Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58 -шығарылым) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қазанда № 24767 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (58-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 349-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7896 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 12 қазандағы
№ 373 бұйрығымен
бекітілген

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым)

1-тарау. Кіріспе

      1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (58-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА (58-шығарылым):

      кинематография;

      мәдениет және ақпарат (жалпы кәсіптер);

      театр-ойын-сауық;

      теледидар және радиотарату ұйымдарындағы кәсіптер мен жұмыстарды қамтиды.

      2. БТБА-ны (58-шығарылым) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

      3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да (58-шығарылым) көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

2-тарау. Кинематография ұйымдарының разрядтар бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы, 4-разряд

      4. Жұмыс сипаттамасы:

      фильмдерді демонстрациялау кезінде кең форматты, стереоскопты, панорамалы және кең экранды киноқұрылғыларды оператор пультімен басқару;

      фильмді демонстрациялау процесінде дыбыс реттегіштің көмегімен дыбысталудың және дыбысты қажетінше шығу нормасын бақылау;

      кинофильмді демонстрациялау кезінде проекцияның және дыбысталудың сапасын бақылау және киноаппаратқа демонстрацияның ақаулы болса дабыл қағу;

      кинофильмнің көрсетілім сапасына есеп жүргізу;

      4-разрядты "Киномеханик" мамандығы үшін көзделген жұмыстарды орындау;

      қажет болған жағдайда көрермендерді залға отырғызу барысында билетерлерге көмек көрсету.

      5. Білуге тиіс:

      35 және 70-миллиметрлі киноаппаратураның құрылымы;

      қалыпты дыбысталуды қамтамасыз ететін көрермен залының акустикалық ерекшеліктері;

      4-разрядты "Киномеханик" кәсібі көлемінде қарастырылған станционарлық киноқұрылғыларда қолданылатын кинопроекциялық және дыбысталатын аппаратураның, қосалқы жабдықтың құрылымы және техникалық деректері.

2-параграф. Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы, 5-разряд

      6. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотеатрдың жұмыс күні басталмай тұрып аппаратураны және кең форматты жабдықты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғыға сынақ жұмыстарын жүргізу, киноқұрылғының қалыпты жұмыс істеуіне келтірілген кедергілерді айқындау;

      киноаппаратханасымен байланыста болу;

      басқару пультіне профилактикалық тексеру жасау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      киномеханик пен аппараттағылардың жұмыстарын үйлестіру;

      қажет болған жағдайда 5-разрядты "Киномеханик" кәсібі үшін көзделген жұмыстарды орындау.

      7. Білуге тиіс:

      кең форматты, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғының түбегейлі схемасы және құрылымы;

      оператордың басқару пультінің ақауларын жою әдістері;

      5-разрядты "Киномеханик" кәсібі көлемінде қарастырылған кеңформатты дыбысталатын құрылғының, панорамалы, стереоскопты және кең экранды киноқұрылғылардың, кинопроекциялық аппараттың құрылымдары.

3-параграф. Киномеханик, 2-разряд

      8. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофильмдерді демонстрациялау және жіңішке кинопроекциялық аппаратурамен жабдықталған киноқондырғыға техникалық қызмет көрсету;

      біліктілігі анағұрлым жоғары киномеханиктің басшылығымен 35-миллиметрлі киноқондырғыда фильмді демонстрациялау;

      станционарлық және қозғалатын кинопроекциялық аппаратураны және киноқондырғы жабдығын фильмді демонстрациялауға даярлау, аппаратты тазарту және майлау.

      9. Білуге тиіс:

      кинопроекциялық, дыбыс шығаратын аппаратураны және жіңішке пленкалы аппаратурамен жабдықталған киноқұрылғының қосалқы жабдығының құрылымы және техникалық мәліметтері;

      жіңішке пленкамен жабдықталған киноқұрылғымен пайдалану тәртібі;

      35-миллиметрлі киноқұрылғының қосалқы жабдығының маңызды тораптары мен бөлшектерінің, кинопроекциялық аппаратураның белгіленуі және техникалық деректері.

4-параграф. Киномеханик, 3-разряд

      10. Жұмыс сипаттамасы:

      кинофильмдерді демонстрациялау және 16, 35, 70-миллиметрлі станционарлы және қозғалмалы кинопроекциялық аппаратпен, кино көрсетілімді автоматизациялау құрылғысымен жабдықталған кино құрылғыға техникалық қызмет көрсету;

      киноқұрылғының жинағына кіретін бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарын пайдаланып техникалық тексеру жүргізу және аппаратураны реттеу;

      механизмді бөлшектеуді және құрастырудың дәнекерін қопаруды талап етпейтін жіңішке пленкалы кинопроекциялық және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою;

      фильм көшірмесін тексеру, айналдыру, ылғалдандыру, техникалық жағдайын анықтау және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      киноқұрылғыға техникалық құжаттама жүргізу.

      11. Білуге тиіс:

      станционарлық және қозғалмалы киноқұрылғыларда пайдаланылатын кинопроекциялық, дыбыс шығару аппаратурасына және қосалқы жабдыққа техникалық тексеру және жөндеу жүргізу тәртібі, құрылымы және техникалық деректері;

      киноқұрылғы элементтерінің сыртқы байланыстарының схемасы;

      киноаппаратураны тексеруде және реттеуде қолданылатын негізгі өлшеу құралдары мен құрылғыларды пайдалану тәртібі;

      фильм көшірмесі ақауларының себебі және оларды жою тәсілдері, нормативтік-техникалық құжаттамалар.

5-параграф. Киномеханик, 4-разряд

      12. Жұмыс сипаттамасы:

      стереофонды дыбысталумен кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрда фильмдерді дыбыстау, киноаппаратураға күтім жасау;

      екі-үш пленканы қосу кезінде, бейнені демонстрациялаумен бірге бір не екі магнитті фонограммадан дыбысты ілеспелі дыбыстау, фильмді дыбыстауды бейне сақиналарынан дыбыстау, тексті және дубляжды салу;

      тепе-тең негативті фильм көшірмелерін, сондай-ақ тез ақау түсетін фильм көшірмелерін өңдеуден кейін демонстрациялау;

      механизмдерді бөлшектеуді және құрастырудың дәнекерін қопаруды талап етпейтін кинопроекциялық және дыбыс шығаратын аппаратураның жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою;

      панорамалы фильм көшірмесін, магнитті фонограмманың техникалық жағдайын айқындау, жөндеу жұмыстарын жасау және синхронизациялау.

      13. Білуге тиіс:

      кең форматты, панорамалы және стереоскоптикалы кинотеатрларда кино көрсетілімді автоматизациялау құралдарының, кинопроекциялық және дыбыс шығаратын аппаратураның құрылымы және техникалық мәліметтері;

      фильмді екі-үш пленкада демонстрациялау кезінде кинопроекциялық аппаратты дыбысталатын аппаратпен синхрондау принциптері;

      кинопроекциядағы және дыбыстаудағы ақауларды жою тәсілдері;

      аппаратураның, киноқұрылғы жабдығының тораптары мен бөлшектеріне қойылатын негізгі техникалық талаптар, фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау бойынша нұсқаулық;

      панорамалы фильм көшірмесін және магнитті фонограммаға жөндеу жұмыстарының техникасы;

      киножелілерге жұмысшыларды даярлау бойынша оқу орны бағдарламасының көлеміндегі электртехника, кинопроекциялық техника, кино көрсетілімнің автоматикасы, дыбыс техникалары және акустика негіздері.

6-параграф. Киномеханик, 5-разряд

      14. Жұмыс сипаттамасы:

      фильмді демонстрациялау және киноқұрылғының барлық түріне техникалық қызмет көрсету;

      кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялық, дыбысталатын аппаратураның, электр қуат беретін құрылғы, синхронизациялау аппаратурасы, электр тарату және электр қуатын кешенді тексеру және кино көрсетілімді автоматизациялау құралдарын тексеру, жөндеу, реттеу, түзету және ағымдағы жөндеу жұмыстары;

      кинотехникалық жабдыққа құрастыру және айырбастау жұмыстарын жүргізу;

      күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін барлық жаңа кинопроекциялық аппараттары және жабдықтарын техникалық тексеру және сынау;

      электр желіге және кино құрылғының электр жабдығына техникалық бақылауды қамтамасыз ету.

      15. Білуге тиіс:

      кең форматты, панорамалы және стереоскопты кинотеатрлардың кинопроекциялық аппаратурасының, дыбыс шығаратын құрылғының, автоматтандыру құралдарын реттеу, түзету және теңшеу тәсілдері, техникалық деректері, құрылымы, әрекет ету принципі;

      стандарт емес киностудиялық, кинопроекциялық және дыбыс шығаратын жабдықтың құрылымы және әрекет ету принципі;

      дыбыс шығаратын қалпақшаның тест-сақиналары және өлшейтін жабдықтарды ауыстыру және орнату тәртібі;

      дыбысты қайта басуда бейнені және дыбысты синхронизациялау принциптері;

      басқару пультінің құрылымы және пайдалану тәртібі;

      динамикалық электр жарнаманың құрылымы принципі;

      киноқұрылғының сызбалары және құрастыру схемалары.

      16. Киноқұрылғыда микропроцессорлы техниканы және электронды жүйені пайдалана отырып өте күрделі аппаратурамен жұмыс істеу кезінде – 6-разряд.

7-параграф. Фильм көшірмеcіне жаңарту жұмыстарын жасаушы, 5-разряд

      17. Жұмыс сипаттамасы:

      өңдеудің белгіленген режиміне сәйкес қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатын қалпына келтіру;

      қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінегізінің деформациясын анықтау және оны қалпына келтіру;

      фильм көшірмелерінің негізінің және фото қабатының қорғау-реставрациялық қабатының бар болуын және түрін анықтау, қорғайтын қабатты жағу;

      фото қабаттың және қара-ақ, түрлі-түсті фильм көшірмесінің фото қабатын рецептурасын және реставрация жасау әдістерін таңдау;

      эмульсиялы-жуатын машинада техникалық төзген фильм көшірмелерінің эмульсиялы қабатын алуға даярлау және алу;

      реставрацияға және тазартуға жұмыс ертінділерін әзірлеу;

      технологиялық операцияның, өңдеудің режимін және ерітіндінің концентрациясының жиілігінің сақталуын бақылау;

      реставрациялық, эмульсиялы-жуатын және өзге де машиналардың жұмысындағы ақауларын жою, олардың жекелеген тораптарын реттеу.

      18. Білуге тиіс:

      кинопленкалардың түрлері және қасиеттері;

      фильм көшірмесінің негіздерін реставрациялау және оларға қорғау-реставрациялық қабатты жағу, реставрациялау кезінде, тазартуда, эмульсиялық қабатты жууда қолданылатын ерітіндінің қасиеті және концентрациясы;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы мен пайдалану тәртібі, қолданылатын ерітінділердің құрамы;

      нормативтік-техникалық құжаттама, фильм көшірмелерін пайдалану және кептіру техникасы.

      19. Фильм тазартатын машинада фильм көшірмелерін тазарту және антистатистикалық өңдеу жұмыстарын жасау, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде – 6-разряд.

8-параграф. Фильм тексеруші, 3-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      бөлек бетінің, метражын, жапсырылғанның саны мен сапасының жағдайын тексеру негізінде әр бөлігі бойынша пайдаланудағы 35 және 16-миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау;

      әр бөліктің техникалық жағдайының дәрежесін анықтау;

      ағымды жөндеу және фильм көшірмесін тазалау;

      қорғау түйіні мен ракорды түзету, толықтыру және ауыстыру;

      стандартты емес және ақау жапсырылған, фильмді жаңадан жапсыру, перфорацияны қию, қайтадан жасау;

      әр фильмнің көшірмесіне техникалық паспорт және ақау карточкаларды толтыру;

      бөлек қораптардағы фильмнің көшірмесін, фильмостаттарды және арнайы дымқылдау камераларын дымқылдату.

      21. Білуге тиіс:

      позитивті кинотаспаның түрлерін, форматтың және негізгі тәсілдері;

      фильмді тексеру үстелін, дыбысты құрастыру үстелін және фильмді тазалау машиналарының құралы;

      фильмнің көшірмесіндегі ақаудың техникалық жағдайын анықтау үшін аспаптар мен құралдарды;

      фильмнің көшірмесін ылғалдандыру тәсілдері;

      фильмостат құралдары;

      нұсқауды орнатуға 35 және 16-миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайы.

9-параграф. Фильм тексеруші, 4-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      бетінің, перфорациясының, жапсырылғанның саны мен сапасын, рендік қасиеті мен айқындық жағдайын бақылау негізінде әр бөлік бойынша пайдаланудағы 70 миллиметрлік фильм көшірмесінің техникалық жағдайын анықтау;

      құрастыру жоспарын құрастыру парағымен салыстыру;

      түзетулерді енгізгеннен кейін қажетті жағдайларда фильмнің көшірмесін құрастыру;

      пайдалануда болған фильм көшірмесінің перфорация жолдарын жапсыру;

      тозуда, жоғалтуда және бүлдіруде басты нормативтік актілерді, техникалық пайдаға жарамсыз фильмнің көшірмесін шығару актілерін құру.

      23. Білуге тиіс:

      фильмнің көшірмесін техникалық пайдалану тәртібі;

      дыбысты өңдеуге арналған үстелі және фильмді тазалау машиналарының мақсаты және құрылғысы;

      құрастырылған парақтармен фильм көшірмесін салыстыру тәсілдері;

      перфорациялық жолдарын жапсыру техникасы;

      ақауларды топтастыру түрін және олардың пайда болу түрі.

10-параграф. Фильм тексеруші, 5-разряд

      24. Жұмыс сипаттамасы:

      "Норм – Кино" ракорд талаптарына сәйкес әр бөлігі бойынша бөлек бетін, перфорациясын, метражды, жапсырылудың саны мен сапасын, ілеспені, геометрия мөлшерін, бейне мен фонограмманың жиілік жағдайын тексеру негізінде киноны көшіру фабрикасынан алынған жаңа фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау;

      техникалық тозғандардың ішінен фильм көшірмесін құрастыру және жинақтау;

      пайдалануда болған фильмді көшіру, түрлі-түсті тепе-теңдігін анықтау;

      өзгеріп кетуіне байланысты түсті бұрынғы қалпына келтіру немесе демонстрациядан алу үшін түрлі-түсті фильмнің көшірмесін таңдау;

      жарамсыздықтың түріне байланысты оның сипаттамасын қалпына келтіру және анықтау үшін фильмнің көшірмесін таңдау;

      калпына келтіргеннен кейін фильмді көшірудің техникалық жағдайын анықтау;

      кинотеатрда көріністік және дөңгелек кино көріністерін бейне және магнит фонограммаларымен үш таспаны кірістіру;

      көріністегі фильмнің көшірмесі мен фонограммасының тозғанын және жөндеуді есептеу;

      киноны көшіру фабрикасының өніміне өтінішті әзірлеу;

      біліктілігі анағұрлым төмен фильм тексерушілерге басшылық ету.

      25. Білуге тиіс:

      фильмнің көшірмесіне түрлі-түсті және қара, ақ кең форматты, көріністі және стереоскоптық техникалық жағдайлары;

      техникалық тозған фильм көшірмелерін жинау технологиясы;

      құрастыру парағына сәйкес фильм көшірмесін құрастыру;

      бейне мен дыбыс ілеспесінің негізі;

      фильм көшірмесінің өзгеру дәрежесін анықтаудың талаптары;

      қызмет көрсететін жабдықты тағайындау және құрылымы;

      нитротаспалар негізінің ыдырау белгілері;

      бүліну түрлері және қалпына келтіру жолдары;

      фильмді жалға алу және пайдалану тәртібі.

3-тарау. Мәдениет және ақпарат ұйымдарының разрядтар бойынша жұмысшылардың жалпы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Бутафор, 1-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары бутафордың басшылығымен бутафор бұйымдарын өңдеу кезіндегі дайындық жұмыстарын орындау: қағазды қию, борды, гипсті елеу, сазды, желімді, клейстерді әзірлеу, папье-маше материалына қағаздар даярлау;

      тегіс заттың үстін қап тігетін матамен және қағазбен желімдеу;

      жапырақтарға арналған қағаздарды бояу.

      27. Білуге тиіс:

      бутафор ісінің негізгі элементтері;

      бутафор бұйымдарын қарапайым өңдеу тәсілдері;

      желімді қайнату және клейсті демдеу тәсілдері.

2-параграф. Бутафор, 2-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      бутафор бұйымдарын өңдеу кезіндегі дайындық жұмыстарын орындау;

      гипс және папье-маше материалынан жасалған бұйымдарды терең және үстірт рельефпен тығындау және левкастау;

      дайын шаблондар бойынша тегіс немесе рельефпен тұрпайы гипс пішіндерін дайындау;

      дайын пішіндер бойынша папье-маше материалынан бутафор бұйымдарын желімдеу және бояуға даярлау, оларды орнату және декорацияларға орнату;

      бутафор бұйымдарын қию, тігу және жиектеу;

      тығынды, левкасты әзірлеу.

      29. Білуге тиіс:

      гипс бұйымдарының пішіндерін және терең және үстіртін рельефпен, сондай-ақ тұрпайы пішінді рельефпен папье-маше материалынан бұйымдар дайындау техникасы;

      қолданылатын материалдардың қасиеттері мен мақсаты;

      штампылау станоктарының жұмыс істеу принципі;

      тығынды және левкасты дайындау тәсілдері;

      қолданыстағы құрылғылар мен құралдардың мақсаты және пайдалану тәртібі.

      30. Жұмыс үлгісі:

      1) дала тастары жапырақты - папье-маше материалдарынан жапсыру;

      2) бутафор жапырақтары -штампылау немесе қолдан қию, ағаштарға орау;

      3) бутафор қары - папирос қағазын арнайы машинада немесе қолмен ысқылау.

3-параграф. Бутафор, 3-разряд

      31. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым бутафор бұйымдарын дайындау;

      эскиздер мен дайын шаблондар бойынша әртүрлі материалдардан үстіртін рельефпен бұйымдар жасау;

      гипсті пішіндерді дайындау және папье-маше мен мастикпен шамалы тереңдікпен үлкен анық сурет рельефімен бутафор бұйымдарын желімдеп жабыстыру.

      32. Білуге тиіс:

      мастиктерді дайындау тәсілдері;

      бутафор бұйымдарын қолдан дайындау кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдардың құрылымы және пайдалану тәртібі.

      33. Жұмыс үлгілері:

      1) мастиктан ионика - дайындау;

      2) бутафор жапырақтары - әртүрлі рең берумен түрлі түске бояу;

      3) кілем тәрізді шөп, қағаздан жасалған гүл - дайындау.

4-параграф. Бутафор, 4-разряд

      34. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа бутафор бұйымдарын дайындау;

      әртүрлі материалдардан терең рельефпен және орташа қалыңдықтағы оюмен бутафор бұйымдарын жасау немесе эскиз, сызба, шаблон бойынша толтыру;

      архитектура бөлшектерінің қарапайым көлемді гипс пішіндерін дайындау;

      көлемді пішіндер бойынша папье-машеден архитектура бөлшектерін және мүсіндерді желімдеп жабыстыру;

      декорация құрастыру барысында көлемді архитектура бөлшектерін түзету кезінде орнату;

      әртүрлі фактуралардың үстіңгі қабатын түзету;

      картонажды жұмыстарын орындау;

      майлы бояулардан колерлар құрастыру;

      мата мен қағаздан гүлдер дайындау.

      35. Білуге тиіс:

      архитектура бөлшектерінің қарапайым көлемді пішіндерін жасау техникасы мен технологиясы;

      жинау, өңдеу техникасы, бутафор бұйымдарынорнату және реставрациялау, қолданылатын материалдар және олардың қасиеттері;

      майлы, анилинді колерлардың және тегістеу ерітіндісінің рецептурасын құрастыру;

      маталарды бояу технологиясы.

      36. Жұмыс үлгілері:

      1) қағаздан, розеткадан жапсырылған гирляндалар- пішіндер дайындау;

      2) қабырға мен есіктердегі қырау, терезедегі аяз - ұқсату;

      3) ұлғайтылған түрлі-түсті ордендер - әшекей;

      4) ескі ағаштарға қаптамалар - өңдеу;

      5) реквизит - дайындау және жапсырмамен қалпына келтіру;

      6) маталардан гүлдер: 5-6 гүлден тұратын сирень, түймедақ, қызғалдақ, гладиолустар, қалампыр, көк гүл букетін жапырақтарымен бірге - дайындау.

5-параграф. Бутафор, 5-разряд

      37. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі бутафор бұйымдарын дайындау;

      әртүрлі материалдардан эскиздер бойынша ұсақ суреттерді оюлаумен көлемді бутафор бұйымдарын жасау;

      мүсінді бұйымдардың гипсті күрделі кесекті пішіндер дайындау;

      бояулардан колерлар құрастыру;

      гипстен модельдер қию;

      ағаштардың фактурасы;

      муляжды жұмыстарды орындау;

      жібек пен барқыттан гүлдер дайындау;

      шаблондарды сызу және дайындау.

      38. Білуге тиіс:

      ұсақ суреттерді оюлаумен көлемді бутафор бұйымдарын дайындау техникасы;

      ұқсату заттарын жасау және жұмыстарды реставрациялау технологиясы;

      бутафор бұйымдарын көркем безендіру жолдары;

      гүлдер дайындау техникасы мен технологиясы;

      шаблондарды дайындау тәсілдері.

      39. Жұмыс үлгілері:

      1) барельефтар, оюланған вазалар, мүсіннің жоғарғы жағы, маскалар - модельдер дайындау;

      2) айыру белгілері, ордендер, матадан жасалған гүлдер: георгиндер, раушан - дайындау;

      3) бутафор бұйымдары - бірнеше колермен желім бояуымен әшекейлеу;

      4) барқыт, плюштерге сурет салу - ыстық тәсілмен әшекейлеу;

      5) мықты сылақтан сурет салу - алтын немесе ескі күміске ұқсатып соғу;

      6) аңдар, құстар тұлыбы - балшықтан соғу.

6-параграф. Бутафор, 6-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      көркем безендіру арқылы күрделі, бірегей бутафор бұйымдарын дайындау;

      мүсіндер жасау;

      органикалық шыныдан, фольгадан, жезден, текстолиттен жұмыстар орындау;

      металл өнімдерін күміс пен алтынға ұқсатып соғу жұмыстарын орындау;

      архитектура бөлшектерін және бутафор бұйымдарын алтын мен күміске және металға ұқсатып өңдеу;

      вакуумды қондырғыда пластмассадан жасалған бутафор бұйымдарын дайындау.

      41. Білуге тиіс:

      бутафор бұйымдарын қиыстырылған пішіндерін қаңқасымен жасау технологиясы;

      сызбалар, схемалар және эскиздерді оқу тәртібі;

      бөлшектерді құю үшін отқа төзімді пішіндерді дайындау тәсілдері;

      белгіленген мөлшерге дейін үлгі, схема, сызбаларды ұлғайту техникасы;

      қаптау, сусалды алтынмен алтындау тәртібі;

      вакуум қондырғыда пластмассадан жасалған бутафор бұйымдарын жасау техникасы мен технологиясы.

      42. Жұмыс үлгілері:

      1) сәнді түйреуіш, вазалар, кеуекті резинадан актини-балдырлар, алқа, аспа шам - дайындау;

      2) азаматтық және әскери үлгідегі мүсіндер - дайындау;

      3) конус және коринф үлгісіндегі капительдер - дайындау;

      4) пышақтар,қанжар және семсер, қылыштар, саптары, садақ жебелері салынған қорамсақ - соғу бойынша өңдеу.

7-параграф. Гример-пастижер, 2-разряд

      43. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары гример-пастижердің басшылығымен жақын және алыс жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына гримдеуді орындау;

      пастижер бұйымдарын әзірлеу үшін шаштарды даярлау: жуу, тарау, сорттау және тарту;

      креп, трес, бұрым, шиньон, бұрымдарды сарлы және жасанды шаштан дайындау.

      44. Білуге тиіс:

      гример және пастижер жұмысының негіздері;

      пастижер жұмысын орындауға қолданылатын құралды пайдалану тәртібі;

      гримдеуге және пастижер бұйымдарын әзірлеуге арналған материалдар мен бояулардың қасиеттері.

8-параграф. Гример-пастижер, 3-разряд

      45. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші-гримердің басшылығымен бірінші кезектегі алғашқы жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына және эпизоттық рольдердегі актерларға эскиз бойынша грим жасауды орындау;

      бірінші кезектегі алғашқы жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына және эпизодтық рольдердегі актерларға сақал, қас, кірпік, қал және ұсақ жапсырмалар дайындау;

      табиғи шаштан бұрым және шиньон дайындау;

      шаштарды "фрезюрлауға" даярлау: тұлымдарға бөлу, коклюшкаларға бұйралау;

      шаштар мен париктерді бұйралау;

      екі толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      46. Білуге тиіс:

      пастижер бұйымдарын дайындау технологиясы;

      шаш пен жүннің қасиеттері;

      грим мен парикті дайындауға кететін материалдың нормасы;

      бояуларды таңдау, шашпен жүнді бояу тәртібі;

      әртүрлі бояулардың теріге әсер ету принципі;

      бет сүйегінің құрылысы.

9-параграф. Гример-пастижер, 4-разряд

      47. Жұмыс сипаттамасы:

      суретші-гримердің басшылығымен күрделілігі қарапайым және орташа дербес және ұлттық гримді жасауды орындау;

      көркем шаш сәнін жасауды орындау;

      барлық жобадағы көпшілік және топтық көріністің қатысушыларына арналған париктерді сәнді етіп қию;

      гуммозды жапсырмаларды жапсыру;

      сақал, бакенбард, маңдай және шекеге арналған жапсырмаларды, контраньюрларды дайындау;

      парикке арналған жұқа тресті өру;

      трестен париктер дайындау;

      суретші-гримердың басшылығымен эскиз бойынша тамбурланған париктерді сарлы және жасанды шаштан дайындау;

      үш толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      48. Білуге тиіс:

      әртүрлі үлгі мен дәуірдегі шаш сәнінің түрлері, модельдері;

      әртүрлі сорттағы пленкаларда бояудың суретке жақсы түсуі;

      ымдау заңдылығы, түрлері;

      пластикалық және ішкі декоративтік бояуларды пайдалану тәртібі;

      гримдеу техникасы;

      пастижерлі бұйымдардың дайындалу технологиясы;

      пастижер бұйымдарын дайындауда түсті таңдау тәртібі.

10-параграф. Гример-пастижер, 5-разряд

      49. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз, бейнелеу және суретші- гримердың үлгілері бойынша қиын дербес және ұлттық гримді пластикалық бөлшектерді және мүсінді соғу жеңіл жұмыстарын (бұрым, иек, бет сүйегін) орындау;

      актердің басынан масканы шешу және оны дайындау;

      барлық түрлі жапсырмаларды, кейіпкерлердің және портретті париктер, айрығы бөлінген қиыстырылған париктер мен жапсырмаларды дайындау;

      шаштарды және париктерді қию;

      төрт толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      50. Білуге тиіс:

      масканы дайындау технологиясы;

      беттен масканы сүртетін материалдар дайындау тәртібі және жолдары;

      пластикалық бөлшектерді қолдану тәсілдері;

      шашты әртүрлі етіп бояу тәртібі.

11-параграф. Гример-пастижер, 6-разряд

      51. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиз, бейнелеу және суретші-гримердың үлгілері бойынша суретті және мінезді бейнелейтін гримді жәнемүсінді соғу күрделі жұмыстарын орындау: бет пішінін, бас пішінін өзгерту, мақта, тығын және пластикадан жасалған арнайы жапсырманы пайдалану;

      маңдайы ашық және айрықпен тамбурланған парик дайындау;

      "тонзур" және "кірпі" мінезді бейнелейтін трюкті түсірулеріне арналған арнайы париктерді дайындау;

      адам шашын, сарлы шашты, тауешкінің жүнін, түйе жүнін, ангорды бояу;

      бес толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      52. Білуге тиіс:

      бейненің сыртқы пішінінің сыртқы құрылымының схемасын құрастыру тәртібі;

      грим (бояуларды) өндіру технологиясы;

      түстану негіздері;

      көркем жарық түсірудің принциптері;

      жарық фильтрлерінің, пленкалардың мақсаты;

      пластикалық бөлшектерді дайындауда пайдаланылатын материалдардың қасиеттері;

      пластикалық бөлшектерді дайындау тәсілдері;

      арнайы париктерді дайындау тәсілдері.

      53. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

12-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 1-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      қолдан жасалған декорация бөлшектерінің түйіндерін жинаужәне дайындау;

      қарапайым жиһазды дайындау;

      кесетін құралды қайрау және май құю;

      ағаш өнімдеріне арналған желімді әзірлеу;

      қарапайым ағаш бұйымдарын дайындау;

      қырлы бөрене мен тақтайларды механикалық өңдеуден кейін тазарту.

      55. Білуге тиіс:

      ұсталық жұмыстардың негіздері;

      ағаш өңдейтін қарапайым станоктардың түрлері;

      ұсталық жұмыстарда қолданылатын бақылау-өлшеу және жұмыс құралдарының мақсаты.

      56. Жұмыс үлгілері:

      1) ұсталы бұйымдар - бөлшектеу;

      2) қалқандар, рама астына қоятындар, ән қобдишасы мен табуретті, бақшаға арналған қарапайым орындық, сәлемдеме жәшігін дайындау үшін тік бұрышты фанера - дайындау.

13-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 2-разряд

      57. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар мен эскиздер бойынша қарапайым ұста жұмыстарын орындау;

      қарапайым декорация мен жиһаздың бөлшектерін кезектегі өңдеуді қолдан жинау және дайындау;

      қолдан немесе механикалық жіберіп отыратын ағаш өңдейтін станокта қарапайым бөлшектерді өңдеу;

      орташа күрделіліктегі ағаш бұйымдарын жөндеу.

      58. Білуге тиіс:

      ағаштың түрлері және оның ақаулары;

      ағаш өңдеу технологиясының негіздері;

      ағаш және казеинді желімнің қасиеттері;

      кесетін және өлшейтін құралдың жұмыста пайдалану тәсілдері;

      ағаш материалдарының, негізгі қатты және жұмсақ ағаш түрлерінің сорттары;

      эскиз бойынша күрделі емес шаблондарды, бөлшектер мен қосындыларды сызудың негізгі тәртібі.

      59. Жұмыс үлгілері:

      1) кронштейндегі тор полкалар, жұқа тақтайдан тіке бөгет, қарапайым рама, табуреттер - дайындау;

      2) фанерадан шрифтер және цифрлар- дайындау.

14-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 3-разряд

      60. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар және эскиздер бойынша күрделілігі орташа ағаш өңдеу жұмыстарын орындау;

      күрделілігі орташа декорация элементтерін кейіннен жинау және дайындау;

      декоративті жиһазды дайындау және жинау;

      қолдан немесе механикалық жіберіп отыратын ағаш өңдейтін станокта күрделілігі орташа бөлшектерді өңдеу;

      күрделі ағаш бұйымдарын жөндеу;

      қол ағаш құралдарын қайрау және май құю.

      61. Білуге тиіс:

      ақ ағаштың түрлері;

      ағаштың түрлерін анықтау тәртібі;

      өңдейтін материалдардың мақсаты;

      ағаш өңдейтін станоктарда өңдеу тәсілдері;

      орман материалдарын электрқұралмен өңдеу тәртібі;

      қарапайым сызбалар мен эскиздерді оқу тәртібі;

      желім түрлерінің рецептурасы.

      62. Жұмыс үлгілері:

      1) тік каркасты колонналар, панельді қарапайым есіктер, терезе ағашы, дөңгелек және тік қималы ұстағыштар, фигуралы торлар, қисық кескінді қораптар, терезе арналған күрделі профильді тақтайлар - дайындау;

      2) кесетін құралдар - орнату.

15-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 4-разряд

      63. Жұмыс сипаттамасы:

      декорация бөлшектерін дайындау және жинау бойынша күрделі ұста жұмыстарын, сызбалар, эскиздер және суретшінің нұсқаулары бойынша жасауды орындау;

      қолдан немесе механикалық жіберіп отыратын ағаш өңдейтін күрделі станоктарда күрделі бөлшектерді электрлі құралдармен өңдеу;

      күрделі тоғысуларды дайындау (впотай және өзге);

      жиһаздарды қалпына келтіру;

      заттың үстін желімдеуге даярлау және тазалау.

      64. Білуге тиіс:

      ұста бұйымдарының түрлері мен конструкциясы;

      ағашты өңдеуге арналған құрылғының құрылымы мен мақсаты;

      ағашты механикалық өңдеу технологиясы;

      заттың үстіңгі бетін өңдеу тәсілдері;

      орташа күрделі сызбалар және эскиздерді оқу тәртібі.

      65. Жұмыс үлгілері:

      1) фигуралы ілгішпен бөрене колонналары, ішкі күрделі кескін және вразноус қосылыстарымен терезе және есік ағашы, карниз және фигуралы тоғысатын тұтқа - дайындау;

      2) ағаштың құнды түрінен портретрамалары, кішкене орындықтар, славян шкафтары - дайындау, жылтырату.

16-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 5-разряд

      66. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар, эскиздер және суретшінің нұсқаулары бойынша декорация бөлшектерін дайындау және жинау, стильді жиһаз дайындау бойынша аса күрделі ұста жұмыстарын орындау, заттың үстін өңдеу, лактау.

      67. Білуге тиіс:

      ағаштың технологиялық қасиеттері:

      шалыстық, күрделі колонналарды, рама және есіктерді дайындауда серпімділік;

      өңдеу материалдарының рецептурасы және дайындау тәсілдері;

      заттың бетін политура және лакпен, фанерлеумен, травлением өңдеу тәсілдері.

      68. Жұмыс үлгілері:

      1) ионды колонналар - дайындау;

      2) терезе рамалары, әртүрлі стиль мен дәуірдегі есіктер - дайындау, жинау және жылтырату.

17-параграф. Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы, 6-разряд

      69. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар, эскиздер және суретшінің нұсқаулары бойынша аса күрделі әртүрлі стильге және дәуірге жататын архитектура құрылыстарын жасауды орындау;

      заттың үстіңгі бетін жылтырату, стильдің және дәуірдің барлық түрінің жиһаздарын, ағаштың құнды түрінен жасалған музыка аспаптарын қалпына келтіру, дайындау;

      күрделі панельдерді құрастыру және орнату.

      70. Білуге тиіс:

      жылтыратқыш, улағыш, лактардың құрамы және оларды дайындау тәртібі;

      ағаштың құнды түрлері;

      бөлшекті сызу және бұйымдардың тоғысу тәртібі.

      71. Жұмыс үлгілері:

      1) ішкі күрделі кескінмен және әртүрлі мұрт қосылыстарымен фанерленген заттың беті - жылтырату;

      2) каннелюрлы күмбез тәріздес жиынтық, каннелюрлы бөшке тәріздес колонналар, күмбез тәріздес нишалар, кесонды төбелер - дайындау.

18-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 1-разряд

      72. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары декорацияны өңдеуші малярдың басшылығымен декорацияны малярлық өңдеу және колер құрастыру бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      заттың үстіңгі жағын бояуға, желімдеуге және өзге де малярлық жұмыстарды жасауға алғашқы даярлық.

      73. Білуге тиіс:

      бояу ісінің негізі;

      бояу жаққышпен жұмыс істеудің қарапайым жолдары;

      тұсқағаздарды жапсыруға дайындау тәртібі;

      шыныларды жуу және фундусты қалқанды тазалау тәсілдері;

      жұмыс құралдарының белгіленуі.

      74. Жұмыс үлгілері:

      1) дара жаңыршақ - қағу;

      2) түйіршекті әк - езу;

      3) бояу жаққыш, бояуға арналған құралдар, ағашты заттың үсті, фундусты қалқан, шыны, рама - тазарту, жуу, сүрту;

      4) клейстер - қайнату;

      5) құм, бор, мәрмәр ұнтағы, үгінді - елеу.

19-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 2-разряд

      75. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны желім және майлы бояулармен қолдан және бояу пультімен қарапайым маляр жұмыстарын орындау;

      заттың үстіңгі жағын бояуға, жапсыруға және өзге маляр жұмыстарын істеуге даярлау, сылақтарды әзірлеу;

      тікбұрыштың және тіктөрт бұрышты конфигурацияның ойықтарын шынылау.

      76. Білуге тиіс:

      заттың үстіңгі жағын қарапайым бояуға, тегістеуге және жапсыруға дайындау тәртібі;

      қолданылатын бояулар мен сылақтардың сорттары;

      қолданылатын бояупульттерінің мақсаты және пайдалану тәртібі;

      сылақтарды дайындау тәсілдері.

      77. Жұмыс үлгілері:

      1) ағаш заттардың үсті - олифтеу, қолмен морилкамен бояу;

      2) тұсқағазбен немесе қағазбен жапсырылған заттың үсті - желімді бояулармен бояу.

20-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 3-разряд

      78. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны желім және майлы және эмальді бояулармен қолдану және бояупультімен орташа күрделі маляр жұмыстарын орындау;

      күрделі емес сылақ жұмыстарын орындау;

      қарапайым колерлар құрастыру;

      фигуралық ойықтарды шынылау;

      дайын белгілер мен күрделі емес трафарет бойынша маляр жұмыстарын орындау.

      79. Білуге тиіс:

      малярлық және тұсқағазды өңдеу жұмыстарына қолданылатын материалдардың қасиеттері мен ассортименті;

      бояйтын ерітінділер мен қарапайым бояйтын құрамдарды дайындау тәсілдері;

      қарапайым пішіндердің үстіңгі жағын өңдеу тәсілдері;

      бояу, эмаль, лак және ерітінділерді сақтау тәртібі;

      бояупульттерінің түрлері;

      декорацияның қарапайым эскиздерін оқу тәртібі.

      80. Жұмыс үлгілері:

      1) заттың үстіңгі жағы - қарапайым суреттелген тұсқағазбен өңдеу;

      2) едендер - дайын белгі бойынша бояу.

21-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 4-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:

      суреттер және эскиздер бойынша декорацияны желімді, майлы, эмальді бояуларды бояупультін пайдаланумен күрделі маляр жұмыстарын орындау;

      нитробояулармен жұмыстарды қолмен орындау;

      күрделі сурет: мәрмәр, ағаш, кафель, тұсқағазда декорацияны жапсыру;

      тегістеу, грунттау, бояу құрамдарын және бояудың әртүрінен колер құрастыру;

      күрделі тегістеу жұмыстарын орындау;

      заттың бетін грунттау;

      күрделі емес суретті мәрмәрға ұқсату;

      күрделі емес трафаретпен жазба жасауды орындау;

      күрделі емес трафаретті дайындау.

      82. Білуге тиіс:

      бояудың әртүрлі реңінің суретте жақсы көрінуі және тұрақтылығы; әртүрлі колерлер мен бояудың ерітіндісінің рецептурасын дайындау;

      трафареттерді дайындау тәсілдері;

      орташа күрделі эскизді оқу тәртібі;

      мәрмәрдің әртүрінің текстурасы, сурет өнерінің элементі;

      әртүрлі бояупульттерін пайдалану жолдары;

      заттың үстіңгі жағын әртүрлі фактураларға өңдеу тәсілдері.

      83. Жұмыс үлгілері:

      1) жазбалар - әртүрлі үстіңгі жақтарына қарапайым шрифтпен, дайын трафаретпен, майлы бояумен орындау;

      2) боялған үстіңгі беттер - лакпен қапталған;

      3) ақ-қара фильмдерге декорация өндіру үшін желімді, майлы құрамдар - әзірлеу;

      4) түрлі-түсті шынылар - ұқсату.

22-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 5-разряд

      84. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны өңдеу бойынша өте күрделі малярлы жұмыстарды орындау;

      фонды көркем безендіру үшін, үш түрлі реңге даярлау және грунттау;

      заттың үстін алюминий және қола ертіндімен, графитпен өңдеу;

      суретшінің арнайы эскизі бойынша линолеум мен линкрусты таңдау және жапсыру;

      альфрейлі жұмыстарды орындау;

      аэрография тәсілімен заттың үстін өңдеу;

      саны төрттен анағұрлым аз емес пигменттер болған кезде колерлар (желімді, майлы) құрастыру;

      декорацияға қажет фактураны жасау;

      жазбаларды күрделі трафаретпен орындау;

      күрделі трафарет дайындау.

      85. Білуге тиіс:

      сурет өнерінің негізгі элементтері;

      линолеум, линкрусты жапсыру тәсілдері және жабысатын мастик жасау;

      күрделі эскиздерді оқу тәртібі;

      әртүрлі фактураларға заттың үстіңгі жағын өңдеу тәсілдері;

      колерді таңдау тәртібі;

      трафареттерді дайындау тәсілдері;

      заттың үстіңгі жағына алюминий, қола ұнтақтарын және графит жағу тәсілдері;

      бояу пульттерінің барлық түрін пайдалану жолдары.

      86. Жұмыс үлгілері:

      1) балясниктер - өңдеу;

      2) маңдайша - жазу;

      3) кабинеттер, жұмсақ купе вагондар - өңдеу;

      4) перила, ұшақ кабинасы, каминдер, көпір, паровоздар, әшекейлі тор - металдан кес;

      5) плакаттар - дайындау;

      6) түрлі-түсті фильмдерді декорациялау үшін грунт, желім, майлы құрамдар - дайындау.

23-параграф. Декорацияны өңдеуші маляр, 6-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:

      сусальды және потальды жұмыстарды орындау;

      қызыл ағаш, карель аққайыңы, палисандр, жаңғақ ағашы, әртүрлі ағаштарға ұқсату жұмыстарын орындау;

      түрлі-түсті мәрмәрдің күрделі суретін ұқсату;

      үлгі бойынша бояулардың барлық түрін құрастыру;

      трафаретпен жазба және декорацияның, колоннаның тегістігін, төбені металмен, алтынмен, күміспен өңдеу;

      қыш тақташаларды ұқсату;

      рельефті бояу.

      88. Білуге тиіс:

      бағалы ағаш түрлерінимитациялау текстурасы;

      потальмен жұмыс істеу жолдары;

      әртүрлі материалдарға сусальды алтынды құю тәсілдері;

      сурет өнерінің қарапайым жолдары;

      түс қалыптастыру тәртібі.

      89. Жұмыс үлгілері:

      1) табиғи бағалы классқа арналған декоративті жиһаз - өңдеу;

      2) күрделі оюлар - трафаретпен жазу;

      3) күрделі ою, жиһаз, терезе, күмбез, аспалы шамдар - алтындау.

24-параграф. Декорация қоюшы, 1-разряд

      90. Жұмыс сипаттамасы:

      декорацияны жасауда және бөлшектеуде дайындық жұмыстарын орындау;

      бөрене, пластина және тақтайды жону;

      дайын тетіктерге болтты қою;

      тұтқаны қағу;

      шымды қаптамасымен кесу және көтеру;

      декорация алабына үгінділер, құм, топырақ және құрылыс қоқыстарын себу;

      аумақты жоспарлау;

      ағаш бөлшектерін декорацияны орнату кезінде кейінпайдалану үшін бөлшектеу;

      бөлшектерді, фундус қалқандарын құралып жатқан декорацияға алып келу.

      91. Білуге тиіс:

      орнату жұмыстарының негіздері;

      декорацияны құру және бөлшектеу жолдары;

      қарапайым ағаш өңдеушінің жұмыстарын орындау тәртібі.

      92. Жұмыс үлгілері:

      1) қырлы бөрене - өлшем бойынша аралау;

      2) декоративті қарапайым бөлшектер - бөлшектеу;

      3) декорация едені - төгу;

      4) қабырға - тілу.

25-параграф. Декорация қоюшы, 2-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары декорация қоюшының басшылығымен өлшеу құралын пайдалана отырып қарапайым декорацияны нығайту және бөлшектеу, орнату жұмыстарын орындау;

      декорацияның қарапайым бөлшектерін дайындау;

      тақтайларды қолдан дайындау және фигуралы белбеу, салпылдақ, коньки және өзге де әшекейлерді орнату;

      қабырғаны қолданыста болған фанерамен қаптау, тақтайдың қиықтарын қабырғаға жапсыру, дайын мөлшерқадаларды орнату;

      басу үшін рама астына төсеніш дайындау және орнату;

      мінбелерді құрастыру және орнату;

      бутафор плитасын тастың астына еден ретінде төсеу.

      94. Білуге тиіс:

      көп қолданылатын фундустың ассортименті;

      декорацияны жинау және бөлшектеудің негізгі тәртібі;

      қазбаның күрделі емес жүйесі және ағаш конструкцияларды жалғау.

      95. Жұмыс үлгілері:

      1) бөлме, баспана, вагондардың декорациясы - бөлшектеу;

      2) жер шатыр - құру;

      3) тақтай едендер - төсеу;

      4) тақтай мен пластинадан лагы - құру.

26-параграф. Декорация қоюшы, 3-разряд

      96. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым декорацияларды сәнді бөлшектерін жұмыс сызбалары және жоспарлар бойыншаөлшейтін құралдарды пайдалана отырып таңбалау, қалау және жинақтау жұмыстарын орындау;

      қарапайым сәнді бөлшектерді дайындау;

      фундус және каркас қабырғаларды тақтай, вагонка, фанера, дөңес, кафельмен (фанерлі) жапсыру;

      қабырғалардың құлаған жерлерін тегістеуіш ертіндімен қалау;

      баспалдақ және террасалары бар тіреу дайындау, тұғыр құру;

      төбелерді дайындау;

      металды жартылай саланы құрастыру.

      97. Білуге тиіс:

      декорацияны нығайтудың қарапайым жолдары;

      декорацияны жинауда фундусты пайдалану тәсілдері;

      түсірілімнен кейін декорацияны бөлшектеу кезінде фундусты пайдалану тәртібі.

      98. Жұмыс үлгілері:

      1) сақшыға арналған күрке - дайындау;

      2) тақтайдан және тор шарбақтан таза дуал - құру;

      3) тақтай мен горбыльдан шатыр - дайын негізді пайдалана құру.

27-параграф. Декорация қоюшы, 4-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар және эскиздер бойынша орташа күрделі декоративті бөлшектерді таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау: 10 метрге дейін биіктіктегі декорация, жазылған бұрышты мен қисық сызықты бетті, мінбелерде, үлкейтілген мөлшерде және дайын ұсталық затты тықсыру;

      сызбалар және эскиздер бойынша орташа күрделі декорация бөлшектерін өлшеу және ұсталық құралдарды пайдаланып дайындау;

      радиус қабырғаларын тақтай, вагонка, фанера, кафельмен (фанерлі) қаптау, сонымен қоса тік қабырғаларды вагонкамен "шырша" тәріздес қаптау;

      жуандықты, фундус және каркас нишалар құру;

      сыртқы қақпаны құру.

      100. Білуге тиіс:

      орташа күрделі декорация бөлшектерін жапсыру жолдары;

      орман материалдарының түрлері мен сорттары, оларды пайдалану тәртібі және қасиеттері;

      сызбалар және эскиздерді оқу тәртібі;

      қалқан айлабұйымдарында жұмыс істеу жолдары.

      101. Жұмыс үлгілері:

      1) панорама үшін барабандар - орнату және нығайту;

      2) ағаш қабырғаларды, шатырға негіз, тегіс емес еден, фанерлі фриздерді орнату үшін каркастар - құру;

      3) колонна және фермалар, ағаш карниздар, пилястралар - жинау және орнату;

      4) адырналардағы ағаш баспалдақтар - дайындау;

      5) қалқан және қарапайым паркет, фанерлі едендер - төсеу;

      6) сүйеусіз төбелер және фанерадан қабырғалар, фундус қалқандарынан арқалық - құру;

      7) тастұғыр -орнату;

      8) пластина мен бөренеден істелген қабырға - жону;

      9) реңдер - жарық түсіру.

28-параграф. Декорация қоюшы, 5-разряд

      102. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар, эскиздер және суретшінің нұсқаулары бойынша орташа күрделі декоративті бөлшектерді таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау: күрделі өңделгендігімен ерекшеленетін ұста өнімдерін қиыстырып келтірумен 10 метрден биік декорацияларды тықсыру;

      сызбалар мен эскиздер бойынша өлшеу құралдарын және ұсталық құралдарды пайдаланып декорацияның күрделі бөлшектерін дайындау;

      ағаш өңдейтін станоктарда жұмыс істеу;

      павильонда және табиғатта күрделі кескінді ойықпен және радиусты, қалқан қабырғаларға каркасты құру;

      фундусты қабырғаларды панельге бөлшектеу;

      дайын үлгілі карниздерді орнату;

      консольды аймақтарды құру;

      жарық беруші ормандарды жинау және бөлшектеу жасау;

      ормандарды жарықты орнатқанға дейін және кейін тексеру.

      103. Білуге тиіс:

      күрделі декорацияны жинау және нығайту жолдары;

      фундустың студиядағы қолда бар ассортименті;

      ағаш өңдейтін станоктарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі.

      104. Жұмыс үлгілері:

      1) арка, жартылай жинақ және жинақтар, қисық сызықты каркасты нишалар, кессонды төбелер - құру;

      2) едендер - барлық түстегі безендіру паркетін төсеу;

      3)жолаушы вагондары, трамвай және автобустардың қабырғалары - оларды қозғалып бара жатқанда түсіру үшін жинау және орнату.

29-параграф. Декорация қоюшы, 6-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      сызбалар, эскиздер және суретшінің нұсқауы бойынша декоративті бөлшектерден ерекше күрделі декарацияларды таңбалау, қалау, жинау жұмыстарын орындау: 10 метрден биік және өңдеуге өте күрделі кешенді декорация;

      декорацияны нығайту үшін күрделі конструкцияны құру;

      сфералы жинақ және күмбез үшін лекальды жұмыстарды орындау;

      аспалы жарық түсіруші орман секциясын дайындау.

      106. Білуге тиіс:

      ерекше күрделі кешенді декорацияны жоспарлау сызбалары, сызу элементтері;

      ерекше күрделі декоративті конструкцияны және декорация бөлшектерін жинау және нығайту тәртібі.

      107. Жұмыс үлгілері:

      1) антресольдар, балкондар, консолдар - жүктемеге жинау;

      2) қолданыстағы бассейндер - дайындау;

      3) бронемашиналар, паровоздар, пароходтар - қозғалатын немесе тербелетін алаңда жинақтау және қаптау;

      4) ареналар, көпірлер, соборлар, театрлар, цирк декорациясы - салу;

      5) күмбез, сүйір және сфералы күмбездер, сфералы көп кресті шатырлар, аркалар бар фондар, иілген айналма сатылар - дайындау;

      6) қозғалмалы және жылжымалы құз - фуркаларға орнату;

      7) кеменің ішкі құрылыс бөлігі - дайындау;

      8) ұшақ кабинасының, лифттің декоративті бөлшегі - жинау;

      9) күрделі киіз үй, мазар - орнату.

30-параграф. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 2-разряд

      108. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары дыбыстық техникаларға қызмет көрсету бойынша механиктің басшылығымен біріктіретін сымдар (кабельдер), ыбыстық аппаратура мен қосалқы техниканы коммутациялау және даярлау, дыбыстық аппаратураларын құрастыру және жөндеу жұмыстарын орындау;

      түсірілім мен дыбыстық басылымдар кезінде көмек көрсету:

      дыбыстық өткізгіш сымды тарқату және коммутациялау, өткізгіш сымдарды аппаратурадан ажырату;

      түсірілім және дыбыстық басылымдар болып жатқан жерге дыбыстық аппаратураны және қосалқы техниканы жеткізу;

      сақтау орындарына дыбыстық аппаратураларды жеткізу және бөлшектеу.

      109. Білуге тиіс:

      дыбыс басқыш жиынтықтың құрамы және ол жайлы жалпы мәліметтер, дыбыс жолдарының бөлек элементтерінің мақсаты;

      дыбыс басқыш техниканың коммутациясы, электртехника және радиотехника бойынша жалпы мәліметтер;

      дыбыс басқыш және дыбысты күшейткіш құрылғының түрлері;

      біріктіргіш өткізгіш сымдардың мақсаты;

      электрмонтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылатын қарапайым құралды пайдалану тәртібі;

      дыбыстық аппаратураны жөндеу және құрастыру кезінде пайдаланылатын негізгі радиотехникалық материалдар мен бөлшектердің түрлері және мақсаты.

31-параграф. Дыбыс техникасында қызметкөрсетуші механик, 3-разряд

      110. Жұмыс сипаттамасы:

      біріктіретін сымдар (кабельдер) мен дыбыстық аппаратураны құрастыру және жөндеу жұмыстарын орындау;

      дыбыстық жабдықты түсірілім мен дыбыстық баспаларға, телеарна мен радиохабарламалар, телевизиялық және радиобағдарламаларды жасауға аппаратты-студиялық блоктың жабдықтарын даярлау;

      микрофон жабдықтарын (микрофон, микрофон ілмегін, микрофон тіреулерін) орнату;

      микшер пульті мен микрофонның қуат беру көздерін қосу;

      түсірілім мен баспа жұмыстары кезінде қосалқы микрофонмен жұмыс жасау;

      қарапайым панорама - ірі жоспарлы түсірілімдер кезінде бір микрофонмен жұмыс жасау;

      өткізгіш сымдардың біріктірулері, біріктіретін панельдер мен аралық ажырамаларды құрастыру және жөндеу жұмыстарын жасау;

      трансформаторларды жөндеу және орау;

      дыбыс басқыш және дыбыс шығарушы аппаратуралардың түзеткіш құрылғысын жөндеу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың, қарапайым механикалық және электрлік ретке келтіруді жүзеге асыру;

      электракустикалық өлшемдер жүргізу жұмыстарына қатысу;

      кабельдерді жөндеу.

      111. Білуге тиіс:

      электртехника мен радиотехниканың негізі, қызмет көрсетіліп жатқан дыбыс басқыш және дыбыс шығарушы аппараттың блок-схемасы, қарапайым схемасы;

      режиссер пультінің реттеу торабының және бөлшектерінің мақсаты;

      микрофондардың түрлері, оларды қосу тәртібі;

      біріктіру шлангтарының мақсаты;

      магнитті жазбалар бойынша қарапайым мәліметтер;

      дыбыс техникалық жабдықтарды павильонда және табиғатта техникалық пайдалану, сақтау және тасымалдау тәртібі;

      жұмыста қолданылатын өлшеу құралдары мен саймандарын пайдалану тәртібі және олардың мақсаты.

32-параграф. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      112. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыс басатын және дыбыс шығаратын аппаратураның схема тәртібі бойынша түбегейлі құрастыру жұмыстарын орындау;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың бөлшектерін және тораптарын тексеру, бөлшектеу және қайта жинау, ақауларды, бұзылуларды анықтау және жою, жөндеу жұмыстарын жасау;

      бекітілген техникалық жұмыс режимдерінің белгіленуін қамтамасыз ету;

      дыбыстық жабдықты даярлау жәнеорнату, оның барлық элементтерін радио және теледидардың аппаратты-студиялық блогында түсіруде коммутациялау;

      орташа жоспардағы кішкене декорацияларды түсіру кезінде әртүрлі микрофондармен панорамалау;

      күрделі емес стереофонды түсірілімдерді және микрофондардың статикалық орнатылуларымен стерео баспалар кезінде қызмет көрсету;

      стереофонды фильмдерді дыбыстау;

      павильонда және студияда радиобайланысты қосу және қызмет көрсету;

      фильмдерді және фонограммаларды қайта жазу кезінде дыбыс шығаратын аппараттың дыбыс жасауы;

      радиоаппаратураны жөндеу және орнату;

      дыбыс шығару аппаратураларын павильонда және экспедицияда тасымалдау.

      113. Білуге тиіс:

      дыбыс техникасы, кино техникасы, магнитті баспаның негіздері;

      дыбыс басатын және дыбыс шығаратын аппаратура жиынтықтарының түрлері;

      қызмет көрсетілетін жабдықтың түбегейлі және құрастыру схемалары;

      аппаратты-студиялық блокта радио мен теледидардың дыбыстық белгілерінің өту блок-схемасы;

      радиобайланыс аппаратурасын құру;

      дыбыс жолдарының, жекелеген тораптарының мақсаты;

      радио-және телевизиялық аппараттар мен жылжымалы телевизиялық станциялардың дыбыстехника кешендерінің іргелес учаскелерінің мақсаты;

      дыбыс жазуға арналған кинопленка мен магнитті лентаның түрлері мен қасиеттері;

      түсіретін камера мен дыбыстық аппаратура жиынтығының ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жалпы мәліметтер.

33-параграф. Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      114. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппараттың күшейткіш және түзеткіш құрылғыларына құрастыру және жөндеу жұмыстарын жасау;

      дыбыстық жабдықты теңшеу және дайындау жұмыстарын жасау;

      жабдықтардың жұмыс режимдеріне тексеру жүргізу және оның сапалы көрсеткіштерін өлшеу;

      ірі декорациялардағы жалпы және орташа жоспардағы түсірілімдер кезінде микрофон және микрофон жүйесін панорамалау;

      құрамы аз оркестрлердің басылымдары кезінде микрофондарды орнату және қызмет көрсету;

      дыбыс операторының басшылығымен дыбыс және дыбыс шығару кезінде синхронизациялау түрін таңдау;

      ірі объектілерді радиофикациялауға арналған бірнеше дыбыс күшейткіштерді орнатумен табиғаттағы түсірілім негізінде радиобайланысқа қызмет көрсету;

      жетілдірілген жаңа схемаларды есепке ала отырып дыбыс және радиоаппаратураны қайта өңдеу;

      трансформаторларды орау;

      дыбыс жабдықтары және радиоаппаратураны баптау және реттеу;

      дыбыс жабдықтары мен әртүрлі құрылғыларға профилактикалық күтім;

      радио және теледидардың аппаратты-студиялық блогында дыбыс жабдықтарына өлшеу жүргізу.

      115. Білуге тиіс:

      дыбыс жазу технологиясының негіздері;

      электр акустикасы теориясының элементтері;

      қызмет көрсететін жабдықтың техникалық сипаттамалары;

      түсіретін оптиканы қолдану тәртібі;

      пайдаланылатын синхронизациялау жүйесінің принципі бойынша түсірілім камераларының түрлері;

      түсіретін камера мен магнитофондарды синхронизациялау әдістері;

      негізгі видеотракт құралдарының бақылау-өлшеу құрылғыларын пайдалану (видеобақылау құрылғылары, осциллографтар) тәртібі, оларды коммутациялау тәртібі;

      радио және теледидардың аппаратты-студиялық блогында өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу құралдарын қолдану принциптері және пайдалану тәртібі;

      дыбысты локализациялауды есепке ала отырып, стереофонды баспа кезінде кадр бойынша микрофондарды қою.

34-параграф. Дыбыс техникасында қызметкөрсетуші механик, 6-разряд

      116. Жұмыс сипаттамасы:

      дыбыстық аппаратураның жаңа әзірлемесін құрастыру бойынша жұмыстарды орындау;

      стереофонды дыбыспен ірі форматты фильмдерге арналған дыбыстық аппаратураны құрастыру және жөндеу, дыбыс жолдарының параметрлерін өлшеу;

      күрделі панорамалы көпшілік көрінісін түіру және стереофонды дыбыс жазу кезінде 5-10 микрофонды пайдаланып, стереофонды түсірілім кезінде дыбыс жабдығына техникалық пайдалану қызметтерін көрсету;

      көп құрамды оркестрді жазу кезінде микрофондарды орнату және қызмет көрсету;

      дыбыс режиссерімен бірге дыбыс басу (беру);

      дыбыс басу және дыбыс шығару аппараты жұмысының синхрондылығын тексеру;

      қозғалмалы және дыбыс басқыш аппаратураны оған профилактикалық жөндеужұмыстарын жасап эксплуатациялы жағдайда жұмыс жасау;

      аппаратты-студиялық блогында радио және теледидар, радиохабарламалы және кезкелген күрделіліктегі (көпканалды магнитофондар, авторереттегіштер, ревербераторлар, кідіріс желісі, бекіту аппараттары) дыбыс басқыш аппаратураға бекітілген жабдыққа жөндеу жұмыстарын жасау және сынау;

      жұмыс жасап жатқан жабдыққа, технологиялық процессорларды автоматтау бойынша дайындық және жөнге салу жұмыстарын жүргізу.

      117. Білуге тиіс:

      электроника, теледидар, электракустика, стерефония негіздері;

      дыбысты жабдықты кешенді құру: ревербераторлар, автореттегіш және өзге де арнайы әсерге арналған құрылғылар;

      видеомагнитофонның дыбыстық каналыныңқұрылымы;

      желі жабдықтарының дыбыстық байланыстарының түбегейлі схемалары;

      дыбыстың сыртқы негіздерінің барлығын коммутациялау;

      қолданылатын өлшегіш құралдардың құрылымы және техникалық мүмкіндіктері;

      қозғалмалы электр станциялардың, генераторлардың және қайта құрушының жұмыс тәртібі.

35-параграф. Дыбыс техникасында қызметкөрсетуші механик, 7-разряд

      118. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі санды дыбыс баспаны жүзеге асыру бойынша дыбыс станциясында жұмыс жасау;

      дыбыстық жабдықтың барлық түрін орнату, құрастыру жұмыстарын орындау, бірегей аппаратуралы студиялық кешенге және радио бағдарламаны өндіріп жатқанда оларды коммутациялау;

      дыбыс техникасының барлық жинағының жұмысын бақылау;

      дыбыстық жабдықтың және радиоаппараттың әртүрлі блогының өзара әрекеттесуін тексеру, аппаратты-студиялық блогында радио және теледидар, радиохабарлама және дыбыс басқыш аппаратураға бағдарламаны басқару электронды құрылғысын пайдалана отырып техникалық пайдалану, кешенді жөндеу және дыбыс жабдықтарының барлық түріне жөндеу жұмыстарын жасау;

      дыбыс станциясы мен дыбыс аппаратурасының жұмысындағы тоқтап қалу мен ақауларды талдау;

      кез-келген күрделі дыбыс жабдығына жөндеу жұмыстарын жасау және сынау;

      жаңа дыбыс техникасын құрастыру және игеру жұмыстарына қатысу.

      119. Білуге тиіс:

      дыбыс техникасының, электракустика, стереофония негіздері;

      дыбыстық станция, дыбысты жабдық жинағының құрылымы;

      ревебераторлар, авторегуляторлар мен арнайы әсерге арналған өзге де құрылғылар, дыбыстық байланыс жабдықтарының түбегейлі схемалары;

      дыбыстың сыртқы негіздерінің барлығын коммутациялау;

      электр құрылғыларының конструкциялық ерекшеліктері және дыбыс техникасын басқару жүйесі;

      дыбыстық жабдықты диагностикалау және жөндеу жұмыстарын орындау бойынша жұмыстың орындалу жолдары;

      дыбыс станцияларында пайдаланылатын аппаратты және бағдарламаны қамтамасыз ету.

      120. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

36-параграф. Жарық түсіруші, 3-разряд

      121. Жұмыс сипаттамасы:

      жарық түсіргіш аппаратураның жұмыс істеуіне дайындық жұмыстарын жасау, оның ішінде: линзаларды жуу, құралдарды, пердешелерді, тубустарды сүрту, түсірілім алаңында жарық түсіргіш жабдықтардың орнын ауыстыру және тасымалдау;

      құралдарды штативқа орнату;

      біліктілігі анағұрлым жоғары жарық түсірушінің басшылығымен қарапайым жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында жұмыс жасау;

      жүйені қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, жарық түсіргіш аппаратураның барлық түрімен жұмыс жасау: қашықтан басқару пультінің, реттегіштердің;

      жарық түсіргіш аппаратуралардың профилактикалық жөндеу жұмыстарына қатысу.

      122. Білуге тиіс:

      электртехника негіздері;

      жарық түсіргіш аппаратураның негізгі түрлері және оның белгіленуі, коммутациялы және өзге де құрылғылар;

      кабельдердің, лампалардың және көмірлердің маркалары.

      123. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіргіш аппаратура, линза - тазарту;

      2) жазық қабырғалы және төбелерді қарапайым декорациялау - жарық түсіру;

      3) диктор - жарық түсіру;

      4) кабель - ақау жоқтығын тексеру;

      5) шамдар - тексеру және ауыстыру;

      6) түсірілім теліміндегі металл конструкциялар - құрастыру және ілу;

      7) тубус және кашеттар - орнату;

      8) таған - майлау.

37-параграф. Жарық түсіруші, 4-разряд

      124. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым жарық түсірулерді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, спектакаль, концерт, цирк қойылымдарында жұмыс жасау;

      жарық түсіруші партитураға сәйкес көрініс, концерт, цирк қойылымдары және дайындықтар кезінде сахнаға жарық түсіру;

      шығу жұмыстары кезінде жүйелі жарық түсіргіш аппаратураны орау және тасымалдау;

      қарапайым оператордың жарық схемасы бойынша жарық түсіргіш аппаратураны құрастыру және бөлшектеу;

      қуат кабельдерінің фазасы бойынша жарық түсіргіш аппаратураларды біркелкі етіп орнату;

      жарық түсіргіш аппаратураға профилактикалық тексеру және профилактикалық жөндеу жұмыстарын орындау;

      жабдықтардың жұмысындағы ақауларды табу және оларды жою.

      125. Білуге тиіс:

      электртехника негіздері;

      нысандарға жарық түсірудің түрлері мен жолдары;

      жарық түсіргіш аппаратураның жүйесі;

      коммутациялық аппаратураның электрсхемасы және олардың түрлері;

      телевизиялық таратушы трубалардың параметрлері және кинопленканың түрлері.

      126. Жұмыс үлгілері:

      1) үлкен фондармен декорация - жарық түсіру;

      2) көпжоспарлы интерьерлер - жарық түсіру;

      3) найзағай әсері - жасау.

38-параграф. Жарық түсіруші, 5-разряд

      127. Жұмыс сипаттамасы:

      телеоператордың басшылығымен павильонда және табиғатта күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, спектакль, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      жарықтың сапасын бақылау;

      жарық түсіргіш аппаратуранының бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен іріктеу, тексеру, жарықтың күрделі оператор схемасы бойынша оны құрастыру және бөлшектеу;

      күрделі жарық әсерлерін жасау, түнгі және кешкі сахналарға жарық түсіру.

      128. Білуге тиіс:

      жарық техникасы мен оптика негіздері;

      сахнаға жарық түсірудің негізгі элементтері;

      негізгі және қосалқы жабдықтардың сипаттамалары және түрлері;

      доғалы және галогенді циклмен жарық көздері, жарық түсіретін аппаратураның барлық түрлерінің электрлі және кинематикалық схемалары.

      129. Жұмыс үлгілері:

      1) әртүрлі көздерден қосылған жарық түсіргіш аппаратура - электрмонтаждау;

      2) күрделі архитектура декорациясы - жарық түсіру;

      3) қозғалатын нысандар - жарық түсіру;

      4) күрделі ойын алаңдары - жарық түсіру;

      5) жарық түсіру гаммасы бойынша әсерлер - жасау.

39-параграф. Жарық түсіруші, 6-разряд

      130. Жұмыс сипаттамасы:

      павильонда және табиғатта күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, көрініс, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      қашықтықтан басқаратын жарық түсіруші аппаратураны қолданып күрделі жарық әсерлерін жасау;

      жарықпен безендірудің кез-келген схемасы бойынша жарық түсіруші аппаратураны құрастыру және бөлшектеу;

      жұмыс диагностикасы, жарық түсіруші аппаратураның барлық түріне жөндеу жұмыстарын жасау.

      131. Білуге тиіс:

      жарық және түстану негіздері;

      жарық түсіруші аппаратураның әртүрлі жүйесінің қолдану принципі;

      пайдаланылатын электрөлшегіш және бақылауқұралдарының құрылымы, пайдалану тәртібі, қолданыстағы жүк көтергіш механизмі.

      132. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіргіш аппаратура, коммутациялы құралдар, фильтрлар - таңдау және орнату;

      2) жарық - алғашқы орнату;

      3) түзететін фильтрлер - орнату;

      4) кернеудің өзгеруімен күрделі жарық әсерді - жасау.

40-параграф. Жарық түсіруші, 7-разряд

      133. Жұмыс сипаттамасы:

      өте күрделі нысанға жарық түсіру бойынша немесе түрлі-түсті жарық түсіруді талап ететін түсірілім, телебағдарлама, спектакль, концерт, цирк қойылымдарына қызмет көрсету;

      цифлық басқару бағдарламасы бар жарық түсіргіш аппаратураны қолданып өте күрделі жарық әсерлерін жасау;

      компьютер пульттарында немесе жеке компьютерлерде жарық партитурасын жасауға және басуға қатысу;

      жарық түсіргіш жабдық жинағының жұмыс параметрлерін бақылау;

      диагностика, жарық түсіргіш жабдық жинағының жұмысқа келтіретін кедергілер себебін жою және ақауларын табу;

      жарық түсіргіш техниканың жаңа түрлерін енгізу жұмыстарына қатысу.

      134. Білуге тиіс:

      жарық түсірілетін кеңістіктің құрылым негізі;

      жарық түсіргіш аппаратурасының жарық және түс параметрлері, жарық түсірудің арнайы бағдарламалары;

      бағдарламаны санды басқарумен жарық түсіру құралдарының қолданыс принципі;

      дербес компьютермен және жарықтық компьютер пульттарын пайдалану тәртібі;

      электроника негіздері;

      қолданылатын жүк көтергіш механизмдерді пайдалану тәртібі;

      жарықты басқарудағы заманауи технологиялар.

      135. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

      136. Жұмыс үлгілері:

      1) цифрлық басқару бағдарламасы бар жарық түсіргіш жабдық - коммутация;

      2) жарық партитуралары - жарықты компьютер пульттарына немесе дербес компьютерлерде баспа жасау және оны дыбыстау.

41-параграф. Жарық түсіруші, 8-разряд

      137. Жұмыс сипаттамасы:

      жарық түсіруші техниканың барлық түрін, оның ішінде цифрлық бағдарламаны басқару және сканер құрылғыларын кешенді қолданып аса күрделі жарықәсерлерінжасау;

      телеоператордың басшылығымен компьютер пульттарында немесе дербес компьютерде жарық партитурасын жасау және басу;

      жарықты конструкцияның модульдерін, жарық түсіргіш құралдарды, цифрлық және аналогты басқарумен күшті және тиристорлы құрылғыларды ұйымдастыру, жинау, құрастыру, ілу, коммутациялау жұмыстарын басқару;

      жарық түсіргіш аппаратураның талап етілетін жұмыс параметрлерін бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен қолдау;

      қолданыстағы жарық түсіргіш жабығын модернизациялау жұмысына қатысу.

      138. Білуге тиіс:

      жарық кеңістігін құру негіздері мен тәсілдері;

      жарық жабдығының ашық және түсті параметрлері;

      жарық түсіргіш аппаратураны жинау және құрастыру принциптері;

      жарық түсіргіш модульді жинау және құрастыру принциптері;

      жарық түсірудің арнайы бағдарламалары;

      дербес компьютердіпайдалану тәртібі және қолдану принципі;

      жарықты компьютер пульті және сканерлеу құралдары;

      электртехника негіздері;

      жарықты басқару заманауи технологиялары;

      жүк-көтергіш механизмдердің белгіленуі және пайдалану тәртібі.

      139. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

      140. Жұмыс үлгілері:

      1) жарық түсіруші аппаратураның барлық түрі - әртүрлі қуат беру көздеріне қосылу;

      2) жарық түсіруші модуль - жинау және коммутациялау;

      3) түсіру алаңында өте көп нысанды және жарықты қоюдың ерекше жағдайларымен телебағдарлама және шоу бағдарлама - қызмет көрсету.

42-параграф. Костюмер, 2-разряд

      141. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары костюмердің басшылығымен түсірілімдерді, телебағдарламалар, спетакль, концерт, цирк қойылымдары және дайындықтарда қызмет көрсету;

      суретші мен суретшінің ассистенті таңдап алынған костюмдерді қоймадан киімдерді, баскиімдерді, аяқкиімдерді сұрыптап алу;

      көпшілік және топтық көріністердің қатысушыларын жартылай немесе толықтай киіндіру;

      киімдерге түсірілім, көрініс, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында ұсақ түзетулер жасау;

      киім, бас киім және аяқ киімдерді салу және жинау;

      костюмдерді үтіктеу;

      костюмдердің жоғалып кетпеуін және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;

      түсірілім мен дайындық кезіндегі кезекшілік.

      142. Білуге тиіс:

      студия, театр, цирк қорының болуы;

      костюмдерді қарапайым жөндеу, тігу, үтіктеу, жуу тәртібі;

      баскиім және аяқкиімдерді, костюмдерді салу және буып-тию тәсілдері;

      костюмдерді сақтау тәсілдері;

      материалдық есептілікті жүргізу және құрастыру.

43-параграф. Костюмер, 3-разряд

      143. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым костюмдермен заманауи тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, концерт, цирк қойылымдары және дайындықтарда қызмет көрсету;

      суретші мен суретші ассистентінің нұсқауы бойынша қордан (студия, театр, концерт ұйымдары, цирк) костюмдер, оларға аксессуар, баскиім мен аяқкиім таңдап алу;

      эпизодтық рольдердегі орындаушыларды толықтай немесе жартылай киіндіру;

      павильон жағдайында түсіріліп жатқан фильмнің костюмін жүйелендіру;

      түсірілім, спектакаль, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында киімдерге жеңіл жөндеу жұмыстарын жасау;

      кемінде үш толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      144. Білуге тиіс:

      түсірілім, телебағдарлама, спектакаль, концерт, цирк қойылымдарында және дайындық барысында костюмдерді бөлшектеу;

      киімді тігу, өзгерту және жөндеу жұмыстарының техникасы;

      қолданып жатқан материалдың фактурасы, бояулардың суретке жақсы түсірілуі;

      түс және жарықтың негіздері;

      киімдерді және олардың бөлшектері, баскиімдер мен аяқкиімдерді тазарту тәсілдері.

44-параграф. Костюмер, 4-разряд

      145. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделілігі орташа түсірілім, телебағдарлама, спектакаль, концерт, цирк қойылымдары мен дайындықтарда: тарихи, фантастикалық тақырыптағы кинофильм және телебағдарламаларда, ертегі-фильмдерде эпизодтық рольдерді, көпшілік және топтық көріністі орындаушыларға костюм бойынша қызмет көрсету;

      суретші немесе суретші ассистентінің нұсқауы бойынша өзге ұйымдардың фондынан киімдер және оларға аксессуарлар, баскиім мен аяқкиім таңдап алу;

      кейіпкерді киіндіру;

      экспедиция жағдайында түсіріліп жатқан фильмнің киімдерін жүйелеу;

      костюмнің талап етілетін фактурасын жасау;

      костюмдердің бөлшектерін ауыстыру;

      кемінде бес толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      146. Білуге тиіс:

      кинофильмдер мен телебағдарламаларда сомдайтын дәуірдің киімдерін құрайтын элементтер мен формасы;

      тігу жұмыстарының негізі;

      киімнің композициясын жасауға талап етілетін бояуларды пайдалану тәртібі және бекітілуі.

45-параграф. Костюмер, 5-разряд

      147. Жұмыс сипаттамасы:

      костюм бойынша күрделі түсірілім, телебағдарлама, спектакаль, концерт, цирк қойылымдары және дайындықтарда қызмет көрсету;

      ірі масштабты кинофильмдердің және тарихи телебағдарламалардың кейіпкерлеріне, әскери және тарихи-революциялы тақырыптағы эпизод рольдерін сомдайтын және өзге рольдерді сомдайтын өте көп актерлерге қызмет көрсету;

      басты рольді сомдайтын актерлерді киіндіру;

      кемінде жеті толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      148. Білуге тиіс:

      әртүрлі стиль мен дәуірдегі киімдердің формасы және құрайтын элементтері;

      тігу жұмыстарының негізі және техникасы;

      костюм маталарының фактурасы.

46-параграф. Костюмер, 6-разряд

      149. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі әртүрлі тақырыпқа түсірілім, телебағдарлама, спектакаль, концерт, цирк қойылымдары мен дайындықтарда костюм бойынша қызмет көрсету;

      суретшінің бейнелеуі бойынша студияның фондынан немесе өзге ұйымдардың фондынан костюмдерді және оларға аксессуарларды өздігінен таңдау;

      кемінде он толықметражды шартты фильмдердің қатысушыларына қызмет көрсету.

      150. Білуге тиіс:

      әртүрлі стиль мен дәуірдегі киімдер;

      тарихи, арнайы және өзге де күрделі киімдерді құрайтын элементтер мен пішіндер;

      матаның фактурасы және олардың технологиясын пайдалану.

47-параграф. Магнитті жазбалардың операторы, 3-разряд

      151. Жұмыс сипаттамасы:

      магнитті жазбаларды және қайта жазуларды орындау;

      магнитті баспаларды тыңдау үшін дыбыстау;

      дайын магнитті баспаларды эфирге шығару үшін дыбыстау;

      қызмет көрсетіп жатқан жабдықты даярлау;

      фонограмма басу жұмысына дайындық және магнитті лентаны ажырату, алу және даярлау;

      эфирде материалдың берілу тәртібі бойынша редактормен салыстыру;

      магнитті лентаны ажырату және ракордты жапсыру;

      магнитті баспаларды дыбысталуға тапсыру үшін безендіру.

      152. Білуге тиіс:

      электртехника және радиотехника бойынша қарапайым мәліметтер;

      коммутация аппаратханасының схемасы;

      магнитофон мен хабарлау пультін пайдалану тәртібі;

      аппаратхананы пайдалану бойынша технологиялық нұсқаулықты;

      техникалық құралды пайдалану, техникалық құжатнама жүргізу тәртібі;

      қызмет көрсететін аппаратураны күту тәртібі.

48-параграф. Магнитті жазбалардың операторы, 4-разряд

      153. Жұмыс сипаттамасы:

      көп каналды магнитті жазбаларды орындау;

      магнитті жазбаларды құрастыру, оның ішінде жазба барысында құрастыру;

      дайын магнитті жазбаны кезкелген мақсатта дыбыстау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен магнитті жазба бойынша әртүрлі жылдамдықтағы өлшеу лентасын дайындау;

      бағдарламаларды жүргізу: дыбыстау, микширлау деңгейлерін ретке келтіру, дикторлық тракта жұмысындағы динамикалық диапозонды қысу разрядын бақылау және орнату.

      154. Білуге тиіс:

      электртехника және радиотехника негіздері;

      магнитті жазбаның стандартты деңгейлері;

      жұмыс жасап жатқан жабдықтың электракустикалық параметрлері;

      деңгейді өлшеуіштердің, магнитофондардың, микрофондар мен акустикалы агрегаттардың, жекелеген тораптар мен хабарлау пульті блогының құрылымы және мақсаты;

      аппаратхананы резервтеу схемасы;

      дыбыс белгісін өңдеу тәсілдері;

      дайын магнитті жазбаны безендіру және тапсыру тәртібі;

      фонограмма мен өлшеу ленталарының техникалық жағдайлары;

      эфир материалдары мен хабарланатын бағдарламаларды салыстыру тәртібі.

49-параграф. Магнитті жазбалардың операторы, 5-разряд

      155. Жұмыс сипаттамасы:

      стреофонды жазбаларды орындау;

      магнитті жазбаны қондыру тәсілімен құрастыру және электрондық құрастыру;

      барлық түрдегі өлшеу ленталарын дайындау;

      кез келген дыбыс тасымалдағыш құрылғыдан магнитті лентаға қайта жазу;

      дыбыс жазғыш және хабарлау аппаратурасын техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;

      барлық бағдарламаларды жүргізу;

      магнитті жазбаның көркемдік бағдарламасын құрастыру.

      156. Білуге тиіс:

      технологиялық жабдық аппаратханасының жұмыс істеу принципі, типтері, құрылымы және негізгі параметрлері;

      стереофонды белгілер, стерогониметр құрылғысы және онымен жұмыс істеу туралы жалпы түсінік;

      магнитті жазбаларды және қайта жазуларды безендіру тәртібі;

      радиохабарламаны ұйымдастыру құрылымы;

      трансляциялық бағдарламаларды өткізу тәртібі;

      автореттеуіштің жұмыс істеу принципі;

      автоматиканың негіздері.

50-параграф. Магнитті жазбалардың операторы, 6-разряд

      157. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанды реверберацияны қоладана отырып магнитті жазбаларды орындау;

      күрделі құрастыруларды қондыру тәсілімен өңдеу;

      магнитті жазбаларды қалпына келтіру үшін реставрация жұмыстары;

      дыбыс жазатын аппараттың ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу;

      магнитті жазба аппаратураларын электрлік және механикалық ретке келтіру.

      158. Білуге тиіс:

      магнитті және пластикті ревербаторлардың құрылымы, мақсаты және қолдану тәртібі;

      жиілік корректорлар және оларды қолдану тәртібі;

      музыкалық сауаттылық туралы қарапайым мәліметтер;

      магнитті жазба аппаратын реттеу тәсілдері және тәртібі.

51-параграф. Магнитті жазбалардың операторы, 7-разряд

      159. Жұмыс сипаттамасы:

      көпканалды магнитті жазбаны орындау және оларды желіден тыс құрастыру станциясында жинақтау;

      күрделі құрастыруды аналогтық, цифрлық жабдықта дыбыстық белгіні жиілік-динамикалы өңдеу мен компьютерлік техниканы пайдалана отырып жасау;

      цифрлық, магнитті, магниттіоптикалық құрылғыдан, оның ішінде компакт дискіден қайта басу;

      дыбыс жазатын және хабарлау аппаратурасының жұмысын қадағалау;

      магнитті жазбаның параметрлерін және дыбысталуын ретке келтіру;

      жұмыс жасап жатқан жабдықты диагностикалау және алдын алу жұмыстарын жасау және оның жұмыстағы ақауларын жою;

      магнитті баспаларды құрастырудың компьютер станцияларын пайдалана отырып реставрациялық жұмыстар;

      дыбыс басқыш жабдықтарының жаңа үлгілерін енгізу бойынша жұмыстарға қатысу;

      техникалық құжатнама жүргізу.

      160. Білуге тиіс:

      телевизия және радиохабарлама технологиясы;

      магнитті жазбаның сапасына (деңгейіне) қойылатын стандарттар немесе техникалық талаптар;

      дыбыс белгілерін өңдеу тәсілдері, құрылымы, мақсаты;

      пайдаланылатын магнитті жазба аппаратурасын реттеу тәртібі;

      магнитті жазба аппаратурасы мен компьютерлік техниканы қолдану нұсқаулығы, пайдаланушы деңгейінде желіден тыс құрастыру станциясында пайдаланылатын аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыру;

      дыбыс ақпараттарын өңдеу әдістері;

      магнитті баспа және дыбысталудың параметрлері.

      161. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

      162. Магнитті жазбаны және фонограммаларды стереофонды және монофонды нұсқаларда арнайы дыбыс белгілерін өңдеу құралдарын пайдаланып, қайта басуды орындау кезінде: компьютер техникасы, ревербератор, эквалайзер, шуды азайту жүйесі – 8-разряд.

      163. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

52-параграф. Пастижер, 3-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанды талшықты майсыздандыратын және жуатын заттардың көмегімен арнайы ертіндімен өңдеу, талшықтың күңгірттеу (жылтырын кетіру), антистатикалық және тұтануға қарсы өңдеу;

      жасанды талшықты нөмірі бойынша сорттау, орау және кесу, жасанды талшықты байламға қалау, орау және қоймаға тапсыру.

      165. Білуге тиіс:

      пастижер бұйымдарын өңдеу үшін жасанды талшықтың түрлері;

      өңдеу технологиясы және жасанды талшықты сорттау тәртібі;

      қолданылатын жабдықты, құралды, құрылғыны пайдалану тәртібі және құрылымы.

53-параграф. Пастижер, 4-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:

      майсыздандыратын және жуғыш заттарды қолданып табиғи шашты арнайы ертіндімен өңдеу;

      тұлымға буылған табиғи шашты дезинфекциялау, жуу, қайнату және кептіру;

      табиғи шашты түсі және ұзындығына байланысты сорттау, шашты тұлымға қалау, тарау;

      таралған шашты қалау және кішкентай байламға байлау, шаштың ұшын тегістеу, орау және қоймаға тапсыру.

      167. Білуге тиіс:

      пастижер бұйымдарын дайындау үшін қолданылатын табиғи шаштың түрлері;

      өңдеу технологиясы және табиғи шашты сорттау;

      қолданылып жатқан жабдықтың, құралдың, құрылғының құрылымы және пайдалану тәртібі.

54-параграф. Пастижер, 5-разряд

      168. Жұмыс сипаттамасы:

      шиньондар, бұрым, кірпік, қастарды табиғи шаштан және жасанды талшықтан жасау бойынша жеке тапсырыстарды дайындау және жөндеу жұмыстарын жасау;

      шиньондарды, бұрымдарды, кірпіктерді безендіру және қиюды орындау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары пастижердің басшылығымен парик, жартылай парик, жапсырмаларды, контраньерлерді дайындау.

      169. Білуге тиіс:

      түстану негіздері;

      табиғи шаштан және жасанды талшықтан тамбурлау және трестеу әдісімен пастижер бұйымдарын дайындау және жөндеу технологиясы;

      табиғи шаш пен жасанды талшықтың қасиеттері;

      қолданылып жатқан жабдықтардың техникалық сипаттамалары және жабдықты, құралды, құрылғыны пайдалану тәртібі.

55-параграф. Пастижер, 6-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      жеке тапсырыс бойынша косметикалық және арнайы париктерді, өзге де пастижер бұйымдарын, жартылай парик, жапсырма, контраньерлер дайындау және жөндеу;

      парикті, жартылай парикті, жапсырманы, контраньерлерді дайындау үшін өлшеу және тапсырысты мода бағытын есепке ала және тапсырыс берушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып жасау;

      пастижер бұйымдарын, химиялық бұйралау және шаш сәнін көркем безендіру.

      171. Білуге тиіс:

      пастижер бұйымдарын дайындау үшін өлшемдерді алу тәртібі;

      моданың бағыты.

56-параграф. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 4-разряд

      172. Жұмыс сипаттамасы:

      жасанды талшықтарды тапсырыс берушілердің шаш үлгісінің түсімен және эталон үлгісімен бояу;

      монтюра жасау үшін шілтер, лента, тоқыма бау және газ-ситты өңдеу және бояу;

      берілген рецептура бойынша қолданылатын материалдарға арналған бояуларды әзірлеу.

      173. Білуге тиіс:

      жасанды талшықтардың, бояулардың, қолданылатын материалдардың физикалық және химиялық қасиеттері;

      жасанды талшықтарды алдын ала дайындалған рецептура бойынша бояу технологиясы;

      түстану негіздері;

      қолданылатын жабдықты, құралды, құрылғыны пайдалану тәртібі және құрылымы.

57-параграф. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 5-разряд

      174. Жұмыс сипаттамасы:

      эталон үлгілері бойынша табиғи шаштарды бояу және оларды мелирлеу;

      берілген рецептура бойынша табиғи шашты бояу үшін бояуларды әзірлеу.

      175. Білуге тиіс:

      табиғи шаштың физикалық және химиялық қасиеттері;

      табиғи шашты бояу немесе мелирлеу технологиясы;

      табиғи шашты бояуға арналған бояуды дайындау технологиясы.

58-параграф. Пастижер өндірісіндегі бояушы, 6-разряд

      176. Жұмыс сипаттамасы:

      табиғи шаштарды, жасанды талшықтарды және өзге де материалдарды тапсырыс берушілердің шаш үлгісінің түсімен немесе эталон үлгісімен және бояудың рецептурасын өңдеумен бояу;

      сынақ бояуларын өңдеу және шашты және талшықтарды тотықтыратын, реңк беретін және қалтқысыз бояулармен бояудың оңтайлы режимін таңдау;

      эталон үлгілері бойынша шашты мелирлеу үшін кесте әзірлеу;

      шашты мелирлеу, табиғи шаш бояуының, жасанды талшықтың және өзге де қолданылып жатқан материалдардың сапасын тексеру.

      177. Білуге тиіс:

      бояулардың рецептурасы;

      табиғи шаштың, жасанды талшықтың және өзге де қолданылатын материалдардың бояу режимі;

      бояу және мелирлеудің сапасын тексеру тәртібі.

59-параграф. Реквизитор, 2-разряд

      178. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары реквизитордың басшылығымен жиһаздар, реквизит заттары мен шымылдықтар бар түсірілімдерге, телебағдарламаларға, спектакльдерге, концерттерге, цирк қойылымдарына және репетицияларға қызмет көрсету;

      қоймадан суретші таңдап алған реквизит заттарын, шымылдықтарды, жиһаздарды таңдау және алу, оларды салу және орау;

      түсірілімдер, телебағдарламалар, спектакльдер, концерттер, цирк қойылымдары және репетициялар барысында реквизит заттарын, шымылдықтарды, жиһаздарды ұсақ жөндеу;

      жиһазды және реквизит заттарының орнын ауыстыру, тасымалдау;

      реквизиттің түгелдігін және санитарлы жағдайын қамтамасыз ету;

      түсірілім мен дайындық кезінде кезекшілік ету.

      179. Білуге тиіс:

      реквизит, жиһаз, шымылдық қорының болуы, қарапайым тігу, жапсыру, жуу техникасы;

      морилка, желім, лакты дайындау және пайдалану тәртібі;

      орын ауыстыру, тасымалдау тәртібі;

      жиһазды және реквизитті сақтау тәсілдері;

      материалдық есептіліктің тәртібі және нысаны.

60-параграф. Реквизитор, 3-разряд

      180. Жұмыс сипаттамасы:

      реквизит бойынша қарапайым заманауи тақырыпқа түсірілімдерге, телебағдарламаларға, спектакльдерге, концерттерге, цирк қойылымдарына және дайындықтарға қызмет көрсету;

      суретшінің нұсқауымен қажет реквизитті, жиһазды және шымылдықтардыөз қорынан жинақтау;

      эскиз бойынша және суретшінің нұсқауымен қарапайым декорацияны реквизитпен, жиһазбен, шымылдықтармен безендіру;

      павильон жағдайында түсіріліп жатқан фильм, телебағдарламаның реквизитін жүйелеу;

      құнды реквизит затын пен жиһазды салу, орау және тасымалдау;

      реквизит заттарын, жиһазды, шымылдықтарды спектакль және дайындық барысында кішігірім жөндеу жұмыстарын жасау;

      кемінде үш толық метражды шартты фильмдерге реквизитпен қызмет көрсету.

      181. Білуге тиіс:

      түсірілім алаңында реквизитті қоюды толық білу;

      мақсаты, жөндеу техникасы;

      сақтау тәртібі;

      реквизит заттарын, жиһаздер мен шымылдықтарды санитариялық алдын алу, орау тәсілдері.

61-параграф. Реквизитор, 4-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      реквизит бойынша күрделілігі орташа түсірілімдерге, телебағдарламаларға, спектакльдерге, концерттерге, цирк қойылымдарына және репетициаларда қызмет көрсету;

      тарихи, қиял ғажайып тақырыптағы фильмдер мен телебағдарламаларға, ертегі фильмдерге қызмет көрсету;

      экспедиция жағдайында түсіріліп жатқан фильмдер реквизитін жүйелеу;

      қажет реквизитті, шымылдықтар мен жиһазды суретшінің нұсқауымен өзге ұйымдардың қорынан жинақтау;

      эскиздер және суретшінің нұсқауы бойынша күрделілігі орташа декорацияны реквизитпен, жиһазбен, шымылдықпен безендіру;

      реквизит сатып алу және сақтау;

      реквизиттің талап етілетін фактурасын жасау;

      кемінде бес толық метражды шартты фильмдерге реквизитпен қызмет көрсету.

      183. Білуге тиіс:

      реквизиттің, жиһаздың, шымылдықтардың негізгі стильдері;

      бояулардың мақсаты және пайдалану тәртібі;

      бутафор, тұсқағаз-қаптау және ағаш шеберлігі жұмыстарының негізгі элементтері;

      өңдейтін материалдардың мақсаты;

      фильмдердегі режиссер сценарийлері мен бағдарламаның қойылымы.

62-параграф. Реквизитор, 5-разряд

      184. Жұмыс сипаттамасы:

      реквизит бойынша күрделі түсірілімдерге, телебағдарламаларға, спектакльдерге, концерттерге, цирк қойылымдарына және репетицияларға қызмет көрсету;

      әскери және тарихи тақырыптағы ірі масштабты фильмдерде қызмет көрсету;

      эскиздер және суретшінің нұсқауы бойынша күрделілігі орташа декорацияны жиhаздармен, реквизит заттармен, шымылдықпен безендіру;

      үлкен габаритті реквизит жиһазын бөлшектерге бөлу және бөлшектерді түйреуге құрастыру;

      өз қорын қажетті реквизитпен, жиһазбен, шымылдықпен жинақтау;

      реквизитпен, жиһазбен, шымылдықпен мен декорацияны безендіру үшін сызбалар, схемалар мен жоспарлар әзірлеуге қатысу;

      кемінде жеті толықметражды шартты фильмдерге реквизитпен қызмет көрсету.

      185. Білуге тиіс:

      реквизитті орналастыру сызбалары және схемалары;

      түсқағаз-шымылдық, ағаш шеберлігі және бутафор жұмыстарының негіздері;

      әртүрлі стиль мен дәуір реквизиті, шымылдықтары.

63-параграф. Реквизитор, 6-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:

      реквизит бойынша өте күрделі кезкелген тақырыпқа түсірілімдерге, телебағдарламаларға, спектакльдерге, концерттерге, цирк қойылымдарына және репетицияарға қызмет көрсету;

      суретшінің нұсқауымен өзге ұйымдардың қорынан реквизит, жиһаз, шымылдықтарды жинақтау;

      кемінде он толықметражды шартты фильмдерге реквизитпен қызмет көрсету.

      187. Білуге тиіс:

      барлық стиль мен дәуірдегі жиһаз, реквизиттер мен шымылдық стилі;

      бутафор, түсқағаз-шымылдық жұмыстарын орындау тәртібі.

64-параграф. Фонотекарь, 4-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      фонотекаға түсетін музыка, шу және қыстырма сөздерді қабылдау, жүйелеу, есепке тіркеу және сақтау;

      фонотека материалын таңдау және тапсыру;

      фонотека материалын бақылау және оның уақтылы қайтарылуын қадағалау;

      музыка шығармасын (мажор, минор) шудың әртүрлі формасын және естуді анықтау;

      шуды бейнеге салу;

      материалдарды қайта жазуға даярлау.

      189. Білуге тиіс:

      фонотекалық материалды жүйелеу принципі;

      фонограмманың түрлері және сипаты;

      пленкамен жұмыс жасау тәртібі;

      фонотекалық материалды жапсыру және сақтау тәртібі.

      190. Фонотекалық материалды қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану кезінде – 5-разряд.

4-тарау. Театр-ойын-сауық ұйымдарының разрядтар бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1-параграф. Аттракциондардың, тирдың және ойын автоматтары залының кезекшісі, 2-разряд

      191. Жұмыс сипаттамасы:

      ойын автоматтары, аттракцион және тирларға қызмет көрсету және пайдалану, олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру және келушілерді қабылдауға дайын екендігін айқындау;

      келушілерге қызмет көрсету, оларды ойын автоматтары, аттракциондар және тирлердің тәртіптері және нұсқаулықтарымен таныстыру;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдыққа жөндеу жұмыстарын жасау;

      түскен ақшаға есеп жасау және олардың түгелдігін қадағалау.

      192. Білуге тиіс:

      ойын автоматтары, аттракцион, тирлардың нұсқаулықтары және пайдалану тәртібі;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және пайдалану тәртібі;

      ататын қарудың құрылымы және нысаналарға қауіпсіз атудың тәртібі.

2-параграф. Сахна машинисі, 3-разряд

      193. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларды, концерт ұйымдарында, музыкалық және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде қатты декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып сахнаны жұмсақ декорациямен құрастыру кезінде немесе көрініс және дайындықты клуб тектес мекемеде өткізу кезінде әртүрлі декорациядан сахнаны құрастыру кезінде механизмдерді басқару;

      көшпелі көріністер, гастрольдер кезінде сахна жабдығын және мүлкін тиеу-түсіру жұмыстарына, станционар жағдайында ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысу.

      194. Білуге тиіс:

      станционар жағдайында көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу үшін сахнаны құрастыру жұмыстары және механизмдердің әрекет ету принципі;

      сахна жабдығын техникалық пайдалану тәртібі;

      сахна жабдығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау тәртібі.

3-параграф. Сахна машинисі, 4-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларда, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ және көлемді-қатты декорациямен сахнаны құрастыру кезінде механизмдерді басқару;

      сахнаны безендіру конструкциясын сұрыптау және сахна мүлкін және сахналық жабдыққа профилактикалық жөндеу жұмыстарына қатысу;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде театр-ойын-сауық кәсіпорындарының машина-декорациялы бөліктеріне, станционар жағдайында сахна жабдығына және мүлкіне тиеу-түсіру жұмыстарына қызмет көрсету.

      196. Білуге тиіс:

      театр-ойын-сауық кәсіпорындарына көрініс және дайындық жұмыстарын жүргізу үшін сахнаны құрастыру және қызмет көрсетіліп жатқан механизмнің құрылымы;

      сахна мүліктері және жабдықтарын тасымалдау әдістері;

      қызмет көрсетілетін жабдыққа профилактикалық жөндеу жұмыстарын жасау тәртібі.

4-параграф. Сахна машинисі, 5-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:

      театрларда, концерт ұйымдарында, музыкалы және би коллективтерінде көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде жұмсақ декорацияның бөлек бөлшектерін пайдаланып көлемді-қатты декорациямен сахнаны құрастыру кезінде механизмдерді басқару;

      жаңа көріністерге макет және эскиздерді қабылдайтын техникалық комиссияның жұмысына, сахна мүлкі мен жабдығына күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға қатысу;

      сахна жабдығын модернизациялау ұсынысын талдау және жаңа безендіруді құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

      сахна мүлкі мен жабдығын дұрыс сақтау және пайдалануды қамтамасыз ету, олардың түгелдігін бақылау;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында дайындықты және көріністі өткізу бойынша құрастырушының жұмысын жоспарлау және басқару.

      198. Білуге тиіс:

      сахнаның әртүрлі механизмдерінің құрылымы және көріністің сахна безендіруін технологиялық құрастыру;

      сахна безендіруін сақтау және сахна жабдығын пайдалану тәртібі;

      күрделі жөндеуді жүргізу тәртібі;

      шығармашылық өндіріс процесін ұйымдастыру формалары және ерекшелігі;

      отандық, шетелдік театр және цирктің сахна техникасы саласындағы тәжрибесі және көрініс және цирк қойылымдарында сахна безендіруінің құрастыру технологиясы.

      199. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

5-параграф. Сахнаны құрастырушы, 3-разряд

      200. Жұмыс сипаттамасы:

      кезекті көрініс және дайындық жұмыстарын өткізу кезінде сахнаны құрастыру (безендіру);

      сахнада және дайындық өтетін бөлмеде декорацияны және жиһазды қою, жұмсақ декорацияларды ілу, сахна машинисінің нұсқаулықтарына сәйкес антракт және жиі үзілістер кезінде декорацияның орнын ауыстыру;

      декорацияға, сахна мүлкіне кішігірім жөндеу жұмыстарын жасау және оларды таза күйінде ұстау;

      қажет болған жағдайда шум аппараттарында жұмыс жасау;

      көшпелі көрініс және гастрольдер кезінде станционар жағдайында декорацияны және сахна мүлкінің орнын ауыстыру кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындау.

      201. Білуге тиіс:

      көріністі безендіруде пайдаланылатын декорация;

      сахнаны әбзелдеу, сахна жабдығының құрылымы және әрекет ету принципі;

      сахна жабдығының декорациясын орнату және бекіту тәртібі.

6-параграф. Униформашы, 4-разряд

      202. Жұмыс сипаттамасы:

      манежді құралдандыру, реквизит беру, аппаратуралардың құрылымы мен салпыншақтары;

      көрсетілім және дайындық уақытында әртістерді сақтандыру және пассировка жасау;

      нөмірлер мен аттракцион дайындықтарын өткізу, клоундардың кілемдік қайталымдарына қатысу;

      манежге аңдарды шығару және оларды сахнаның сыртында қабылдау;

      цирк алаңында тордағы аңдарды, реквизит, цирк аппаратурасын және өзге де цирк мүліктерін тасымалдау;

      кілемдерді манеж сыртында тазалау;

      көші-қон цирктерде - цирк құрылымдарын тиеуде және оны түсіруде, пайдалануда және жинау мен шешуде қатысу.

      203. Білуге тиіс:

      аңдармен араласу тәртібі;

      аппаратуралардың салпыншақтары мен орнату жүйелері;

      реквизиттерді пайдалану тәртібі;

      түйіншектердің түрлері және қанатты тоқу тәсілдері;

      жүк көтергіш механизмдері мен құралдардың құрылымы және пайдалануы;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы шаралардың тәртібі.

5-тарау. Теледидар және радиохабар тарату ұйымдарының разрядтары бойынша жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

Параграф 1. Видеотекарь, 4-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      видеофонограммаларды және видеорулондарды қабылдау, жүйелеу, сақтау, есепке тіркеу және тарату;

      телевизиялық бағдарламаларды даярлау бойынша жұмыс кестесіне сәйкес құрастыру, редакциялық және техникалық қарау үшін, сондай-ақ, телевизиялық хабар тарату кестесіне сәйкес эфирге шығару үшін видеофонограммаларды ілеспелі техникалық құжаттамасы бар жинақта аппараттарға беруге даярлау және қабылдау;

      таза ленталы видеоруландарды жазба үшін даярлау;

      өндіріске енгізілетін жаңа видеолентаның техникалық құжаттамасын рәсімдеу;

      видеорулон және видефонограммалар, видеожазба және оларды шығару барысында олардың ауысуы туралы деректерді белгіленген нысан бойынша тиісті есепке алу құжаттарында тіркеу;

      видеоесеп материалының уақтылы қайтарылуын бақылау;

      видеорулонды жазба үшін таңдау кезінде техникалық құжаттама бойынша видеолентаның сапасын тексеру;

      видеолентаны және видеофонограмманы аппаратқа жеткізілуін және олардың видеотекаға қайтарылуын қамтамасыз ету, сақтау үшін аппарат арасында және орынжай ішінде ауыстыру.

      205. Білуге тиіс:

      телевизиялық бағдарламалар мен телевизиялық хабар таратуды ұйымдастыру негіздері;

      видеоесеп материалын жүйелеу принципі;

      видеолентамен жұмыс істеу және видеотека қорларын сақтау тәртібі;

      видеоесеп материалын тіркеудің және қозғалысын есепке алудың белгіленген нысандары;

      видеолентаны желімдеу тәртібі;

      пайдаланудан алынған видеорулондарды есептен шығару және жою тәртібі;

      ақау болған лентаны ресімдеу және берушіге жөнелту.

      206. Видеофонограмманы қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалану кезінде – 5-разряд.

2-параграф. Видеожазба операторы, 3-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:

      жылдам реттеу органдарының көмегімен видеомагнитофон жұмысын басқару;

      лентаны жапсыру;

      ракордтарды жапсыру;

      видеомагнитофонның жұмысы үшін қажетті режимді орнату;

      дайын жазбаны қарау үшін шығару.

      208. Білуге тиіс:

      электртехника, радиотехника туралы негізгі мәліметтер;

      магниттік жазбаның принциптері;

      негізгі басқару қолының мақсаты;

      бейне магнитофон мен пультті реттеу, аппаратханада бейне және дыбыстық сигналдардың өтуінің қаңқалы схемасы;

      қолданыстағы аппаратурада қызмет көрсету тәртібі;

      магнитті пленканы сақтау тәртібі;

      видео жазбаны ресімдеу тәртібі.

3-параграф. Видеожазба операторы, 4-разряд

      209. Жұмыс сипаттамасы:

      сыртқы белгінің нұсқаларын жазу және фонограмманы дыбыстау кезінде жылдам реттейтін органдардың көмегімен, сондай-ақ уақытша мекенжай кодын жазу, тираждау және қарау кезінде видеомагнитофонның жұмысын басқару;

      лента созғыш механизмді тазарту, сүрту және магнитсіздендіру;

      видеомагнитофонды орнату бойынша нұсқаулыққа сәйкес күнделікті баптау;

      видеомагнитофонды өлшейтін лентамен (тестпен) тексеру;

      электр дабылдарын жазба және дыбыстау кезінде бекітілген аппарат құралдарымен параметрлерін тексеру;

      біліктілігі анағұрлым жоғары видеожазба операторының басшылығымен видеомагнитофонға профилактика жұмыстарын жасау және параметрлерін өлшеу;

      техникалық жұмыс құжаттамасын жүргізу.

      210. Білуге тиіс:

      электртехника, радиотехника негіздері;

      теледидар, телевизиялық және дыбыстық сигналдардың магнитті жазбасы туралы негізгі мәліметтер;

      видео жазба аппаратурасы құрылымының функционалдық принциптері;

      видеомагнитофонның негізгі жүйесі мен тораптарының құрылымы;

      оперативтік реттеудің негізгі элементтерінің мақсаты және видеомагнитофонның және оның блоктарының басқару панельдерінде теңшеу;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты, жұмыс принципі және оларды қолдану тәртібі;

      магнитті лентамен жұмыс жасау тәртібі;

      теледидардың техникалық құралдарын пайдалану тәртібі;

      техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі.

4-параграф. Видеожазба операторы, 5-разряд

      211. Жұмыс сипаттамасы:

      шығыс сигналдарын реттеу және оларды эфирде дыбысталуының алдында тиісті аппаратқа тапсыру;

      сигналдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофонның барлық жұмыс режимін оперативті реттеудің көмегімен қолдау;

      видеомагнитофон аппаратурасы техникалық құралдар жинағын жұмысқа даярлау: видеомагнитофон, коммутация және құрастыру пульті, бақылау және өлшеу құрылғысы;

      сигнал көздерінің қажетті коммутациясын қамтамасыз ету;

      кіретін сигналдарды белгіленген регламентке сәйкес жазба алдында қабылдау және салыстыру;

      видеомагнитофонның параметрлерін өлшеу және профилактика, жөндеу жұмыстарын жасау.

      212. Білуге тиіс:

      магнитті жазбаның, теледидардың, электр және радио өлшемнің негіздері;

      видеофонограммаға стандарттар;

      видеомагнитофон функционалдық принципі, оның негізгі жүйесі мен электрондық блоктарының мақсаты;

      техника құралдарын коммутациялаудың жалпы схемасы және видео- және дыбыс сигналдарын аппаратханаға өтуі;

      видеомагнитофонның негізгі өлшеу параметрлерінің аппаратханаға кірерде және шығардағы сигнал әдістемесі.

5-параграф. Видеожазба операторы, 6-разряд

      213. Жұмыс сипаттамасы:

      құрастыру парағы бойынша видеофонограмманы электрондық құрастыру және құрастыру импульсінің сигналын пайдаланып құрастыру үстелінде видеофонограмманы механикалық құрастыруын орындау;

      видеомагнитофон аппаратханасында техникалық құралдар жинағын баптау және реттеу;

      аппаратхананың барлық жұмыс режимінде оның сапалы көрсеткіштерін қолдау;

      магнитті лентаны жұмысқа даярлау, оның сапасын және ақауын анықтау;

      жабдықтың қалыпты жұмысының бұзылуын анықтау және оның себебін жою;

      видео және дыбыс сигналдарының аппаратхана көлемінде кешенді өлшеу параметрлерінің өту жолдарын жасау;

      видеомагнитофон техникасының жаңа үлгілерін құрастыру және дайындауға қатысу;

      видеожазба техникасын пайдалану;

      аппаратхананың техникалық құжаттамасын жүргізу.

      214. Білуге тиіс:

      теледидарлар жүйелері;

      телевизиялық сигналдардың стандарттары;

      видеомагнитофонның негізгі жүйесі мен блогының құрылымы және жұмыс принциптері;

      блоктардың электр схемалары;

      видеомагнитофондар, пульттер, видео жазба аппараттарын пайдалану нұсқаулықтары;

      телевизиялық хабар тарату технологиясы;

      теледидар құралдарын техникалық пайдалану тәртібі;

      бейнені субъективті бағалау әдістемесі;

      аппаратханаға техникалық құжаттама жүргізу тәртібі;

      жасақтың профилактикалық және жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыс тәртібі;

      өлшеу хаттамаларын құрастыру.

6-параграф. Видеожазба операторы, 7-разряд

      215. Жұмыс сипаттамасы:

      видеофонограммаға компьютер техникасын пайдаланып құрастыру жабдығы кешенімен электрондық құрастыруды орындау;

      сигналдарды цифрлық көздермен басқару;

      компьютер графикасын, анимациясын, арнайы әсерлі элементін жасау және пайдалану;

      сигналдардың сапалы көрсеткіштерін видеомагнитофон аппаратханасының техника құралдары жинағының барлық жұмыс режимін теңшеу және реттеу көмегімен қолдау;

      жабдықтың және ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын ақауларды табу, оның себептерін жою;

      видео және дыбыстық сигналдардың аппарат көлемінде параметрлерінің өту жолдарына кешенді өлшеу жүргізу;

      видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін құрастыру және дайындауға қатысу.

      216. Білуге тиіс:

      телевизиялық хабар тарату технологиясы;

      телевизиялық сигналдардың стандарттары;

      негізгі жүйелердің және дыбыс жазатын аппаратура блоктарының компьютерлік техникасы және жұмыс принциптері;

      блоктардың электрлік схемасы;

      заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі құрастыру пультінің, дыбыстық және компьютер техникаларын пайдалану нұсқаулықтары;

      бейнені және дыбысты бағалау әдістемелері;

      түрлі-түсті теледидар жүйелері;

      компьютер графикасының, анимацияның және арнайы әсерлердің негіздері;

      аппаратханның техникалық құжаттамасын жүргізу тәртібі.

      217. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

7-параграф. Видеожазба операторы, 8-разряд

      218. Жұмыс сипаттамасы:

      компьютер техникасын пайдаланып кешенді құрастыру жабдығы видеофонограммасына күрделі электрондық құрастыруды орындау;

      сигналдардың цифрлық көздерін басқару;

      компьютер графикасын, күрделі арнайы әсерлерді, көп қабатты бейнені жасау және пайдалану;

      видеомагнитофон аппаратының техника құралдары жинағының барлық жұмыс режимін теңшеу және реттеу көмегімен сигналдардың сапалы көрсеткіштерін қолдау;

      қызмет көрсететін жабдық жұмысының параметрлеріне және видео-дыбыс сигналдарының өту жолдарына кешенді өлшеу жүргізу;

      видео және дыбыс техникасының жаңа үлгілерін меңгеру жұмыстарына қатысу;

      техникалық құжаттамаларды жүргізу.

      219. Білуге тиіс:

      телевизиялық хабар тарату технологиясы;

      телевизиялық сигналдардың стандарттары;

      видеожазба аппаратураның негізгі жүйесі және блоктарын жасау және жұмыс істеу принциптері;

      блоктардың электр схемалары;

      заманауи видеомагнитофондардың, микшерлі құрастыру пультінің, дыбыстық және компьютер техникаларын пайдалану нұсқаулықтары;

      бейнені және дыбысты бағалау әдістемелері;

      түрлі-түсті теледидар жүйелері;

      дыбысты және бейнені өңдеу тәсілдері;

      желіден тыс құрастыру, компьютер технологиясы пайдаланылған құрастыру негіздері;

      компьютер графикасының, анимацияның, көп қабатты бейненің негіздері;

      аппаратхана трактын жөндеу және құру принциптері;

      техникалық құжаттаманы жүргізу тәртібі;

      өлшем хаттамаларын құрастыру тәртібі.

      220. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

8-параграф. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 2-разряд

      221. Жұмыс сипаттамасы:

      диапозитивті фильмдерге макеттер жасау бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      диапозитивті фильмдердің кадрларына макеттер өндіруді дайындау;

      сценарийге сәйкес дайындамаларды нөмірлеу.

      222. Білуге тиіс:

      диапозитивті фильмдердің кадрларына дайын макеттерді жасау технологиясы;

      бейнелеу материалын кадрда құрастыру тәртібі;

      қағаздың, картонның, кальканың, желімнің әртүрлі сорттары мен түрлерінің қасиеттері.

      223. Жұмыс үлгілері:

      1) дайын - екі жағынан желімдеу;

      2) картон, фондар - таңбалау;

      3) желім -әзірлеу;

      4) сақтандыратын жапсырмалар - жапсыру.

9-параграф. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 3-разряд

      224. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалын, сценарий бойынша терілген мәтінді қиып алу;

      диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, қарапайым және орташа күрделі бейнелеу материалына мәтінді жапсыру, қарапайым тұтастыру;

      диапозитивті фильмді көркем безендіру талаптарына сәйкес типография қаріпін таңдау.

      225. Білуге тиіс:

      типография қаріптерінің түрлері;

      диапозитивті фильм кадрларын безендіру технологиясы;

      бейнелеу материалы мен кадрдағы мәтінді құрастыру тәртібі.

      226. Жұмыс үлгілері:

      1) мөлшері бойынша орташа машинаның бөлшектері, жануарлар, қарапайым сызбалар және қарапайым конфигурациялы диаграмма - қиып алу;

      2) фотографиялық, сызбалар, суреттер, схемалар, тіп-тік диаграммалар, дөңгелек формалы және мөлшері бойынша ірі материалдар - диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонын құрастыру және жапсыру.

10-параграф. Диапозитивті фильмдерді безендіруші, 4-разряд

      227. Жұмыс сипаттамасы:

      бейнелеу материалын және сценарий бойынша күрделі нысанды мәтінді қиып алу;

      диапозитивті фильмнің дайын кадрларының фонына, күрделі бейнелеу материалына мәтінді жапсыру, күрделі тұтастыру;

      мәтінді жазып алу және таңбалау;

      дыбысты диапозитивті фильмдердің кадрларын ашу;

      диапозитивті фильмнің басты кадрын және терілген типография қаріпін безендіру.

      228. Білуге тиіс:

      дыбысты диапозитивті фильмдерді безендіру технологиясы;

      мәтінді көшіру және оны таңбалау тәртібі.

      229. Жұмыс үлгілері:

      1) химиялық және физикалық күрделі формулалар, цифрлық материал және күрделі конфигурациялы ұсақ суреттер - қиып алу;

      2) сызбалар, суреттер, схемалар, күрделі конфигурациялы диаграммалар - диапозитивті фильмдердің дайын өнімдерінің фонын құрастыру және жапсырма.

11-параграф. Диапозитивті фильмдерді салушы, 3-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы:

      пленканы қорапқа салу;

      арнайы айналдыратын құрылғының көмегімен пленканы айналдыру;

      диапозитивті фильмді қорапқа салуға даярлау: атауы және бөлімдері бойынша фильмді тапсырмаға сәйкес іріктеу, рұқсат беретін куәліктің нөмірін эталон бойынша тексеру;

      айналдыратын құрылғыға пленканы салу;

      айналдыратын құрылғының өзекшесін және мотордың жұмысын тексеру;

      оралған фильмді зат белгісінде көрсетілген атауына, бөліміне, тақырыбына, түсіне сәйкес келуін тексеру.

      231. Білуге тиіс:

      диапозитивті фильмнің кірмесінде рұқсат беретін куәліктің белгілену тәртібі;

      кинопленканың негізгі қасиеті және онымен жұмыс істеу тәртібі;

      негіздерде, эмульсиялы қабатта механикалық ақаулардың, сызаттардың және үйкелулердің пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары;

      айналдыратын құрылғының құрылымы және жұмыс істеу принципі.

12-параграф. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 3-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы:

      берілген режим бойынша түсіретін камера мен репродукциялық құрылғыда қарапайым және орташа күрделі диапозитивті фильмдердің макетін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      түсіретін камера мен репродукциялық құрылғыларды жұмысқа даярлау;

      әртүрлі режимде сынақ түсірілімдерін жасау.

      233. Білуге тиіс:

      фотография негіздері және түсірілім техникасы;

      түсірілім камерасы мен репродукциялық құрылғылардың құрылымы және жұмыс істеу принципі;

      негативті пленканың сорттары;

      пленканы өңдеу технологиясы;

      кассетаны зарядтау және зарядсыздау тәртібі, сынақ түсірілімдер.

      234. Жұмыс үлгілері:

      1) диафрагма - орнату;

      2) кассеталар - зарядтау және зарядсыздау;

      3) түсірілім алаңының қалыптасқан өлшемімен, бейнені кадрда дәл тұтастыруды талап етпейтін диапозитивті фильмдердің макеті - түсірілім.

13-параграф. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 4-разряд

      235. Жұмыс сипаттамасы:

      репродукциялық құрылғыда күрделі диапозитивті фильмдердің макетін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      жазбаларды түсіру;

      жарық түсірудің кадр бойынша біркелкі болуын бақылау.

      236. Білуге тиіс:

      түрлі-түсті және қара-ақ фотографияны түсіру технологиясы;

      түсірілім техникасы, пленканың сорттары;

      диапозитивті фильмдерді өңдеудің технологиясының негізі.

      237. Жұмыс үлгілері:

      1) диапозитивті фильмдердің макеттері, фотоматериалды, сызбаларды, схемаларды кадр бойынша шашуды пайдалана отырып орындалатын, бейненің кадрда дәл тұтастыруын талап ету - түсірілім;

      2) репродукциялық құрылғылар - жұмыс режимін бекіту.

14-параграф. Диапозитивті фильмдерді түсіруші, 5-разряд

      238. Жұмыс сипаттамасы:

      диапозитивті фильмдердің өте күрделі макеттерін қара-ақ және түрлі-түсті негатив пленкасына түсіру;

      репродукциялық құрылғының жұмысын бақылау;

      репродукциялық құрылғыны жөндеу және профилактикалық жұмыстарға қатысу.

      239. Білуге тиіс:

      дыбысты диапозитивті фильмдерді және экспортқа арналған диапозитивті фильмдерді өндіру технологиясы.

      240. Жұмыс үлгілері:

      1) стандарт емес өлшемді диапозитивті фильмнің және стандарт емес өлшемді түсірілім алаңының макеті - түсірілім;

      2) экспортқа арналған диапозитивті фильмнің негативі және дыбысты диапозитивті фильмнің негативі - түсірілім.

15-параграф. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      241. Жұмыс сипаттамасы:

      кино түсірілімі немесе телебағдарлама түсірілімі кезінде кино немесе телеоператордың нұсқауымен желдің қажетті қарқынын қамтамасыз ете отырып, әртүрлі конструкциялы жел құрылғысында қызмет көрсету;

      жел құрылғысын тасымалдауға даярлау және тасымалдау;

      қауіпсіздік техникасын ескере отырып, түсірілім аумағында жел құрылғысын орнату;

      қозғалтқышпен жұмыс істеу кезінде ауа ақауларын анықтау және жою: бұранданы, шассиді, балауызды, магнетті ауыстыру.

      242. Білуге тиіс:

      кинотүсірілім және телебағдарлама жағдайында жел құрылғысын пайдалану ерекшеліктері;

      жел құрылғысында қолданылатын әртүрлі қозғалтқыштың құрылымы және жіберу тәртібі;

      жел құрылғысын тасымалдау тәртібі;

      қолданылатын жанар май мен майдың сорттары;

      қозғалтқышты тоқтату және жіберу тәсілдері және тәртібі;

      жұмысты өңдеуге қажет токарлы, фрезерлі және темір ұсталығының мөлшері;

      қолданылып жатқан жабдықты қоршау тәртібі;

      қозғалтқышты консервациялау тәртібі және қыс мезгілінде жел құрылғысын қосу.

16-параграф. Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      243. Жұмыс сипаттамасы:

      жел құрылғысында пайдалану үшін қозғалтқышты (оның ішінде авиациялық) қайта жабдықтау;

      жел құрылғысында қозғалтқыш бөлшектерін ауыстыру;

      жел құрылғысының барлық түрлеріне жөндеу жұмыстарын жасау.

      244. Білуге тиіс:

      кинотүсірілім және телебағдарлама техникасы;

      әртүрлі қозғалтқышты жіберу тәртібі;

      әртүрлі конструкциялы қоршайтын жабдықтың құрылымы;

      кинофильмдер мен телебағдарламаның режиссерлік сценарийі.

17-параграф. Зоология базасының аң өсірушісі, 1-разряд

      245. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары зоология базасының аң өсірушісінің басшылығымен жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту, оларды асырау жұмыстарын орындау:

      орынжайды жинау, торларды ұсақ жөндеуден өткізу және барлық техникалық жұмыстар;

      азық дайындауға көмектесу және жануарлар мен құстарды азықтандыруға қатысу;

      жануарлардың стационарлық орынжайларға және торлы қораға қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету.

      246. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстарды күту техникасы бойынша негізгі қағидалар;

      оларды азықтандыру шарттары және тәртібі;

      жануарлар мен құстарды тасымалдау тәртібі.

18-параграф. Зоология базасының аң өсірушісі, 2-разряд

      247. Жұмыс сипаттамасы:

      жануарлар (үй, жабайы) мен құстарды күту және ұстау жұмыстарын орындау;

      азықты бөлу және әзірлеу, жануарлар мен құстарды азықтандыру;

      жануарлар мен құстарды қолға үйретуге қатысу;

      жануарлар мен құстарды зообазаның аумағында орналасқан тасымалдау торына қауіпсіз жеткізу;

      мал дәрігері мен зоотехниктің нұсқауларын орындау.

      248. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстарды күту техникасы, асырау, режим, азықтандыру мөлшері;

      азықты дайындау технологиясы;

      жануар мен құстардың қалыпты жағдайы.

19-параграф. Зоология базасының аң өсірушісі, 3-разряд

      249. Жұмыс сипаттамасы:

      үйретушінің басшылығымен жануарларға (үй, жабайы) және құстарға санитариялық-ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

      фураждың жарамдылығын айқындау;

      жануарлар мен құстарға азық әзірлеу;

      жануарлар мен құстарды түсірілімге даярлау;

      жануарлар мен құстарды сыртқы түріне қарап денсаулық жағдайын айқындау;

      жануарлар мен құстарды ұстау үшін орынжайларды дезинфекциялау.

      250. Білуге тиіс:

      жануарлар мен құстардың әр түрін ұстау үшін бөлменің құрылымы;

      жануарлар мен құстардың азықтану мөлшері;

      дезинфекциялау негіздері.

20-параграф. Зоология базасының аң өсірушісі, 4-разряд

      251. Жұмыс сипаттамасы:

      жануарларға (үй, жабайы) және құстарға санитариялық-ветеринарлық күтім көрсету жұмыстарын орындау;

      қарапайым ветеринарлық процедураларды орындау: температураны өлшеу, жасанды тыныс және өзгепроцедуралар;

      төлді өсіру;

      жануар мен құстардың мөлшер шамасында бір тәуліктегі азықтану рационын құрастыру.

      252. Білуге тиіс:

      жануар мен құстардың физиологиясы мен анатомиясы бойынша негізгі мәліметтер;

      жануарлар мен құстарға алғашқы көмек көрсету тәртібі;

      азықтану рационының құрамында рұқсат етілетін өзгерулер қажет болғанда бір азықты өзгесімен алмастыру.

21-параграф. Кинотелевизиялық жабдыққа қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      253. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотелевизиялық жабдықта жұмыс істейтін біліктілігі анағұрлым жоғары механиктің басшылығымен телевизиялық камераларға, студиялық телевизиялық жабдыққа және оператор техникасына пайдалану-техникалық қызметін көрсету;

      камералардың орнын ауыстыру және оларды штативқа немесе кранға орналастыру, кабельді қосу;

      видеобақылаушы құрылғыларды және режиссердің қозғалмалы пультін орнату және қосу;

      оператор техникасын, кабельдің орынын ауыстыру, оперативті реттеуді орындау;

      алдын алу, жөндеу және өлшеу жұмыстарына қатысу.

      254. Білуге тиіс:

      электртехника, радиотехника, теледидар туралы қарапайым мәліметтер;

      кинотелевизиялық камералардың негізгі торабының құрылымы және мақсаты;

      камераларды және оператор техникасын пайдалану тәртібі;

      жұмыста қолданылатын өлшейтін құрылғылар мен құралдардың мақсаты және оларды пайдалану тәртібі;

      кинопленканың түрлері.

22-параграф. Кинотелевизиялық жабдыққа қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      255. Жұмыс сипаттамасы:

      телевизиялық камераларға, студиялық телевизиялық жабдыққа және оператор техникасына пайдалану-техникалық қызметін көрсету;

      жабдықты жұмысқа даярлау;

      оператор техникасының барлық түріне камераларды орнату және олардың тепе-теңдігі;

      қажетті оптиканың жиынтығын орнату;

      видеобақылайтын құрылғыны баптау;

      пленканыңкүйін ақаулардың болмауына тексеру;

      камераны пленкамен жабдықтау, түсірілім, жазба, дайындық кезінде оптиканы ауыстыруды жүзеге асыру;

      камераны кассетадан, пленканың шаңынан тазарту, қарапайым ақауларды табу және оларды жою;

      алдын алу жұмыстарын өткізу.

      256. Білуге тиіс:

      электртехника, радиотехника, теледидар, кино түсіру техникасы негіздері;

      фильмшығару, кинооптика технологиялары;

      кинотелевизиялық камералардың, негізгі механикалық және электрлік тораптардың құрылымы;

      штативтердің, крандардың құрылымы және оларды пайдалану тәртібі;

      қолданылатын бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарды қолдану тәртібі.

23-параграф. Кинотелевизиялық жабдыққа қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      257. Жұмыс сипаттамасы:

      лента созатын механизмдердің тораптарының, оптика-механикалық тораптардың, жергілікті және қашықтықтан басқару жүйесінің, кинотелевизиялық камералардың белгі беру тізбегінің жұмысын тексеру;

      оптиканы және камералардың фильмдік каналын тексеру және тазарту;

      кинотелевизиялық камераның жұмысын бақылау және жұмыс барысында қажетті баптаулар;

      қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын айқындау және оларды жою;

      қозғалмалы оператор техникасында күрделі панорамаларды жасау;

      кинотелевизиялық жабдыққа ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау;

      қызмет көрсететін жабдықта өлшеу жұмыстарын жасау.

      258. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін жабдықтардың техникалық сипаттамалары;

      телевизиялық жабдықтың блок-схемасы;

      телевизиялық сигналдың қалыптасу және пайда болу принципі;

      қолданылатын кинопленканың түрлері;

      қолданылатын өлшеу құралдарын пайдалану тәртібі;

      кинопленканың техникалық параметрлері.

24-параграф. Кинотелевизиялық жабдыққа қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      259. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотелевизиялық камералардың күрделі торабын жұмысқа даярлау, аппараттың жұмысқа дайын екенін айқындау;

      қызмет көрсететін жабдықты баптау және даярлау;

      бақылау құралдарының көмегімен бақылау түсірілімін жасау жолымен аппараттың кино түсіретін бөлігін тексеру: автокалиматорлар, индикаторлар;

      бекітілген жабдықта белгіленген техникалық көрсеткіштерді бақылау және қолдау.

      260. Білуге тиіс:

      телехабарлау және фильмшығару технологиясының теориялы негіздері;

      экспонометрия, жарық техникасы, оптика және дәлдік механиканың негіздері, фотохимиялық процесс;

      электр- және радио өлшеуіштің негіздері;

      өлшеуіш құралдардың мақсаты және әрекет ету принциптері;

      кинопленканы өңдеудің технологиялық процесі.

      261. Видео камераларға, аппаратты-студиялық блоктардың жабдықтарына және құрастыру техникаға, желілік және желілік емес құрастыру цифрлық құрастыру кешеніне қызмет көрсету, ұқсас жабдықтарда кез келген ақауларды табу және жою кезінде – 7-разряд.

      262. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

      263. Цифрлық және аналогты құрастыру кешендерге қызмет көрсету, цифрлық жабдықта, кинотелевизиялық жабдықтың күрделі жөндеу жұмысында, шығармашылық шешім қабылдау үшін әртүрлі жабдықты жинақтауда ақауларды анықтау және жою кезінде – 8-разряд.

      264. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

25-параграф. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      265. Жұмыс сипаттамасы:

      кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша біліктілігі анағұрлым жоғары механиктің басшылығымен кинотехнологиялық жабдықты құрастыру және бөлшектеу, жөндеу жұмыстарын жасау және қызмет көрсету;

      технологиялық құбырларға, желдеткіштерге, фильтрлерге, бактарға қызмет көрсету және жөндеу;

      қызмет көрсететін жабдықтың техникалық жағдайын тексеру, регламент бойынша параметрлерді күнделікті өлшеу;

      технологиялық карталарға сәйкес алдын алу регламент жұмыстарын орындау.

      266. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін жабдықтардың мақсаты және техникалық сипаттамалары;

      құралдар мен құрылғыларды пайдалану тәртібі;

      поливинилхлоридты материалдарды механикалық өңдеу ерекшеліктері;

      орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарьлық жұмыстар.

26-параграф. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      267. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі кинотехнологиялық жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу;

      кино көшіретін аппараттың және айқындау процесорының лента созғыш жолдарының бөлшектерін құрастыру, бөлшектеу, дайындау және жөндеу;

      кино көшіретін аппаратты тиісті регламент бойынша қызмет көрсету: ерітіндіні шайқау, дозаторды реттеу, ерітіндіге қажет температураны орнату, көшірме аппаратының түрлі-түсті клапандарының жұмысын және жарық түсіру деңгейін тексеру;

      лента созғыш жолдардың бөлшектерін тегістеу және тықсыру.

      268. Білуге тиіс:

      кинопленканы өңдеу технологиясы;

      қызмет көрсететін жабдықтың температуралық және жылдамдық сипаттамалары;

      кинопленканы көшіру және өңдеу барысында пайда болатын ақаудың негізгі пайда болу себептері және олардың алдын-алу тәсілдері;

      қолданыстағы өлшеу құралдарын пайдалану тәртібі мен берілген параметрлерді өлшеу әдістемесі;

      орындалатын жұмыс көлеміндегі слесарьлық жұмыстар.

27-параграф. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      269. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделі кинотехнологиялық жабдыққа, кино көшіретін аппараттың фонограммалы блогының оптикалы жүйесіне, ерітіндіні шайқау және айналым жүйесіне, әртүрлі жүйедегі сорғыларға, әртүрлі қуатты электрқозғалтқышты компрессор мен желдеткіштерге қызмет көрсету және жөндеу;

      поливинилхлоридтты бұйымдарды дәнекерлеу, винипластты құбырды төсеу және құрастыру;

      қызмет көрсететін жабдықтың бөлшектері мен тораптарын дайындау және қалпына келтіру;

      қалпына келтіру машинасын және кинопленканы ультрадыбыспен тазартатын машинаны, кинопленкаларды жапсыратын жапсырма жартылай аппаратқа қызмет көрсету және жөндеу.

      270. Білуге тиіс:

      қолданылып жатқан кинопленканың түрі, оларды пайдалану және өңдеу ерекшеліктері;

      әртүрлі жүйелі сорғылардың, әртүрлі қуатты вентиляторлардың, компрессорлардың құрылымы, орындалатын жұмыстың өндірісіндегі технологиялық карталары;

      үш фазалы электр қозғалтқыштарды қосу, оларды фазалау және жерлендіру тәртібі;

      кинопленканың механикалық ақауларының себебін табу әдістемесі және оларды жою тәсілдері;

      слесарьлық жұмыс өндірісінің технологиясы.

28-параграф. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик, 7-разряд

      271. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм материалдарын басуға және өңдеуге арналған ерекше күрделі кинотехнологиялық жабдықты құрастыру, қызмет көрсету және жөндеу: аддитивті баспалы кино көшіретін аппарат, айқындайтын процессор;

      отандық және шетелдік өндірісті дәлдігі жоғары электрондық бақылау-өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау: сенситометрлер, денситометрлер, экспрессфотометрлер, спектрофотометрлер, магнитті араластырғыштар, "PH"-метрлер және ионометрлер, фотоэлектркалориметрлер, кептіретін шкафтар, өзге де зертханалық жабдықтар;

      кинопленканы өңдейтін анағұрлым күрделі процестерге техникалық қызмет көрсету;

      жұмысты бақылау: термореттегіш электрондық жүйе, мөлшерлейтін құрылғы, жіберетін және ауаны желдету құрылғысы, жуатын суды арнайы тазарту;

      технологиялық ерітіндіден күмісті екінші рет алуға арналған отандық және шетелдік өндірістегі жабдыққа техникалы қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жасау;

      электр қуат көздеріне, кернеуді түрлендіруші және тиристорлы реттеуіштерге профилактикалық қызмет көрсету және жөндеу.

      272. Білуге тиіс:

      зертханалық бақылау-өлшеу жабдығының құрылымы және қолданылу принципі;

      термореттегіш құралдардың параметрлері мен құрылымы;

      оптикалық жүйесінің және термореттеу жүйесінің, қызмет көрсететін лента созатын жолдарда баптау әдістемесі;

      тұрақты токты электр қозғалтқыштың құрылымы және жұмыс істеу принципі, оларды қосу және айналымын реттеу схемасы.

      273. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

29-параграф. Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу жәнеқызмет көрсетуші механик, 8-разряд

      274. Жұмыс сипаттамасы:

      фильм материалдарын басуға және өңдеуге арналғанөте күрделі кинотехнологиялық жабдықты, фонограммаларды басу құрылғыларымен жабдықталған аддитивті иммерсионды баспалы кинокөшіру аппараттарын, химиялық және температуралық бақылау жүйесімен, "РЭК"-лифтімен, технологиялық процесті бағдарламалау жүйесімен жабдықталған шығару процессорларын құрастыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      кинокөшіру аппараттарының, ақпаратты электронды түрде жинау жүйесімен жабдықталған шетелде өндірілген түс талдауыштың оптикалық жүйесін түзету және микропроцессордың негізінде орындалған жекеленген блоктар мен тораптарды басқару, жөндеу;

      шығару процессорларының мәлімет жіберу жүйесіне жөндеу және техникалық қызмет көрсету, вариаторлар мен редукторлардың жылдамдық режимдерін теңшеу және түзеу;

      орындаушы механизм мен құрылғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

      дәлдігі жоғары желімдейтін жартылай автоматтандырылған және негативті құрастыруға арналған шетелде өндірілген автоматтарға жөндеу жұмыстарын жасау және техникалық қызмет көрсету;

      жылдамдықты реттейтін басты жүйенің, автоматика және сигнализация электрондық-механикалық қызмет көрсету және жөндеу;

      кинокөшіру аппараттардағы, түс талдайтын, айқындайтын процессорлардың лента созғыш құралдардағы фильм материалдарына келтірілген механикалық ақаулардың себебін айқындау және оны жою;

      фильм материалдарының эмульсиялы қабатын және негізін реставрация жасауға арналған шетелде өндірілген жабдыққа қызмет көрсету, жөндеу және баптау: фильм материалдарын ультрадыбысты тазарту жүйесі, жылтыр негізінің жүйесі;

      ауаны кондиционерлеу және жуатын суды арнайы тазарту параметрлерінің жіберу және бақылау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу;

      кешенді профилактикалық жөндеу жұмыстарынан кейін реттеу жұмыстарын жасау;

      кинотехнологиялық жабдықты жұмыстың бар режимімен сынау.

      275. Білуге тиіс:

      кинопленканы өңдеу процесстері;

      бақылау-өлшеу аппаратурасында жұмыс жасау тәртібі;

      цехтың кинотехнология жабдығының құрылымы және қолдану принципі;

      технологиялық ерітіндінің негізгі физикалық-химиялық қасиеттері;

      электртехника мен механиканың негізгі заңдылықтары.

      276. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

30-параграф. Контурланған суретті бояушы, 2-разряд

      277. Жұмыс сипаттамасы:

      құрамы және персонажы бойынша қарапайым орташа планда 1-4 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу жұмыстарын орындау;

      орташа пландағы қарапайым контурлы көлеңке және силуэтті бояу.

      278. Білуге тиіс:

      мультипликациялық бояудың, жаққыштың және триацетатты негіздің қасиеттері мен мақсаты;

      мультипликациялық фильмдер өндірісі технологиясының негізі.

31-параграф. Контурланған суретті бояушы, 3-разряд

      279. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа күрделі, көп емес заттан және кейіпкерден құралған, құрамы бойынша күрделі емес жалпы және орташа планда 5-8 бояудан тұратын контурланған суреттерді бояу бойынша жұмыстарды орындау;

      күрделі контурлы кескінді немесе кадр алаңының жартысын алатын ірі көлеңкелі силуэтті бояу.

      280. Білуге тиіс:

      мультипликациялық фильмдер өндірісінің технологиясы;

      мультипликациялық бояулардың түсті шкаласы.

32-параграф. Контурланған суретті бояушы, 4-разряд

      281. Жұмыс сипаттамасы:

      көптеген ұсақ заттардан немесе кейіпкерлер тобынан тұратын, барлық кадрды толтырып тұратын табиғат құбылысын бейнелейтін, сонымен қоса формасы және бояуы бойынша күрделі шапшаң қозғалыстағы заттар және жалпы планда 9-15 бояудан тұратын күрделі ракурстардан тұратын контурланған күрделі суретті орындау жұмыстары;

      титрлерді, кашеттерді бояу.

      282. Білуге тиіс:

      боялған суреттегі ақауды түзету тәсілдері, боялған суретті жуу және оны қайтадан салу;

      суретті контур жағынан бояу тәсілдері;

      жалпақтыққа бояу ағу кезектілігі.

33-параграф. Контурланған суретті бояушы, 5-разряд

      283. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты сынған және ұшталған контур линиясы, барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі мөлшердегі және конфигурациялы өте көп алаңдар анағұрлым 15-тен көп бояуларды жағуды қажет ететін, сонымен қоса алдын ала өнделген бояу мен стеклограммадан тұратын бояуларды және контурланған күрделі суреттерді бояу бойынша жұмыстарды жасау;

      таза фазалаудан кейін контурсыз суретті шрифт бойынша бояу;

      суреттерді мөлдір бояу және поливинилацетатты эмульсиямен контур жағынан көркемдеп құю;

      кең экранды фильмдер үшін модель (эталондық суреттер) және панорамаларды бояу;

      суреттерді мөлшерлі әсер қалдыратын көркем торцовка әдісімен бояу.

      284. Білуге тиіс:

      суреттің құрылу заңдылығы;

      персонаж бен оның бөлек бөлшектерінің қозғалу техникасы;

      контурланған суретті торцовкалаудың техникалық жолдары;

      триацетатты негізбен бояудың химиялық әрекеттесуі және түрлі-түсті бояулардың өзара әрекеттесуі.

34-параграф. Контурлаушы, 2-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:

      кейіпкерлердің және заттардың қарапайым формадан тұратын суреттерінде контурлау жұмыстарын орындау;

      қарапайым кескіндегі орташа жоспардағы көлеңкелерді немесе силуэттерді контурлау.

      286. Білуге тиіс:

      контурлау тәртібі;

      мультипликациялық фильм өндірісінің негіздері;

      триацетатты негіздің және туштың қасиеттері және мақсаты;

      қауырсынды пайдалану техникасы.

      287. Жұмыс үлгілері:

      контурлау:

      1) қарапайым формадағы тамшыларды, штрихтардың тобын, үзік сызықты;

      2) сипаты бойынша күрделі емес контурдың орташа жоспардағы шағылысуы;

      3) зоологиялық кейіпкерлерді.

35-параграф. Контурлаушы, 3-разряд

      288. Жұмыс сипаттамасы:

      орташа және жалпы жоспардағы орташа күрделі кейіпкерлерді және көп емес нысаннан тұратын орташа күрделі және көп емес байланыстан тұратын суреттерді контурлау жұмыстарын орындау;

      күрделі кескінді көлеңке және силуэттерді контурлау;

      қарапайым және орташа күрделі штрихты жұмыстарды контурлау.

      289. Білуге тиіс:

      мультипликациялық фильмді өңдеу технологиясы;

      суретті және экспозициялық парақтарды оқу техникасы;

      мультипликациялық фазалардың қабаттарын біріктіру жолдары;

      штрихты жұмыстарды орындау тәсілдері;

      сызу жөнінде қарапайым мәліметтер.

      290. Жұмыс үлгілері:

      1) орташа пландағы ұшып бара жатқан ұсақ құстардың тобы (5-6);

      2) кадрдың ортасында шашылып жатқан судың көбігі немесе шашыраған кескіннің контуры;

      3) адам, зоологиялық кейіпкер немесе суретте және жалпы пландағы көп емес мөлшердегі бөлшектермен шартты күрделі емес контур кескіні.

36-параграф. Контурлаушы, 4-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:

      контурлау жұмыстарын орындау: ұсақ нысандардан тұратын күрделі суреттерді немесе көп мөлшердегі біріктірулермен күрделі формалы кейіпкерлерді, күрделі және тез қозғалыста әртүрлі формадағы және жалпы пландағы күрделі ракурсты нысандар, кадрдың барлық аумағын толтыратын табиғат құбылысы;

      күрделі штрихты жұмыстарды контурлау.

      292. Білуге тиіс:

      күрделі ойын көріністерін біріктіру техникасы;

      контурлаудың ақауын түзету тәсілдері.

      293. Жұмыс үлгілері:

      контурлау:

      1) жалпы пландағы ұсақ масштабты 2-3 өзара қарым-қатынастағы адами немесе зоология кейіпкерлерін;

      2) өте көп мөлшердегі бөлшектермен орташадан ірі планға дейін 2-3 кейіпкерлерден тұратын суреттерді.

37-параграф. Контурлаушы, 5-разряд

      294. Жұмыс сипаттамасы:

      контурлау бойынша жұмыстарды орындау: барлық кадрды толтырып тұратын әртүрлі конфигурацияның көп мөлшердегі бөлшекті нысаннан тұратын контурдың қатты сынған және ұштанған сызығымен өте күрделі сурет, кең экранды фильмдер үшін статистикалық көрініс және панорама, әртүрлі жуандықтағы көп түсті контур;

      сызба құралын пайдалана отырып жасалған суреттерді контурлау;

      ығысқан кадрдағы крестерді контурлау;

      көпқабатты сахнаны парақтарға шахматты жазба жасай отырып бір қабатқа біріктіру;

      гравюра тектес салынған контурды контурлау.

      295. Білуге тиіс:

      ығысқан кадрда панораманың қозғалу және контурлауды орындау техникасы;

      қозғалыстың биомеханикасы;

      суретті салу техникасы;

      сызу негіздері;

      қаріптер, сызба құралының белгіленуі және құрылымы.

      296. Жұмыс үлгілері:

      контурлау:

      1) ірі пландағы өзара қарым-қатынастағы адамдар кейіпкерлері тобының суреттерін;

      2) жалпы пландағы көп мөлшердегі фигурадан тұратын зоология кейіпкерлері тобының суреттерін.

38-параграф. Мультипликациялық сынамаларды түсіруші, 2-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары мультипликациялық сынамаларды түсірушінің басшылығымен қағазда және триацетатты негізде жасалған қарапайым мультипликациялық көріністердің сынамаларын түсіру.

      298. Білуге тиіс:

      мультипликациялық станоктың жұмыс істеу принципі;

      түсірілім аппаратының астына контурланған суреттерді төсеу техникасы.

      299. Жұмыс үлгілері:

      түсіру:

      1) бір экспозицияға бірқабатты сынамасы;

      2) қарапайым панорамалардағы көріністердің сынамалары.

39-параграф. Мультипликациялық сынамаларды түсіруші, 3-разряд

      300. Жұмыс сипаттамасы:

      қағазда және триацетатты негізде орындалған қарапайым мультипликациялық көріністерді, сондай-ақ орташа күрделі берілген экспозиция бойынша және экспозициялы парақтағы түсірілімге сәйкес мультипликациялық көріністердің сынамаларын жасау.

      301. Білуге тиіс:

      экспозициялық парақты оқу техникасы;

      сынақ түсірілімдерін сақтау тәртібі.

      302. Жұмыс үлгілері:

      түсірілім:

      1) әр қабатында әртүрлі жазбамен екі қабатты және үш қабатты сахна сынамалары;

      2) қозғалысы бойынша әртүрлі панорамаларда көріністің сынамалары (қиғаш, тік, көлденең, дөңгелек).

40-параграф. Мультипликациялық сынамаларды түсіруші, 4-разряд

      303. Жұмыс сипаттамасы:

      алғашқы фазада орындалатын күрделі мультипликациялық көріністердің сынамаларын түсіру;

      алғашқы фазада орындалатын мультипликациялық көріністерді түсіру кезінде кадрдың экспозициясын орнату;

      кинооператордың басшылығымен қарапайым мультипликациялық ендірмелер және кадрларды түсіру;

      түсіру аппаратурасын және мультипликациялық станоктарды профилактикалық жөндеу жұмыстарына қатысу.

      304. Білуге тиіс:

      фотография және түсірілім техникасының негіздері;

      пленканы өңдеу технологиясының негіздері;

      түсіретін аппаратура мен мультипликациялық станоктың құрылымы.

      305. Жүмыс үлгілері:

      түсіру:

      1) басып кету, қаптап кету, ығыстыру мультипликациялық көріністердің сынамалары;

      2) мультипликациялық көріністерді басып кету, қаптап кету және ығыстыру мен әртүрлі панорамада сынақ көріністерін түсіру.

41-параграф. Мультипликациялық суреттерге негіз дайындаушы, 2-разряд

      306. Жұмыс сипаттамасы:

      қайта түскен триацетатты негізді түсі және өлшемі бойынша сорттау;

      боялған суреттің немесе контурдың бөлігін жуу;

      түсірілген материалды фильмнің біткен өндірісі бойынша қабылдау және бөлшектеу;

      қайта қолданылатын триацетат негізін жуу, кептіру және сорттау;

      түсірілім алдында контурланған және боялған суреттерді сүрту;

      арнайы тесетін станокта қағазда және триецетатты негізге штифт үшін тесік тесу;

      тегістегіш құрылғыларда контурланған және боялған суреттерді тегістеу

      307. Білуге тиіс:

      триацетатты негіздің қасиеті және оған қойылатын талаптар;

      триацетатты негізді жуатын және сүртетін ерітінділердің рецептурасы;

      ысқылаудан кейін контурланған және боялған суреттерге қойылатын талаптар;

      тесетін және тегістейтін құрылғылардың құрылымы және жұмыс істеу тәртібі.

42-параграф. Негативті құрастырушы, 1-разряд

      308. Жұмыс сипаттамасы:

      контратиптерді, аралық позитивтерді, фонограмма негативтерін желімдеу;

      сайнекстерді, бекітілген роликтерді шығаруға арналған пленканы даярлау және оларды желімдеу;

      суреттің негативіне, фонограмманың негативіне, аралық позитивтерге, контративтерге қорғайтын ракордтарды жапсыру.

      309. Білуге тиіс:

      пленкамен жұмыс жасау тәртібі;

      пленканы желімдеу техникасы;

      құрастыру жабдығын пайдалану тәртібі: құрастыру үстелін, синхронизатор, желімдейтін жартылай автомат.

43-параграф. Негативті құрастырушы, 2-разряд

      310. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары негативті құрастырушының басшылығымен бейнені және жарнама роликтерін құрастыру;

      негативті бейнені, негативті фонограмманы, аралық позитивті және контративті басылымға даярлау;

      негатив материалын сұрыптау және зат таңбасындағы белгімен тиісті журналға тіркеу.

      311. Білуге тиіс:

      негатив материалдарымен жұмыс жасау тәртібі;

      пленканы өңдеу технологиясының негізі;

      негативті материалды құрастырудың негізгі техникасы.

44-параграф. Негативті құрастырушы, 3-разряд

      312. Жұмыс сипаттамасы:

      бейне негативтерін және жарнама роликтерін құрастыру және қайта құрастыру;

      дубльдің негативін құрастыру үшін таңдау және оларды жүйелендіру;

      бір пленкаға басу үшін фонограмманы қайта басуға даярлау;

      бейненің негативін реставрацияға даярлау;

      бейненің негативін, фонограмманың негативін және контратиптерді стандартты ракорттармен безендіру;

      алғашқы материалдарды іске қосу;

      кемінде екі толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      313. Білуге тиіс:

      негативті материалдарды құрастыру техникасы;

      түсіру процесінің технологиясы;

      құрастыру барысында пайдаланылатын нормативтік-техникалық құжатнама.

45-параграф. Негативті құрастырушы, 4-разряд

      314. Жұмыс сипаттамасы:

      аралық позитивті, дубляждалып жатқан фильмнің контратипін құрастыру және қайта құрастыру;

      аралық позитивті басу үшін құрастыру және аралас кадрларды түсіру үшін аралық позитивті құрастыру және таңдау;

      субтитрлерді басу үшін алғашқы фильм материалдарын таңдап алу;

      алғашқы материалдарды бұқаралық басуға жіберу үшін даярлау;

      алғашқы фильм материалдарын ракордпен безендіру;

      кемінде үш толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      315. Білуге тиіс:

      пленканың сорты мен түрі;

      фильмді қайталау технологиясының негіздері.

46-параграф. Негативті құрастырушы, 5-разряд

      316. Жұмыс сипаттамасы:

      қарапайым және кең экранды кинофильмдердің қара-ақ және түрлі-түсті негативін, 16-миллиметрлі айнымалы пленкада жұмыс позитивінде түсірілген суретті құрастыру;

      нұсқаушы роликті құрастыру;

      кемінде төрт толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      317. Білуге тиіс:

      пленканы өңдеу технологиясының негізі;

      фильмді шығару технологиясының негізі.

47-параграф. Негативті құрастырушы, 6-разряд

      318. Жұмыс сипаттамасы:

      кең форматты, стереоскопты кинофильмді, бейнені, 16 миллиметрлі негатив пленкасында жұмыс позитивінде түсірілген және видеомагнитті баспа үшін 16 миллиметрлі айнымалы пленкада түсірілген суреттерді қара-ақ және түрлі түсті негативті құрастыру;

      кемінде бес толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      319. Білуге тиіс:

      кең форматты, стереоскопты фильмдерді және 16 миллиметрлі негатив және айналмалы пленкаларда түсірілген бейнелерді құрастыру техникасы.

      320. Кең форматты 35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша әртүрлі жылдамдықтағы ілеспелерді пайдаланып фильмдер негативін, 35 миллиметрлі жұмыс позитиві бойынша пленканың бөлек қозғалу үстелін пайдаланып жұмыс позитиві бойынша негативті құрастыру кезінде – 7-разряд.

      321. 35 миллиметрлі және 70 миллиметрлі аралық позитив және контративті құрастыру кезінде – 8-разряд.

      322. 7 және 8-разрядты негативті құрастырушыға техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

48-параграф. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 5-разряд

      323. Жұмыс сипаттамасы:

      суретшінің эскиздері және сызбалары бойынша қарапайым және орташа күрделі ағаштан, металдан, пластмассадан және губкадан, резинадан, матадан және өзге материалдан ойнайтын қуыршақтың бөлшектерін, конструкциясын және корпустарын дайындау;

      суретшінің эскизі бойынша қарапайым және орташа күрделі ойын қуыршақтарына сыртқы безендіру: фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және қарапайым заманауи киімдерді, көйлектерді, бас киімдерді және аяқ киімдерді өңдеу.

      324. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйедегі ойын қуыршақтарының құрылымы және конструкциясы;

      ойын қуыршақтарын дайындауда қолданылатын материалдарды өңдеу тәсілдері;

      ағашқа ою салу тәртібі;

      ағаш пен металды токарьмен өңдеу тәсілдері;

      слесарьлық іс негіздері;

      жұмсақ қуыршақты пішу негіздері;

      ойын қуыршағын дайындау және безендіру кезінде қолданылатын материалдардың қасиеттері мен мақсаты;

      киімді, аяқкиімді тігу технологиясының негіздері;

      қуыршақ фильмдерін өндіру негіздері.

      325. Жұмыс үлгілері:

      1) ойыншық қуыршақтың басы, қолы, аяғы- дайындау;

      2) қыршақтың металдан және резинадан топса жасау - дайындау;

      3) әртүрлі материалдан қуыршаққа топса - жинау.

49-параграф. Ойыншық қуыршықтарды дайындаушы, 6-разряд

      326. Жұмыс сипаттамасы:

      суретшінің эскиздері және сызбалары бойынша әртүрлі материалдан ойыншық қуыршақтың күрделі конструкциясын (топса, тросты) және мүсінді бөлшектерін дайындау;

      үздіксіз кадр әдісімен түсіру үшін мимика механикасы бар қуыршақтардың басын дайындау;

      суретшінің эскизі бойынша күрделі ойыншық қуыршақтың сыртқы бейнесін безендіру;

      фактуралы париктерді дайындау, пішу, тігу және күрделі тарихи, ертегі және өзге де киімдерді, көйлектерді, баскиімдерді және аяқкиімдерді дайындау.

      327. Білуге тиіс:

      ойын қуыршақтарының барлық жүйелері, конструкциясы және құрылымы;

      ойын қуыршақтарының қозғалыс техникасы;

      қуыршақтың анатомиясы және құрылымы;

      әртүрлі материалдардың фактура сапасы;

      модельдеу тәртібі;

      киімді және аяқкиімді тігу технологиясы;

      қолданылатын материалдардың ассортименті.

      328. Жұмыс үлгісі:

      1) ойыншық қуыршақтың конструкциясы - толықтай жинау;

      2) қуыршақ денесінің және каркастың бөлшектерін, ойыншық қуыршақтың көзінің, ауызының қозғалуының ішкі механизмі - тоғысқан жинақ.

50-параграф. Позитивті құрастырушы, 1-разряд

      329. Жұмыс сипаттамасы:

      позитивті құрастыру бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      сценарийлік нөмірлер бойынша бейненің позитивін және магнитті фонограммаларды құрастыру;

      дубльді таңдау үшін жұмыс материалын және тондау жұмысына дөңгелекті жапсыру;

      сөйлеу, шулау және музыкалы дыбыстау кезегіне қызмет көрсету: құжатнама жүргізу, пленкаларды жапсыру, пленка салынған жәшіктерді тексеретін және тонательеге жеткізу.

      330. Білуге тиіс:

      пленкамен жұмыс істеу тәртібі;

      пленканы жапсыру техникасы;

      құрастыру және дыбыс құрастыру үстелдерінде, синхронизаторларда, желімдейтін престе, шифрды ашатын аппаратта жұмыс істеу тәртібі;

      стандартты ракордтардың мақсаты;

      құралды магнитсіздеу тәртібі.

51-параграф. Позитивті құрастырушы, 2-разряд

      331. Жұмыс сипаттамасы:

      позитивті құрастыру үшін дубльдерді іріктеу;

      бейненің позитивін және сақпан бойынша магнитті фонограмманы синхронизациялау;

      жұмыс материалдарын сценарий нөмірлерімен таңбалау;

      негативті құрастыру үшін паспорт жасау;

      дубль мен үзінділерді жүйелеу және талдау;

      кемінде екі толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      332. Білуге тиіс:

      фильмді құрастыру техникасы, режиссер сценарийі;

      құрастыру карточкаларымен жұмыс істеу тәртібі:

      құрастыру кезінде жұмыс материалдарын жүргізу тәртібі;

      киноматериалды редактордың қарауына, тракт дайындығына, видеомагнитті жазбаға, эфирге дайындау тәртібі;

      құжаттаманы рәсімдеу тәртібі.

52-параграф. Позитивті құрастырушы, 3-разряд

      333. Жұмыс сипаттамасы:

      сюжеттерді, бағдарламаларды, нобайларды синхронды құрастыру;

      жұмыс материалдарын тонировка жасауға (сөйлеу, шулау және музыкалы дыбысталуға) даярлау;

      алғашқы қыстырма фонограммаларын және синфронды шуды дыбыс құрастыру үстелінде жұмыс бейнесінің негізінде синхрондау;

      материалдарды қалпына келтіруге жіберуге даярлау;

      бөліктерді метрлеу, құрастыру парақтарын даярлау;

      кемінде үш толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      334. Білуге тиіс:

      киноөндіріс технологиясының негіздері;

      параллельді құрастыру техникасы;

      нобай, сюжет және бағдарламаларды құрастыру техникасы;

      ілеспелі киноға түсіру техникасы;

      дыбыс құрастыру жабдықтарының барлық жинағын пайдалану тәртібі;

      құрастыру кезінде пайдаланылатын негізгі нормативтік-техникалық құжаттама.

53-параграф. Позитивті құрастырушы, 4-разряд

      335. Жұмыс сипаттамасы:

      хроникалық-деректі телефильмдерді және қор спектакльдерін сөйлеу және шудың дыбысталуын құрастыру;

      жұмыс бейнесінде сөйлеудің дыбысталуын синхрондау;

      қайта баспаның түпнұсқасын стандартты ракордтармен безендіру;

      фильмді қайталау барысында қажетті жұмыстарды орындау;

      киноматериалдарды қиыстырылған түсірілімдер үшін даярлау;

      материалдарды дыбыстауға даярлау;

      кемінде төрт-бес толықметражды фильмге қызмет көрсету.

      336. Білуге тиіс:

      дыбысты басу және дыбыстау технологиясы;

      хроникалық-деректі телефильмдерді және фондты көріністерді құрастыру технологиясы;

      қиыстырылған түсірілімдер мен фильмдерді қайталау техникасы;

      дыбыс құрастыру аппаратының түбегейлі құрылымы;

      пленканы өңдеу техникасы.

54-параграф. Позитивті құрастырушы, 5-разряд

      337. Жұмыс сипаттамасы:

      шумды, музыкалық фонограммаларды қарапайым және фтереофонды фильмдар мен телебағдарламаларды, жарнама ролигін толықметражды фильмдерге біліктілігі жоғары кинорежиссердің басшылығымен құрастыру;

      актер сынамасын құрастыру;

      фильмотека мен фонотекаға тапсыру үшін материалдарды іріктеу;

      кемінде алты-жеті толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      338. Білуге тиіс:

      фильмдерді құрастыру кезінде қолданылатын технологиялық жабдықтың құрылымы және әрекет ету принципі;

      түсірілімнің көпкамералы әдісі.

55-параграф. Позитивті құрастырушы, 6-разряд

      339. Жұмыс сипаттамасы:

      режиссер немесе құрастырушының басшылығымен қысқаметражды фильмдерді және толықметражды фильмдердің бөлек эпизодтарын құрастыру;

      қайталанатын фильмдерді қайта құрастыру жұмыстарын жасау;

      кемінде сегіз толықметражды шартты фильмге қызмет көрсету.

      340. Білуге тиіс:

      кең форматты, стереоскопты, толық экранды және өзге де фильмдерді құрастыру технологиясы.

      341. Қысқаметражды және толықметражды фильмдерді құрастыруда, қайталанатын шетелдік фильмдерді шетелдік кино өндірістің фонограммасын, дыбыстың дайын басылымын сақтай отырып қайта құрастыру кезінде – 7-разряд.

      342. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

56-параграф. Пиротехник, 2-разряд

      343. Жұмыс сипаттамасы:

      пиротехникалық бұйымдарды жасау бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      қағазды және картонды кесу, химикаттарды қолдан үгіту және илеу, шеттерін кесу;

      түтін шашкаларын нығыздау кезінде және факелдарды дайындауда қосымша жұмыстарды орындау;

      қарапайым жүйелі қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

      344. Білуге тиіс:

      атыс қаруы мен суық қарудың құрылымы, жұмыс істеу және тазалау тәртібі;

      жеңіл тұтанатын және жарылғыш заттардың химиялық қасиеттері.

57-параграф. Пиротехник, 3-разряд

      345. Жұмыс сипаттамасы:

      арнайы станоктарда қағаз гильзалардың барлық түрін дайындау;

      пиротехникалық бұйымдарды жасау үшін материалдарды даярлау: химикаттарды ілу, оларды механикалық араластыру және механикалық нығыздау;

      дайын пиротехникалық бұйымдарды өңдеу, таңбалау, орау;

      күрделілігі орташа қаруды бөлшектеу, тазарту, майлау және жинау.

      346. Білуге тиіс:

      слесарьлық және токарьлық істің негіздері;

      химикаттардың қасиеттері, оларды араластыру тәртібі және олармен қауіпсіз жұмыс жасау әдістері;

      пиротехникалық бұйымдарды орау тәртібі.

58-параграф. Пиротехник, 4-разряд

      347. Жұмыс сипаттамасы:

      станоктарда пиротехникалық бұйымдарды дайындау;

      біліктілігі анағұрлым жоғары пиротехниктың басшылығымен түсірілімді қарапайым пиротехникалық әсерлермен безендіру - барлық түсті және тығыз түтін шығару;

      түсірілімге қару таңдау:

      қарапайым және күрделілігі орташа қару жүйесін жинау және жұмысқа қосу;

      қаруды және пиротехникалық заттарды сақтау, тасымалдау.

      348. Білуге тиіс:

      пиротехника жұмыстарын жүргізу жоспарлары;

      барлық жүйелі қаруларды, пиротехника бұйымдарын тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібі;

      қаруды оқтау тәртібі және оқсыз зарядтарды атуға даярлау.

59-параграф. Пиротехник, 5-разряд

      349. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары пиротехниктің басшылығымен түсірілімді күрделілігі орташа пиротехникалық әсермен безендіру - жарылыстың барлық түрін ұқсату;

      күрделі жүйелі қаруды жинау және іске қосу.

      350. Білуге тиіс:

      жарылғыш заттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібі;

      барлық жүйелі қарудың құрылымы және пайдалану тәртібі.

60-параграф. Пиротехник, 6-разряд

      351. Жұмыс сипаттамасы:

      пиротехникалықәсердің барлық түрімен түсірілімді безендіру: жаппай соғыс көрінісін түсіру кезінде өте көп мөлшерде жарылысты пайдаланып және көріністің қатысушыларына жақын жерде пиротехникалық әсерді пайдалану;

      пиротехникалық жұмыстардың жоспарын жасау;

      түсірілімге пиротехникалық қызмет көрсету бойынша ерекшеліктер, сметалар құрастыру;

      барлық түрлі суық қару және атыс қаруының барлық жүйесін түсірілімге даярлау, оларды түсірілім кезінде пайдалану;

      студияның және өзге де ұйымдардың қорынан қару іріктеу.

      352. Білуге тиіс:

      пиротехникалық шеберхана және табиғаттағы түсірілім жағдайындағы пиротехникалық құрылымдардың әрекет ету принципі;

      фильм және телебағдарламалардың режиссерлік сценарийі.

61-параграф. Субтитрлерді дайындаушы, 3-разряд

      353. Жұмыс сипаттамасы:

      каллиграфияға сәйкес цинкті пластинаға субтитрлердің нөмірін жазу жұмыстарын орындау;

      пластинаны жолақтарға және клишеге 35-милиметрлі фильм көшірмесін істеу үшін қию;

      каллиграфияға сәйкес клишені жинақтау.

      354. Білуге тиіс:

      әртүрлі маркалы цинктың қасиеттері;

      кесетін станоктардың құрылымы;

      35 милиметрлі фильмнің көшірмесін субтитрлеу үшін клишенің геометриялық өлшемі;

      клишеде мәтінді орналастыру тәртібі.

62-параграф. Субтитрлерді дайындаушы, 4-разряд

      355. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі жүйелі кескіш станоктарда 16-милиметрлі және 70-милиметрлі фильм көшірмесін және екі еселі субтитрлердің фильм көшірмесін субтитрлеу үшін әртүрлі материалдан субтитрдің клишесін кесу жұмыстарын орындау;

      клишелерді бөлшектерге бөлу.

      356. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі кескіш станоктардың құрылымы мен әрекет ету принципі;

      16-миллиметрлі, 70-миллиметрлі фильм көшірмелерін және екі еселі фильм көшірмесін субтитрлеу үшін геометриялық өлшемдер;

      клише дайындау үшін қолданылатын металдардың қасиеттері.

63-параграф. Субтитрлерді дайындаушы, 5-разряд

      357. Жұмыс сипаттамасы:

      35-миллимерлі фильм көшірмесін субтитрлеу үшін қолданылатын клишені дайындауға субтитрлер түпнұсқасын негативтен металға көшіру;

      субтитр түпнұсқаларын құрастыру және олардың негативін дайындау үшін фотоға түсіру;

      түсірілім және көшірменің дұрыс режимін таңдау;

      түсірілген және көшірілген материалды зертханада өңдеу, дайындау, пластинкаларды жарық сезгіш қабатпен қаптау үшін даярлау;

      эмальді дайындау, пластинкаларға эмальді құю;

      негативті өңдеу;

      электролитті құрастыру және ваннаны толтыру.

      358. Білуге тиіс:

      субтитрлерді металға көшіру технологиясы;

      әртүрлі жүйелі фото көшіргіш жабдықтардың құрылымы және жұмыс принципі;

      металдардың қасиеттері;

      жарықты қою принципі;

      фототүсірілім және көшірмені анықтау режимі;

      электролитті ваннаның құрылымы;

      электролиттің құрамы және рецептурасы.

64-параграф. Субтитрлерді дайындаушы, 6-разряд

      359. Жұмыс сипаттамасы:

      субтитр түпнұсқаларын негативтен 16-миллиметрлі және 70-миллиметрлі фильм көшірмесін және екі еселенген кино көшірмені субтитрлеуде қолданылатын металға клише дайындау үшін көшіру;

      металл пластиналарды өңдеу;

      өңдеу режимін таңдау, рельефтің тереңдігін бақылау.

      360. Білуге тиіс:

      өңдеуге арналған жабдықтардың құрылымы және жұмыс принципі;

      өңдеу кезінде қолданылатын ерітінділердің құрамы және рецептурасы;

      әртүрлі өлшемдегі клишені бақылау әдістері.

65-параграф. Субтитрлерді өңдеуші, 3-разряд

      361. Жұмыс сипаттамасы:

      35-миллиметрлі және 16-миллимертрлі фильм көшірмелері үшін түзетілім парағының таңбаларына сәйкес латын, орыс және ұлттық тілдердегі нұсқалардың субтитрлік баспа-таңбаларын техникалық өңдеу және түзету.

      362. Білуге тиіс:

      субтитрлік баспа-таңбаларды алу принципі;

      өңдеу жолдары және өңдеу үшін пайдаланылатын құралды қолдану тәртібі;

      латын және ұлттық алфавиттері;

      қаріп стандарттары, түзетілім белгілердің стандарттары.

66-параграф. Субтитрлерді өңдеуші, 4-разряд

      363. Жұмыс сипаттамасы:

      түзетілім парағының таңбаларымен сәйкес латын, орыс және ұлттық тілдердегі нұсқалардың субтитрлік баспа-таңбаларын техникалық өңдеу және түзету;

      субтитрлік баспа-таңбаларды безендіру;

      35-миллиметрлі және 16-миллимертрлі фильм көшірмелері үшін субтитрлік баспа-таңбаларды бақылау.

      364. Білуге тиіс:

      түпнұсқа мәтінін таңбалаудың техникалық тәртібі;

      субтитрлерді теру тәртібі.

67-параграф. Субтитрлерді өңдеуші, 5-разряд

      365. Жұмыс сипаттамасы:

      35-миллиметрлі және 16-миллимертрлі, 70-миллиметрлі фильмдер көшірмесіне және стереофильм көшірмесіне шығыс тілдері және сирек қолданылатын тілдердегі нұсқалардың субтитрлік баспа-таңбаларын техникалық өңдеу және түзету;

      репродукция үшін негативті және диапозитивті өңдеу.

      366. Білуге тиіс:

      әртүрлі гарнитуралы шрифтардың кескіні, шығыс және сирек кездесетін тілдердің алфавиттері;

      қаріпті фотографияның негіздері;

      субтитрлермен фильм көшірмесін терудің техникалық шарттары;

      анықтамалық әдебиет пен сөздіктерді қолдану тәртібі.

68-параграф. Субтитр теруші, 2-разряд

      367. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі субтитрлеу машинасында 35 миллиметрлі фильм көшірмесін субтитрлеу үшін техникалық паспортты құрастыру жұмыстарын орындау;

      бұрын құрастырылған паспорттар бойынша субтитрлеуге арналған фильм көшірмелерін таңдап тексеру;

      субтитрлеу алдында клишені таңдау және тексеру;

      ылғалдайтын ертінділерді құрастыру.

      368. Білуге тиіс:

      синхронды-паспортты үстелдің және әртүрлі жүйелі метромерлердің құрылымы және жұмыс принциптері;

      кинопленканың сорты және қасиеттері;

      субтитрлеу кезінде паспортты пайдалану принциптері;

      пленкамен жұмыс жасау тәртібі және оны жапсыру техникасы;

      ылғалдайтын ертінділердің рецептурасы.

69-параграф. Субтитр теруші, 3-разряд

      369. Жұмыс сипаттамасы:

      қолда бар паспорттар бойынша фильм көшірмелеріндегі таңбаны қалпына келтіру;

      фильм көшірмесін ылғалдандыру жұмыстарын орындау және фотоқабаттың көшірмесін жұмысқа даярлау.

      370. Білуге тиіс:

      субтитр жабдығының құрылымы және жұмыс принципі;

      фильм көшірмесінде субтитрлерді белгілеу принципі.

70-параграф. Субтитр теруші 4-разряд

      371. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін механикалық әдіспен субтитрлерді теру жұмыстарын орындау;

      бақылау үшін сынама баспа-таңбаларды дайындау;

      субтитрдің дұрыс режимін фильм көшірмесінің түріне және фильм көшірмесінің эмульсиялық қабатының жағдайына байланысты сынама баспасы бойынша таңдау және дұрыс режимін белгілеу;

      субтитрлік жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмысына қатысу.

      372. Білуге тиіс:

      субтитрлер мен субтитрлеу клишесін дайындаудың технологиялық процесі;

      кинофототүсірілім және электртехника негіздері;

      фильм көшірмесінің эмульсиялық қабат жағдайы;

      субтитрлер және клишенің геометриялық өлшемдері;

      кадрда субтитрлерді орналастыру шарттары.

71-параграф. Субтитр теруші, 5-разряд

      373. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі жүйелі субтитр машинасында қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін және жарнама роликтерін механикалық әдіспен субтитр теру жұмыстарын орындау.

      374. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі субтитр машинасының жұмыс принципі;

      кинофотомеханиканы және электрмеханиканы механикалық әдіспен субтитрлеудің технологиялық процесі;

      жарнама роликтерін субтитрлеу шарттары;

      ақаудың туындау себептері және оның алдын алу тәсілдері.

72-параграф. Субтитр теруші, 6-разряд

      375. Жұмыс сипаттамасы:

      субтитрларда қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесін физикалық-химиялық әдіспен басып шығару жұмыстарын орындау;

      субтитр машиналарының жұмысындағы бөлек ақауларды жою.

      376. Білуге тиіс:

      әртүрлі жүйелі субтитр машиналарының құрылымы;

      бөлек субтитрларды қосымша басу өндірісінің тәртібі;

      әртүрлі фильм көшірмесі үшін субтитр клишесін дайындау технологиясы;

      әртүрлі фильм көшірмелерінің субтитрлері мен клишесіне геометриялық өлшемдер.

73-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      377. Жұмыс сипаттамасы:

      aппаратты-студиялық блок жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша қарапайым жұмыстарды орындау;

      аппаратты-студиялық блок бекіткен жабдықтарын жұмысқа даярлау және оның жұмысына бақылау жасау;

      камераларды, видеобақылау құрылғыларын және өзге де жабдықтарды орнату және орнын ауыстыру;

      қосалқы технологиялық жабдықты, видеобақылау құрылғыларын, оператор крандарын, штативтер мен өзге де жабдықты орнату және қосу;

      байланыстарды тексеру, телевизиялық камера мен каналдарды жөнге келтіруге қатысу;

      қарапайым электрлік және механикалық ретке келтірулерді жүзеге асыру;

      блоктар мен бөлек радиокомпоненттерді ауыстыру;

      қарапайым алдын алу және жөндеу жұмыстарын орындау;

      электр өлшемдерін өткізу жұмысына қатысу;

      оптиканың қажет жиынтығын орнату;

      бағдарламаны бастамай тұрып кабельді орау және төсеп қою;

      дайындық және бағдарлама кезінде кабельді жеткізу.

      378. Білуге тиіс:

      электр және радиотехника, теледидар, сигналдың өту блок-схемасы жөнінде негізгі мәлеметтер;

      тораптар мен телевизиялық камераны реттеу органдарының мақсаты, оларды қолдану тәртібі;

      штативтер, оператор крандарын және телевизиялық камераның механикалық тораптарының құрылымы;

      қолданыстағы бақылау-өлшеу құрылғылары мен құралдарының мақсаты, әрекет ету принциптері және қолдану тәртібі;

      телевизиялық жабдықты теңшеу үшін сынақ кестелерінің мақсаты.

74-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      379. Жұмыс сипаттамасы:

      аппаратты-студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша орташа күрделі жұмыстарды орындау;

      аппаратты-студиялық блоктың жабдықтарының белгіленген жұмыс режимін қамтамасыз ету және оның жұмысына бақылау жасау;

      бекітілген жабдықтың орташа күрделі электрлік және механикалық реттеулерін жүзеге асыру;

      блоктар мен жекелеген радиокомпоненттерді ауыстыру;

      күрделілігі орташа алдын алу және жөндеу жұмыстарын орындау;

      электр өлшемдерін жүргізу;

      студияға жарық беру режимін бақылауға қатысу.

      380. Білуге тиіс:

      электртехника, радиотехника және теледидар негіздері;

      дыбыс және видеосигналдардың өту блок-схемасы;

      қызмет көрсететін жабдықтағы блоктардың мақсаты;

      аралас учаскедегі жабдықтың мақсаты және әрекет ету принципі.

75-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      381. Жұмыс сипаттамасы:

      аппаратты-студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша күрделі жұмыстарды орындау, жабдықты қосу;

      жабдықтарды күрделі электрлік және механикалық реттеу және оны бөлшектеп, жинап оған жөндеу жұмыстарын жасауды қамтамасыз ету;

      күрделі алдын алу жұмыстарды орындау;

      телевизиялық жабдықтардың сапалы параметрлерін өлшеуді жүргізуге қатысу;

      дабыл қағу және байланыс тізбектеріндегі ақауды айқындау және жою;

      телевизиялық жабдықты автоматтандыру, теңшеу және модернизациялау іс-шараларын өткізуге қатысу;

      техникалық құжаттамаларды жүргізу.

      382. Білуге тиіс:

      қызмет көрсететін жабдықтың техникалық сипаттамалары;

      телевизиялық жабдықтың барлық кешеніне дыбыстық және видеосигналдардың өту блок-схемасы;

      қызмет байланысының коммутациялық схемасы;

      телевизиялық және дыбысты жабдықтың құрастыру схемалары;

      жабдықты жөнге келтіру кезінде сынақ кестесін пайдалану тәртібі.

76-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      383. Жұмыс сипаттамасы:

      аппаратты-студиялық блоктың жабдықтарына техникалық пайдалану қызмет көрсету бойынша ерекше күрделі жұмыстарды орындау;

      телевизиялық жабдықтың дайындық, теңшеу жұмыстарын және барлық параметрлерін өлшеуді жүргізу;

      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды айқындау, жою және онда белгіленген техникалық көрсеткіштерді қолдау;

      модернизациялау, автоматизациялау және жаңа телевизиялық жабдықты меңгеру жұмыстарына қатысу.

      384. Білуге тиіс:

      телевизиялық жабдықтың құрылымы және әрекет ету принципі;

      электр және радиоөлшемдердің, магнитті жазбаның негіздері;

      телевизиялық жабдықтың түбегейлі және құрастыру схемалары;

      телевизиялық жабдықтың жұмыс параметрлерін өлшеу кезінде өлшеу аппараттарын пайдалану тәртібі, белгіленуі және құрылымы.

      385. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

77-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 7-разряд

      386. Жұмыс сипаттамасы:

      телевизиялық жабдықтың барлық түріне кешенді техникалық пайдалану қызмет көрсету;

      телевизия жолдарының, камералы каналдардың электрондық жүйесі мен құрылғысына қызмет көрсету жұмыстарын орындау;

      телевизия жабдығының барлық жұмыс параметрлерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      жекелеген тораптар мен электрондық жүйенің жұмысын тексеру және диагностикалау;

      ақпараттық қамтамасыз ету жүйелеріндегі ақауларды табу және ауытқушылықты жою;

      телевизиялық жабдықта профилактикалық және жөндеу жұмыстарын орындау: видео түсірілім, құрастыру пульттері, мониторлар және өзге де жабдықтар;

      телевизиялық жабдықтың оңтайлы жұмыс режимін орнатуға, құрастыруға және телевизиялық техниканың жаңа түрлерін меңгеру жұмыстарына қатысу.

      387. Білуге тиіс:

      теледидардың теоретикалық негіздері;

      телевизиялық жабдықтың құрылымы және әрекет ету принципі;

      электр және радиоөлшемдері, магнитті жазба негіздері;

      телевизиялық жабдықтар құрылғысының функционалдық, түбегейлі және құрастыру схемалары;

      телевизия жолдарының және камера каналдарының параметрлерін өлшеу әдістері;

      электрондық схемалар мен жекелеген тораптарға жөндеу жұмыстарын жасау тәсілдері;

      телевизиялық жабдықтың ақауларын жөндеу және диагностикалау жұмыстарын орындау жолдары;

      телевизиялық жабдықтың оңтайлы жұмыс режимін есептеу әдістерінің негізі;

      студиялық телевизиялық түсірілім мен трансляцияларды жүргізу технологиясы.

      388. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

78-параграф. Телевизия жабдығында қызмет көрсетуші механик, 8-разряд

      389. Жұмыс сипаттамасы:

      электрондық жүйелерді, бағдарламалық және видеобасқару, электравтоматика құрылғыларын пайдаланып, телевизиялық жабдықты әзірлеуге, жаңғыртуға және жаңасын игеруге қатысы;

      бағдарламалық басқару, электрондық жүйелер құрылғысын, телевизия жолдары мен камера каналдарының құрылғысын пайдалана отырып телевизиялық жабдықтың барлық түріне қызмет көрсету және кешенді теңшеу, жөндеу;

      телевизиялық жабдық блоктарының өзара іс-қимылын, басқару жүйелерін дигностикалау, тексеру, олардың жұмысындағы ақаулар мен кемшіліктерді табу және жою;

      телевизиялық жабдық кешенінің жұмысын бақылау және барлық технологиялық параметрлердің сақталуын қамтамасыз ету;

      телевизиялық жабдықтың, электрондық және видеожүйелердің жұмысында тоқтап қалуларды және ақауларды жүйелеу және талдау;

      телевизиялық жабдықтың барлық түрін, электрондық жүйе, телевизия жолдарының және камера каналдарының құрылғыларын кешенді реттеу;

      техникалық құралдарды пайдалану, дайындау және жөндеу бойынша техникалық құжаттама жүргізу.

      390. Білуге тиіс:

      теледидардың теоретикалық негіздері;

      телевизиялық жабдықтың құрылымы және әрекет ету принципі;

      телевизиялық жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары, конструктивті ерекшеліктері;

      электр және радиоиөлшеуіштің, магнитті жазбаның негіздері, радиохабарлау, радиобайланыс жолына кіретін телевизия аппаратурасының, жабдықтардың түбегейлі және құрастыру схемалары;

      электрондық құрылғылардың, басқару жүйелерінің және жергілікті желідегі мәліметтерді жіберу жүйесінің конструктивтік, электрлік және өзге де ерекшеліктері;

      өлшеу аппаратурасының мақсаты, құрылымы және телевизия жабдығының жұмыс параметрлеріне өлшеу жүргізуде онымен пайдалану тәртібі;

      электрлік және түбегейлі схемаларды оқу тәртібі;

      электронды жабдықтың, басқару жүйесін және аппаратурасын қайта жөндеу тәсілдері, әдістері;

      телевизиялық жабдық жұмысының оңтайлы режимін есептеудің негізгі әдістері;

      телевизиялық жабдыққа, аппаратураға, байланыс құралдарына қызмет көрсету, жөндеу бойынша технологиялық процестер;

      телевизиялық жабдықтың ақауларын диагностикалау және жөндеу жұмыстарын орындау жолдары;

      телевизиялық өндіріс жұмыстарын жүргізу технологиясы.

      391. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

79-параграф. Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик, 2-разряд

      392. Жұмыс сипаттамасы:

      түсіру аппаратурасында қызмет көрсететін біліктілігі анағұрлым жоғары механиктің басшылығымен түсіру аппаратурасында қызмет көрсету бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

      қосалқы операторлық техниканың болуын тексеру: оператор арбасы, крандар, штативтар, түсірілім алаңындағы рельстер;

      түсіру аппаратурасын, аккумуляторларды, қуат беретін кабельді дайындау және техникаларды түсірілім орнына жеткізу;

      рельстерді және өзге де панорамалы жол түрлерін алғашқы төсеу;

      қосалқы операторлық техниканы тазарту, майлау және олардың техникалық жағдайын тексеру;

      қуат беретін кабельді тарту.

      393. Білуге тиіс:

      электртехниканың негіздері;

      түсірілім аппараттары мен оператор құрылғыларының түрлері және мақсаты;

      қосалқы операторлық техниканың және операторлық көлік құралдарының түрлері;

      түсіру аппаратурасын тасымалдау тәртібі.

80-параграф. Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик, 3-разряд

      394. Жұмыс сипаттамасы:

      түсіру аппаратурасында қызмет көрсету үшін дайындық жұмыстарын орындау;

      түсіру аппаратурасында қызмет көрсететін біліктілігі анағұрлым жоғары механиктің басшылығымен ілеспелі және табиғи түсірілімдерге арналған түсіретін қол аппаратурасымен түсірілім алаңында қызмет көрсету;

      базада қосалқы операторлық техниканы қабылдау;

      оператор крандарының тежеуіш жүйесіне сыртқы тексеру жасау және олардың техникалық жағдайын тексеру;

      контрбаланс жәшігіне жүкті тиеу;

      рельстерді және панорамалы жолдарды разряд бойынша тексеру және оларды түсірілімге даярлау, графитті, талькті жағу;

      таған қалпақшасының барлық түрін түрлі тіреуіштерге орнату;

      кернеуді және кабельді қуат беру көзіне қосылуын тексеру.

      395. Білуге тиіс:

      түсірілім аппаратурасы, оператор крандары және оператор жабдықтарының негізгі бөлшектерінің әрекет ету принципі;

      түсіру аппаратурасы мен крандарды пайдалану тәртібі;

      кабельді қуат беру көзіне қосу тәртібі.

81-параграф. Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик, 4-разряд

      396. Жұмыс сипаттамасы:

      түсіру қол аппаратурасын ілеспелі және табиғи түсірілімдер үшін түсірілім алаңында жұмыс істеу;

      түсіру аппаратурасын, оған қажет құралдарды және оптикаларды қабылдау, қоймада олардың техникалық жағдайын тексеріп алу;

      түсірілім алаңында аппаратураны құрастыру;

      блоктау құрылғыларын және аппаратураны бақылау құралдары бағдарының және жұмысының дұрыстығын тексеру;

      кинопленка мен видеолентаның жағдайын тексеру;

      оператор крандарын аппарат және адамдармен тепе-теңдігі және оларда жұмыс жасау;

      оператор механизмдерін түсірілім кезінде басқару;

      қосалқы жабдықтың алдын алу;

      түсіру аппаратурасын тазарту және майлау.

      397. Білуге тиіс:

      жұмыс жасап жатқан түсірілім аппаратурасының құрылымы;

      түсірілім техникасының негіздері;

      кино өңдеу технологиясының негіздері;

      кинооптика, видео баспаның негіздері;

      түсірілім барысында пайда болатын түсірілім техникасының қарапайым ақауларының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері.

82-параграф. Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик, 5-разряд

      398. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім алаңында әртүрлі түсіру аппаратураларында олардың әртүрлі оператор құралдарымен жұмыс жасауы;

      оптиканы панорамалау кезінде қайта фокустау;

      фокустау ара қашықтығын ауыстырып тұратын объективпен жұмыс жасау;

      рирпроекция және экрандағы ("қателестіретін маска") түсірілімге қызмет көрсету;

      кинопленка, видеолента және екі пленкалы аппаратты, стерео камераларды толықтыру;

      бақылау құралдарының көмегімен камераның жұмысын тексеру;

      оператор техникасы мен құралдарына профилактикалық күтім;

      қол құралдарын пайдаланумен түсірілім алаңында түсіру аппаратурасы мен операторлық құрылғылардың ұсақ ақауларын жою.

      399. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін түсіру аппаратурасының құрылымы, жұмыс істеу принципі және пайдалану тәртібі;

      бөлшектер мен тораптарды байланыстыратын электрмонтаждау схемасы;

      видеолента мен кинопленканың түрлері мен қасиеттері;

      түсірілім объективтері мен трансфокатордың негізгі сипаттамалары;

      тұрақты және айнымалы тоқтың құрылымы, негізгі түрлері және сипаттамалары.

83-параграф. Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик, 6-разряд

      400. Жұмыс сипаттамасы:

      түсірілім алаңында телевизиялық нысаналау және қашықтықтан басқару жүйесіне қызмет көрсету, қосалқы техниканың барлық түрінде жұмыс істеу;

      түсіру аппаратурасын түсірілім және бақылау құралдырының көмегімен тексеру: автокалиматорлар, тахометрлар, стробоскоптар, вольтметрлар, амперметрлар;

      қол құралдарын қолданып түсіру аппаратурасы мен оператор жабдықтарын жөндеу.

      401. Білуге тиіс:

      электрмеханика мен механиканы, видео және кинотүсірілім техникасы, түсіру аппаратурасы мен оператор құралдарының конструкциясы;

      экспонометрия негіздері;

      фото ерітіндінің құрамы;

      кинопленканы өңдеу тәртібі;

      түсіру аппараттарында кинопленкаға және видеоленталарға келтірілген зақымдардың пайда болу себептері және механикалық жою тәсілдері.

84-параграф. Түстаңдаушы, 1-разряд

      402. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары түстаңдаушының басшылығымен негізгі 15 түсті пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу дайындау.

      403. Білуге тиіс:

      механикалық араластырғыштарда және илеуіштерде жұмыс істеу тәртібі;

      колерсіз бояуды дайындау технологиясы.

85-параграф. Түстаңдаушы, 2-разряд

      404. Жұмыс сипаттамасы:

      біліктілігі анағұрлым жоғары түстаңдаушының басшылығымен екі негізгі түстен (ақтау) қарапайым мультипликациялық бояуды дайындау.

      405. Білуге тиіс:

      қарапайым (ақтау) мультипликациялық бояуды дайындау технологиясы.

86-параграф. Түстаңдаушы, 3-разряд

      406. Жұмыс сипаттамасы:

      негізгі 15 түсті пастадан немесе біріктіретін компоненттерден берілген рецептура бойынша колерсіз бояу және 3 түсті қарапайым колермен мультипликациялық бояу дайындау;

      мультипликациялық бояуды жұмысқа даярлау: фильтрлеу, қосымшаларды қосу және дайын мультипликациялық бояуды жұмыс қалпында сақтау;

      механикалық илеуіште техникалық талаптарға жауап бермейтін дайын мультипликациялық бояуларды берілген рецептура бойынша қайта өңдеу.

      407. Білуге тиіс:

      дайын мультипликациялық бояуларға қойылатын техникалық талаптар;

      бояудың маркировкасы;

      бояуды сақтау технологиясы;

      қолданыстағы бояудың шкаласы.

87-параграф. Түстаңдаушы, 4-разряд

      408. Жұмыс сипаттамасы:

      қолда бар эталонмен негізгі түстерден колерлі мультипликациялық бояу дайындау;

      мультипликациялық бояуларды қажет консистенция және икемділікке байланыстыратын пластификатордың мөлшерін реттеу жолымен жеткізу.

      409. Білуге тиіс:

      құрғақ пигменттер мен байланыстыратын материалдардың физикалық қасиеттері.

88-параграф. Түстаңдаушы, 5-разряд

      410. Жұмыс сипаттамасы:

      қолданыстағы шкаламен колерлі мультипликациялық бояу дайындау;

      туш, гуаш, грунтты дайындау;

      дайын мультипликациялық бояулардың сапасын бақылау.

      411. Білуге тиіс:

      құрғақ пигменттердің, байланыстыратын материалдардың, лактардың, бояулардың, қабық түзетін пластификаторлардың, қоспалардың химиялық қасиеттері;

      дайын мультипликациялық бояуларды бақылау әдістері;

      түстану негіздері;

      ауаның салыстырмалы ылғалдығын айқындау әдісі;

      өлшеу құралдарын пайдалану тәртібі.

89-параграф. Түстаңдаушы, 6-разряд

      412. Жұмыс сипаттамасы:

      қоюшы-суретшімен бірлесіп фильмнің типі бойынша эталондық бояуларды әзірлеу;

      фильмді өңдеу уақытының барысында цехтар үшін бояудың және туштың барлық ассортиментінің сапасын және уақтылы дайын болуын бақылау;

      мультипликациялық бояулар дайындау үшін шығатын материалдарға талдау жасау;

      мультипликациялы бояудың құрамын толық жетілдіру жұмыстарына, оларды дайындау технологиясына, түстің гаммасын ұлғайтатын бояудың және грунттың жаңа типін дайындауға қатысу, оларды өндіріске қосу.

      413. Білуге тиіс:

      мультипликациялық бояуларды өндіру технологиясы;

      мультипликациялық фильмдерді өндіру технологиясының негіздері;

      түстану;

      түрлі-түсті пленканы өңдеу режимі;

      мультипликациялық бояуды дайындауда қолданылатын компоненттің физикалық және химиялық қасиеттері;

      мультипликациялық сурет негіздерінің қасиеттері.

      414. Техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) білім талап етіледі.

90-параграф. Фильмотекарь, 3-разряд

      415. Жұмыс сипаттамасы:

      қабылдау, жүйелеу, сақтау, өңдеу және сақтауға арналған фильм материалдарын есепке алу;

      фильм көшірмелерін тексеру, сұрыптау және атауы мен түріне байланысты жинақтау;

      фильм материалын іріктеу және тапсыру;

      өңдеуге тиісті материалды қабылдау және оны орындаушыларға орындау үшін тапсыру;

      тапсырыстың өтуі және оны қайтаруды бақылау.

      416. Білуге тиіс:

      кинопленка және фильм материалдарының түрлері;

      фильм материалдарымен жұмыс істеу, сақтау және есеп жүргізу тәртібі;

      пленканы жапсыру тәртібі;

      фильмматериалдарының техникалық жағдайына қойылатын талаптар.

      417. Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалануда фильмотекалық материалды жіберу, қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау және өндірісте өтуін бақылау кезінде – 4-разряд.

91-параграф. Фототекарь, 3-разряд

      418. Жұмыс сипаттамасы:

      фототекаға түсетін фотоиллюстрациялық материалды қабылдау, жүйелеу, есепке алу және сақтау, жаңа түсімдерді таңбалау;

      өз фототекасында және өзге ұйымдардың фототекасында фотоиллюстрациялық материалдарды іріктеу;

      фото материалдарды тапсыру және оның пайдалануын бақылау;

      іріктелген және қабылданған фотоиллюстрацияларды аннотациялау;

      орамдарды қалпына келтіру.

      419. Білуге тиіс:

      студияның және өзге ұйымдардың фото қорлары, түрлі-түсті және қара-ақ фотографияның негіздері;

      фототекалық материалдарды аннотациялау және сақтау тәртібі;

      түсімді таңбалау және орамды қалпына келтіру тәртібі.

      420. Автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау және пайдалануда фототекалық материалдарды қабылдау, жүйелеу, есепке алу, сақтау кезінде – 4-разряд.

6-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

      421. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (58-шығарылымы) БТБА-ға қосымшада көрсетілген.

  Жұмыстар мен жұмысшы
кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-
біліктілік анықтамалығына
(58-шығарылым)
қосымша

Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с №

Мамандықтар атаулары

Разряд диапазон
дары

Бет


Кинематография ұйымдары

1

Киноқұрылғыны басқару пультінің операторы

4-5

3

2

Киномеханик

2-6

4

3

Фильм көшірмесіне жаңарту жұмыстарын жасаушы

5-6

7

4

Фильм тексеруші

3-5

8


Мәдениет және ақпарат ұйымдары (жалпы кәсіптер)

5

Бутафор

1-6

10

6

Гример-пастижер

2-6

14

7

Декорацияны дайындаушы ағаш ұстасы

1-6

16

8

Декорацияны өңдеуші маляр

1-6

20

9

Декорация қоюшы

1-6

23

10

Дыбыс техникасында қызмет көрсетуші механик

2-7

27

11

Жарық түсіруші

3-8

32

12

Костюмер

2-6

36

13

Магнитті жазбалардың операторы

3-8

37

14

Пастижер

3-6

42

15

Пастижер өндірісіндегі бояушы

4-6

44

16

Реквизитор

2-6

45

17

Фонотекарь

4-5

48

Театр-ойын-сауық ұйымдары

18

Аттракциондардың, тир және ойын автоматтары залының кезекшісі

2

48

19

Сахна машинисі

3-5

49

20

Сахнаны құрастырушы

3

50

21

Униформашы

4

51

Теледидар және радиотарату ұйымдары

22

Видеотекарь

4-5

51

23

Видеожазба операторы

3-8

52

24

Диапозитивті фильмдерді безендіруші

2-4

56

25

Диапозитивті фильмдерді салушы

3

58

26

Диапозитивті фильмдерді түсіруші

3-5

58

27

Жел құрылғысында қызмет көрсетуші механик

5-6

60

28

Зоологиябазасының аңшысы

1-4

61

29

Кинотелевизиялық жабдыққа қызмет көрсетуші механик

3-8

62

30

Кинотехнологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсетуші механик

4-8

65

31

Контурланған суретті бояушы

2-5

68

32

Контурлаушы

2-5

70

33

Мультипликациялық сынамаларды түсіруші

2-4

72

34

Мультипликациялық суреттерге негіздайындаушы

2

73

35

Негативті құрастырушы

1-8

74

36

Ойыншық қуыршақты дайындаушы

5-6

76

37

Позитивті құрастырушы

1-7

77

38

Пиротехник

2-6

80

39

Субтитрлерді дайындаушы

3-6

82

40

Субтитрлерді өңдеуші

3-5

84

41

Субтитр теруші

2-6

84

42

Телевизия жабдығына қызмет көрсетуші механик

3-8

86

43

Түсіру аппаратурасында қызмет көрсетуші механик

2-6

91

44

Түстаңдаушы

1-6

93

45

Фильмотекарь

3-4

95

46

Фототекарь

3-4

96


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады