Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 488 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 тамызда № 11868 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.12.2015 № 708 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.12.2015 № 832 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 367 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 294 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 қарашада № 8059 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 778-784 (27855), 2012 жылғы 22 желтоқсандағы № 842-846, (27917) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі        Ұлттық экономика Министрінің
      _____________ А. Сәрінжіпов      міндетін атқарушы
                                       _____________ М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке
      алу жөніндегі комитеті
      2015 жылғы 30 маусым
      _______________ С. Айтпаева

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      2015 жылғы 10 шілде
      _______________ Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 26 маусымдағы № 419
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушы     
2015 жылғы 30 маусымдағы  
№ 488 бірлескен бұйрығына 
1-қосымша          

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тексерулерді өткізу мақсатында тексерілетін білім беруді басқару органдары мен балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдарды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілген тексеру парақтарының нысандарын іріктеу үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – балаларға отбасында өмір сүру және тәрбиелену, білім алу, әлеуметтік көмек пен қолдауға ие болу, балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелену және жан-жақты даму құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;
      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      5) тексеру парағы – орындалмауы балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену, білім алу, әлеуметтік көмекке және қолдауға ие болу, балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелену және жан-жақты даму, демалу, сауығу, бос уақытын өткізу құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
      6) тексерілетін субъектілер – жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары, меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдары.
      3. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптасады.
      4. Объективті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілер жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған болып беріледі:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымал – дауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез – құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары жатады;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған меншік нысанына қарамастан, балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдары жатады.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      5. Ішінара тексерулер жүргізудің тоқсандық тізімдері тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      6. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) тексерілетін субъект ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      2) бұрынғы тексерулер нәтижелері, бұл ретте, бұзушылықтардың ауыр дәрежесі (өрескел, маңызды, маңызды емес) тексеру парағында көрсетілген заңнамалық талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді;
      3) тексерілетін субъект кінәсінен туындаған қолайсыз жағдайлардың болуы.
      7. Субъективті критерийлер осы Критерийлерге 1234567 қосымшаларға сәйкес айқындалады.
      8. Тексерілетін субъектілерде өрескел бұзушылық анықталған болса, соңғысына 100 беріледі және маңызды және маңызды емес бұзушылықтар есепке алынбайды.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін маңызды және маңызды емес бұзушылықтар анықталған жағдайда маңызды және маңызды емес талаптар көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі.
      Маңызды дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
      Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      онда:
      Р3 – маңызды дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектілерде (объектілерде) тексеруге (талдауға) ұсынылған маңызды дәрежедегі индикаторларың жалпы саны;
      Р2 – маңызды дәрежедегі бұзылған талаптардың саны.
      Маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
      Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      онда:
      Рн – маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      Р1 – тексерілетін субъектілерде (объектілерде) тексеруге (талдауға) ұсынылған маңызды емес дәрежедегі индикаторларың жалпы саны;
      Р2 – маңызды емес дәрежедегі бұзылған талаптардың саны.
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 10-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу жолдары арқылы төмендегідей формула бойынша айқындалады:
      Р = Рз + Рн
      онда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Р3 – маңызды дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;
      Рн – маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші.
      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-дан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі
      10. Ішінара тексеру жүргізу еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
      Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты бұрын есепке алынған және қолданылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
      11. Ішінара тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
1-қосымша         

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтарын қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

«Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығымен айқындалған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін сақтау

маңызды

2.2.

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15 бұйрығымен анықталған бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын сақтау

маңызды

2.3.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін сақтау

маңызды

2.4.

«Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін сақтау

маңызды

2.5.

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген патронаттық тәрбие туралы ережені сақтау

маңызды

2.6.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен айқындалған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің ережелерін сақтау

маңызды

2.7.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау

өрескел

2.8.

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысымен бекітілген патронат тәрбиешілерлерге берілген баланы асырап-бағуға ақшалай төлем төлеу тәртібін сақтау

өрескел

2.9.

«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысымен айқындалған қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін сақтау

өрескел

2.10.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқығын сақтау

өрескел

2.11.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау

өрескел

2.12.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау

өрескел

2.13.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы

маңызды

2.14.

Қамқорлыққа, қорғаншылыққа және патронаттық тәрбиеге берілген қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептердің болуы.

маңызды

2.15.

Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған баланың өмір-сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есептердің болуы

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
2-қосымша         

Балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз
ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды
ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органы қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

«Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдары жүйесінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативін орындау

өрескел

2.2.

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету

өрескел

2.3.

Елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды қамтамасыз ету

өрескел

2.4.

Мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру

маңызды

2.5.

Қаражатты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағыттау

өрескел

2.6.

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру

маңызды

2.7.

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын сақтау

өрескел

5.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
3-қосымша         

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін
ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

маңызды

2.2.

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен айқындалған кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын сақтау

өрескел

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
4-қосымша         

Меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдар қызметінің субъективті
критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету

маңызды

2.2.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.3.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау

өрескел

2.4.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау

өрескел

2.5.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқығын сақтау

өрескел

2.6.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау

өрескел

2.7.

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойын-ша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы

маңызды

2.8.

Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

2.9.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.10.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
5-қосымша         

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің
субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.2.

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен айқындалған кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын сақтау

өрескел

2.3.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.4.

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы

маңызды

2.5.

Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
6-қосымша         

Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және
ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметінің
субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң арнайы жағдайларын қамтамасыз ету

өрескел

2.2.

Кәмелетке толмағандардың ұйымда болу мерзімін сақтау

маңызды

2.3.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.4.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.5.

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы

маңызды

2.6.

Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау  
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне   
7-қосымша         

Меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға
конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу),
тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім
беру ұйымдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету

өрескел

2.2.

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және білім алушыларды білім беру ұйымдарынан шығару тәртібін сақтау

маңызды

2.3.

Мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру

маңызды

2.4.

«Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу қағидаларын сақтау

маңызды

2.5.

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру

маңызды

2.6.

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын сақтау

өрескел

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2015 жылғы 26 маусымдағы № 419
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушы     
2015 жылғы 30 маусымдағы  
№ 488 бірлескен бұйрығына 
2-қосымша          

Нысан

Баланың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау
саласының тексеру парағы
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» ҚР Заңына қосымшаға сәйкес)

_____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                                 (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы________________________________________________

Талаптар тізбесі

талап етіледі

талап етілмейді

талаптарға сәйкес

талаптарға сәйкес емес

1

2



5

6

Жергілікті атқарушы органдардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі білім беруді басқару органдарының қызметіне қатысты

1.

«Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығымен айқындалған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін сақтау





2.

«Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 15 бұйрығымен анықталған бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын сақтау





3.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін сақтау





4.

«Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін сақтау





5.

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 14 бұйрығымен бекітілген патронаттық тәрбие туралы ережені сақтау





6.

«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен айқындалған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің ережелерін сақтау





7

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау





8

«Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысымен бекітілген патронат тәрбиешілерлерге берілген баланы асырап-бағуға ақшалай төлем төлеу тәртібін сақтау





9

«Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысымен айқындалған қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібін сақтау





10

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқығын сақтау





11

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау





12

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау





13

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы





14

Қамқорлыққа, қорғаншылыққа және патронаттық тәрбиеге берілген қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептердің болуы.





15

Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған баланың өмір-сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есептердің болуы





Балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органының қызметіне қатысты

1

«Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдары жүйесінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативін орындау





2

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету





3

Елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды қамтамасыз ету





4

Мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру





5

Қаражатты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағыттау





6

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру





7

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын сақтау





Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының қызметіне қатысты

1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету





2.

«Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен айқындалған кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын сақтау





Меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдардың қызметіне қатысты

1.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету





2.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





3.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау





4.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау





5

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес алуға құқығын сақтау





6

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау





7

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы





8

Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау





9

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





10

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы





Меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты

1

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету





2

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және білім алушыларды білім беру ұйымдарынан шығару тәртібін сақтау





3

Мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру





4

«Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу қағидаларын сақтау





5

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру





6

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын сақтау





Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметіне қатысты

1.

Кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң арнайы жағдайларын қамтамасыз ету





2.

Кәмелетке толмағандардың ұйымда болу мерзімін сақтау





3.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





4

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





5.

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы





Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты

1.

Кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң арнайы жағдайларын қамтамасыз ету





2.

Кәмелетке толмағандардың ұйымда болу мерзімін сақтау





3.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





4.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





5.

Педагогикалық қызметкерлерде тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімнің болуы





6

Педагогикалық қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) __________ ______ _______________________
                            (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің
жетекшісі                   __________ ______ _______________________
                            (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады