Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 10 тамыздағы № 364 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7904 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қазандағы № 421 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2013 № 421 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағын, 15-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
      2) жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
      4) жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарында балалардың білім алуға конституциялық құқығын (жалпыға бірдей оқу) қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
      5) жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны осы  бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
      6) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарында Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен өңірлік органдарының, облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          М. Орынханов

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының   
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 1-қосымша     

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдері

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Өлшемдер) білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі білім беруді басқару органдарын және балаларға арналған ұйымдарды тексеруді жоспарлау мақсатында тәуекел дәрежелеріне бөлу үшін әзірленді.
      2. Осы Өлшемдерде төмендегі ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – балаларға отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтарын іске асыруға, білім алуға, әлеуметтік көмек пен қолдауға ие болу құқығына, балаларға арналған ұйымдарда жан-жақты дамуына кедергі келтіретін жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;
      2) бақылау субъектілері – балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүргізетін жеке және заңды тұлғалар.
      3. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы тәуекел дәрежелеріне бөлу осы Өлшемдерге қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мен балаларға арналған ұйымдары үшін өлшемдердің негізінде, аталған өлшемдерде көрсетілген балдардың жиынтық сомасын ескере отырып жүргізіледі.
      Бұл ретте, балалардың құқықтарын қорғау қызметін жүргізетін ұйымдар тексеру қорытындысы бойынша тәуекел дәрежесіне төмендегідей бөлінеді:
      1) 10-нан 40 балға дейін – тәуекел дәрежесі жоғары;
      2) 41-ден 70 балға дейін – тәуекел дәрежесі орташа;
      3) 71-ден 100 балға дейін – тәуекел дәрежесі болмашы.
      4. Жоспардан тыс тексерулер кезінде ұйымдарда олқылықтар анықталған кезде, жиналған балдар сомасына сәйкес аталған ұйым жоғары немесе орта тәуекел дәрежесіне жатқызылады.
      5. Әрбір ұйымға бақылау ісі жүргізіледі, онда тексеруді белгілеу туралы акті, тексеру парағы, негізгі қызметтің көрсеткіштері бойынша қажетті мәліметтер тігіледі.

Балалардың құқықтары мен   
мүдделерін қорғау саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау  
өлшемдеріне қосымша     

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтарын қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары үшін өлшемдер

Тәуекелді бағалауға арналған өлшемнің атауы

Жалпы көрсеткіштен үлес (балмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

15

Тексерілетін елді мекендегі жалпы балалар санынан жетім балалардың 1%-дан жоғары анықталуы – 15 балл
1%-дан төмен анықтау – 7 балл
анықтаудың болмауы – 0 балл

2.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын анкета көшірмесі мен құжаттардың болуы

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

3.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы, өңірлік және орталықтандырылған есепке алуды жүргiзу

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

4.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балаларды есепке алуды жүргізу қызметін ұйымдастыру

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

5.

Қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдар қызметіне бақылау жүргізу

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

6.

Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындау және төлеу

10

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

7.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметін жүзеге асыру

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

8.

Бала асырап алуға ниет білдірген азаматтарды есепке алуды жүргізу

10

Толық қамтамасыз ету – 10 балл
қанағаттанарлықсыз жұмыс – 0 балл

9.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізу

15

Уақтылы – 15 балл
мерзімдердің бұзылуы – 7 балл
есептің болмауы – 0 балл

10.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру

10

Толық қамтамасыз ету –  10 балл
қанағаттанарлықсыз жұмыс – 0 балл

11.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету

10

Толық қамтамасыз ету –  10 балл
қанағаттанарлықсыз жұмыс – 0 балл

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдар үшін өлшемдер

Тәуекелді бағалауға арналған өлшемнің атауы

Жалпы көрсеткіштен үлес (балмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қиын өмір жағдайындағы балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру

10

Барлық талаптарға сай келеді – 10 балл
ішінара сай келеді – 5 балл
сай келмейді – 0 балл

2.

Тәрбиеленушiлердi қабылдау, ұстау және бiтiрту тәртiбi

10

Уақтылы – 10 балл
мерзімдердің бұзылуы – 5 балл
қанағаттанарлықсыз – 0 балл

3.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру

10

Тиісті деңгейде – 10 балл
төмен деңгейде – 0 балл

4.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру,медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы бітірушілердің жұмысқа орналасуына ықпал ету

10

Тиісті деңгейде – 10 балл
төмен деңгейде – 0 балл

5.

Білім беру ұйымдарында білім алу кезінде әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету

10

Әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану - 10 балл
Әлеуметтік көмекті тиімсіз пайдалану - 0 балл

6.

Ұйымдарда тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу

10

80%-дан жоғары орындау – 10 балл
20 - 80% қамту – 5 балл
20%-дан төмен қамту – 0 балл

7.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына құрылтай құжаттарының сәйкестігі

10

Барлық талаптарға сай келеді – 10 балл
ішінара сай келеді – 5 балл
сай келмейді – 0 балл

8.

Басшылық және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі

10

Тиісті деңгейде – 10 балл төмен деңгейде – 0 балл

9.

Медициналық қызмет көрсету, профилактикалық іс-шараларды жүргізу

10

Барлық талаптарға сай келеді – 10 балл
ішінара сай келеді – 5 балл
сай келмейді – 0 балл

10.

Ұйымның материалдық базасы

5

Жаңа – 5 балл
ескірген – 0 балл

Балалардың білім алуға конституциялық құқығын (жалпыға бірдей
оқу) қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды
ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары үшін өлшемдер

Тәуекелді бағалауға арналған өлшемнің атауы

Жалпы көрсеткіштен үлес (балмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз ету

10

Аз қамтылған отбасылар ішінен оқушыларға және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражатты пайдалау – 10 балл
есепке алудың бұзылуы – 5 балл
болмауы – 0 балл

Балаларды 100% жайлы және сапалы тасымалдау 20 балл,
50%, балаларды тасымалдау – 10 балл;
Тасымалдаудың болмауы – 0 балл

2.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру

10

Оқытумен қамтамасыз ету жөнінде мәліметтердің болуы, мониторингтің тұрақты жүргізілуі – 10 балл
мониторингтің уақытылы жүргізілмеуі – 5 балл
болмауы – 0 балл

3.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету

30

Талаптардың орындалуы – 10 балл
Жеткіліксіз орындалуы – 5 балл
орындалмауы – 0 балл

4.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру

10

Әлеуметтік қорғалмаған халық қатарынан шыққа оқушыларды тамақтанумен қамту республикалық орта көрсеткіштен екі есе жоғары 20 балл;
Республикалық деңгейде тамақтанумен қамту – 10 балл;
Болмауы - 0 балл

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша жергілікті
атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары үшін
өлшемдер

Тәуекелді бағалауға арналған өлшемнің атауы

Жалпы көрсеткіштен үлес (балмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Жасы кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру

20

Жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту бойынша бекітілген бағдарламаның болуы – 20 балл
қала сыртындағы лагерьлердің және демалыс аймақтарының жұмысын ұйымдастыру – 10 балл
болмауы – 0 балл

2.

Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құруы және оларды қолдауы

20

Балаларды 100% жазғы демалыспен қамту – 20 балл
50%-70% қамту – 10 балл
болмауы – 0 балл

3.

Балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру

20

Мектептерді 80% және одан көп қамту кезінде демалыс лагерлерін ұйымдастыру –  20 балл
мектептерді 20%-50% қамту кезінде демалыс лагерьлерін ұйымдастыру – 10 балл
болмауы – 0 балл

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін
ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары үшін өлшемдер

Тәуекелді бағалауға арналған өлшемнің атауы

Жалпы көрсеткіштен үлес (балмен)

Тәуекелді бағалау үшін шекті көрсеткіштер

1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

15

Материалдық-техникалық қамтылуын қамтамасыз ету – 15 балл
кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілу – 7 балл
қамтамасыз етілу төмен – 0 балл

2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау

15

Барлық талаптарға сай келеді – 10 балл
ішінара сай келеді – 5 балл
сай келмейді – 0 балл

3.

Өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзу

15

Кәмелетке толмағандарға мониторингтің және есепке алудың жүргізілуі – 15 балл
мониторингтің уақытылы жүргізілмеуі – 7 балл
болмауы – 0 балл

4.

Кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтамасыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзу

15

Тиісті деңгейде – 10 балл
төмен деңгейде – 0 балл

5.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды ұйымдастыру

15

Кәмелетке толмағандар орталыққа түскен уақытынан бастап екі аптадан көп емес ұсталады – 15 балл
бір айдан көп емес – 7 балл
екі айдан көп емес – 0 балл

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының     
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 2-қосымша     

Нысан

Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару
органдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (Бизнес сұрыптау нөмірі) _____________________________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ № _____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру





2.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәртебесін растайтын анкета көшірмесі мен құжаттардың болуы





3.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы,өңірлік және орталықтандырылған есепке алуды жүргiзу





4.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балаларды есепке алуды жүргізу қызметін ұйымдастыру





5.

Қорғаншылардың және қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін ұйымдар қызметіне бақылау жүргізу





6.

Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуға арналған ай сайынғы ақша қаражатын тағайындау және төлеу





7.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметін жүзеге асыру





8.

Бала асырап алуға ниет білдірген азаматтарды есепке алуды жүргізу





9.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронатқа, асырап алуға тілек білдірген азаматтардың есебін жүргізу





10.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру





11.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету





Ескертпе: О – олқылықтар бар
ОЖ – олқылықтар жоқ
ҚО – қайталанған олқылық
ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
________________________             20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________              20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының     
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 3-қосымша      

Нысан

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған ұйымдарда жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (Бизнес сұрыптау нөмірі)
_____________________________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ № _____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қиын өмір жағдайындағы балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру





2.

Тәрбиеленушiлердi қабылдау, ұстау және бiтiрту тәртiбi





3.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру





4.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру,медициналық ұйымдардағы және басқа да ұйымдардағы бітірушілердің жұмысқа орналасуына ықпал ету





5.

Білім беру ұйымдарында білім алу кезінде әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету





6.

Ұйымдарда тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу





7.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына құрылтай құжаттарының сәйкестігі





8.

Басшылық және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуі





9.

Медициналық қызмет көрсету, профилактикалық іс-шараларды жүргізу





10.

Ұйымның материалдық базасы





Ескертпе: О – олқылықтар бар
ОЖ – олқылықтар жоқ
ҚО – қайталанған олқылық
ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
________________________             20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________              20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының     
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 4-қосымша     

Нысан

Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару
органдарында балалардың білім алуға конституциялық құқығын
(жалпыға бірдей оқу) қамтамасыз ету, тамақтандыруды және
тасымалдауды ұйымдастыру бойынша балалардың құқықтарын қорғау
саласындағы тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (Бизнес сұрыптау нөмірі) _____________________________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ № _____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1.

Экономикалық орындылығына қарай және жалпы білім беретін оқу орындары жоқ ауылдық елді мекендерде тұратын балалардың ата-аналарының келісіміне сүйене отырып, мектеп-интернаттардан, мектеп жанындағы интернаттардан орын беру немесе жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептерге дейін және кері күнделікті тегін тасу жолымен азаматтардың тегін мектепалды және орта білім (мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) алуын қамтамасыз ету





2.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру





3.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету





4.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру





Ескертпе: О – олқылықтар бар
ОЖ – олқылықтар жоқ
ҚО – қайталанған олқылық
ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
________________________             20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________              20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының     
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 5-қосымша      

Нысан

Жергілікті атқарушы органдардың білім білім беруді басқару
органдарында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша
баланың құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (Бизнес сұрыптау нөмірі)
_____________________________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ № _____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1.

Жасы кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру





2.

Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құруы және оларды қолдауы





3.

Балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру





Ескертпе: О – олқылықтар бар
ОЖ – олқылықтар жоқ
ҚО – қайталанған олқылық
ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
________________________             20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________              20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)

Қазақстан Республикасының   
Білім және ғылым министрі   
міндетін атқарушының      
2012 жылғы 10 тамыздағы № 364
бұйрығына 6-қосымша     

Нысан

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және жергілікті
атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарында
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін
ұйымдастыру бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы
тексеру парағы

1. Тексеруді белгілеген орган: ______________________________________
2. Бақылау субъектісінің атауы: _____________________________________
_____________________________________________________________________
3. Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы, телефоны,
электронды мекенжайы): ______________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (Бизнес сұрыптау нөмірі)
_____________________________________________________________________
5. Тексеруді белгілеу туралы акті: 20__ жылғы «___» _________ № _____

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы қызметке қойылатын талаптар

О

ОЖ

ҚО

ҚТЖ

1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету





2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау





3.

Өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандардың және жайсыз отбасылардың өңiрлiк есебiн жүргiзу





4.

Кәмелетке толмағандар үшiн, оның iшiнде бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын ұйымдардың әлеуметтiк инфрақұрылымының қалыптасуын қамтама-сыз етедi және олардың қызметтерiнiң мониторингiн жүргiзу





5.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды ұйымдастыру





Ескертпе: О – олқылықтар бар
ОЖ – олқылықтар жоқ
ҚО – қайталанған олқылық
ҚТЖ — қайта тексеру кезінде жойылды

Лауазымды тұлға:
________________________             20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)
Тексерілетін субъектінің атауы:
_______________________              20__ жылғы «_____»________
      (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады