Хабарламалардың нысандарын, оларды толтыру және ұсыну тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 375-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22888 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының төтенше шаралары туралы хабарлама нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберінде қарапайым хабарлама нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберінде қарапайым хабарлама нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысуы туралы қарапайым хабарлама нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының Санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға толықтыру нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға түзету нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға толықтыру нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері шеңберіндегі хабарламаға түзету нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну тәртібі бекітілсін.

      2. "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну нысандарын, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 319 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8012 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  1-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж

Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа

Төтенше шаралар туралы хабарлама

1.

Хабарлаушы: Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік органның атауы (егер қолданылса):

2.

Жауапты мемлекеттік орган:

3.

Қамтылатын өнім (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары мен атауы, егер қолдануға жарамды болса, Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің кодтары қосымша):

4.

Төтенше шара әсер еткен өңірлер мен елдер:
[] Барлық сауда серіктестері
[] Нақты өңірлер немесе елдер:

5.

Құжаттың атауы:
Тілі:
Парақ саны:

6.

Хабарламаны сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі:
[] азық-түліктің қауіпсіздігі,
[] жануарлар саулығы,
[] өсімдіктерді қорғау,
[] адамдарды зиянкестерден немесе жануарлардың/өсімдіктердің ауруларынан қорғау,
[] зиянкестермен келетін басқа залалдардан аумақтарды қорғау.

8.

Төтенше шараның сипаты және шаралар қабылдау себептері:

9.

Халықаралық стандарттар, нұсқамалар, ұсынымдар:
[] Кодекс Алиментариус Комиссиясы (мысалы, Кодекс стандартының немесе онымен байланысты мәтіндердің атауы немесе реттік нөмірі):
[] Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (мысалы, Жер үсті немесе су жануарларының денсаулық кодексі, тарау нөмірі):
[] Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (мысалы, Фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттың нөмірі):
[] Жоқ
Ұсынылған ереже қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келе ме?
[] Иә
[] Жоқ
Егер "жоқ" болса, халықаралық стандарттарға сәйкес келмеу себебі көрсетіледі:

10.

Басқа тиісті құжаттар және олар қол жетімді тіл (дер):

11.

Күшіне енген күні (кк/аа/жж) / қолдану мерзімі (қолданатын болса):
[] Саудаға ықпалдастық шаралары

12.

Түсініктемелермен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

13.

Құжат қолжетімді:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  2-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі келісімдері шеңберіндегі қарапайым хабарлама

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж

Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарлаушы: Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік органның атауы (егер қолданылса):

2.

Жауапты мемлекеттік орган:

3.

Қамтылатын өнім (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары мен атауы, егер қолдануға жарамды болса, Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің кодтары қосымша):

4.

Шара әсер еткен өңірлер мен елдер:
[] Барлық сауда серіктестері
[] Нақты өңірлер немесе елдер:

5.

Құжаттың атауы:
Тілі:
Беттердің саны:

6.

Хабарламаны сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі:
[] азық-түліктің қауіпсіздігі,
[] жануарлар саулығы,
[] өсімдіктерді қорғау,
[] адамдарды зиянкестерден немесе жануарлардың/өсімдіктердің ауруларынан қорғау,
[] зиянкестермен келетін басқа залалдардан аумақтарды қорғау.

8.

Халықаралық стандарттар, нұсқамалар, ұсынымдар:
[] Кодекс Алиментариус Комиссиясы (мысалы, Кодекс стандартының немесе онымен байланысты мәтіндердің атауы немесе реттік нөмірі):
[] Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (мысалы, Жер үсті немесе су жануарларының денсаулық кодексі, тарау нөмірі):
[] Өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (мысалы, Фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттың нөмірі):
[] Жоқ
Ұсынылған ереже қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келе ме?
[] Иә
[] Жоқ
Егер "жоқ" болса, халықаралық стандарттарға сәйкес келмеу себебі көрсетіледі:

9.

Басқа тиісті құжаттар және олар қол жетімді тіл (дер):

10.

Қабылдаудың (бекітудің) болжамды күні (кк/аа/жж):
Жарияланымның болжамды күні (кк/аа/жж):

11.

Құжатты қолданысқа енгізудің ұсынылып отырған күні:
[] жарияланған күнінен бастап алты ай және/немесе (кк/аа/жж):
[] Саудаға ықпалдастық шаралары

12.

Түсініктемелер берудің соңғы күні:
[] хабарлама жіберілген күннен бастап алпыс күн және/немесе (кк/аа/жж):
Түсініктемелермен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

13.

Құжат қолжетімді:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  3-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдері шеңберіндегі қарапайым хабарлама

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/TBT/N/KAZ/
кк/аа/жж

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарлаушы: Қазақстан Республикасы
Қажет болса, жергілікті үкіметтің атауы көрсетілсін (3.2 және 7.2-баптар):

2.

Жауапты мемлекеттік орган:
Хабарлама бойынша ұсыныстар мен түзетулерді өңдеу үшін тағайындалған Агенттіктің немесе мемлекеттік органның атауы мен мекенжайын (телефон нөмірі мен факс нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, егер бар болса, веб-парағын қоса алғанда), егер олар жауапты органнан өзгеше болса, жеке көрсету керек:

3.

2.9.2 [],
2.10.1 [],
5.6.2 [],
5.7.1 [],
басқа да баптарға сәйкес хабарламалар:

4.

Қамтылатын өнім (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары мен атауы, егер қолдануға жарамды болса, Мемлекетаралық стандарттар жіктеуішінің кодтары қосымша):

5.

Құжаттың атауы:
Тілі:
Беттердің саны:

6.

Мазмұнын сипаттау:

7.

Мақсаты және негіздемесі, соның ішінде егер қажеттілігі болса, құжатты қабылдаудағы шұғыл себептерді қоса көрсету:

8.

Олар қол жетімді басқа да тиісті құжаттар:

9.

Болжамдалған қабылдау (бекіту) мерзімі (кк/аа/жж):
Болжамдалған жариялау мерзімі (кк/аа/жж):

10.

Түсініктемелер берудің соңғы күні:

11.

Құжат қолжетімді:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Басқа органның мекенжайы, факс нөмірі және электрондық пошта мекенжайы (бар болса):

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  4-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

кк/аа/жж

Техникалық, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарға қатысу туралы қарапайым хабарлама

1.

Хабарлаушы тарап:

2.

Екі жақты немесе көпжақты Келісімнің атауы:

3.

Келісімге қатысушылар:

4.

Келісімнің күшіне енгізілген күні:

5.

Қамтылатын өнім:

6.

Келісімнің мәні:

7.

Келісімнің қысқаша сипаттамасы:

8.

Қосымша ақпарат қол жетімді:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  5-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларын қолдану жөніндегі келісімдері шеңберіндегі хабарламаға толықтыру

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж

Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарламаға толықтырудың сипаттамасы:

2.

Бұл қосымша келесілерге қатысты:
[] Түсініктемелер берудің соңғы күнін өзгерту,
[] Қаулының қабылданғаны, жарияланғаны немесе күшіне енгені туралы хабарламалар,
[] Бұрын хабарланған жобаның мазмұнын және/немесе көлемін өзгерту,
[] Ұсынылып отырған реттеуді кері қайтарып алу,
[] Ұсынылған қабылдау, жариялау күнін немесе күшіне ену күнін өзгерту,
[] Басқа.

3.

Түсініктеме беру кезеңі (егер хабарлама Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің өнімдеріне және/немесе елдеріне қатысты бұрын хабарланған шараның қолданылу аясын кеңейтсе, онда түсініктемелер алудың жаңа соңғы мерзімін (кемінде күнтізбелік 60 күн) айқындау қажет. Басқа жағдайларда түсіндірмелердің түпкілікті берілген күні және толықтыруда көрсетілген түсіндірмелердің кезеңі өзгеруі мүмкін):

4.

Түсініктемелермен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

5.

Құжат қолжетімді:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  6-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісімдері шеңберіндегі хабарламаға түзету

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/SPS/N/KAZ/
кк/аа/жж

Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарламаға түзетулердің сипаттамасы:

2.

Құжат қолжетімді:
[] Хабарламалар жөніндегі ұлттық орган,
[] Ұлттық анықтамалық-ақпараттық орталық.
Нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  7-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдері шеңберіндегі хабарламаға толықтыру

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/TBT/N/KAZ/
кк/аа/жж

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарламаға толықтырудың атауы:

2.

Қосу себептері:
[] Түсініктеме беру мерзімі өзгертілді – күні:
[] Бұл шара қабылданды – күні:
[] Бұл шара жарияланды – күні:
[] Бұл шара күшіне енеді – күні:
[] Құжаттың соңғы нұсқасының мәтіні мекенжай бойынша қол жетімді:
[] Бұл шара жойылды – күні:
Қайта хабарлау кезіндегі тиісті белгі:
[] Хабарламаның мазмұны немесе көлемі (саны) өзгертілді:
[] Түсініктеме берудің жаңа мерзімі (егер қолданылса):
[] Мәтін мекенжайы бойынша қол жетімді:
[] Басқа:

3.

Хабарламаға толықтырудың сипаттамасы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және интеграция
  министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  8-қосымша
  нысан

Дүниежүзілік сауда ұйымының Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімдері шеңберіндегі хабарламаға түзету

Дүниежүзілік сауда ұйымының белгісі

G/TBT/N/KAZ/
кк/аа/жж

Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитет

Түпнұсқа


1.

Хабарламаға түзетудің сипаттамасы:

  Қазақстан Республикасының
  сауда және
  интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 375-НҚ бұйрығына
  9-қосымша

Хабарламаларды толтыру және ұсыну тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Хабарламаларды толтыру және ұсыну тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпараттық орталығының хабарламаларын (бұдан әрі – хабарламалар) толтыру және ұсыну тәртібін белгілейді.

      2. Хабарламаларды толтыруда мыналар туралы ақпараттар қамтылады:

      1) қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттердің жобасын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шараларды (бұдан әрі – ВСФ), стандарттау жөніндегі құжаттарды, оларға енгізілген өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдерін әзірлеу;

      2) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ВСФ талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық фактілері;

      3) міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына зиян және нұқсан келтіру (осы залалдың ауырлығын ескере отырып) фактілері;

      4) техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ВСФ талаптарды бұзуды жою үшін қабылданған шаралар;

      5) халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған адамның өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар және өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп төндіретін өнім;

      6) қолданыстағы бақылау және инспекциялау рәсімдері, өндіріс пен карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілетін деңгейін мақұлдау рәсімдері;

      7) тәуекелдерді бағалау, сонымен қатар ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау;

      8) карантиндік, фитосанитариялық, эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы және уақытша енгізілген шаралар;

      9) анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);

      10) халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (улануларды) анықталуы;

      11) адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіптілігі анықталған өнім;

      12) бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың ықтимал келіп түсуі;

      13) техникалық реттеу, ВСФ шаралары саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;

      14) өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау үшін ерікті негізде қолданылатын өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;

      15) сәйкестікті бағалау туралы құжаттар;

      16) "Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №18-03/127 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген) Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi;

      17) "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың тізбесі;

      18) "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-4/282 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесi;

      19) "Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы №4-4/103 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11255 болып тіркелген) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі.

2-тарау. Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі Ақпарат орталығының хабарламаларын толтыру және ұсыну тәртібі

      3. Хабарламаның әрбір бағаны осы бұйрыққа 18-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде міндетті түрде толтырылуға жатады. Кез келген ақпарат болмаған жағдайда, бағанда "белгісіз" немесе "белгіленбеген" деген жазба келтіріледі.

      4. Хабарламаларда ұсынылатын ақпарат хабарлама объектісін және оның халықаралық стандарттардың, халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдардың нұсқамалары мен ұсынымдарының талаптарына сәйкестік дәрежесін толық және бір жақты сипаттайды, сондай-ақ мыналарға бөлінеді:

      1) төтенше ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шара туралы хабарламалар;

      2) қарапайым хабарламалар.

      5. Мемлекеттік органдар төтенше ВСФ шарасы туралы хабарламалар қалыптастырады және Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) мүдделі қатысушы елдерін, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) және Еуразиялық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі – ЕЭК) мүше мемлекеттерін хабарлау мақсатында электрондық түрде 1 (бір) жұмыс күні ішінде Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығына (бұдан әрі – Ақпарат орталығы) техникалық регламенттердің, сондай-ақ ВСФ шаралардың талаптарын, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесіндегі бұзушылық туралы, ВСФ шаралар, стандарттар, оларға өзгерістер және өнімнің, қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдерін қабылдау кезінде адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл мәселелерімен байланысқан нақты реттеуді енгізу туралы фактілер бойынша хабарламалар ұсынады.

      6. Техникалық регламенттерді, ВСФ шараларын әзірлейтін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар және қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де тұлғалар 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық түрде ДСҰ-ға қатысушы мүдделі елдерге, ЕАЭО-ға және ЕЭК-ке мүше мемлекеттерге елдің нақты реттеуді енгізу ниетімен танысуға мүмкіндік беру мақсатында техникалық регламенттерді, ВСФ шараларын, стандарттарды, оларға өзгерістерді және өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау рәсімдерін әзірлеу кезеңінде, сондай-ақ стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, ветеринария және фитосанитария, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екі жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық ұйымдарға және халықаралық шарттарға Қазақстан Республикасының қатысуы немесе мүшелігі туралы Ақпараттық орталыққа хабарламалар ұсынады.

      7. Ақпараттық орталығы ДСҰ хатшылығына, ДСҰ Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитетке (бұдан әрі – СТК жөніндегі Комитет), ДСҰ Санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі комитетке (бұдан әрі – СФС жөніндегі Комитет), ДСҰ-ға қатысушы елдерге хабарламаларды ағылшын тілінде, ЕАЭО-ға және ЕЭК-ке мүше елдерге орыс тілінде ұсынады.

      8. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ, ЕАЭО және ЕЭК мүше елдерге ұсынылатын хабарламаларға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде сәйкестендіру нөмірі беріледі.

      9. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ, ЕАЭО және ЕЭК мүше елдерге ұсынылатын хабарламалар кейіннен сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады