Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 319 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8012 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 375-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 31.05.2021 № 375-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары;

      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламасының нысаны;

      3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      4) Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      6) Осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      9) Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны;

      10) Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасының нысаны.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамалық белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысандарын, оларды толтыру және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 94 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 5 мамырда № 3623 тіркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы тамыз, № 17) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 1-қосымша

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын (бұдан әрі - хабарламалар) толтыру және ұсыну тәртібін белгілейді.

      2. Хабарламаларды толтыруда мыналар туралы ақпараттар қамтылады:

      1) қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, стандарттар, оларға енгізілген өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау шаралары туралы жобаны әзірлеу;

      2) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері;

      3) міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен денсаулығына зиян келтіру және залал әкелу (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері;

      4) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптарды бұзушылықты жою үшін қабылданған шаралар;

      5) халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаны қорғауға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімдер;

      6) қолданыстағы бақылау және тексеру шаралары, өндіріс және карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілген деңгейде мақұлданған шаралары;

      7) тәуекелдерді бағалау, сонымен қатар ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринарлық, санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау;

      8) карантиндік, фитосанитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотикалық ахуалдың нашарлауы және уақытша енгізілген шаралар;

      9) анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);

      10) халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) табу;

      11) адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіпті өнімдерді табу;

      12) бірыңғай санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың келіп түсу ықтималдығы;

      13) техникалық реттеу, ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;

      14) техникалық регламенттерді әзірлеу бағдарламалары;

      15) ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу бағдарламалары (жоспарлары);

      16) техникалық регламенттің талаптарына өнімдердің сәйкестігін растау үшін ерікті түрде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;

      17) сәйкестікті бағалау (растау) саласындағы құжаттар;

      18) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімдер туралы құжаттар;

      19) жануарлардың қауіпті және карантиндік ауруларының тізбесі;

      20) ветеринарлық бақылауға жататын тауарлар тізбесі;

      21) карантиндік объектілер мен аса қауіпті ағзалардың тізбесі;

      22) карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын карантиндегі өнімдердің (карантиндегі жүктер, карантиндегі материалдар, карантиндегі тауарлар) тізбесі.

2. Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну тәртібі

      3. Хабарламаның әр бағаны орыс тілінде немесе ағылшын тілінде толтырылуы тиіс. Хабарламалар MS Word мәтіндік редактор пішінінде дайындалуы, Times New Roman бірдей қаріпінде болуы, асты сызылмаған, курсив емес және қалың емес шрифте болуы, шрифт көлемі 12 болуы, А4 пішінінде көлемі екі беттен артық болмауы тиіс. Ақпарат болмаған жағдайда, бағанда "белгісіз" немесе "белгіленбеген" деген жазу жазылады.

      4. Хабарламаларда берілетін ақпарат хабарлама нысанын толығымен, нақты және оның халықаралық стандарттардың, халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдардың жарлық пен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестік деңгейін сипаттауы тиіс.

      5. Хабарламалар қолданысқа енгізілу мерзіміне қарай мыналарға бөлінеді:

      1) төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шара туралы хабарламалар;

      2) қарапайым хабарламалар.

      6. Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық шаралар туралы хабарламалардың нысанын және техникалық регламенттердің, сондай-ақ ветеринарлық-санитарлық, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері туралы, санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС), стандарттар, оларға өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдерін қабылдау бойынша адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл мәселелерімен байланысқан нақты реттеуді енгізу туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ), Еуразиялық экономикалық қауымдастығының (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) және Еуразиялық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі - ЕЭК) мүдделі мүше елдеріне хабарлау мақсатында мемлекеттік органдар толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.

      7. Қарапайым хабарламаларды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар және олардың қызметтері техникалық регламенттер, санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеу жұмыстарымен байланысты қауымдастықтары мен одақтары және қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген басқа да тұлғалар техникалық регламенттер, СФС шаралар, стандарттар мен оларға енгізілетін өзгерістердің және өнімнің, қызметтер көрсету сәйкестігін растау рәсімдерін әзірлеу кезеңінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және стандарттау, сәйкестігін растау, аккредиттеу, ветеринария, санитария және фитосанитария саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының мүше болуы немесе қатысу туралы мүдделі ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдер үшін елдің қандай нақты реттеулерді енгізуге ниетті екенін білуге мүмкіндік беру мақсатында толтырады және Ақпарат орталығына ұсынады.

      8. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы ДСҰ хатшылығына, Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СТК жөніндегі комитет), Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетке (бұдан әрі - СФС жөніндегі комитет) және ДСҰ-на мүше елдерге хабарламаларды ағылшын тілінде, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге орыс тілінде жібереді.

      9. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ, ЕурАзЭҚ және ЕЭК мүше елдерге ұсынылатын хабарламаларға Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы сәйкестендіру нөмірін береді.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 2-қосымша

      Нысан

Төтенше санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық
шаралар туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының
хабарламасы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК

САУДА ҰЙЫМЫ

G/SPS/N/KAZ/

кк/аа/жж

(##-####)

Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа:


      ТӨТЕНШЕ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

1.

Хабарлаушы:

Қолдануға жарамды болса, жергілікті билік органының атауы:

2.

Жауапты орган:

3.

Қамтылатын өнім (ДСҰ-на ұсынылған ұлттық тізімге сәйкес тарифтік баптың нөмір (лер)і, аббревиатуралар жарамайды; егер қолдануға жарамды болса, МСЖ кодтары қосымша беріледі):

4.

Қажетті деңгейде немесе іс жүзінде құжаттардың ережелері ықпал ете алатын өңірлер мен елдер:

[ ] Барлық сауда серіктестері

[ ] Нақты өңірлер немесе елдер:

5.

Хабарлайтын құжаттың атауы: Тілі: Беттердің саны:

6.

Мазмұнын сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі: [ ] тағам қауіпсіздігі, [ ] жануарлар саулығы, [ ] өсімдіктерді қорғау, [ ] адамдарды зиянкестерден немесе жануарлардың/өсімдіктердің ауруларынан қорғау, [ ] зиянкестермен келетін басқа залалдардан аумақтарды қорғау.

8.

Төтенше шаралардың сипаттамасы, төтенше шараларға бару себеб(птер)і:

9.

Халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар, ұсыныстар:

[ ] Кодекс Алиментариус Комиссиясы (мысалы, Кодекс стандартының немесе онымен байланысты мәтіндердің атауы немесе реттік нөмірі)

[ ] Халықаралық Эпизоотикалық Бюро (ХЭБ) (мысалы, жер немесе су жануарлардың медициналық кодексі, тарау саны)

[ ] Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (мысалы, ISPM нөмірі)

[ ] Жоқ

Ұсынылған ереже қабылданған Халықаралық стандартқа сәйкес екенін білдіреді ме?

[ ] Иә [ ] Жоқ

Халықаралық стандарттар, нұсқамалар мен ұсыныстар болған жағдайда, сәйкес сілтемелер немесе ауытқулар қысқаша көрсетіледі:

10.

Басқа тиісті құжаттар және олардың түсінікті болатын тілдері:

11.

Күшіне енген күні (кк / аа / жж) / қолдану мерзімі (қолданатын болса):

[ ] Саудаға ықпалдастық шаралары

12.

Түсініктемелермен жұмыс жасау үшін тағайындалған агенттік немесе орган: [ ] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган, [ ] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық. Басқа органдардың мекенжайы, факс нөмірі және электронды почтасының мекенжайы (егер бар болса):

13.

Құжатты алуға болады: [ ] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган, [ ] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық. Басқа органдардың мекенжайы, факс нөмірі және электронды почтасының мекенжайы (егер бар болса):

14.

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 3-қосымша

      Нысан

Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік
сауда ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық
кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі
ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК

САУДА ҰЙЫМЫ

G/SPS/N/KAZ/

кк/аа/жж

(##-####)

Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа:


1.

Хабарлаушы:

Қолдануға жарамды болса, жергілікті билік органының атауы:

2.

Жауапты орган:

3.

Қамтылатын өнім (ДСҰ-ға ұсынылған ұлттық тізімге сәйкес тарифтік баптың нөмір (лер)і, аббревиатуралар жарамайды; егер қолдануға жарамды болса, МСЖ кодтары қосымша беріледі):

4.

Қажетті деңгейде немесе іс жүзінде құжаттардың ережелері ықпал ете алатын өңірлер мен елдер:

[ ] Барлық сауда серіктестері

[ ] Нақты өңірлер немесе елдер:

5.

Хабарлайтын құжаттың атауы: Тілі: Беттердің саны:

6.

Мазмұнын сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі: [ ] тағам қауіпсіздігі, [ ] жануарлар саулығы, [ ] өсімдіктерді қорғау, [ ] адамдарды зиянкестерден немесе жануарлардың/өсімдіктердің ауруларынан қорғау, [ ] зиянкестермен келетін басқа залалдардан аумақтарды қорғау.

8.

Халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар, ұсыныстар:

[ ] Кодекс Алиментариус Комиссиясы (мысалы, Кодекс стандартының немесе онымен байланысты мәтіндердің атауы немесе реттік нөмірі)

[ ] Халықаралық Эпизоотикалық Бюро (ХЭБ) (мысалы, жер немесе су жануарлардың медициналық кодексі, тарау саны)

[ ] Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (мысалы, ISPM нөмірі)

[ ] Жоқ

Ұсынылған ереже қабылданған Халықаралық стандартқа сәйкес екенін білдіреді ме?

[ ] Иә [ ] Жоқ

Халықаралық стандарттар, нұсқамалар мен ұсыныстар болған жағдайда, тиісті сілтемелер немесе ауытқулар қысқаша көрсетіледі:

9.

Басқа тиісті құжаттар және олардың түсінікті болатын тілдер:

10.

Болжамдалған қабылдау (бекіту) мерзімі (кк / аа / жж):

Болжамдалған жариялау мерзімі (кк / аа / жж):

11.

Құжаттың болжамдалған қолданысқа ену мерзімі: [ ] жарияланған күнінен бастап алты ай ішінде және/немесе кк / аа / жж):

[ ] Саудаға ықпалдастық шаралары

12.

Түсінік берудің соңғы мерзімі: [ ] хабарламаны жіберген күннен бастап алты ай ішінде және/немесе (кк / аа / жж):

Түсініктемелермен жұмыс жасау үшін тағайындалған агенттік немесе орган: [ ] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган, [ ] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық. Басқа органдардың мекенжайы, факс нөмірі және электронды почтасының мекенжайы (егер бар болса):

13.

Құжатты алуға болады: [ ] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган, [ ] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық. Басқа органдардың мекенжайы, факс нөмірі және электронды почтасының мекенжайы (егер бар болса):

14

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 4-қосымша

      Нысан

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда
ұйымының келісімі шеңберіндегі Саудадағы техникалық кедергілер,
санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат
орталығының қарапайым хабарламасы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК

САУДА ҰЙЫМЫ

G/SPS/N/KAZ/

дд/мм/гг

(##-####)

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитет

Түпнұсқа:


1.

Келісімнің хабарлайтын қатысушысы:

Қажетті жағдайда жергілікті үкіметтің атауы көрсетілсін (3.2 және 7.2-баптар):

2.

Жауапты орган:

Атауы және мекенжайы (телефон нөмірі және факс нөмірі, электрондық почтаның мекенжайы, егер бар болса, веб-беті) хабарлама бойынша ұсыныстар мен түзетулерді өңдеуге тағайындалған агенттіктерді немесе органдарды жеке көрсету қажет, егер олардың жауапты мүшелерден айырмашылығы болса.

3.

2.9.2[ ] 2.10.1[ ] 5.6.2[ ] 5.7.1 [ ] және басқа да баптарға сәйкес хабарламалар:

4.

Қамтылатын өнім (қажетті жағдайда, HS, CCCN кодтарын немесе ұлттық тариф кодын көрсету, Бұдан өзге егер бар болса, МСЖ нөмірін көрсетуге болады):

5.

Хабарлама жіберілген құжаттың атауы, бет саны және тілі:

6.

Мазмұнын сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі, соның ішінде егер қажеттілігі болса, құжатты қабылдаудағы шұғыл себептерді қоса көрсету:

8.

Релевантты құжаттар:

9.

Болжамдалған қабылдау (бекіту) мерзімі (кк / аа / жж):

Болжамдалған жариялау мерзімі (кк / аа / жж):

10.

Түсінік берудің түпкілікті мерзімі:

11.

Құжатты алуға болады: [ ] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган, [ ] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық. Басқа органдардың мекенжайы, факс нөмірі және электрондық почтасының мекенжайы (егер бар болса):

12.

Хабарлаушы Келісім қатысушысы:

Егер қажет болса, жергілікті үкіметтің атауын көрсету (3.2 және 7.2-баптар)

13.

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 5-қосымша

      Нысан

Техникалық, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі
халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу туралы Саудадағы
техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар
жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ

Күні

(00-0000)


      _______________________________________________________________

      Хабарлама

1

Хабарлаушы тарап:

2

Екіжақты немесе көпжақты Келісімнің атауы:

3

Келісімге қатысушылар:

4

Келісімнің күшіне енгізілген күні:

5

Қамтылатын өнім:

6

Келісімнің мәні:

7

Келісімнің қысқаша сипаттамасы:

8

Қосымша ақпараттарды мыналардан алуға болады:

9

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға:

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 6-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының стандартын әзірлеуді бастау туралы
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
"___________________________________"

1

Әзірлеуші (ұйымның атауы, почталық мекенжайы, электрондық почта мекенжайы, әзірлеушінің аты-жөні)


2

ҚР СТ әзірлеуге жауапты орган


3

Жоба атауы


4

Стандарттау нысаны


5

Әзірлеу мақсаты


6

Әзірлеуге арналған негіздеме


7

ҚР СТ жобасын әзірлеуді бастау мерзімі (күні/айы/ жылы)


8

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға (Жауаптының аты-жөні)


9

Хабарламаны құрастырған күні (күні/ айы/ жылы)



      Ұйым басшысы ________________________

      (Қолы, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 7-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының стандарт жобасын әзірлеу туралы
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
"___________________________________"

1

Әзірлеуші (ұйымның атауы, почталық мекенжайы, электрондық почта мекенжайы, әзірлеушінің аты-жөні)


2

ҚР СТ әзірлеуге жауапты орган


3

Жоба атауы


4

Стандарттау объектісі


5

Әзірлеу мақсаты


6

Әзірлеуге арналған негіздеме


7

Жобаны әзірлеуге негіз болған халықаралық (өңірлік) құжаттар


8

Жобаны әзірлеуге негіз болған халықаралық (өңірлік) құжаттардың талаптарынан айырмашылығы бар өзге талаптар


9

Жобаға ескертулер мен ұсыныстар (пікір) берудің түпкілікті мерзімі

(күні/ айы/ жылы)


10

Жоба орналастырылды


11

Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар (пікір) беру үшін әзірлеушінің атауы (ұйымның атауы, почталық мекен-жайы, электронды почтасы, әзірлеушінің аты-жөні)


12

Жобаны қарауды аяқтауға болжанған күн (күні/ айы/ жылы)


13

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға

(Жауаптының аты-жөні)


14

Хабарламаны құрастырған күні

(күні/ айы/ жылы)



      Ұйым басшысы ________________________

      (Қолы, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 8-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының стандарт жобасын ашық талқылауды
аяқтау туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым
хабарламасы "_______________________"

1

Әзірлеуші (ұйымның атауы, почталық мекенжайы, электронды почта мекенжайы, әзірлеушінің аты-жөні)


2

ҚР СТ әзірлеуге жауапты орган


3

Жобаның атауы


4

Стандарттау объектісі


5

Жобаның түпкілікті редакциясын алу


6

Жобаны қарау нәтижелерімен танысу (жобаға берілген пікірлер жиынтығы)


7

ҚР СТ әзірлеуді аяқтауға болжанған күн

(күні/ айы/ жылы)


8

Хабарламаны құрастыруға жауапты тұлға

(Жауаптының аты-жөні)


9

Хабарламаны құрастырған күні

(күні/ айы/ жылы)



      Ұйым басшысы ________________________

      (Қолы, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 9-қосымша

      Нысан

Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы Саудадағы
техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар
жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым хабарламасы
"_______________________"

1

Жобаны әзірлеуге жауапты орган (Техникалық регламентті әзірлеуші):


2

Жобаның атауы:


3

Техникалық реттеу объектісі:


4

Әзірлеу мақсаты:


5

Әзірлеуге арналған негіздеме:


6

Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар (пікір) беруге арналған почта мекенжайы, телефонның, факстің нөмірлері, электронды почтасы:


7

Жариялап талқылауды аяқтауға болжанған күн (жобаға ескертулер мен ұсыныстар (пікір) берудің түпкілікті мерзімі):


Хабарламаны құрастырған күні:



      Ұйым басшысы ________________________

      (Қолы, аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 319 бұйрығына 10-қосымша

      Нысан

Техникалық регламенттің жобасын ашық талқылаудың аяқталғаны
туралы Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының қарапайым
хабарламасы "_______________________________"

1

Жобаны әзірлеуге жауапты орган:


2

Жобаның атауы:


3

Техникалық реттеу объектісі:


4*

Жобаны әзірлеуді аяқтауға болжанған күн:


Хабарламаны құрастырған күні:



      Ұйым басшысы ________________________

      (Қолы, аты-жөні)

      *Техникалық регламенттің жобасын жариялап талқылау нәтижелері бойынша техникалық реттеу объектілері өзгертілген жағдайда толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады