Өнімнің каталог парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қазанда № 8836 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 11.04.2019 № 208 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының екiншi бөлiгiнің 10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған өнімнің каталог парағының нысаны бекiтiлсiн.

      2. "Өнімді каталогтау парағының нысанын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 320 бұйрығының (Нормативтiк-құқықтық актiлердi тiркеудiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 7945 болып тiркелген және 2013 жылғы 24 қарашадағы "Егемен Қазақстан" газетiнде № 771-775 (27847) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (Б.Б. Канешев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрi А.П. Рауға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Индустрия және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігінің

      төрағасы

      ________________ А. Смайылов

      2013 жылғы 18 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 291
бұйрығымен бекітілді
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өнiмнiң каталог парағы

      Есептік кезең: түсуіне қарай

      Индексі № 1-ӨКП нысан

      Кезеңділігі: ақпараттың жаңартылуына байланысты

      Қазақстан Республикасының өнімді өндірушілері өнімді шығарған мерзімнен бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс Департаменттеріне тапсырады.

1. Өндiрушi туралы мәлiметтер

1

Ұйымның атауы


2

Бiрiншi басшының Т.А.Ә.А.


3

Лауазымы


Заңды мекенжайы

4

Облыс


5

Қала


6

Елдi мекен, басқасы


7

Индекс


8

Көше, үй, кеңсе


9

Әділет органдарында мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiктiң №


10

БСН


Негiзгi мекенжайы

11

Облыс


12

Қала


13

Елдi мекен, басқасы


14

Индекс


15

Көше, үй, кеңсе


16

Телефон (облыстың, елді мекеннің кодын қоса алғанда)


17

Факс (облыстың, елді мекеннің кодын қоса алғанда)


18

Web-сайт


19

Электронды мекенжай


2. Өнiм туралы мәлiметтер

20

ЭҚТ ӨЖ бойынша өнiм коды (6 белгі деңгейiнде)


21

СМЖ коды


22

Өнiмнiң атауы


23

Шығарылатын өнiмнiң суреттерi


24

Өнiмнiң қысқаша сипаттамасы


25

Өнiмдi өндiру кезiнде пайдаланылатын технология


26

Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың шартты белгiленуi


27

Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың қолданылу мерзiмi (егер өнiм ТШ бойынша өндiрiлетiн болса)


28

ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының атауы (егер өнiм ҰСТ бойынша өндiрiлетiн болса)


29

ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының мекенжайы


30

ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының телефоны/факс


31

Өнiмнің сәйкестік сертификаты /сәйкестігі туралы декларация нөмірі және берілген күні


32

Өнiм шығаруды бастаған күнi


3. Өнiмнiң каталог парағын тiркеу туралы мәлiметтер

33

Толтырды (ұйымның атауы, Т.А.Ә.А., күнi, телефоны)


34

Тiркедi (ұйымның атауы, Т.А.Ә.А., күнi, телефоны)


35

ӘАОЖ бойынша қаланың (облыс) коды


"Өнімнің каталог парағы" нысанын толтыру бойынша
түсіндірме

      1. Өнiмнiң каталог парағын толтыру уәкiлеттi органның www.memst.kz сайтында орналасқан өнiмдi ақпараттық каталогтау жүйесiнде жүргізіледі.

      Өнімді ақпараттық каталогтау жүйесінде титул парағын толтыру талап етілмейді.

      2. Өнiмнiң каталог парағын бiр нормативтiк құжат бойынша шығарылатын бiр немесе бiрнеше нақты бұйымдарға толтырады. Әртүрлi нормативтiк құжат бойынша өндiрiлетiн бiрнеше өнiм түрлерiне бiр каталог парағын толтыруға рұқсат етiлмейдi.

      3. Шығарылатын өнiм бойынша кез келген ақпарат болмаған жағдайда, өнiмнiң каталог парағының тиiстi алаңында "сызықша" белгiсi қойылады.

      4. "Өндiрушi туралы мәлiметтер" бөлімі:

      Реттiк нөмiрі 1-жолда құрылтай құжаттарына сәйкес өндiрушiнiң атауы көрсетiледi. Егер ол заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген болса, өндiрушiнiң атауын қысқартып көрсетуге жол берiледi.

      "Зауыт", "фабрика" деген сөздерді қысқартпай толық жазу керек.

      Атаудың орнына аббревиатуралар келтiруге жол берiлмейдi, мысалы, ПТЗ, АЗТМ. Қажет болған жағдайда, осындай шартты белгiлерді толық атаудан кейiн жақшаның iшiнде көрсету керек.

      Жеке тұлғалар үшiн олардың тегi, аты, әкесiнiң аты толық көрсетiледi.

      Реттік нөмірі 2-жолда өндiрушi – кәсiпорынның бiрiншi басшысының тегi, аты, әкесiнiң аты толық көрсетiледi.

      Реттік нөмірі 3-жолда өндiрушi – кәсiпорынның бiрiншi басшысының лауазымы көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрлері 4, 5, 6, 7, 8-жолдарда атауы реттік нөмірі 1-жолда көрсетiлген өндiрушiнiң атауы, заңды мекенжайы көрсетiледi.

      Реттік нөмірі 9-жолда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген өндiрушiнiң мемлекеттiк тiркеу/қайта тiркеу туралы куәлiгінің нөмiрi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 10-жолда өндiрушiнiң – бизнес-сәйкестендіру нөмiрi көрсетiледi. Егер ол болмаған жағдайда, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрлері 11, 12, 13, 14, 15-жолдарда атауы реттiк нөмiрі 1-жолда берілген өндiрушiнiң заңды мекенжайы көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 16-жолда алдыңғы жақшаның iшiнде қала (аудан) коды көрсетiлген өндiрушiнiң телефон нөмiрi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрлері 17, 18, 19-жолдарда өндiрушiнің байланыс құралдарының кодтары қамтылады.

      5. "Өнiм туралы мәлiметтер" бөлiмі:

      Реттiк нөмiрі 20- жолда ҚР МЖ 04 – 2008 "Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiшi" бойынша өнiмнiң алты таңбалы цифрлық коды көрсетiледi. Егер өнiмнiң каталог парағы толтырылған өнiм аталған жiктеуштiң бiр сыныбының iшiнде бiрнеше жiктеуiш топтарға жататын болса, онда жоғарыда тұрған жалпы топтама коды көрсетiледi.

      ЭҚТ ӨЖ бiрнеше кодын өнiмнiң каталог парағында көрсетуге жол берiлмейдi.

      Реттiк нөмiрі 21-жолда МЖ (ИСО/ИНФКО СМЖ) 001-96 (стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi) бойынша өнiмнiң кодтық белгiленуi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 22-жолда нормативтiк құжат бойынша нақты өнiмнiң атауы және шартты белгiсi көрсетiледi, оның негiзiнде өнiмнiң каталог парағы толтырылады.

      Егер нормативтiк құжат бiр және сол жiктеуiш топтарына жататын өнiмнiң бiрнеше нақты түрлерiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн және ЭҚТӨЖ бойынша бiр кодқа ие болса және сапа көрсеткiштерi бiрдей болса, онда өнiмнiң атауы мен белгiленуi (бар болса) үтiр арқылы белгiленедi.

      Өнiмнiң ұзақ атауын олардан қосымша ақпараттарды алып тастап, қысқартып жазу ұсынылады.

      Өнiм атауында жекелеген сөздердi қысқартып жазуға, сондай-ақ қазақ, орыс және латын әрiптерiнен басқа, ұлттық алфавиттер символдарын (әрiптерiн) пайдалануға жол берiлмейдi.

      Реттiк нөмiрі 23-жолда шығарылатын өнiмнiң суретi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 24-жолда өнiмнiң тағайындалуы туралы мәлiметтер және оның тұтынушылар үшiн айтарлықтай қызығушылық тудыратын негiзгi сипаттамалары, оның ішінде сапа көрсеткіштері, мөлшері, дайындаушы көрсеткіштері, пайдаланудың кенілдендірілген мерзімі көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 25-жолда өнiм өндірілген технологияның атауы көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 26-жолда Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтiк құжаттың шартты белгiлерi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 27-жолда нормативтiк құжаттың қолданысқа енгiзiлуі мен қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы айының екi цифры, күнінің екі цифры және жылының төрт цифры көрсетiледi.

      Егер өнiмнiң каталог парағы қолданысқа енгiзiлген күні көрсетілмеген құжат негiзiнде толтыратын болса, онда осы жолда осы құжаттың бекiтiлген күнi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 28-жолда кәсiпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының қысқартылған атауы көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрлері 29 және 30-жолдарда кәсiпорынның (ұйымның) - ҰСТ түпнұсқасын ұстаушының заңды мекенжайы және алдыңғы жақшаның iшiнде қала (аудан) коды көрсетiлген кәсiпорынның телефон/факс нөмiрi көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 31-жолда өнiм мiндеттi түрде сертификатталуға тиіс болатын жағдайлар үшін өнімнің сәйкестік сертификатының/сәйкестігі туралы декларацияның нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Егер өнім міндетті түрде сертификатталуға тиіс болмаған жағдайда, "Тиіс емес" деген жазба көрсетіледі.

      Реттiк нөмiрі 32-жолда өнiмдi шығара бастаған күннің екі цифры, айдың екі цифры және жылдың төрт цифры көрсетiледi.

      Өнiмдi шығаруды бастау жоспарланған күнiн көрсетуге жол берiледi.

      6. "Өнiмнiң каталог парағын тiркеу туралы мәлiметтер" бөлімі:

      Реттiк нөмiрі 33-жолда өнiмнiң каталог парағын ұсынған уәкiлеттi тұлғаның тегi, өндiрушiнiң атауы (қажет болған жағдайда қысқарту) толтырған күнi және қала коды көрсетiлген телефоны көрсетiледi.

      Реттiк нөмiрі 34-жолда өнiмдi ақпараттық каталогтау жүйесiнде өнiмнiң каталог парағын тiркеудi жүзеге асыратын маманның тегi, қолы, тiркеген күнi және қала коды көрсетiлген телефоны көрсетiледi.

      Ретік нөмірі 35-жолда ҚР ҰК 11-2009 "Әкімшілік-аумақтық нысандар жіктеуіші" атты ұлттық жіктеуіш бойынша қала (облыс) коды көрсетіледі.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмiрi

      ЭҚТ ӨЖ – Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуіші

      ӘАОЖ – әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші

      СМЖ – Стандарттардың мемлекетаралық жiктеуiшi

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты

      ГОСТ – мемлекетаралық стандарт

      ИСО – Халықаралық стандарттау жөнiндегi ұйым бекiткен халықаралық стандарт

      ҰСТ – ұйым стандарты

      ТШ – техникалық шарттар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады