Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 23.09.2013 № 291 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының екінші бөлігі 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған каталогтау парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 320 бұйрығымен
бекітілді
нысан
Өнімнің каталог парағы
1. Өндіруші туралы мәліметтер |
||
1 |
Ұйымның атауы |
|
2 |
Бірінші басшының Т.А.Ә. |
|
3 |
Лауазымы |
|
Заңды мекенжайы |
||
4 |
Облыс |
|
5 |
Қала |
|
6 |
Елді мекені, басқалар |
|
7 |
Индексі |
|
8 |
Көшесі, үйі, кеңсесі |
|
9 |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің № |
|
10 |
БИН |
|
Негізгі мекенжайы |
||
11 |
Облысы |
|
12 |
Қаласы |
|
13 |
Елді мекені, басқалар |
|
14 |
Индексі |
|
15 |
Көшесі, үйі, кеңсесі |
|
16 |
Телефоны (облыс кодын қоса) |
|
17 |
Факсы (облыс кодын қоса) |
|
18 |
Web-сайты |
|
19 |
Электронды мекенжайы |
|
2. Өнім туралы мәліметтер |
||
20 |
ЭҚТӨЖ туралы өнім коды (6 символ деңгейінде) |
|
21 |
МСЖ коды |
|
22 |
Өнімнің атауы |
|
23 |
Шығарылатын өнімнің суреттері |
|
24 |
Өнімнің қысқаша сипатталуы |
|
25 |
Өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын технология |
|
26 |
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың белгіленуі |
|
27 |
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың қолданылу мерзімі (егер өнім ТШ немесе ҰСТ бойынша өндірілетін болса) |
|
28 |
ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының атауы (егер өнім ҰСТ бойынша өндірілетін болса) |
|
29 |
ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының мекенжайы |
|
30 |
ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының телефоны/факсы |
|
31 |
Өнімді сертификаттау туралы мәліметтер |
|
32 |
Өнімді шығаруды бастаған күні |
|
3. Өнімнің каталог бетін тіркеу туралы мәліметтер |
||
33 |
Толтырды (ұйымның атауы, Т.А.Ә., күні, телефоны) |
|
34 |
Тіркеді (ұйымның атауы, Т.А.Ә., күні, телефоны) |
Ескерпелер:
1. Өнімнің каталог парағы уәкілетті органның www.memst.kz сайтында орналасқан өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесінде толтырылады.
2. Өнімнің каталог парағы бір нормативтік құжат бойынша шығарылатын бір немесе бірнеше нақты бұйымдар толтырылады. Әр түрлі нормативтік құжат бойынша өндірілетін бірнеше өнім түрлеріне бір каталог парағы толтыруға рұқсат етілмейді.
3. Шығарылатын өнім бойынша кез келген ақпарат болмаған жағдайда, өнімнің каталог парағы тиісті орнына «сызықша» белгісі қойылады.
4. «Өндіруші туралы мәліметтер»:
1 реттік нөмір көрсетілген қатарда құрылтайшылық құжаттарға сәйкес өндірушінің атауы көрсетіледі. Егер заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарында қарастырылған жағдайда, өндірушінің атауы қысқартылған түрде көрсетілуге рұқсат етіледі.
«Зауыт», «фабрика» деген сөздер қысқартылмай толық жазылады.
Атаудың орнына қысқартылған сөздер келтіруге рұқсат етілмейді, мысалы, ПТЗ, АЗТМ. Қажет болған жағдайда, осындай шартта белгілер толық атаудан кейін жақшаның ішінде көрсетіледі.
Жеке тұлғалар үшін олардың тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
2 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндіруші – кәсіпорынның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
3 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндіруші – кәсіпорынның бірінші басшысының лауазымы көрсетіледі.
4, 5, 6, 7, 8 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда 1 реттік нөмір көрсетілген өндірушінің атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.
9 реттік нөмір көрсетілген қатарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген өндірушінің мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
10 реттік нөмір көрсетілген қатарда өндірушінің – бизнес - идентификациялық нөмірі көрсетіледі. Егер ол болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
11, 12, 13, 14, 15 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда 1 реттік нөмір көрсетілген өндірушінің атауы, заңды мекенжайы көрсетіледі.
16 реттік нөмір көрсетілген қатарда алдыңғы жақшаның ішінде қала (аудан) коды көрсетілген өндірушінің телефон нөмірі көрсетіледі.
17, 18, 19 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда өндірушіде бар байланыс құралдарының кодтары болады.
5-бөлім. «Өнім туралы мәліметтер»
20 реттік нөмір көрсетілген қатарда ҚР МЖ 04 – 2008 «Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші» бойынша өнімнің алты таңбалы цифрлық коды көрсетіледі. Егер өнімнің каталог парағы толтырылған өнім көрсетілген жіктеушінің бір кластың ішінде бірнеше жіктеуіштеріне жататын болса, онда жоғарыда тұрған жалпы топтама коды көрсетіледі.
ЭҚТӨЖ бірнеше коды өнімнің каталог парағында көрсетуге рұқсат етілмейді.
21 реттік нөмір көрсетілген қатарда МЖ (ИСО/ИНФКО МСЖ) 001-96 (стандарттардың мемлекетаралық жіктеуіші) бойынша өнімнің кодтық белгілеуі көрсетіледі.
22 реттік нөмір көрсетілген қатарда нормативтік құжат бойынша нақты өнімнің атауы және шартты белгісі көрсетіледі, осының негізінде өнімнің каталог парағы толтырылады.
Егер нормативтік құжат бір және сол жіктеуіш топтарына жататын өнімнің бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптарды белгілейтін жағдайда және ЭҚТӨЖ бойынша бір коды болса және сапа көрсеткіштері бірдей болса, онда өнімнің атауы мен белгіленуі (бар болса) үтір арқылы белгіленеді.
Өнімнің ұзын атауы олардан қосымша ақпараттарды алып, қысқартып жазуға ұсынылады.
Өнім атауында жеке сөздерді қысқартып жазуға, сондай-ақ қазақ, орыс және латын әріптерінен басқа, ұлттық алфавиттер символдарын (әріптерін) пайдалануға рұқсат етілмейді.
23 реттік нөмір көрсетілген қатарда шығарылатын өнімнің суреті көрсетіледі.
24 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімнің тағайындалуы туралы мәліметтер және тұтынушылар үшін айтарлықтай қызығушылық білдіретін оның негізгі сипаттамалары көрсетіледі.
25 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді өндіретін технологияның атауы көрсетіледі.
26 реттік нөмір көрсетілген қатарда Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын нормативтік құжаттың шартты белгілері көрсетіледі.
27 реттік нөмір көрсетілген қатарда нормативтік құжаттың қолданысқа енгізілу мен қолданылу мерзімінің аяқталуы ай күніне екі цифр, айға екі цифр, жылға төрт цифр көрсетіледі.
Егер өнімнің каталог парағы қолданысқа енгізілу күні болмайтын құжат негізінде толтыратын болса, онда осы қатарда, 20 – реттік нөмір осы құжаттың бекітілген күні көрсетіледі.
28 реттік нөмір көрсетілген қатарда кәсіпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының қысқартылған атауы көрсетіледі.
29 және 30 реттік нөмірлер көрсетілген қатарда кәсіпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының заңды мекенжайы және алдыңғы жақшаның ішінде қала (аудан) коды көрсетілген кәсіпорынның телефоны/факсы нөмірі көрсетіледі.
31 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнім міндетті сертификаттауға жататын немесе жатпайтын жағдайда, «Жатады» немесе «Жатпайды» деген жазба көрсетіледі.
32 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді шығара бастаған ай күніне екі цифр, айға екі цифр, жылға төрт цифр көрсетіледі.
Өнімді шығару басында жоспарланған күнді көрсетуге рұқсат етіледі.
6-бөлім. «Өнімнің каталог парағын тіркеу туралы мәліметтер»
33 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімнің каталог парағын ұсынған уәкілетті тұлғаның тегі, өндірушінің атауы (қажет болған жағдайда қысқарту) толтырған күні және қала коды көрсетілген телефоны көрсетіледі.
34 реттік нөмір көрсетілген қатарда өнімді каталогтаудың ақпараттық жүйесінде өнімнің каталог парағын тіркеуді жүзеге асыратын маманның тегі, қолы, тіркеген күні және қала коды көрсетілген телефоны көрсетіледі.
Қысқартылған сөздерді толық көрсету:
БИН – бизнес - идентификациялық нөмірі
СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ЭҚТӨЖ – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу
СМЖ – Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші
ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
ГОСТ – мемлекетаралық стандарт
ИСО – Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйым бекіткен халықаралық стандарт
ҰСТ – ұйым стандарты
ТШ – техникалық шарттар