"Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 584 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8113 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.02.2014 № 103 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 21.02.2014 № 103 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты                               Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің   
2012 жылғы 2 қарашадағы № 584
бұйрығымен бекітілген   

«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Шекаралық аймаққа келуге  онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-бабына, сондай-ақ «Шекаралық аймаққа келуге  онда болуға рұқсаттама беру  ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1266 қаулысымен бекітілген «Шекаралық аймаққа келуге  онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұтынушы - мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш білдірген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі - ІІМ-нің КҚПК)  осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД-нің КҚПБ) көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 9-бабының;
      2) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.
      6. Шекаралық аймаққа келуге  онда болуға рұқсаттаманы беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады, тиісінше ІІМ КҚПК-нің немесе ІІД КҚПБ-нің көші-қон полициясы бөлінісі бастығының қолымен  мөрмен бекітіледі. 

2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызметті тұтынушының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді.
      8. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз  жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі  қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) mvd.gov.kz  облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттеріңің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөліністерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
      12. Стандарттың 16-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің
(өзара іс-қимыл жасасу) сипаттамасы

      13. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты  лауазымы көрсетіледі.
      Көші-қон полициясы бөлінісіне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі; онда:
      құжаттың нөмірі мен қабылдаған күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік қызмет түрі;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      14. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ-лар:
      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органы бөлімінің, бөлімшесінің, тобының көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері;
      2) облыстардың, Алматы  Астана қалаларының ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері қатысады.
      16. Әрбір әкімшілік іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әр КФБ-ның әкімшілік іс-әрекеттерінің (рәсімдерінің) реті мен өзара іс-қимыл жасасуының кестелік сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реті мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Шекаралық аймаққа келуге және
онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша         

 Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің (рәсiмдердің) реті мен  өзара
iс-қимыл жасасуының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы. Негiзгi процесс.

Негiзгi процестiң iс-әрекетi (жұмыс барысы, ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

2

ҚФБ атауы

ҚАIIО, ҚКПК

ҚАIIО, ҚКПК

3

Iс-әрекеттiң (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

арнайы есептер бойынша тексеру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

шақыру қағазын беру немесе шақыру қағазын беруден бас тарту 

шақыру қағазын алу немесе шақыру қағазын алудан бас тарту

5

Орындау мерзiмi

бір жұмыс күні ішінде

7 күн жұмыс күні ішінде

«Шекаралық аймаққа келуге және
онда болуға рұқсаттаманы беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша          

Әкiмшiлiк iс-әрекеттердің қисынды реті арасындағы өзара
байланысты көрсететін сызбалар 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады