Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 17-03/541 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8108 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1) тармақшасын қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 17-03/541 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1) Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн әзiрлеу және пайдалану қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6522 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 31 наурыздағы "Егемен Қазақстан" газетіне № 116-119 (26521) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасын бекiту туралы";

      кіріспе мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы бекiтілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасында:

      тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы

      1. Осы Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 19-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртібін белгілейді.";

      3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 8 наурыздағы "Егемен Қазақстан" газетіне № 94-97 (26499) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекiту туралы";

      кіріспе мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасы мен 20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы бекiтілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:

      тақырып пен 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасы мен 20-бабына сәйкес аумақтарды ұйымдастыру мен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып немесе кеңейтіліп отырған орталық немесе облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы (бұдан әрі - жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы) әзірленеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету жобасы (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы) әзірленеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады және оларды уәкілетті орган 30 күнтізбелік күн ішінде бекітеді.";

      45-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жер кодексіне және Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шешімдер шығару үшін күзет аймағының аумағында күзет режимі және табиғат пайдалану тәртібі анықталады.";

      47-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің жобасы мына бөлімдерді орындауды қамтиды:".

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін
  Қазақстан Республикасы
  Ауыл шаруашылығы министрі
  бұйрықтарының тізбесіне
  2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады