Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 9 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5964 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 348 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.28 № 348 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 23 мамырдағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2007 жыл, маусым,) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғ.М.Мұхамбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы   
№ 313 бұйрығымен бекітілген  

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі

      Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіндегі өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу тәртібін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Аттестаттау өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстар мен қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыру үшін біліктілікті беру мақсатында жүргізіледі.
      2. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторларды (бұдан әрі - сарапшы-аудиторлар) аттестаттау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) өлшем құралдарына сынақтар жүргізу;
      2) сыналатын жабдықтарға аттестаттау жүргізу;
      3) өлшемдерді орындау әдістемелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу;
      4) техникалық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу.
      3. Өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді (бұдан әрі - салыстырып тексерушілер) аттестаттау өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өлшем түрлері бойынша жүзеге асырылады.

2. Сарапшы-аудиторларды және салыстырып тексерушілерді аттестаттау тәртібі

      4. Сарапшы-аудиторлардың біліктілігін алу үшін құжаттар техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) ұсынылады.
      Құжаттар жинағы тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады.
      5. Сарапшы-аудитордың (салыстырып тексерушінің) біліктілігін алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) үміткердің мәлімденетін біліктілігі, сарапшы-аудиторлар үшін қызмет бағыты, салыстырып тексерушілер үшін өлшем түрі көрсетілген ерікті нысандағы мәлімдеме;
      2) біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған көшірмесі;
      3) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған білімі туралы құжаттың көшірмесі;
      4) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған, сарапшы аудиторлар және салыстырып тексерушілер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілін және тек қана сарапшы-аудиторлар үшін қызметтің мәлімделген бағытындағы практикалық жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмесі;
      6) ұйым мөрімен расталған жұмыс орнынан мінездеме;
      7) аттестаттауға құжаттар берген ұйыммен расталған немесе нотариуспен расталған қосымша оқуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса).
      6. Салыстырып тексеруші біліктілігін алу үшін қосымша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәлімделген өлшем түрі бойынша тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікір ұсынылады. Құжаттар жинағын тапсырғанға дейін бір жыл бұрын берілген тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікірді біліктілік комиссиясы мақұлдамайды.
      7. Сарапшы-аудитор біліктілігін алуға ұсынылған материалдарды қарауды уәкілетті органның тұрақты қызмет ететін комиссиясы, салыстырып тексеруші біліктілігін алуға ұсынылған материалдарды қарауды МҒМО тұрақты қызмет ететін комиссиясы (бұдан әрі - біліктілік комиссиясы) жүзеге асырады.
      8. Сарапшы-аудиторлар (салыстырып тексерушілер) біліктілігін беру туралы шешімді уәкілетті орган (МҒМО) толық құжаттар жинағымен өтінімді берген күннен бастап 20 жұмыс күн ішінде біліктілік комиссиясы материалдарды қарау нәтижелері бойынша қабылдайды.
      9. Тапсырыс берілген қызмет бағыты немесе метрология саласында кадрларды дайындау және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын шет ел ұйымымен берілген өлшем түрі бойынша біліктілік курсында теориялық дайындықтан өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесін біліктілік комиссиясы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес үш жылдан артық емес жарамдылық мерзіміне мақұлдайды.
      10. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кәсіби білімі бар үміткерлер алғашқы аттестаттау кезінде мәлімделген бағыт бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықсыз салыстырып тексерушілер біліктілігін кәсіби білімді алғаннан кейін бір жыл ішінде алады.
      11. Біліктілік комиссиясы үміткерді сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) ретінде аттестаттау туралы шешім қабылдаған кезде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес үш жыл мерзіміне біліктілікті беру туралы сертификат рәсімделеді.
      12. Біліктілікті беру туралы сертификат өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде міндетті тіркелуге жатады.
      13. Біліктілік комиссиясы үміткерді сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) ретінде аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде үміткерге жазбаша түрде шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде дәлелденген қабыл алмау жіберіледі.
      Бас тартудың негізі мыналар:
      1) үміткердің берілген біліктілікке белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) ұсынылған құжаттар жиынының осы Ереженің 5, 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
      14. Үміткер біліктілікті беруден бас тартумен келіспеген жағдайда, ол бас тарту алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданған шешімге аппеляциямен уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясына немесе сот органдарына жүгінеді.
      Уәкілетті органның аппеляциялық комиссиясы үміткердің шағымын шағым түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды және жазбаша түрде дәлелді жауап береді.
      15. Үміткерге біліктілік берілмеген жағдайда, ол біліктілік комиссиясының бас тартуға негіз болған ескертулерін жойғаннан кейін құжаттарды қайта тапсырады.

3. Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары

      16. Осы Ережеде белгіленген тәртіппен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған жеке тұлғалар өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар болып табылады.
      17. Сарапшы-аудиторға үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жоғары техникалық білімі немесе орташа техникалық білімінің болуы;
      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімденген қызмет бағыты бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтуі;
      3) жоғары техникалық білімі бар үміткер үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, орташа техникалық білімі бар үміткер үшін бес жылдан кем емес, тапсырылған қызмет бағытында практикалық жұмыс тәжірибесі бар барлық үміткерлер үшін екі жылдан кем емес болуы тиіс.

4. Салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптары

       18. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе осы Ережеде белгіленген тәртіппен өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген, өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары салыстырып тексерушілер болып табылады.
      19. Салыстырып тексерушіге үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) орташа техникалық білімі және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары техникалық білімі болуы;
      2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес мәлімделген өлшемнің түрі бойынша біліктілік курстарында теориялық дайындықтан өтуі;
      3) мәлімделген өлшем түрі бойынша практикалық тәжірибесі бір жылдан кем болған кезде мәлімделген өлшем түрі бойынша тағылымдамадан өтуі.
      20. Тағылымдама таңдалған өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде бес типін салыстырып тексеруді жүргізуден тұрады. Егер салыстырып тексерушіге үміткер бірнеше өлшем түрлеріне тапсырыс берсе, тағылымдама әрбір мәлімделген өлшем түрі бойынша өлшем құралдарының кемінде үш типін салыстырып тексеруді жүргізуден тұрады. Сол арқылы тағылымдама мәлімделген өлшем түрі бойынша салыстырып тексеруші біліктілігін иелену туралы сертификаты бар маман тағылымдаманы жүргізеді. Тағылымдаманың жалпы ұзақтығы 5 жұмыс күнінен кем емес болады.

5. Қорытынды ережелер

      21. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама бұзылған жағдайда сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) құзіреттілігі туралы мәселе біліктілік комиссиясының қарауына ұсынылады.
      22. Сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) сертификаты жоғалған жағдайда:
      1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) сертификаттың нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімінің көрсетілуімен жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді жариялау қажет;
      2) уәкілетті органға сарапшы-аудитор сертификатын, МҒМО-ға салыстырып тексеруші сертификатын жарамсыз деп тану туралы және сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген сертификаттың телнұсқасын беру туралы мәлімдеме беру қажет, мәлімдемеге осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған мәліметтердің жариялануын растайтын құжат қоса беріледі.
      23. Сарапшы-аудитор (салыстырып тексеруші) сертификаты бұзылған жағдайда уәкілетті органға (МҒМО) сертификат нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі көрсетілген сертификаттың телнұсқасын беру туралы мәлімдеме беру қажет, мәлімдемеге сертификаттың бұзылған түпнұсқасы қоса беріледі.
      24. Сертификаттың телнұсқасы оң жағындағы жоғарғы шетінде «Телнұсқа» сөзі көрсетіліп, бұрын берілген сертификат түпнұсқасының нөмірі, берілген күні мен жарамдылық мерзімі сақталып, осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
      25. Сертификаттың телнұсқасы өтініш берген күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде беріледі.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету    
саласындағы сарапшы-аудиторларға 
және өлшем құралдарын салыстырып 
тексерушілерге аттестаттау жүргізу
және оларға қойылатын біліктілік 
талаптарын белгілеу ережесіне    

1-қосымша  

Тағылымдамадан өткенін куәландыратын анықтама-пікірдің нысаны Тағылымдамадан өткенін куәландыратын
№ АНЫҚТАМА-ПІКІР

      1. Тағылымдаманы өткізген заңды тұлғаның
атауы _____________________________________________________________
      2. Заңды тұлға туралы
мәліметтер ________________________________________________________
           (аккредиттеу аттестатының № және берілген күні, аккредиттеу түрі)
      3. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің
аталуы ____________________________________________________________
                 (мысалы: сызықты-бұрыштық өлшеулер зертханасы)
      4. Тағылымдаманы жүргізген маман(дар):_______________________
                                    (салыстырып тексерушінің ТАӘ, бұл бағыт
____________________________________________________________________________________
бойынша жұмыс өтілі, тегі, салыстырып тексеруші біліктілігін беру сертификатының
                          № және берілген күні, өлшем түрі (түрлері)
      5. Тағылымдамадан өткен маман:
Т.А.Ә. ____________________________________________________________
      6. Тағылымдамадан өту
мерзімі: __________________________________________________________
      7. Тағылымдама мерзімінде ___________________________ мынадай
                                             ТАӘ
өлшем құралдарын салыстырып тексеруге қатысты:    

Өлшем түрі

Өлшем құралының атауы, типі

Шығару немесе Қазақстан Республикасына әкелінген жылы

Салыстырып тексеруге нормативтік құжат




Белгіленуі

Аталуы

1

2

3

4

5

      8. Кәсіптік білімі және іскерлігі*:
      9. Ұсыныстар:_________________________________________________
                  (салыстырып тексеруші біліктіліктілігін алуға байланысты өлшем
____________________________________________________________________
    түрінің (түрлерінің) көрсетілуімен тағылымдаманы өткізген ұйымның ұсыныстары)

      Ұйым басшысы __________        ________________________
                     (қолы)               (тегі, аты-жөні)

      М.О.

Тағылымдаманы өткізген ұйымның
құрылымдық бөлімшесінің басшысы _________     ________________
                                 (қолы)       (тегі, аты-жөні)

Тағылымдаманы жүргізген маман(дар):_______    ________________
                                   (қолы)     (тегі, аты-жөні)

      Берілген күні 20_ жылғы «___» ______

* Өлшеу деректерін алудың негізгі қағидаттарын және әдістерін, өлшемнің негізгі құралдарын (өлшеуіш тізбектерін қоса), өлшем қателігі және белгісіздігін бағалауды қоса өлшем нәтижелерін өңдеудің іргелі қағидаларын және әдістерін, нормативтік құжаттар талаптарын, құжаттамалардың рәсімделуін, өлшеуіштерді сараптауды жоспарлау әдістерін және өлшеуге қажетті құралдарды таңдаудың тиімді әдістерін білу, өлшемдердің растығын қамтамасыз етуді, қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өлшеуіш аспаптардың құрылуын орындауды, өлшем қателіктерін талдауды, олардың көздерін белгілеуді және өлшем нәтижелерін дұрыс ресімдеуді, қолданылатын өлшем құралдарының жай-күйін бағалауды және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында басқа теориялық және практикалық біліммен икемділікті ұйымдастыра білу.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету    
саласындағы сарапшы-аудиторларға 
және өлшем құралдарын салыстырып 
тексерушілерге аттестаттау жүргізу
және оларға қойылатын біліктілік 
талаптарын белгілеу ережесіне    
2-қосымша     

Біліктілікті беру туралы сертификаттың нысаны

________________________________________
уәкілетті орган (немесе МҒМО)
СЕРТИФИКАТ

      Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің
      мемлекеттік жүйесінің Тізілімінде
тіркелген N __________
      20__ ж.«__» ________ берілген
      20__ ж.«__» ______ дейін жарамды

      Осы сертификат _______________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)     
____________________________________________________________________*
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің ______ жылғы  ___ __________ № ____ бұйрығымен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз
ету саласындағы сарапшы-аудиторларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесіне сәйкес біліктілікті беруімен берілді.
      Уәкілетті орган немесе МҒМО басшысы
      ___________ ___________ ___________________________________
      (лауазымы)    (қолы)             (тегі, аты-жөні)

      М.О.
      Аттестаттауды жүзеге асырған МҒМО құрылымдық бөлімшенің басшысы**
      ___________ ___________ ___________________________________
      (лауазымы)    (қолы)              (тегі, аты-жөні)

      * Берілген біліктілік көрсетіледі: сарапшы-аудитор үшін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет бағыты немесе салыстырып тексерушілер үшін - өлшем түрі (түрлері) көрсетілген сарапшы-аудитор немесе салыстырып тексеруші.
      ** Салыстырып тексеруші біліктілігін беру туралы сертификатты рәсімдеген кезде толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады