Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптар қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 348 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8063 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.12.2018 № 935 (11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағы 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидасы;

      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5964 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдары актілерінің жинағында, 2010 жылы, қаңтарда, жарияланған, 2010 жылғы 11 наурыздағы № 36 "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасы Индустрия және


жаңа технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 348 бұйрығына
1-қосымша

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық
сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге
аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға
қойылатын біліктілік талаптар қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем бірлігін салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарының тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік комиссиясы – құрамы мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың (қызметкерлерді сертификаттау бойынша орган) басшысымен анықталатын, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау мәселесі бойынша шешім қабылдайтын комиссия;

      2) қайта аттестаттау – бұрын берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен бұрын аттестатталған техникалық сарапшылар мен өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді дәл сол қызметтік бағыт немесе өлшем түрлері бойынша қайталанған мерзімде аттестаттау;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына Қағидаларда белгіленген тәртіпте аттестатталған жеке тұлға;

      4) өлшем құралдарын салыстырып тексерушi – өлшем құралдарын салыстырып тексеру жүргiзу құқығына Қағидаларда белгiленген тәртiппен аттестатталған мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң маманы;

      5) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмысқа қатысушылар мен құжаттарды тіркеуді есепке алу құжаты;

      6) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган;

      7) үміткер – біліктілікті алуға өтініш беретін тұлға.

2. Техникалық сарапшылар мен салыстырып тексерушілерді
аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі

      3. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды (бұдан әрі – техникалық сарапшылар) аттестаттау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

      1) өлшем құралдарының сынақтарын жүргізу;

      2) сынақ жабдықтарының аттестаттауын жүргізу;

      3) өлшемдерді орындау әдістемелердің метрологиялық аттестаттауын жүргізу;

      4) техникалық құжаттамалардың метрологиялық сараптамасын жүргізу.

      4. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі – салыстырып тексерушілер) аттестаттау ҚР СТ 2.42-2002 "Өлшем түрлері. Жіктелуі" белгіленген өлшем түрлерінің жіктелулеріне сәйкес өлшем түрлері бойынша жүргізіледі.

      5. Салыстырып тексерушіні аттестаттау және қайта аттестаттау үшін құжаттар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО), техникалық сарапшыны аттестаттау үшін - аталған қызмет түрлеріне сәйкестікті растау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген сәйкестікті растау бойынша органға (бұдан әрі - СРО) ұсынылады.

      6. Техникалық сарапшылар мен салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау үшін ұсынылатын құжаттар тізімі:

      1) салыстырып тексерушілер үшін өлшем түрлері, техникалық сарапшылар үшін қызмет бағыттары көрсетілген ерікті нысандағы техникалық сарапшы немесе салыстырып тексеруші ретіндегі аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;

      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      4) біліктілік курсын өткендігін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;

      6) техникалық сарапшыға үміткерлер үшін – екі жыл ішінде, өтініш берілген бағыттағы қызметі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесі (сараптамалар актілері, сынақ немесе аттестаттау хаттамалары, эксперименталды метрологиялық зерттеулер туралы техникалық есептер, сараптамалық тұжырымдамалар);

      7) салыстырып тексерушіге үміткерлер үшін – осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берілген өлшемнің түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікір. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейін бір жыл бұрын берілген тағылымдамадан өткенін куәландыратын біліктілік комиссияның анықтама-пікірі есептелмейді.

      8) қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).

      Аттестаттауды және қайта аттестаттауды жүргізетін ұйым құжаттар жинағын қабылдау кезінде құжаттар көшірмелері дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады және құжат түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады. Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариуспен куәландырылған құжаттар көшірмесін ұсынады.

      Құжаттар жинағы тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады.

      7. Ұсынылған материалдарды қарау және техникалық сарапшылар мен салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау туралы шешім қабылдау құжаттар түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде МҒМО немесе СРО біліктілік комиссиясымен (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) жүзеге асырылады.

      8. Біліктілік комиссиясы үміткерді техникалық сарапшылар мен салыстырып тексерушілер ретінде аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес аттестатталған техникалық сарапшының (салыстырып тексерушінің) міндеттері туралы декларацияны қол қоюға жібереді және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес бес жылдық мерзіммен аттестаттау және қайта аттестаттау туралы сертификат беріледі.

      Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен техникалық сарапшының атестаттау (қайта аттестаттау) туралы сертификатында оның тіркелу нөмірі көрсетіле отырып, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеледі.

      9. Біліктілік комиссиясы үміткерді техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) ретінде аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде шешім қабылданған күннен бастап үміткерге 5 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Бас тартудың негізі мыналар:

      1) үміткердің уәкілетті органмен белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) ұсынылған құжаттар жинағының Қағиданың 6-тармағында белгіленген тізіміне сәйкес келмеуі.

      10. Құжаттарды аттестаттауға қайта жіберу бас тартуға негіз болған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін жүзеге асырылады.

3. Қорытынды ережелер

      11. Техникалық сарапшы немесе салыстырып тексеруші сертификаты жоғалған жағдайда:

      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімінің көрсетілуімен жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялайды;

      2) МҒМО-ға немес СРО-ға техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификатын жарамсыз деп тану туралы және сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтердің жариялануын растайтын құжат қоса берілуімен, сертификаттың түпнұсқасын беру туралы қажет өтініш береді.

      12. Техникалық сарапшы (салыстырып тексеруші) сертификаты бұзылған жағдайда сертификат беретін МҒМО-ға немесе СРО-ға сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген, сертификаттың бұзылған түпнұсқасы қоса берілген сертификаттың түпнұсқасын беру туралы өтініш береді.

      13. Сертификаттың түпнұсқасы оң жағындағы жоғарғы шетінде "екінші нұсқа" сөзі көрсетіліп, бұрын берілген сертификат түпнұсқасының нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі сақталып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

      14. Сертификаттың түпнұсқасы өтініш берген күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

  Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету саласындағы
техникалық сарапшыларға және
өлшем құралдарын салыстырып
тексерушілерге аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Берілген өлшем түрлері бойынша тағылымдамадан өткенін
куәландыратын
№ ______АНЫҚТАМА-ПІКІР

      1. Тағылымдаманы өткізген заңды тұлғаның атауы ________________

      2. Заңды тұлға туралы мәліметтер ______________________________

      (аккредиттеу аттестатының № және берілген күні,

      _____________________________________________________________________

      аккредиттеу түрі)

      3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы _______________

      _____________________________________________________________________

      (мысалы: сызықты-бұрыштық өлшеулер зертханасы)

      4. Тағылымдаманы жүргізген маман(дар): ________________________

      (салыстырып тексерушінің ТАӘ, бұл бағыт

      _____________________________________________________________________

      бойынша жұмыс өтілі, тегі, салыстырып тексеруші біліктілігін беру

      сертификатының № және берілген күні, өлшем түрі (түрлері)

      5. Тағылымдамадан өткен маман:

      Т.А.Ә._________________________________________________________

      6. Тағылымдамадан өту мерзімі: ________________________________

      7. Тағылымдама мерзімінде _____________________________ мынадай

      ТАӘ

      өлшем құралдарын салыстырып тексеруге қатысты:

Өлшем түрі

Өлшем құралының атауы, типі

Шығарылған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген жылы

Салыстырып тексеруге нормативтік құжат

Белгіленуі

Атауы

1

2

3

4

5

















      8. Кәсіптік білімі және іскерлігі*: ___________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Ұсыныстар: _________________________________________________

      (салыстырып тексеруші біліктіліктілігін алуға байланысты өлшем

      _____________________________________________________________________

      түрінің (түрлерінің) көрсетілуімен тағылымдаманы өткізген ұйымның

      ұсыныстары (салыстырып тексеруді жүргізуде қабілетін көрсетті/көрсетпеді)

      Ұйым басшысы ________________ _________________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тағылымдаманы өткізген ұйымның

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы ___________ ________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Тағылымдаманы жүргізген маман(дар):________ ___________________

      (қолы) (тегі, аты-жөні)

      Берілген күні 20_ жылғы "___" ______________

      ____________________________

      * Өлшеу деректерін алудың негізгі қағидаттарын және әдістерін, өлшемнің негізгі құралдарын (өлшеуіш тізбектерін қоса), өлшем қателігі және белгісіздігін бағалауды қоса өлшем нәтижелерін өңдеудің іргелі қағидаларын және әдістерін, номативтік құжаттар талаптарын, құжаттамалардың рәсімделуін, өлшеуіштерді сараптауды жоспарлау әдістерін және өлшеуге қажетті құралдарды таңдаудың тиімді әдістерін білу, өлшемдердің растығын қамтамасыз етуді, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өлшеуіш аспаптардың құрылуын орындауды, өлшем қателіктерін талдауды, олардың көздерін белгілеуді және өлшем нәтижелерін дұрыс ресімдеуді, қолданылатын өлшем құралдарының жай-күйін бағалауды және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында басқа теориялық және практикалық білім мен икемділікті ұйымдастыра білу.

  Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету саласындағы
техникалық сарапшыларға және
өлшем құралдарын салыстырып
тексерушілерге аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      Аттестатталған техникалық сарапшының (салыстырып тексеруші) міндеттері туралы

ДЕКЛАРАЦИЯ

      Мен,___________________________________________________________

      Т.А.Ә.

      Қазақстан республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің "___" ________ № ___________ бұйрығымен бекітілген өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау, қайта аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу қағидаларында жазылған барлық талаптарды орындауға, сондай-ақ:

      - қызметті тек берілген сертификат қолданылатын қызмет саласында жүргізуге;

      - сертификатты қызметкерлерді сертификаттау бойынша орган атағына зиян келтіруі мүмкін жолдармен пайдаланбауға, қызметкерлерді сертификаттау бойынша орган санкцияланбаған немесе жаңылысу болып есептеуі мүмкін өтініштерге қатысты сертификаттауды жүргізбеуге;

      - берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі өткен соң жұмысты тоқтатуға;

      - сертификатты жаңылысуға кіретін тәсілдерге пайдаланбауға міндеттенемін және келісемін,

      ___________________________ "_____"_________________20___ж.

      Салыстырып тексеруші қолы Қол қойылған күні

  Өлшем бірлігін
қамтамасыз ету саласындағы
техникалық сарапшыларға және
өлшем құралдарын салыстырып
тексерушілерге аттестаттау және
қайта аттестаттау жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________

      (сертификат беретін ұйым атауы)

Аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы
СЕРТИФИКАТ

      Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

      мемлекеттік жүйесінің тізілімінде

      тіркелген № ___________

      20__ж."___"_______берілген

      20__ж."___"_______дейін жарамды

      Осы сертификат ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________________________________________________*

      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің _____________

      жылғы ___ _________ № ______ бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес біліктілікті беру арқылы берілді.

      Басшы

      ____________________ _________________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 348 бұйрығына
2-қосымша

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық
сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге
қойылатын біліктілік талаптар

      1. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшы үміткерлерге мынадай біліктілік талаптар қойылады:

      1) жоғарғы немесе орта техникалық білімінің болуы;

      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімделген өлшемнің түрі бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтуі;

      3) жоғары техникалық білімі бар үміткер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, орташа техникалық білімі бар үміткер үшін бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;

      4) тапсырылған қызмет бағытында практикалық жұмыс тәжірибесі бар барлық үміткерлер үшін екі жылдан кем болмауы тиіс.

      2. Салыстырып тексеруші үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) жоғарғы немесе орта техникалық білімінің болуы;

      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс тәжірибесі екі жылдан кем емес. Жоғары техникалық білімі бар үміткерлерге өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

      3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімденген таңдалған өлшем түрлері бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтуі;

      4) тағылымдама жүргізетін таңдалған өлшем түрлері бойынша біліктілік иелену туралы сертификаты бар салыстырып тексерушіден таңдалған өлшем түрлері бойынша 5 жұмыс күннен кем емес ұзақтықта таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін, егер салыстырып тексерушіге үміткер бірнеше өлшем түрлеріне тапсырыс берсе таңдалған әрбір өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде үш типін салыстырып тексеруді жүргізу бойынша тағылымдамадан өтуі тиіс.

      3. Осы біліктілік талаптардағы 2-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптар салыстырып тексерушілерді қайта аттестаттау кезіндегі үміткерлерге қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады