Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 № 110 бұйрығымен.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған «Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы
№ 818 бұйрығымен
бекітілген
«Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік
қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1996 жылғы 15 шілдедегі заңының 19-1-бабының, 4-1-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысымен бекітілген «Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі - алушы) – заңды немесе жеке тұлға;
2) құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрi – ҚФБ) – мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер.
3. Осы «Техникалық байқау халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрi – уәкілетті орган) мекенжайлар бойынша көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет мыналардың негізінде көрсетіледі:
1) «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 19-1, 7-1-бабының 6) тармақшасы;
2) Стандарт.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі халықаралық сертификатты, халықаралық сертификаттың телнұсқасын немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне өзге мемлекеттік органдар қатыспайды.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар.
9. Мемлекеттік қызмет ХҚКО мемлекеттік қызметті алушының мекенжайы бойынша көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын дүйсенбіден бастап, сенбіні қоса алғанда көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат және қажетті құжаттар, сондай-ақ оларды толтыру үлгісі:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжай бойынша («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
2) ХҚКО интернет-ресурсында www.con.gov.kz мекенжай бойынша;
3) ХҚКО ғимаратында орналасқан стенділерде;
4) 1414 call – Орталығында орналастырылған.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет беруден бас тартылады.
15. Алушы жүгінген сәттен бастап оған мемлекеттік қызмет нәтижелерін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) алушы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды ХҚКО береді;
2) ХҚКО қызметкерлері алушы ұсынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді;
3) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері құжаттарды уәкілетті органға береді.
ХҚКО уәкілетті органға құжаттар пакетінің жөнелтілу фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын байқауға мүмкіндік беретін штрих-код сканердің көмегімен белгіленеді;
4) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері құжаттардың уәкілетті органға түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және басшының не оның орынбасарының қарауына береді;
5) қарағаннан кейін уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімі бастығының қарауына береді;
6) уәкілетті органның көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және уәкілетті органның көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманына қарауға береді;
7) уәкілетті органның көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын уәкілетті органға құжаттардың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде беруге дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелденген жауабы қағаз тасығышта бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға құжаттар келіп түскен күннен бастап дайындалады;
8) Уәкілетті органның көлік-коммуникациялық кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы қараған кезде басшыға қол қоюға немесе қол қоюға уәкілетті адамға халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелденген жауабын уәкілетті органға құжаттардың келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде;
9) уәкілетті органның басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға халықаралық сертификатқа немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасына уәкілетті органға құжаттардың келіп түскен күнінен бастап екі күн ішінде қолын қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты уәкілетті органға құжаттардың келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;
10) уәкілетті органның кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ХҚКО-ға жібереді.
Уәкілетті органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін қабылдау кезінде ХҚКО келіп түскен құжаттарды штрих код сканердің көмегімен белгілейді;
11) ХҚКО қызметкері халықаралық сертификат немесе халықаралық сертификат телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауабын алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
16. ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз санын бір қызметкер құрайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы
17. Құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
Осы Стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай ҚФБ іске қосылды:
1) ХҚКО қызметкері;
2) ХҚКО жинақтаушы бөлімінің қызметкері;
3) Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;
4) уәкілетті органның басшысы;
5) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы;
6) уәкілетті органның көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің маманы;
7) курьер.
19. Әрбір әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ әрбір әкімшілік іс-қимылының (рәсімінің) дәйектілігін және өзара іс-қимылын сипаттаудың мәтіндік кестесі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдар мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл схемасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Техникалық байқау халықаралық
сертификатын беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-қимылы |
||||||
1 |
Іс-қимылдың |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
ҚФБ атауы |
ХҚКО қызметкері |
Уәкілетті органның кеңсесі |
Уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары |
Уәкілетті органның бөлім бастығы |
Уәкілетті органның бөлім маманы |
3 |
Іс-қимылдың атауы және оларды сипаттау |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға қажетті құжаттардың тізбесін және өтінішті қабылдау, өтінішті қарау, өтініш пен құжаттардың толық тізбесін уәкілетті органға жіберу |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға құжаттарды қабылдау және тіркеу |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға құжаттарды қарау |
Берілген құжаттар тізбесінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау. |
Қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және Халықаралық сертификаттың, Халықаралық сертификаттың телнұсқасын, қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты беруге дайындық және нәтижелерін басшыға қол қоюға жіберу |
5 |
Орындау мерзімдері |
20 мин. |
Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде |
Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде |
Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде |
Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын беруге дайындық 2 күн, Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беруге 1 күн |
6 |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
10 |
9 |
8 |
7 |
6 |
7 |
Аяқтау нысаны |
Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын халықаралық сертификаттың телнұсқасын немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру |
Нәтижені ХҚКО жіберу |
Нәтижеге қол қою және уәкілетті органның кеңсесіне жіберу. |
||
9 |
Орындау мерзімдері |
20 мин |
Нәтиже келіп түскен күннен бастап |
Құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын беруге қол қою 2 күн |
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдерістің іс-қимылдары |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ХҚКО қызметкері |
Уәкілетті органның кеңсесі |
Уәкілетті органның басшысы |
Уәкілетті органның бөлім бастығы |
Уәкілетті органның бөлім маманы |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға қажетті құжаттардың тізбесін және өтінішті қабылдау, өтінішті қарау, өтініш пен құжаттардың толық тізбесін уәкілетті органға жіберу |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға құжаттарды қабылдау және тіркеу |
Халықаралық сертификаттың, халықаралық сертификаттың телнұсқасын алуға құжаттарды қарау |
Берілген құжаттар тізбесінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау. |
Қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және Халықаралық сертификаттың, Халықаралық сертификаттың телнұсқасын, қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты беруге дайындық және нәтижелерін басшыға қол қоюға жіберу |
Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын халықаралық сертификаттың телнұсқасын немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап беру |
Нәтижені ХҚКО жіберу |
Нәтижеге қол қою және уәкілетті органның кеңсесіне жіберу |
«Техникалық байқау халықаралық
сертификатын беру» мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша
Функционалдық іс-қимылдың диаграммасы
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ХҚКО |
Уәкілетті |
Уәкілетті органның |
Уәкілетті |
Уәкілетті органның |