"Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп" 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша" (коды 1971104, индексі 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша", кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны мен оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 304 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8162 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 14.11.2014 № 50 бұйрығымен (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) «Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша» (коды 1971104, индексі 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша» (коды 1971104, индексі 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
      3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Ә. Смайылов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2012 жылғы 16 қазан

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
2012 жылғы 1 қарашадағы № 304
бұйрығына 1-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Статистическая форма по общегосударственному статистическому наблюдению

Приложение 1 к приказу
Председателя Агентства
Республики Казахстан по статистике
от 1 ноября 2012 года № 304

Аумақтық органға тапсырылады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1 часа

более 40 часов

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики является административным правонарушением, предусмотренным статьей 381 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».

Статистикалық нысан коды 1971104
Код статистической формы 1971104

«Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп»
1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша
Приложение к статистической форме 1-ПФ
«Отчет о финансово-хозяйственной деятельности предприятия»

1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша
Приложение к статистической форме 1-ПФ

Есепті кезең
Отчетный период





жыл
год

Жылдық
Годовая

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жұмыс істейтіндердің тізімдік саны 50 адамнан асатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары тапсырады. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер және холдингтер статистикалық нысанды тапсырмайды.
Представляют юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность и филиалы иностранных юридических лиц, со списочной численностью работающих более 50 человек. Не представляют статистическую форму организации образования, здравоохранения, банки, страховые компании, пенсионные фонды, общественные фонды, общественные объединения и холдинги.

Тапсыру мерзімі – 5 сәуір
Срок представления – 5 апреля

БСН коды код БИН













1. Өндіріс барысында пайдаланылған тауарлар мен қызметтерге және тауарлық-материалдық қорларға кәсіпорындардың шығыстары туралы деректерді толтырыңыз, мың теңге
Заполните данные о расходах предприятия на товары и услуги, потребленные в процессе производства и товарно-материальных запасах, тысяч тенге

Тауарлар мен қызметтердің атауы
Наименование товаров и услуг

ЭҚТӨЖ1 коды
Код КПВЭД

Пайдаланылған тауарлар мен қызметтер
Использовано товаров и услуг

Қорлар
Запасы

жыл басындағы
на начало года

жыл соңындағы
на конец года



1

2

3

Барлығы
Всего





негізгі қызмет түрі бойынша2
по основному виду деятельности





















































































________________________
1 ЭҚТӨЖ - Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайтында орналасқан.
КПВЭД - Классификатор продукции по видам экономической деятельности расположен на официальном сайте Агентства Республики Казахстан по статистике.
2 Қажет болған жағдайда қосымша парақта жалғастырасыз.
При необходимости продолжите на дополнительных листах.

Атауы                            Мекенжайы
Наименование ___________________ Адрес ______________________________
             ___________________ Телефон: ___________________________
Электрондық мекенжай
Электронный адрес ______________
Орындаушының тегі және телефоны
Фамилия и телефон исполнителя ___________________ Тел._______________
Басшы                           (Т.А.Ә, қолы)
Руководитель __________________ (Ф.И.О., подпись) ___________________
Бас бухгалтер                   (Т.А.Ә, қолы)
Главный бухгалтер _____________ (Ф.И.О., подпись) ___________________

М.О.
М.П.

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2012 жылғы 1 қарашадағы    
№ 304 бұйрығына 2-қосымша   

«Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп»
1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша (коды 1971104, индексі
1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша, кезеңділігі жылдық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы есеп» 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша (коды 1971104, индексі 1-ӨҚ статистикалық нысанына қосымша, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтырылуын нақтылайды.
      2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
      1) қызметтің негізгі түрі – жалпы қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген түрінің жалпы қосылған құнынан асатын қызмет түрі;
      2) қорлар – бұл қызмет көрсету кезінде немесе сату үшін өндіріс барысында пайдалануға арналған кәсіпорынның қысқа мерзімді активтері.
      3. Статистикалық нысан есепті жылдың қорытындысы бойынша алғашқы деректерге (қойма есебінің карточкалары, актілер, тізілімдер, жүк-құжаттар, шот-фактуралар, талаптар, лимиттік жинақтама карталар, азық-түліктер мен материалдардың есеп кітаптары, түгендеу тіркелімі және тағы басқалары) және бухгалтерлік есептің (айналым тізімдемелерін, материалдар қозғалысы туралы есептер, анықтама-калькуляциялар, журнал-ордерлер) деректеріне қатаң сәйкестігімен толтырады.
      Құндық көріністегі барлық көрсеткіштер ондық таңбасыз мың теңгемен сауда және көлік үстеме бағаларын есепке алумен, қосымша құн салығы және акцизбен толтырылады.
      Статистикалық нысанның 1-бағанындағы «Пайдаланылған тауарлар мен қызметтер» өндіріс барысында шығындар ретінде тұтынылған немесе көшірілген, не өндіріс барысында түгел пайдаланылған (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер мен жинақтаушы бұйымдар, жұмыстың жекелеген түріне және басқа ұйымдардың қызметіне төленген ақы бойынша шығыстар) тауарлар мен қызметтердің құны көрсетіледі. Қайта сату үшін сатып алынған тауарлардың құны енгізілмейді.
      Негізгі қорларға жататын тауарлар бойынша ағымдағы жөндеу шығыстары ғана көрсетіледі. Құрылыс жұмыстары бойынша ғимараттар мен имараттарды ағымдағы жөндеу ғана енгізіледі. Тауар немесе қызмет өндіруші сатып алған кезде емес, өндіріс барысына олардың кіруі кезінде есептеледі.
      2 және 3-бағандардағы «Қорлар» бөлімінде кәсіпорынның меншік құқығына жататын қорлардың толық атаулары көрсетіледі.
      Қорлар туралы деректер аяқталмаған өндірістің құнын ескерусіз тауарлардың түрлері бойынша талданып келтіріледі.
      Өнімдердің (тауарлар мен қызметтердің) түрлері бойынша шығындар мен қорларды дұрыс бөлу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайтында орналасқан Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуіші (ЭҚТӨЖ) пайдаланылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады