басу үшін алғашқы фильм материалдарының таңдап алу;

      алғашқы материалдарды бұқаралы басуға жіберу үшін дайындау;

      алғашқы фильм материалдарын ракордпен безендіру;

      қызмет көрсетуі үш толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      282. Білуге тиіс:

      пленканың сорты мен түрі;

      фильмді дубляждау технологиясының негізі.

      Параграф 5. Негативті монтаждаушы, 5-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым және кең экранды кинофильмдердің қара-ақ және түрлі-түсті негативін, 16-миллиметрлі айнымалы пленкада жұмыс позитивінде түсірілген суретті монтаждау;

      нұсқаушы роликті монтаждау;

      қызмет көрсетуі төрт толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      284. Білуге тиіс:

      пленканы өңдеудің негізгі технологиясы,

      фильмді өңдеудің негізгі технологиясы.

      Параграф 6. Негативті монтаждаушы, 6-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:

      кең форматты, стереоскопты кинофильмді, бейнені, 16 миллиметрлі негатив пленкасында жұмыс позитивінде түсірілген және видеомагнитті баспа үшін 16 миллиметрлі айнымалы пленкада түсірілген суреттерді қара-ақ және түрлі түсті негативті монтаждау;

      қызмет көрсетуі бес толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      286. Білуге тиіс:

      кең форматты, стереоскопты кинофильмді және бейнені;

      16 миллиметрлі негатив және айнымалы пленкасын монтаждау техникасы;

      кең форматты 35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша әртүрлі жылдамдықтағы ілеспелерді пайдаланып фильмдер негативін;

      35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша пленканың бөлек қозғалу столын пайдаланып жұмыс позитиві бойынша негативті монтаждау кезінде – 7-разряд.

      35 миллиметрлі және 70 миллиметрлі аралық позитив және контративті монтаждауда – 8-разряд.

      7 және 8-разрядты негативті монтаждаушыға орта кәсіптік білім талап етіледі.

      26. Позитивті монтаждаушы

      Параграф 1. Позитивті монтаждаушы, 1-разряд

      287. Жұмыс сипаттамасы:

      позитивті монтаждауға дайындық жұмыстарын жасау;

      бейненің позитивін және магнитті фонограмманы сценалау нөмірі бойынша монтаждау;

      дубльді таңдау үшін жұмыс материалын және тондау жұмысына дөңгелекті жапсыру;

      сөйлеу, шулау және музыкалы дыбыстау кезегіне қызмет көрсету: құжатнама жүргізу, пленкаларды жапсыру, пленка салынған жәшіктерді тексеретін және тондайтын залға жеткізу.

      288. Білуге тиіс:

      пленкамен жұмыс істеу ережесін;

      пленканы жапсыру техникасын;

      монтаждау, дыбыс монтаждау үстелінде, синхронизаторларда, желімдейтін престе, шифрды ашатын аппаратта жұмыс істеу ережесі;

      стандартты ракордты белгілеу;

      құралды магниттеу ережесі.

      Параграф 2. Позитивті монтаждаушы, 2-разряд

      289. Жұмыс сипаттамасы:

      позитивті монтаждау үшін дубльдерді іріктеу;

      бейненің позитивін және сақпан бойынша магнитті фонограмманы синхронизациялау;

      жұмыс материалдарын сахна нөмірлерімен таңбалау;

      негативті монтаждау үшін паспорт жасау;

      дубль мен үзінділерді жүйелеу және талдау;

      қызмет көрсетуі екі толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      290. Білуге тиіс:

      фильмі монтаждау техникасы;

      режиссер сценариі, монтажды карточкалармен жұмыс істеу тәртібі:

      монтаждау барысында жұмыс материалдарын жүргізу тәртібі;

      киноматериалды редактор қарауына, тракт дайындығына, видеомагнитті баспаға, эфирге дайындау тәсілі;

      құжатнаманы рәсімдеу ережесі.

      Параграф 3. Позитивті монтаждаушы, 3-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      синхронды сюжеттерді, бағдарламаларды, нобайларды монтаждау;

      жұмыс материалдарын тондауға (сөйлеу, шулау және музыкалы дыбысталуға) дайындау;

      алғашқы қыстырма фонограммаларын және синфронды шуды дыбысмонтаждау үстелінде жұмыс бейнесінің негізінде синхрондау;

      материалдарды қалпына келтіруге жіберу;

      бөліктерді метрлеу, монтажды парақтарды дайындау;

      қызмет көрсетуі үш толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      292. Білуге тиіс:

      киноөндіріс технологиясының негізі;

      параллельді монтаждау техникасы, нобай, сюжет және бағдарламаларды монтаждау техникасы;

      ілеспелі кинотүсіру техникасы;

      дыбыс монтаждау жабдығының барлық жинағын пайдалану ережесі;

      монтаждау барысында пайдаланылатын нормативтік-техникалық құжатнама негізін.

      Параграф 4. Позитивті монтаждаушы, 4-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы:

      хроникалық-деректі телефильмдерді және фондтты көріністерді сөйлеу және шудың дыбысталуын монтаждау;

      жұмыс бейнесіндегі сөйлеу дыбысталуын синхрондау;

      қайта баспаның түпнұсқасын стандартты ракордтармен безендіру;

      фильмді дубляждау барысында қажетті жұмыстарды орындау;

      күрделі түсірілімдер үшін киноматериалдарды дайындау;

      материалдарды дыбыстауға дайындау;

      қызмет көрсетуі төрт толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      294. Білуге тиіс:

      дыбысты басу және дыбыстау технологиясы;

      хроникалық-деректі телефильмдерді және фондтты көріністерді монтаждау технологиясы;

      күрделі түсірілімдер мен фильмдерді дубляждау техникасын;

      дыбыс монтаждау аппаратының қағидалы құрылысы;

      пленканы өңдеу техникасы.

      Параграф 5. Позитивті монтаждаушы, 5-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы:

      шумды, музыкалы фонограммаларды қарапайым және фтереофонды фильмдар мен телебағдарламаларды, жарнама ролигін толықметражды фильмдерге біліктілігі жоғары кинорежиссердың басшылығымен монтаждау;

      актер сынамасын монтаждау;

      фильмотека мен фонотекаға тапсыру үшін материалдарды іріктеп алу;

      қызмет көрсетуі алты-жеті толық метражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      296. Білуге тиіс:

      фильмды монтаждау барысында пайдаланылатын технологиялы жабдықтың құрылысы және әрекет ету қағидасы;

      түсірілімнің көпкамералы тәсілін.

      Параграф 6. Позитивті монтаждаушы, 6-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      қысқаметражды фильмдерді және толықметражды фильмдердің бөлек эпизодтарын режиссер немесе монтажердың басшылығымен монтаждау;

      дубляждалған фильмдерді қайта монтаждау жұмыстарын жасау;

      қызмет көрсетуі алты-жеті толықметражды шартты фильмнен кем болмауы керек.

      298. Білуге тиіс:

      кең форматты, стереоскопты, толық экранды және басқада фильмдерді монтаждау технологиясы.

      Қысқаметражды және толықметражды фильмдерді монтаждауда, дубляждалған шетелдік фильмдерді шетелдік кино өндірістің фонограммасын, дыбыстың дайын басылымын сақтай отырып қайта монтаждау – 7-разряд.

      299. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      27. Видео түсірілім операторы

      Параграф 1. Видео түсірілім операторы, 3-разряд

      300. Жұмыс сипаттамасы:

      жылдам реттеу органдарының көмегімен видеомагнитофон жұмысын басқару;

      лентаны жапсыру;

      ракордтарды жапсыру;

      видеомагнитофонның қажетті режимін орнату;

      дайын түсірілімдерді көру үшін қою.

      301. Білуге тиіс:

      электротехника, радиотехника жайлы негізгі мәліметтерді білу;

      магнитті баспаның мақсаты;

      видеомагнитофондағы және пульттағы басқару;

      реттеу тұтқасын белгілеу;

      видео және дыбыс белгілерінің аппаратта өту қаңқалы сызбасы;

      қолданыстағы аппаратурада қызмет көрсету ережесі;

      магнитті пленканы сақтау ережесі;

      видео түсірілімдерді безендіру тәртібі.

      Параграф 2. Видео түсірілім операторы, 4-разряд

      302. Жұмыс сипаттамасы:

      видеомагнитофонның жұмысын сыртқы белгінің нұсқаларын түсіру барысында және фонограмманы дыбыстау кезінде жылдам реттейтін органдардың көмегімен, сонымен қоса уақытша мекенжай кодын түсіру, тираждау, көру кезінде басқару;

      лента созғыш механизмді тазарту, сүрту және магниттеу;

      магнитофонды күнделікті қалыпқа келтіру инструкциясына сәйкес жөнге салу;

      видеомагнитофонды өлшейтін лентамен (тестпен) тексеру;

      электр дабылдарын түсірілім және дыбыстау кезінде бекітілген аппарат құралдарымен параметрлерін тексеру;

      видеомагнитофонға профилактика жұмыстарын жасау және параметрлерін өлшеуді біліктілігі жоғары видеотүсірілім операторының басшылығымен орындау;

      техникалы жұмыс құжатнамасын жүргізу.

      303. Білуге тиіс:

      электротехника, радиотехника жайлы негізгі мәліметтерді білу, теледидар, теледидарлы және дабыл белгілердің магнитті түсірілім негізгі мәліметтерді;

      видео түсірілім аппаратурасының функционалды құрылым қағидасы;

      видеомагнитофонның негізгі жүйесі мен тораптарының құрылымы;

      шапшаң реттеудің негізгі элементтерін белгілеу және видеомагнитофонның және оның блогының басқару панелі арқылы жөнге келтіру;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі;

      жұмыс мақсаты және қолдану ережесі;

      магнитті лентамен жұмыс жасау ережесі;

      теледидардың техникалы құралын пайдалану ережесі;

      техникалы құжатнаманы жүргізу.

      Параграф 3. Видео түсірілім операторы, 5-разряд

      304. Жұмыс сипаттамасы:

      кіретін дабылдарды реттеу және оларды эфирде дыбысталуының алдында тиісті аппаратқа тапсыру;

      белгілердің сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофонның барлық жұмыс режимін шапшаң реттеудің көмегімен қолдау;

      видеомагнитофон аппаратының техникалы құралдар жинағын жұмысқа дайындау: видеомагнитофон, коммутация және монтаж пульті, бақылау және өлшеу құрылғысы;

      дабыл нұсқасын қажетті коммутациямен қамтамасыз ету;

      кіретін дабылдарды негіздерден белгіленген регламентке сәйкес түсірілім алдында қабылдау және салыстыру;

      видеомагнитофонның параметрлерін өлшеу және профилактикалы, жөндеужұмыстарын жасау.

      305. Білуге тиіс:

      магнитті баспаның, теледидардың, электр және радио өлшемнің негізін;

      видеофонограммаға мемлекеттік стандарттар;

      видеомагнитофонның функционалды құрылым қағидасы;

      оның негізгі жүйесін және электронды блогын белгілеу;

      техника құралдарын коммутациялаудың жалпы сызбасын және видео– және дыбыс дабылдарын аппаратқа өтуін;

      видеомагнитофонның негізгі өлшеу параметрлерінің;

      аппаратқа кірерде және шығардағы дабыл әдістемесі.

      Параграф 4. Видео түсірілім операторы, 6-разряд

      306. Жұмыс сипаттамасы:

      монтажды парақ бойынша видеофонограмманы электронды монтаждау және монтажды импульстың дабылын пайдаланып монтажды үстелде видеофонограмманы механикалық монтаждауды орындау;

      видеомагнитофон аппаратының техникалы құралдар жинағын жөнге салу және реттеу;

      аппараттың бар жұмыс режимінде сапалы көрсеткіштерін қолдау;

      магнитті лентаны жұмысқа дайындау, оның сапасын және ақауын анықтау;

      жабдықтың қалыпты жұмы істеуінің бұзылуын анықтау және оның себебін анықтау;

      видео және дыбыс дабылдарының аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

      видеомагнитофон техникасының жаңа үлгілерін монтаждау және дайындауға қатысу;

      қауіпсіздік техникасын пайдалану;

      аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу.

      307. Білуге тиіс:

      теледидар жүйесі;

      теледидар дабылына мемлекетті стандарттар;

      видеомагнитофонның негізгі жүйесін және блогының құрылым қағидасын және жұмысын;

      блоктардың электрлі сызбасы;

      видеомагнитофон, пульт, видео түсірілім аппаратын пайдалану нұсқаулықтары, теледидар хабарламасының технологиясы;

      теледидар құралдарын техникалық пайдалану ережесі;

      бейнені субъективті бағалау ережесі;

      аппаратқа техникалы құжатнама жүргізу тәртібі;

      жасақтың профилактикалы және жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыс тәртібі;

      өлшеу протоколдарын жүргізу.

      Параграф 5. Видео түсірілім операторы, 7-разряд

      308. Жұмыс сипаттамасы:

      видеофонограммаға компьютер техникасын пайдаланып монтажды жабдықтың жинағымен электронды монтаждауды жүзеге асыру;

      дабылдардың санды нұсқасын басқару;

      компьютер графикасын, анимациясын, арнайы эффекті элементін жасау және пайдалану;

      дабылдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофон аппаратының техника құралдарының жинағының барлық жұмыс режимін жөнге келтіру және реттеу көмегімен қолдау;

      жабдықтың және ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын ақауларды табу және оның себептерін жою;

      видео және дыбыс белгілерінің аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

      видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін монтаждау және дайындауға қатысу.

      309. Білуге тиіс:

      теледидар хабарлау технологиясын;

      теледидар дабылдарының технологиясы;

      компьютер техникасының негізгі жүйесінің және дыбыс басатын аппаратураның блогының жұмыс істеу мақсаты;

      блоктардың электрлі сызбасы;

      заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі монтаждау пультінің, дыбыстық және компьютер техникасын пайдалану ережесі;

      бейнені және дыбысты бағалау әдістемесі;

      түрлі-түсті теледидардың жүйесі;

      компьютер графикасының, анимацияның және арнайы эффектілердің негізі;

      аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу тәртібі.

      310. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      Параграф 6. Видео түсірілім операторы, 8-разряд

      311. Жұмыс сипаттамасы:

      видеофонограммаға компьютер техникасын пайдаланып монтажды жабдықтың жинағымен күрделі электронды монтаждауды жүзеге асыру;

      дабылдың санды негіздерін басқару;

      компьютер графикасын, күрделі спецэффектілерді, көп қабатты бейнені жасау және пайдалану;

      дабылдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофон аппаратының техника құралдарының жинағының барлық жұмыс режимін жөнге келтіру және реттеу көмегімен қолдау;

      видео және дыбыс белгілерінің аппарат көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

      видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін меңгеру жұмыстарына қатысу;

      техникалы құжатнама жүргізу.

      312. Білуге тиіс:

      теледидар хабарлау технологиясын;

      теледидар дабылдарының стандарты;

      видеотүсіретін аппаратураның негізгі жүйесі және блогының құрылымы және жұмыс мақсаты;

      блоктардың электрлі сызбасы;

      заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі монтаждау пультінің, дыбыстық және компьютер техникасын пайдалану ережесі;

      бейнені және дыбысты бағалау әдістемесі;

      түрлі-түсті теледидардың жүйесі, бейнені және дыбысты өңдеу тәсілі;

      желіден тыс монтаждың негіздері;

      компьютер технологиясын пайдаланып монтаждау;

      компьютер графикасының, анимацияның және көп қабатты бейненің негізі;

      аппараттың техникалы құжатнамасын жүргізу тәртібі;

      өлшем протоколдарын толтыру тәртібі.

      313. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      28. Диапозитивті фильмдерді безендіруші

      Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 2-разряд

      314. Жұмыс сипаттамасы:

      диапозитивті фильмдерге макет дайындау өндірісі бойынша дайындық жұмыстарын орындау:

      диапозитивті фильмдердің кадрларына дайын макеттерді өндіру;

      сценарийге сәйкес дайын өнімнің нөмірі.

      315. Білуге тиіс:

      диапозитивті фильмдердің кадрларына дайын макеттерді жасау технологиясы;

      бейнелеу материалын кадрда монтаждау ережесі;

      қағаздың, картонның, кальканың, желімнің әртүрлі сорттары мен түрлерінің құрамы.

      316. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын өнім – екі жағынан желімдеу;

      2) картон, фондар – таңбалау;

      3) желім – жасау;

      4) сақтандыратын жапсырмалар – жапсыру.

      Параграф 2. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 3-разряд

      317. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалын, сценарий бойынша терілген тексті қиып алу;

      диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалына тексті жапсыру, қарапайым құрастыру;

      диапозитивті фильмді көркем безендіру талаптарына сәйкес типография шрифтің таңдау.

      318. Білуге тиіс:

      типографиялы шрифттардың түрлерін;

      диапозитивті фильм кадрларын безендіру технологиясы;

      бейнелеу материалды мен кадрдағы тексті монтаждау ережесі.

      319. Жұмыс үлгілері:

      1) мөлшері бойынша орташа машинаның бөлшектері, жануарлар, қарапайым сызбалар және қарапайым конфигурациялы диаграмма – қиып алу,

      2) фотография, сызба, сурет, үлгі, тік сызбалы диаграммалар, дөңгелек формалы және мөлшері бойынша ірі материалдар – диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонын монтаждау және жапсыру.

      Параграф 3. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 4-разряд

      320. Жұмыс сипаттамасы:

      бейнелеу материалын және сценарий бойынша күрделі формалы тексті қиып алу;

      диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, күрделі бейнелеу материалына тексті жапсыру, күрделі құрастыру;

      тексті жазып алу және таңбалау;

      дыбысты диапозитивті фильмды кадрлеу;

      диапозитивті фильмнің басты кадрын және терілген типография шрифтін безендіру.

      321. Білуге тиіс:

      дыбысты диапозитивті фильмдерді безендіру технологиясы;

      тексті көшіру және оны таңбалау ережесі.

      322. Жұмыс үлгілері:

      1) химиялы және физикалы күрделі формулалар, санды материал және күрделі конфигурациялы ұсақ суреттер – қиып алу;

      2) сызбалар, суреттер, үлгілер, күрделі конфигурациялы диаграммалар – диапозитивті фильмдердің дайын өнімдерінің фонына монтаж және жапсырма.

      29. Субтитр теруші

      Параграф 1. Субтитр теруші, 2-разряд

      323. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі субтитрлау машинасында 35 – миллиметрлі фильм көшірмесін субтитрлау үшін техникалы паспортты жасау бойынша жұмыстарды орындау;

      бұрын жасалған субтитрлауға арналған паспорт бойынша, фильм көшірмесін таңдап тексеру;

      субтитрлау алдында клишені таңдау және тексеру;

      ылғалдандыратын ертінді жасау.

      324. Білуге тиіс:

      синхронды-паспортты үстелдің және әртүрлі жүйелі метрометрлердің құрылысын және жұмыс істеу қағидаларын;

      кинопленканың сорты және олардың құрамы;

      субтитрлау барысында паспортты пайдалану мақсаты;

      пленкамен жұмыс жасау және оны жапсыру техникасы;

      ылғалдайтын ертіндінің рецепті.

      Параграф 2. Субтитр теруші, 3-разряд

      325. Жұмыс сипаттамасы:

      қолда бар паспорт бойынша фильм көшірмелеріндегі таңбаны бұрынғы қалпына келтіру;

      фильм көшірмесін ылғалдандыру жұмыстарын орындау және фотоқабаттың көшірмесін жұмысқа дайындау.

      326. Білуге тиіс:

      субтитр жабдығының құрылымы және жұмыс мақсаты;

      фильм көшірмесінде субтитрларды белгілеу мақсаты.

      Параграф 3. Субтитр теруші 4-разряд

      327. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін механикалы тәсілмен субтитрларды теру жұмыстарын орындау;

      бақылау үшін сынақ оттиск дайындау;

      субтитрдың дұрыс режимін фильм көшірмесінің түріне және фильм көшірмесінің эмульсиялы қабатының жағдайына байланысты сынақ баспасы бойынша таңдау және дұрыс режимін таңдау;

      субтитр жабдығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      328. Білуге тиіс:

      субтитр және субтитрлау клишесін дайындау технологиялы процессі;

      кинофототүсірілім және электротехника негізі;

      фильм көшірмесінің эмульсиялы қабат жағдайы;

      субтитр және клишенің геометриялы өлшемі;

      субтитрды кадрда орналастыру жағдайы.

      Параграф 4. Субтитр теруші, 5-разряд

      329. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі жүйелі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін және жарнама роликтерін механикалы тәсілмен субтитрларды теру жұмыстарын орындау.

      330. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі субтитр машинасының жұмыс мақсаты;

      механикалы тәсілмен субтитрлаудың технологиялық процесі;

      кинофотомеханика және электромеханика, жарнама роликтарын субтитрлау шарттары;

      ақаудың туындау себептері және оның алдын алу тәсілдері.

      Параграф 5. Субтитр теруші, 6-разряд

      331. Жұмыс сипаттамасы:

      субтитрларды қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесіне физикалық-химия тәсілімен басу жұмыстарын орындау;

      субтитр машинасының жұмысындағы бөлек ақауларды жою жұмыстары.

      332. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі субтитр машинасының құрылымы;

      бөлек субтитрларды қосымша басу өндірісінің ережесі;

      әртүрлі фильм көшірмесі үшін субтитр клишеларын дайындау технологиясы;

      әртүрлі фильм көшірмелерінің субтитрлары және клишесіне геометриялы өлшемдер.

      30. Пиротехник

      Параграф 1. Пиротехник, 2-разряд

      333. Жұмыс сипаттамасы:

      пиротехникалы өнімдерді өндіру бойынша дайындық жұмыстарын жасау;

      қағазды және картонды кесу, химикаттарды қолдан үгіту және илеу, шеттерін кесу;

      түтін шашкаларын престеу кезінде және факелдарды дайындауда қосымша жұмыстарды орындау;

      қарапайым жүйелі қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

      334. Білуге тиіс:

      дәрімен ататын және қарудың құрылысын;

      онымен жұмыс істеу және тазарту;

      жеңіл тұтанатын және жарылғыш заттардың химиялы құрылымы.

      Параграф 2. Пиротехник, 3-разряд

      335. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы станоктарда қағаз гильзалардың барлық түрін дайындау;

      пиротехникалы өнімдерді дайындау үшін материалдарды дайындау: химикаттарды ілу, оларды механикалы араластыру және механикалы престеу;

      дайын пиротехникалы өнімдерді өңдеу, таңбалау, орау;

      орташа күрделі қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

      336. Білуге тиіс:

      темір және токар жұмысының негізін;

      химикаттардың құрамы, оларды араластыру ережесі және олармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілі;

      пиротехникалы өнімдерді орау ережесі.

      Параграф 3. Пиротехник, 4-разряд

      337. Жұмыс сипаттамасы:

      станоктарда пиротехникалы өнімдерді дайындау;

      біліктілігі жоғары пиротехниктың басшылығымен түсірілімді қарапайым пиротехникалы эффекттермен безендіру – барлық түсті және тығыз түтін шығару;

      түсірілімге қару таңдау:

      қарапайым және орташа күрделі қару жүйесін жинау және жұмысқа қосу;

      қаруды және пиротехникалы заттарды сақтау, тасымалдау.

      338. Білуге тиіс:

      пиротехника жұмыстарын жүргізу жоспары;

      пиротехника өнімдерін;

      барлық жүйелі қаруларды тасымалдау;

      сақтау және қолдану ережесін;

      қаруды оқтау ережесі және құр дәрілерді атуға дайындау.

      Параграф 4. Пиротехник, 5-разряд

      339. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары пиротехниктің басшылығымен түсірілімді орташа күрделі пиротехникалы эффектпен безендіру – жарылыстың барлық түрін имитациялау;

      күрделі жүйелі қаруды жинау және іске қосу.

      340. Білуге тиіс:

      жарылғыш заттарды тасымалдау;

      сақтау және қолдану ередесі;

      барлық жүйелі қарудың құрылымы және пайдалану ережесі.

      Параграф 5. Пиротехник, 6-разряд

      341. Жұмыс сипаттамасы:

      пиротехника эффектінің барлық түрімен түсірілімді безендіру: массалы соғыс көрінісін түсіру кезінде өте көп мөлшерде жарылысты пайдаланып және көріністің қатысушыларына жақын жерде пиротехникалы эффектті пайдалану;

      пиротехникалы жұмыстың жоспарын өңдеу;

      түсірілімге пиротехникалы қызмет көрсету бойынша егжей-тегжейін ашу және смета құрау;

      барлық түрлі ару және дәрімен атылатын қарудың барлық жүйесін түсірілімге дайындау оларды түсірілім кезінде пайдалану;

      студияның және басқада ұйымдардың қорынан қару іріктеу.

      342. Білуге тиіс:

      пиротехникалы шеберхана және табиғаттағы түсірілімде жағдайындағы пиротехникалы құрылымдардың әрекеті;

      фильм мен телебағдарламаның режиссер сценариі.

      31. Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы

      Параграф 1. Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы, 2-разряд

      343. Жұмыс сипаттамасы:

      қайтадан түскен триацетатты негізді түсі және өлшемі бойынша сорттау;

      боялған суреттің немесе контурдың бөлігін жуу;

      түсірілген материалды фильмнің біткен өндірісі бойынша қабылдау және бөлшектеу;

      қайтадан қолданылатын триацетат негізін жуу, кептіру және сорттау;

      түсірілім алдында контурланған және боялған суреттерді сүрту;

      арнайы тесетін станокта қағазда және триецетатты негізге штифт үшін тесік тесу;

      контурланған және боялған суреттерді тегістейтін құрылғыда тегістеу.

      344. Білуге тиіс:

      триацетатты негіздің құрамы және оған қойылатын талаптар;

      триацетатты негізді жуатын және сүртетін ерітіндінің рецепті;

      сүртуден кейін контурланған және боялған суреттерге қойылатын талап;

      тесетін және тегістейтін құрылғыда жұмыс істеу ережесі.

      32. Контурланған суретті бояушы

      Параграф 1. Контурланған суретті бояушы, 2-разряд

      345. Жұмыс сипаттамасы:

      құрамы және персонажы бойынша қарапайым орташа планда 1-4 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу жұмыстарын орындау;

      орташа пландағы қарапайым контурлы көлеңке және силуэтті бояу.

      346. Білуге тиіс:

      мультипликациялы бояудың, жаққыштың және триацетатты негіздің құрамы және белгіленуі;

      мультипликациялы фильмдерді өндіру технологиясының негізі.

      Параграф 2. Контурланған суретті бояушы, 3-разряд

      347. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа күрделі көп емес заттаң және кейіпкерден құралған, құрамы бойынша күрделі емес жалпы және орташа планда 5-8 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу бойынша жұмыстарды орындау;

      күрделі контурлы кескінді кадрдың алаңының жартысын алатын ірі көлеңкелі немесе силуэтті бояу.

      348. Білуге тиіс:

      мультипликациялы фильмдерді өндіру технологиясы;

      мультипликациялы бояулардың түсті шкаласын.

      Параграф 3. Контурланған суретті бояушы, 4-разряд

      349. Жұмыс сипаттамасы:

      көптеген ұсақ заттардан немесе кейіпкерлер тобынан тұратын, барлық кадрды толтырып тұратын табиғат құбылысын бейнелейтін, сонымен қоса формасы және бояуы бойынша күрделі шапшаң қозғалыстағы заттар және жалпы планда 9-15 бояудан тұратын күрделі ракурстардан тұратын контурланған күрделі суретті орындау жұмыстары;

      титрды, кашетті бояу.

      350. Білуге тиіс:

      боялған суреттегі дефектті түзету;

      боялған суретті жуу және оны қайтадан салу;

      суретті контурдың жағынан бояу тәсілі;

      жалпақ затқа бояуды кезекті жағу.

      Параграф 4. Контурланған суретті бояушы, 5-разряд

      351. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты сынған және ұшталған контур линиясы, барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі мөлшердегі және конфигурациялы өте көп алаңдар 15 көп бояуларды жағуды қажет ететін, сонымен қоса алдын ала өнделген бояу мен стеклограммадан тұратын бояуларды және контурланған күрделі суреттерді бояу бойынша жұмыстарды жасау;

      таза фазалаудан кейін контурсыз суретті шрифт бойынша бояу;

      суреттерді мөлдір бояу және поливинилацетатты эмульсиямен контурдың жағынан көркемдеп құю;

      модель (эталонды суреттер) және панорамаларды кең экранды фильмдер үшін бояу;

      суреттерді мөлшерлі эффект қалдыратын көркем торцовка тәсілімен бояу.

      352. Білуге тиіс:

      суреттің құрылу заңдылығын;

      персонаж бен оның бөлек бөлшектерінің қозғалу техникасы;

      контурланған суретті торцовкалауда техникалы тәсілдер;

      триацетатты негізбен бояудың химиялы әрекеттесуі және түрлі-түсті бояулардың өзара әрекеттесуі.

      33. Субтитр өңдеуші

      Параграф 1. Субтитр өңдеуші, 3-разряд

      353. Жұмыс сипаттамасы:

      латын, орыс және ұлттық тілдерде корректор парағының таңбаларымен сәйкес субтитр оттисктарын 35-миллиметрлі және 16-миллимертрлы фильм көшірмелері үшін бақылау.

      354. Білуге тиіс:

      субтитр оттисктарын алу мақсаты, өңдеудің тәсілдері және өңдеу кезінде қолданылатын құралмен пайдалану ережесі, латын және ұлттық алфавиттерді, шрифт стандарттарын, түзетілетін белгілердің стандарты.

      Параграф 2. Субтитр өңдеуші, 4-разряд

      355. Жұмыс сипаттамасы:

      латын, орыс және ұлттық тілдерде корректор парағының таңбаларымен сәйкес субтитр оттисктарын өңдеу және дұрыстау;

      субтитр оттисктарын безендіру;

      субтитр оттисктарын 35-миллиметрлі және 16-миллимертрлы фильм көшірмелері үшін бақылау.

      356. Білуге тиіс:

      түпнұсқа мәтінін таңбалаудың техникалы ережелері;

      субтитрды теру ережесі.

      Параграф 3. Субтитр өңдеуші, 5-разряд

      357. Жұмыс сипаттамасы:

      шығыс тілдері және сирек қолданылатын тілдерде 35-миллиметрлі және 16-миллимертрлі, 70-миллиметрлі фильмдер көшірмесіне және стереофильм көшірмесіне арналған субтитр оттисктарын өңдеу және дұрыстау;

      негативті және диапозитивті көшірме үшін өңдеу.

      358. Білуге тиіс:

      әртүрлі гарнитуралы шрифтардың кескіні;

      шығыс және сирек кездесетін тілдердің алфавиттері;

      шрифт фотосының негізі;

      субтитрлармен фильм көшірмесін теру техникалық жағдайы;

      анықтама әдебиеті мен сөздіктермен пайдалану ережесі.

      34. Диапозитивті фильмдерді түсіруші

      Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 3-разряд

      359. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген режим бойынша түсіретін камера мен көшіретін құрылғыда қарапайым және орташа күрделі диапозитивті фильмдердің макетің қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      түсіретін камера мен көшірме құрылғыларын жұмысқа дайындау;

      әртүрлі режимде сынақ түсірілімдерін жасау.

      360. Білуге тиіс:

      фотография және түсірілім техникасын, түсірілім камерасы мен көшірме құрылғыларының құрылысы және жұмыс мақсаты;

      негативті пленканың сорты, пленканы өңдеу технологиясы;

      кассетаны салу және лау ережесі және сынақ ретінде түсірілімдер жасау.

      361. Жұмыс үлгілері:

      1) диафрагма – орнату,

      2) кассеталар – алу және салу,

      3)түсірілім алаңының қалыптасқан өлшемімен, бейнені кадрда дәл құрастыруды талап етпейтін диапозитивті фильмдердің макеті – түсірілім.

      Параграф 2. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 4-разряд

      362. Жұмыс сипаттамасы:

      көшіретін құрылғыда күрделі диапозитивті фильмдердің макетін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      жазбаларды түсіру;

      жарық түсірудің кадр бойынша біркелкі болуын бақылау.

      363. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті және қара-ақ фотографияны түсіру технологиясы;

      түсірілім техникасын, пленканың сорттарын, диапозитивті фильмдерді өңдеудің технологиясының негізін.

      364. Жұмыс үлгілері:

      1) диапозитивті фильмдердің макеті, фотоматериалды, сызбаны, үлгіні кадр бойынша шашуды пайдаланып орындалатын, бейненің кадрда дәл құрастыруын талап ету – түсірілім,

      2) көшірме құрылғылары – жұмыс режимін бекіту.

      Параграф 3. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 5-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы:

      диапозитивті фильмдердің өте күрделі макеттерін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      көшірме құрылғының жұмысын бақылау;

      көшірме құрылғысын жөндеу және профилактикалық жұмыстарына қатысу.

      366. Білуге тиіс:

      дыбысты диапозитивті фильмдерді және экспортқа арналған диапозитивті фильмдерді өндіру технологиясы.

      367. Жұмыс үлгілері:

      1) стандартсыз өлшемді диапозитивті фильмнің және стандартсыз өлшемді түсірілім алаңының макеті – түсірілім,

      2) экспортқа арналған диапозитивті фильмнің негативі және дыбысты диапозитивті фильмнің негативі – түсірілім.

      35. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші

      Параграф 1. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 2-разряд

      368. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі жоғары мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсірушінің басшылығымен қағазда және триацетатты негізде жасалған қарапайым мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімдерін түсіру.

      369. Білуге тиіс:

      мультипликациялы станоктың жұмыс мақсаты;

      түсірілім аппаратының астына контурланған суреттерді төсеу техникасы.

      370. Жұмыс үлгілері:

      Түсірілім.

      1) бір экспозицияға бірқабатты сынақ түсірілімінің сынағы,

      2) қарапайым панорамалардағы көріністердің сынақ түсірілімі.

      Параграф 2. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 3-разряд

      371. Жұмыс сипаттамасы:

      қағазда және триацетатты негізде орындалған қарапайым мультипликациялы көріністерді және орташа күрделі берілген экспозиция бойынша және экспозициялы парақтағы түсірілімге сәйкес мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімдерін жасау.

      372. Білуге тиіс:

      экспозициялы парақты оқу техникасы;

      сынақ түсірілімдерін сақтау ережесі.

      373. Жұмыс үлгілері:

      Түсірілім.

      1) екі қабатты және үш қабатты сахна, әр қабатында әртүрлі жазбамен,

      2) қозғалысы бойынша әртүрлі панорамаларда көріністің сынақ түрі (қиғаш, тік, көлденең, дөңгелек).

      Параграф 3. Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші, 4-разряд

      374. Жұмыс сипаттамасы:

      алғашқы фазада орындалатын күрделі мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімі;

      алғашқы фазада орындалатын мультипликациялы көріністерді түсіру кезінде кадрдың экспозициясын орнату;

      кинооператордың басшылығымен қарапайым мультипликациялы ендірмені және кадрды түсіру;

      түсіру аппаратурасын және мультипликациялы станоктарды профилактикалы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      375. Білуге тиіс:

      фотография және түсірілім техникасының негізі;

      пленканы өңдеудің технологиясының негізі;

      түсіретін аппаратура мен мультипликациялы станоктың құрылымы.

      376. Жүмыс үлгілері:

      Түсірілім.

      1) басып кету, қаптап кету, ығыстыру мультипликациялы көріністердің сынақ түсірілімі,

      2) мультипликациялы көріністерді басып кету, қаптап кету және ығыстырумен әртүрлі панорамада сынақ көріністерін түсіру.

      36. Диапозитивті фильмдерді салушы

      Параграф 1. Диапозитивті фильмдерді салушы, 3-разряд

      377. Жұмыс сипаттамасы:

      пленканы қорапқа салу;

      арнайы айналдыратын құрылғының көмегімен пленканы айналдыру;

      диапозитивті фильмді қорапқа салуға дайындау: атуы және бөлімдері бойынша фильмді тапсырмаға сәйкес іріктеу, рұқсат беретін куәліктің нөмірін эталон бойынша тексеру, айналдыратын құрылғыға пленканы салу, айналдыратын құрылғының өзекшесінің және мотордың жұмысын тексеру;

      оралған фильмді зат белгісінде көрсетілген атуы, бөлімі, тақырыбы, және түсіне сәйкес тексеру.

      378. Білуге тиіс:

      диапозитивті фильмнің кірмесінде рұқсат беретін куәліктің белгілену ережесі;

      кинопленканың негізгі құрамы және онымен жұмыс істеу ережесі;

      механикалы ақаулар, сызаттар және үйкелулердің негізде;

      эмульсиялы қабатта қалыптасу себептері және олардың алдын-алу шаралары;

      айналдыратын құрылғының құрылысы және жұмыс істеу қағидасы.

      37. Фильмотекарь

      Параграф 1. Фильмотекарь, 3-разряд

      379. Жұмыс сипаттамасы:

      қабылдау, жүйелеу, сақтау, өңдеу және сақтауға арналған фильм материалдарын есепке алу;

      фильм көшірмелерін тексеру, сұрыптау және атуы мен түріне байланысты жинақтау;

      фильм материалын іріктеу және тапсыру;

      өңдеуге тиісті материалды қабылдау және оны орындаушыларға жасау үшін тапсыру;

      тапсырыстың өту және оны қайтаруды бақылау.

      380. Білуге тиіс:

      кинопленканың және фильм материалдарының түрлері;

      фильм материалдарымен жұмыс істеу;

      сақтау және есеп жүргізу;

      пленканы жапсыру ережесі;

      фильм материалдарының техникалы жағдайына қойылатын талаптар.

      Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану фильм материалын жіберу, қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және өндірісте өтуін бақылау – 4-разряд.

      38. Фототекарь

      Параграф 1. Фототекарь, 3-разряд

      381. Жұмыс сипаттамасы:

      фототекаға түсетін фотоиллюстрациялы материалды қабылдау, жүйелеу, есепке алу және сақтау;

      жаңа түсімдерді таңбалау;

      өз фототекасында және басқа ұйымдардың фототекасында фотоиллюстрациялы материалдарды таңдап алу;

      фото материалдарын тапсыру және оның пайдалануын бақылау;

      іріктелген және қабылданған фотоиллюстрацияларды аннотациялау;

      орамды жаңарту.

      382. Білуге тиіс:

      студияның және басқа ұйымдардың фото қорын;

      түрлі-түсті және қара-ақ фотоның негізі;

      фото материалдарын аннотациялау және сақтау ережелері;

      түсілімді таңбалау және орамды жаңарту ережесі.

      Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалануда фото материалдарын қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау – 4-разряд.

4-бөлім. Киножүйе және кинопрокат

      39. Киномеханик

      Параграф 1. Киномеханик, 2-разряд

      383. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофильмдерді демонстрациялау және жіңішке кинопроекциялы аппаратурамен жабдықталған киноқондырғыға техникалы қызмет көрсету;

      біліктілігі жоғары киномеханиктің басшылығымен 35-миллиметрлі киноқондырғыда фильмді демонстрациялау;

      станционарлы және қозғалатын кинопроекциялы аппаратураны және киноқондырғы жабдығын фильмді демонстрациялауға дайындау, аппаратты тазарту және майлау.

      384. Білуге тиіс:

      кинопроекциялы, дыбыс шығаратын аппаратураны және жіңішке пленкалы аппаратурамен жабдықталған киноқұрылғының қосалқы жабдығының құрылысы және техникалы мәліметтері;

      жіңішке пленкамен жабдықталған киноқұрылғымен пайдалану ережесі;

      кинопроекциялы аппаратураның;

      35-миллиметрлі киноқұрылғының қосалқы жабдығының маңызды тораптары мен бөлшектерінің белгіленуі және техникалы мәліметтері.

      Параграф 2. Киномеханик, 3-разряд

      385. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофильмдерді демонстрациялау және 16, 35, 70 миллиметрлі станционарлы және қозғалмалы кинопроекциялы аппаратпен, кино көрсетілімді автоматизациялау құрылғысымен жабдықталған кино құрылғыға техникалы қызмет көрсету;

      киноқұрылғының жинағына кіретін бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарын пайдаланып техникалы тексеруді және аппаратты реттеуді жүзеге асыру;

      механизмді бөлшектеуді және монтаждың дәнекерін қопаруды талап етпейтін жіңішке пленкалы кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою;

      фильм көшірмесін тексеру, айналдыру, ылғалдандыру, техникалы жағдайын анықтау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      киноқұрылғыға техникалы құжатнама жүргізу.

      386. Білуге тиіс:

      станционарлы және қозғалмалы киноқұрылғыларда пайдаланылатын кинопроекциялы;

      дыбыс шығару аппаратурасы және қосалқы жабдық;

      киноқұрылғы элементтерінің сыртқы байланыстарының сызбасының құрылымы және техникалы мәліметтері;

      техникалы тексеруді жүргізу ережесі және жөндеу жұмыстарын жасау;

      киноаппаратураны тексеруде және реттеуде қолданылатын негізгі өлшейтін құралдар мен құрылғыларды пайдалану ережесі;

      фильм көшірмесінің ақауларының себебі және оларды жою;

      нормативтік-техникалық құжатнама.

      Параграф 3. Киномеханик, 4-разряд

      387. Жұмыс сипаттамасы:

      стереофонды дыбысталумен кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрда фильмдерді дыбыстау, киноаппаратураға күтім жасау;

      екі-үш пленканы қосу кезінде, бейнені демонстрациялаумен бірге бір не екі магнитті фонограммадан дыбысты ілеспелі дыбыстау, фильмді дыбыстауды бейне сақиналарынан дыбыстау, тексті және дубляжды салу, түрлі-түсті негативті фильм көшірмелерін, сонымен қоса тез ақау түсетін фильм көшірмелерін өңдеуден кейін демонстрациялау;

      механизмдерді бөлшектеуді және монтаждың дәнекерін қопаруды талап етпейтін кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауды табу және оны жою;

      панорамалы фильм көшірмесін, магнитті фонограмманың техникалы жағдайын анықтау, жөндеу жұмыстарын жасау және синхронизациялау.

      388. Білуге тиіс:

      кинопроекциялы және дыбыс шығаратын аппаратураның құрылымын және техникалы мәліметтерін;

      кең форматты, панорамалы және стереоскоптикалы кинотеатрларда кино көрсетілім құралдарын автоматизациялау;

      фильмді екі–үш пленкада демонстрациялау кезінде кинопроекциялы аппаратты дыбысталатын аппаратпен синхрондау мақсаты;

      кинопроекциядағы және дыбыстаудағы ақауларды жою тәсілдері;

      аппаратураның, киноқұрылғы жабдығының тораптары мен бөлшектеріне қойылатын техникалы талаптар;

      фильм көшірмесінің техникалы жағдайын анықтау бойынша нұсқаулық;

      панорамалы фильм көшірмесін және магнитті фонограммаға жөндеу жұмыстарының техникасы;

      киножелілерге жұмысшыларды дайындау бойынша оқу орны бағдарламасының көлеміндегі электротехника;

      кинопроектілі техника, кино көрсетілімнің автоматикасы;

      дыбыс техникасы және акустика негіздері.

      Параграф 4. Киномеханик, 5-разряд

      389. Жұмыс сипаттамасы:

      фильмді демонстрациялау және киноқұрылғының барлық түріне техникалы қызмет көрсету;

      кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялы, дыбысталатын аппаратураның, электр қуат беретін құрылғы, синхронизациялау аппаратурасы, электр тарату және электр қуатын кешенді тексеру және кино көрсетілімді автоматизациялау құралын жөндеу, реттеу, түзету және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      кинотехникалық жабдыққа монтаждау және айырбастау жұмыстарын жүргізу;

      толық жөндеу жұмыстарынан кейін барлық жаңа киноқұрылғы аппаратын және жабдықтарды техникалы тексеру және сынау;

      электр желіге және кино құрылғының электр жабдығына техникалық бақылауды қамтамасыз ету.

      390. Білуге тиіс:

      кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялы;

      дыбысталатын аппаратураның, электр қуат беретін құрылғы, синхронизациялау аппаратурасы;

      электр тарату және электр қуатын кешенді тексеру және кино көрсетілімді автоматизациялау құралының техникалы мәліметі, құрылымы; қолдану мақсаты, түзету және жөндеу;

      стандартсыз киностудиялы, кинопроекциялы және дыбысталатын жабдықтың құрылымы және қолданыс мақсаты;

      дыбысталатын қалпақшаны тест-сақиналары және өлшейтін жабдық бойынша ауыстыру және орнату ережесі;

      дыбысты қайта басуда бейнені және дыбысты синхронизациялау ережесі;

      басқару пультін пайдалану ережесі;

      динамикалы электр жарнаманың құрылым қағидасы;

      киноқұрылғы сызбасы және монтажды үлгісі.

      Киноқұрылғыда микропроцессорлы техниканы және электронды жүйені пайдалана отырып өте күрделі аппаратурамен жұмыс істеу – 6-разряд.

      40. Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы

      Параграф 1. Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы, 4-разряд

      391. Жұмыс сипаттамасы:

      фильмі демонстрациялау кезінде кең форматты, стереоскопты, панорамалы және кең экранды киноқұрылғыларды оператор пультімен басқару. Фильмді демонстрациялау кезінде дыбыс реттегіштің көмегімен дыбысталудың және дыбысты қажетінше шығу нормасын бақылау;

      кинофильмді демонстрациялау кезінде проекцияның және дыбысталудың сапасын бақылау және киноаппаратқа демонстрацияның ақаулы болса дабыл қағу;

      кинофильмнің көрсетілім сапасына есеп жүргізу;

      4 разрядты "Киномеханикқа" қарасты жұмыстарды орындау;

      қажет болған жағдайда көрермендерді залға отырғызу барысында билетерларға көмек көрсету.

      392. Білуге тиіс:

      35- және 70 – миллиметрлі киноаппаратураның құрылымын;

      қалыпты дыбысталуды қамтамасыз ететін көрермен залының акустикалы ерекшеліктері;

      4 разрядты "Киномеханик" мамандығына қарасты станционарлы киноқұрылғыларда мөлшерде қолданылатын кинопроекциялы;

      дыбысталатын аппаратураның және қосалқы жабдықтың құрылысы және техникалы мәліметтері.

      Параграф 2. Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы, 5-разряд

      393. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотеатрдың жұмыс күні басталмай тұрып аппаратураны және кең форматты жабдықты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғыға сынақ жұмыстарын жүргізу, киноқұрылғының қалыпты жұмыс істеуіне келтірілген кедергілерді анықтау;

      киноаппаратпен байланыста болу;

      басқару пультіне профилактикалы тексеру жасау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      киномеханик пен аппараттағылардың жұмыстарын үйлестіру;

      қажет болған жағдайда 5 разрядты "Киномеханик" мамандығына қарасты жұмыстарды орындау.

      394. Білуге тиіс:

      кең форматты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғының қағидалы сызбасын және құрылысын;

      оператордың басқару пультінің ақауларын жою тәсілі;

      5 разрядты "Киномеханик" мамандығына қарасты мөлшердегі кинопроекциялы аппараттың;

      дыбысталатын құрылғының кеңформатты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғыны құрылымы.

      41. Фильм көшірмеcіне жаңарту жұмыстарын жасаушы

      Параграф 1. Фильм көшірмеcіне жаңарту жұмыстарын жасаушы, 5-разряд

      395. Жұмыс сипаттамасы:

      өңдеудің бекітілген режиміне сәйкес қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатына жаңарту жұмыстарын жасау;

      қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің негізінің деформациясын анықтау және оған жаңарту жұмыстарын жасау;

      фильмнің негізінің және фото қабаттың қорғайтын жаңарған қабатының барлығын және оның түрін анықтау, қорғайтын қабатты жағу;

      фото қабаттың және қара-ақ, түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатын рецептурасын және қайта жаңарту жұмыстарын жасау тәсілдерін таңдау;

      эмульсиялы-жуатын машинада техникалы төзген фильм көшірмелерінің эмульсиялы қабатын алуға дайындау және алу;

      жаңарту жұмыстарына және тазартуға жұмыс ертінділерін дайындау;

      технологиялы операцияның, өңдеудің режимін және ерітіндінің концентрациясының жиілігінің сақталуын бақылау;

      реставрациялы, эмульсиялы-жуатын және басқада машиналардың жұмысындағы ақауларын жою, олардың жеке тораптарын реттеу./

      396. Білуге тиіс:

      кинопленкалардың түрлері және құрамдары;

      фильм көшірмесінің негізіне жаңарту жұмыстарын жасау және оларға қорғайтын-жаңарту қабаттарын жағу;

      жаңарту жұмыстарын жасу кезінде, тазартуда, эмульсиялы қабатты жууда қолданылатын ерітіндінің құрамы мен концентрациясы;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесі;

      қолданылатын ерітінділердің құрамы;

      фильм көшірмелерін пайдалану және кептіру техникасы;

      нормативтік-техникалық құжатнама.

      Фильм тазартатын машинада фильм көшірмелерін тазарту және антистатистикалық өңдеу жұмыстарын жасау, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалы тексеру жұмыстарын жүргізу – 6-разряд.

      42. Фильм тексеруші

      Параграф 1. Фильм тексеруші, 3-разряд

      397. Жұмыс сипаттамасы:

      үстіңгі беттерінің, метражының, жапсырмасының саны және сапасын тексеру негізінде эксплуатациядағы 35 және 16-миллиметрлі фильм көшірмелерінің әр бөлшегінің бөлек техникалы жағдайын анықтау. Әр бөлшектің техникалы жағдайының категориясын анықтау;

      фильм көшірмелерін тексеру, ағымдағы жөндеу жұмыстары және бөлшектерін тазарту;

      ракордтардың қорғаныш-аяқтамаларын ауыстыру, жөндеу және толықтыру;

      стандартсыз және ақаулы жапсырманы қайта жасау, фильмге жаңа жапсырма, перфорацияны кесу;

      фильм көшірмесінің әр бөлшегіне техникалы паспортын және ақау карточкасын толтыру;

      бөлшекті қорапта, фильмостатта және арнайы ылғалдандыратын камераларда фильм көшірмелерін ылғалдандыру.

      398. Білуге тиіс:

      позитивті кинопленканың түрі;

      форматы және негізгі құрамы;

      фильм тазартқыш машинаның фильм тексеретін және дыбыс монтаждайтын қабатының құрылысы;

      фильм көшірмелеріндегі ақаулардың техникалы жағдайын анықтайтын құралдардың белгіленуі;

      фильм көшірмелерін ылғалдандыру тәсілдері;

      фильмостаттың құрылысы,

      35 және 16-миллиметрлі фильмкөшірмелерінің техникалық жағдайын анықтайтын нұсқаулық

      Параграф 2. Фильм тексеруші, 4-разряд

      399. Жұмыс сипаттамасы:

      үстіңгі беттерінің, перфорацияның, жапсырмасының саны және сапасын, түсбергіш және ашықтығын тексеру негізінде эксплуатациядағы 70-миллиметрлі фильм көшірмелерінің әр бөлшегінің бөлек техникалы жағдайын анықтау;

      монтажды жоспарды монтажды парақпен салыстыру;

      түзетулерді жасағаннан кейін, қажет болған жағдайда фильм көшірмесін монтаждау;

      эксплуатациядағы фильм көшірмесінің пефорациялы жолақтарын жапсыру;

      фильм көшірмесінің нормадан асқан төзушілігіне, жоғалғандығына және бұзушылығына акт құрау, сонымен қоса техникалы төзген фильм көшірмесін шығын актісіне жазу.

      400. Білуге тиіс:

      фильм көшірмелерін техникалы пайдалану;

      дыбыс монтажды үстелдің және фильм тексеретін машинаның белгіленуі және құрылысы;

      фильм көшірмесін монтажды парақпен салыстыру тәсілі;

      перфорациялы жолақтарды жапсыру техникасы;

      фильм көшірмесінің ақауларының түрлерін классификациялау ережесі.

      Параграф 3. Фильм тексеруші, 5-разряд

      401. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм көшіретін фабрикалардан алынған фильм көшірмесінің әр бөлігін бөлек заттың үстің, перфорациясын, метражын, жапсырманың саны мен сапасын, ілеспелілігін, геометриялы өлшемін, бейне мен фонограмманың қалыңдығын, Норм-Киноның талаптарына ракордтың сәйкес болу негізінде техникалы жағдайын анықтау;

      техникалы төзген қатардан фильм көшірмесін жинақтау және монтаждау;

      эксплуатациядағы фильм көшірмесінің түсті балансын анықтау;

      түрлі-түсті фильм көшірмесін түсін қайтаруға іріктеп алу немесе түсі кеткендігіне байланысты демонстрациядан алу;

      жаңарту жұмыстарына фильм көшірмесін іріктеп алу және ақаудың түріне байланысты оның сипатын анықтау;

      жаңарту жұмыстарынан кейін фильм көшірмесінің техникалы жағдайын анықтау;

      панорамалы және айналмалы кинопанорамалы кинотеатрларда бейнеленген үш пленкалы және магнитті фонограммалы стартовкалау;

      панорамалы фильм көшірмесі және фонограммаларды тозуларын есепке алу және жөндеу жұмыстарына қатысу.

      402. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті, қара-ақ, кең форматты;

      панорамалы және стереоскопты фильм көшірмелерінің техникалы жағдайы;

      техникалы тозған фильм көшірмесін жинақтау технологиясы;

      монтажды параққа сәйкес фильм көшірмесін монтаждау ережесі;

      бейне мен дыбысты синхронизациялау негіздері;

      фильм көшірмесінің түсінің кету деңгейіне қойылатын талаптар;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың белгіленуі және құрылымы;

      нитропленканың негізінің ыдырау белгілері;

      жаңарту жұмыстарымен жойылатын ақаулардың түрі;

      прокаттың және фильмді пайдалану ережесі.

5-бөлім. Театр-көрініс кәсіпорындары

      43. Аттракциондардың, тирдың және ойын автоматтары залының кезекшісі

      Параграф 1. Аттракциондардың, тирдың және ойын автоматтары залының кезекшісі, 2-разряд

      403. Жұмыс сипаттамасы:

      ойын автоматтары, аттракцион және тирларға қызмет көрсету және пайдалану, олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру және келушілерді қабылдауға дайын екендігін анықтау;

      келушілерге қызмет көрсету, оларды ойын автоматтары, аттракциондар және тирлардың ережелері мен нұсқаулықтарымен таныстыру;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа жөндеу жұмыстарын жасау;

      түскен ақшаға есеп жасау және олардың түгелдігін қадағалау.

      404. Білуге тиіс:

      ойын автоматтары, аттракцион, тирлардың нұсқаулықтары және пайдалану ережесі;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

      ататын қарудың құрылысы және нысаналарға қауіпсіз атудың ережесі.

      44. Сахна машинисі

      Параграф 1. Сахна машинисі, 3-разряд

      405. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде қатты декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып сахнаны жұмсақ декорациямен құрастыру кезінде немесе көрініс және дайындықты клуб тектес мекемеде өткізу кезінде әртүрлі декорациядан сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;

      көшпелі көріністер, гастрольдер кезінде сахна жабдығын және мүлкін тиеу-түсіру жұмыстарына, ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      406. Білуге тиіс:

      станционар жағдайында көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу үшін сахнаны монтаждау жұмыстары және механизмдердің қолданыс мақсаты;

      сахна жабдығын техникалы пайдалану ережесі;

      сахна жабдығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау ережесі.

      Параграф 2. Сахна машинисі, 4-разряд

      407. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ және көлемді-қатты декорациямен сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;

      сахнаны безендіру конструкциясын сұрыптау және сахна мүлкін және жабдыққа профилактикалы жөндеу жұмыстарына қатысу;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында театр-көрініс кәсіпорындарының машина-декорациялы бөліктерін, сахна жабдығының және мүлкінің тиеу-түсіру жабдығына қызмет көрсету.

      408. Білуге тиіс:

      театр-көрініс кәсіпорындарына көрініс және дайындық жұмыстарын жүргізу үшін сахнаны монтаждау және қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің құрылымы;

      сахна мүлкі мен жабдығын тасымалдау тәсілі;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа профилактикалы жөндеу жұмыстарын жасау ережесі.

      Параграф 3. Сахна машинисі, 5-разряд

      409. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып көлемді-қатты декорациямен сахнаны монтаждау кезінде механизмдерді басқару;

      жаңа көріністерге макет және эскиздерді қабылдайтын техникалы комиссияның жұмысына, сахна мүлкі мен жабдығына толық жөндеу жұмыстарын жасауға қатысу;

      сахна жабдығын модернизациялау ұсынысын талдау және жаңа безендіруді монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру;

      сахна мүлкі мен жабдығын дұрыс сақтау және пайдалануды қамтамасыз ету, олардың түгелдігін бақылау;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында дайындықты және көріністі өткізу бойынша монтаждаушының жұмысын жоспарлау және басқару.

      410. Білуге тиіс:

      сахнаның әртүрлі механизмдерінің құрылымы және көріністің сахна безендіруін технологиялы монтаждау;

      сахна безендіруін сақтау және сахна жабдығын пайдалану ережесі;

      шығармашылық өндіріс процесін ұйымдастыру формасы және ерекшелігін;

      отандық, шетелдік театр және цирктің сахна техникасы саласындағы тәжрибесі және көрініс және цирк қойылымдарын сахна безендіруінің монтаждау технологиясы.

      411. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

      45. Сахнаны монтаждаушы

      Параграф 1. Сахнаны монтаждаушы, 3-разряд

      412. Жұмыс сипаттамасы;

      кезекті көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде сахнаны монтаждау (безендіру);

      сахнада және дайындық өтетін бөлмеде декорацияны және жиһазды қою, жұмсақ декорацияларды ілу, сахна машинисінің нұсқаулықтарына сәйкес антракт және жиі үзілістер кезінде декорацияның орнын ауыстыру;

      декорацияны, сахна мүлкіне кішігірім жөндеу жұмыстарын жасау және оларды таза күйінде ұстау;

      қажет болған жағдайда шум аппараттарында жұмыс жасау;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында декорацияны және сахна мүлкінің орнын ауыстыру кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.

      413. Білуге тиіс:

      көріністі безендіруде пайдаланылатын декорация;

      сахна жабдығының құрылымы және қолданылу қағидасы;

      сахна жабдығының декорациясын орнату және бекіту ережесі.

      46. Униформашы

      Параграф 1. Униформашы, 2-разряд

      414. Жұмыс сипаттамасы:

      манежді жабдықтау: реквизитті алып беру, цирк аппаратурасын орнату және ілу;

      қойылым және репетиция кезінде артистерді сақтандыру және пассирлеу;

      қойылымды дайындауда және аттракциондарда клоун және кілемдердің репризға қатысуы;

      жануарларды манежға шығару және оларды сахна артына қабылдау, цирк аймағында тордағы жануарларды, реквизитті, цирк аппаратурасын және басқада цирк мүліктерін тасымалдау;

      кілемдерді манеждан тыс тазарту;

      қозғалмалы циркта – цирк конструкциясының бөлшектерін жинау, пайдалану және бөлшектеуде, тиеуде, түсіруге қатысу.

      415. Білуге тиіс:

      жануарларға қарай білу;

      цирк аппаратурасын ілу жүйесі және орнату;

      реквизитті пайдалану ережесі;

      байламдардың түрлері және канаттарды байлау тәсілдері;

      жүк көтеретін механизм мен құралдардың құрылымы және пайдалану ережесі.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(58-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с

Мамандықтар атаулары

Разряд диапазондары

Бет

1.

Аттракциондардың, тир және ойын автоматтары залының кезекшісі

2

94

2.

Бутафор

1-6

2

3.

Видеотекарь

4-5

41

4.

Видео түсірілім операторы

3-8

70

5.

Гример-пастижер

2-6

6

6.

Декорация қоюшы

1-6

36

7.

Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы

1-6

33

8.

Декорацияны өңдеуші маляр

1-6

12

9.

Диапозитивті фильмдерді салушы

3

85

10.

Диапозитивті фильмдерді безендіруші

2-4

74

11.

Диапозитивті фильмдерді түсіруші

3-5

83

12.

Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик

2-7

16

13.

Жарық түсіруші

3-8

24

14.

Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик

5-6

50

15.

Зоологиялық базаның аңшысы

1-4

42

16.

Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы

4-5

90

17.

Киномеханик

2-6

87

18.

Кинотеледидарлы жабдықта қызмет көрсетуші механик

3-8

51

19.

Кинотехнологиялық жабдықта жөндеу және қызмет көрсетуші механик

4-8

61

20.

Контурланған суретті бояушы

2-5

80

21.

Контурлаушы

2-5

48

22.

Костюмер

2-6

9

23.

Магнитті баспалардың операторы

3-8

21

24.

Мультипликациялы суреттерге негіз дайындаушы

2

80

25.

Мультипликациялы сынақ түсірілімдерін түсіруші

2-4

84

26.

Негативті монтаждаушы

1-8

65

27.

Ойыншық қуыршақты дайындаушы

5-6

43

28.

Пастижер

3-6

29

29.

Пастижер өндірісіндегі бояушы

4-6

11

30.

Пиротехник

2-6

78

31.

Позитивті монтаждаушы

1-7

67

32.

Реквизитор

2-6

30

33.

Сахнаны монтаждаушы

3

96

34.

Сахна машинисі

3-5

94

35.

Субтитр өңдеуші

3-5

82

36.

Субтитр теруші

2-6

76

37.

Субтитрларды дайындаушы

3-6

45

38.

Теледидар жабдығында қызмет көрсетуші механик

3-8

57

39.

Түсіретін аппаратураға қызмет көрсетуші механик

2-6

54

40.

Түстандаушы

1-6

46

41.

Униформашы

2

97

42.

Фильм көшірмесіне жаңарту жұмыстарын жасаушы

5-6

91

43.

Фильм тексеруші

3-5

92

44.

Фильмотекарь

3-4

86

45.

Фонды үйлестіруші

4-5

40

46.

Фототекарь

3-4

86


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады