Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 664 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8081 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.02.2021 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 664 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.05.2015 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжаттар жинағына өзгерістер енгізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5935 тіркелген, жарияланды: "Юридическая газета" 2010 жылы 5 мамырда № 63 (1859)):

      бұйрыққа 1-қосымшада:

      Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжаттар жинағына өзгерістер енгізу ережесінде:

      3-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дәрілік заттарды сараптау мемлекеттік монополияға жатады және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сарапшы ұйым болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жүзеге асырады.";

      63-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      Ережеге 6-қосымшада:

      Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжаттар жинағына өзгерістер енгізуге мәлімделген дәрілік затқа сараптама жүргізудің орындылығы туралы қорытындыда:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жарнамалау сипаттамасы (теріс қорытынды күні, сәйкессіздік көрсеткіштері). Талдау нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік орган сараптама жұмыстарын жүргізуді орынды деп санайды. Мәлімделген дәрілік заттың қауіпсіздік, тиімділік және сапа көрсеткіштерін бағалау үшін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сарапшы ұйымға сараптамаға тіркеу құжаттар жинағы мен өнім үлгілерін жібереді.";

      бұйрыққа 2-қосымшада:

      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжаттар жинағына өзгерістер енгізу ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізудің міндетті шарты медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптама жүргізу болып табылады.

      Дәрілік заттардың сараптамасы мемлекеттік монополияға жатады және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сарапшы ұйым болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеудің жеделдетілген рәсімі олардың сирек ауруларды профилактикалау, емдеу, диагностикалау, инфекциялық аурулардың туындауын және эпедемия, пандемия салдарын жою, қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында тапшылығын болдырмау жағдайында қолданылады.";

      Ережелерге 6-қосымшада:

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге мәлімделген медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға сараптама жүргізудің орындылығы туралы қорытындыда:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) теріс қорытындының сипаттамалары (теріс қорытынды берілген күні, сәйкессіздік көрсеткіштері).";

      3. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2021 № ҚР ДСМ-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2013 № 167 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.04.2018 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 664 бұйрығына
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2013 № 167 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады