"Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 815 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8145 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 245 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 10.04.2014 № 245 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы      
№ 815 бұйрығымен          
бекітілген             

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға
рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына, «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 1153 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) және «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес әзірленген.
      2. Осы Регламентте мынадай түсініктер пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызметті алушы – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      2) ҚАБ – құрылымдық-функционалдық бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) – уәкілетті органның жауапты тұлғасы, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ақпараттық жүйе немесе кіші жүйе.
      3. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі – ХҚКО) Стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 45-бабына;
      2) Қағиданың;
      3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттік органдардың және өзге субъектілердің қатысуынсыз көрсетіледі.
      8. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін (бұдан әрі – рұқсат беру куәлігі) және рұқсат карточкасын беру немесе (бұдан әрі - рұқсат карточкасын беру), жаңа рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын қағаз тасығышта беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) егер өтініш беруші жеке кәсіпкер болған жағдайда, салық төлемшісі ретінде тіркелген орны бойынша;
      2) егер өтініш беруші заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлға ретінде тіркелген орны бойынша көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.
      Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы және қажетті құжаттар, сондай-ақ олардың толтырылу үлгілері туралы толық ақпарат:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtс.gov.kz («Көлiктiк бақылау комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
      ХҚКО интернет-ресурсында мына мекенжай бойынша: www.con.gov.kz;
      ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
      1414 call-орталығында орналастырылады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
      14. Қағидалардың 9-тармағында, Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда рұқсат беру куәлігі және (немесе) рұқсат карточкасын беруден бас тартылады.
      15. Тұтынушының өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсынғанға дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:
      1) Осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес қажетті құжаттармен тұтынушы ХҚКО-на өтініш береді;
      2) ХҚКО инспекторы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеріп өтінішті тіркеуді жүргізеді;
      3) ХҚКО-ның жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.
      ХҚО-нан құжаттар пакетінің уәкілетті органға жіберілгендігі туралы фактіні штриХҚКОдты сканер көмегімен тіркеу арқылы, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін пайдаланылады;
      4) уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде алынған құжаттарға тіркеу жүргізеді және басшыға немесе оның орынбасарына қарауға береді, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабанын қояды;
      5) қаралған соң уәкілетті орган басшысы немесе оның орынбасары құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығына жібереді;
      6) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімінің бастығы құжаттардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды және көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманына жолдайды;
      7) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы үш жұмыс күні ішінде ұсынылған өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын рәсімдеуді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, содан кейін уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;
      8) уәкілетті органның (оның филиалы) басшысы бір жұмыс күні ішінде рұқсат беру куәлігіне және (немесе) рұқсат карточкасына, жаңа рұқсат беру куәлігіне және (немесе) рұқсат карточкасына немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті орган кеңсесіне жібереді;
      9) уәкілетті органның (оның филиалы) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО-ға курьер арқылы жібереді.
      Уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін қабылдауда ХҚКО түскен құжаттарды штриХҚКОд сканері көмегімен тіркейді;
      10) ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызмет алушыға нәтижесін береді.
      16. ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғаның ең аз саны 1 адамнан тұрады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі қызметтер
(өзара әрекет етулер) сипаттамасы

      17. ХҚКО-да құжаттар қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» операциялық залда жүзеге асырылады, ХҚКО қызметкерінің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
      ХҚКО-да құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО-ның қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесідей ҚАБ(ҚҚБ) қатыстырылған:
      1) ХҚКО инспекторы;
      2) ХҚКО жинақтаушы бөлімі инспекторы;
      3) уәкілетті орган (оның филиалы) кеңсесі қызметкері;
      4) уәкілетті орган бастығы немесе оның орынбасарлары;
      5) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі бастығы;
      6) көлік-коммуникация кешеніндегі бақылау бөлімі маманы;
      7) курьер.
      19. Әрбір ҚФБ бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әрбір әкімшілік іс-қимылын орындау мерзімін көрсетумен әкімшілік іс-қимылдарының өзара іс-қимылдары (рәсімдері) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      20. мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде әкімшілік іс-қимылдардың логикалық біркелкілігі арасында схема және ҚФБ осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
      21. Мемлекеттік қызмет алуға өтініштің нысаны Стандартқа 3-қосымшада белгіленген.

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»   
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша              

   Рұқсат беру туралы куәлiгiн және рұқсат беру карточкасын алуға

                             ӨТІНІШ

    ______________________________________________________________
           (жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның атауы)

      Халықаралық жүк тасымалын автомобильмен жүзеге асыруға рұқсат беру куәлiгiн және (немесе) рұқсат беру карточкасын мынадай (келесідей) автокөлiк құралдарына берудi өтiнемiн:

р/с №

Автокөлiк құралының маркасы

Мемлекеттiк нөмiрi

























Мемлекеттiк тiркелу туралы куәлiк _______________________________
_________________________________________________________________
                    (№ және қашан берiлген)

Мекенжайы _______________________________________________________
     (индексi, қаласы, ауданы, облысы, көшесi, үй №, телефон, факс)

Қоса берілетін құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

______________         _______________________
   (қолы)                     (Т.А.Ж.)

Мөрдiң орны:

20 ___ жылғы «____» __________

Өтiнiш 20 ___ жылғы «____» __________ қарауға қабылданды

_________________________________________________________________
    (Мемлекеттiк органның жауапты тұлғасының Т.А.Ә., қолы)

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»  
мемлекеттік қызмет регламентіне 
2-қосымша             

Кесте 1. ҚАБ – құрылымдық-функционалдық бірлігі
(іс-қимылын сипаттау)


Негізгі үдеріс қызметі

1

Қызмет №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның бастығы, не оның орынбасарлары

Уәкілетті органның бөлім бастығы

Уәкілетті органның бөлім маманы

3

Іс-қимылдардың (қызметтер) атауы және олардың сипаты (сипаттамалары)

Өтінішті және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алуға қажетті құжаттар тізбесін қабылдау, өтінішті қарау, уәкілетті органға (мекемеге, ұйымға) өтінішті және толық құжаттар тізбесін жіберу.

Өтінішті және халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алуға қажетті құжаттар тізбесін қабылдау.

Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу өтінішін қарау.

Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау.

Маман өтінішті қарау кезінде рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген (берілген) автокөлік құралдарында басқа рұқсат карточкаларының болуына сұрату жібереді.
Маман сұратуды алған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сұратуда көрсетілген автокөлік құралдарында рұқсат карточкаларының болуына туралы ақпаратты жолдайды, және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ХҚКО-на жолдайды.

4

Аяқтау нысаны

Беру


Жауапты орындаушысы және орындалу мерзімі көрсетілген бұрыштама қойылған (қарар шығарылған) құжаттар.



5

Орындалу мерзімі

20 минут

1 күн

1 күн

1 күн

2 күн

6

Келесі іс-қимылдар (қызметтер) нөмірлері

1

2

3

4

5

7

Іс-қимылдың атауы және олардың сипаты (сипаттамалары)

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын ХҚКО-на қағаз тасушыдан (курьерден) беріп жіберу.

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасына қол қою.



8

Аяқтау нысаны

Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкасы


Қол қойылған халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі және рұқсат карточкасы



9

Орындалу мерзімі

10 минут

1 күн

1 күн



Кесте 2. Іске асыру түрі (нұсқасы). Негізгі үдеріс.

 Негізгі үдеріс

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті орган кеңсесі

Уәкілетті органның бастығы, оның орынбасарлары

Уәкілетті органның бөлім бастығы

Уәкілетті органның бөлім маманы


Өтінішті және рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алуға қажетті құжаттар тізбесін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады (соғылады).

Рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу туралы өтінішін қарау.

Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау.

Маман өтінішті қарауда Рұқсат және рұқсат карточкасын алу үшін өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген  автокөлік құралдарында басқа рұқсат карточкаларының бар-жоғына сұрату жібереді.
Маман сұратуды алған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сұраныста көрсетілген автокөлік құралдарында рұқсат карточкаларының болуы туралы ақпаратты жолдайды, және мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат куәлігі және рұқсат карточкасы беріледі.


Рұқсат куәлігін және рұқсат карточкасын беру.

Рұқсат куәлігі және рұқсат карточкасына қол қою.



Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.

 Баламалы үдеріс немесе кеңейту

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның бастығы, не оның орынбасарлары

Уәкілетті органның бөлім бастығы

Уәкілетті органның бөлім маманы

1. Өтініш және рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алуға қажетті құжаттар тізбесін қабылдау; өтінішті қарау, тіркеу журналында өтінішті тіркеу; уәкілетті органға (мекемеге, ұйымға) өтінішті және толық құжаттар тізбесін жіберу.

2. Өтінішті және рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алуға қажетті құжаттар тізбесін қабылдау, тіркеу журналына өтінішті тіркеу, сонымен өтініштің оң төменгі бұрышына кіріс нөмірі мен датасы көрсетілген мемлекеттік тілде тіркеу мөртабаны қойылады (соғылады).

3. Рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын алу туралы өтінішін қарау.

4. Ұсынылған құжаттар тізбесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау.

5. Маман өтінішті қарауда Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтініш түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарында басқа рұқсат карточкаларының бар-жоғына сұраныс жібереді.
Маман сұранысты алған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сұраныста көрсетілген автокөлік құралдарында рұқсат карточкаларының бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты жолдайды, және мемлекеттік қызметті алушыға рұқсат куәлігі және рұқсат карточкасы беріледі.

1-1. Құжаттар тізбесін толық емес ұсынған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабымен құжаттар қайтарылады.
7-1. Өтініш берушіге рұқсат және рұқсат карточкасын беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытынды беріледі  (жіберіледі).

7. Рұқсат және рұқсат карточкасын беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытындыны ХҚКО-на жіберіледі.

6. Рұқсат және рұқсат карточкасын беруден бас тартылғандығы жөніндегі жазбаша қорытындыға қол қою.



«Халықаралық автомобиль тасымалдарын
жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін
және рұқсат карточкасын беру»  
мемлекеттік қызмет регламентіне 
3-қосымша             

Өзара әрекет етудің функционалдық диаграммасы

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі

ХҚКО қызметкері

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның оның орынбасарлары

Уәкілетті органның бөлім бастығы

Уәкілетті органның бөлім маманы

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады