Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 317 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8167 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Екiншi деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктiң iрi қатысушыларына, банк холдингiне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кiретiн заңды тұлғаларға қатысты шектеулi ықпал ету шараларын және iрi қатысушы немесе банк холдингi белгiлерi бар тұлғаларға, сондай-ақ банктiң iрi қатысушыларына, банк холдингтерiне немесе банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4154 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 42 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 201 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5450 тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 25 (1448) жарияланған).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                        Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 29 қазандағы 
№ 317 қаулысымен    
бекітілген      

Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі
қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына
кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі
қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға,
сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе
банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға
мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары

      Осы Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Ипотека туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банктер), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар), сондай-ақ банктің iрi қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.
      Шектеулі ықпал ету шараларын Ұлттық Банк орталық аппаратының бөлімшелері мен аумақтық филиалдары, Комитет және Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қолданады.
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Ұлттық Банк, Комитет Банктер туралы заңның 46-бабына, Ипотека туралы заңның 5-4-бабына, Валюталық реттеу туралы заңның 30-бабына сәйкес банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына шектеулі ықпал ету шарасын қолданады.
      Ұлттық Банк, Комитет мынадай факторлардың біреуін немесе бірнешеуін ескере отырып, шектеулі ықпал ету шарасын қолданады:
      тәуекел деңгейін.
      Қағидалардың мақсаты үшін банктің, банк холдингінің, банк конгломератының, ұйымның өз қызметін жүзеге асырған кезде азаматтық, қаржылық заңнама және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасы саласында белгіленген талаптарды орындамау және (немесе) толық орындамау нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзу, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіру, сондай-ақ банктің, банк холдингінің, банк конгломератының, ұйымның қаржылық жай-күйінің нашарлау түрінде жағымсыз салдардың туындау мүмкіндігін тәуекел деп түсінуге болады;
      таңдалған ықпал ету шарасын қолданудың нәтижесінде болған жағдайды түзету мүмкіндіктерін;
      бұзушылық сипаты мен банкке, банк конгломератына, ұйымға келетін салдарды;
      бұзушылықтың жиiлiгi мен ұзақтығын;
      жiберiлген бұзушылықтың нәтижесiнде банктің, ұйымның шығындар мөлшерін;
      банктiң, банк холдингінің, ұйымның басшы қызметкерлерiнiң жiберiлген бұзушылық жөнінде хабардар болуын;
      iрi қатысушының немесе банк холдингінің белгiлерi бар тұлғаларға, сондай-ақ банктерге, банктің iрi қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға, ұйымдарға қолданылған ықпал ету шаралардың, санкциялардың, мәжбүрлеу шаралардың болуын;
      нәтижесінде банк (банк конгломераты) бұзушылық жіберген және (немесе) банкке (банк конгломератына) нәтижесінде зиян келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн болған iрi қатысушының немесе банк холдингiнің белгiлерi бар тұлғалардың, сондай-ақ банктің iрi қатысушысының, банк холдингiнiң, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдардың тұрақсыз қаржылық жағдайын;
      банктің, банк конгломератының, ұйымның жалпы қаржылық жай-күйін.
      Банктің, банк конгломератының, ұйымның жалпы қаржылық жай-күйі есептілік деректерінің (қаржылық, реттеуіш, статистикалық), тексерулер, аудиторлық есептер материалдарының, тәуекелдерді басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң бар болуы жөнiндегi талаптарды орындау, сондай-ақ банктің, банк конгломератының, ұйымның қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында банк, банк холдингі, ұйым басшылығының акционерлермен өзара әрекеттесу қабілетінің негізінде айқындалады.
      2. Ұлттық Банк, Комитет шектеулі ықпал ету шаралары ретінде мынадай шектеулі шараларды қолданады:
      1) міндеттеме хатты талап ету;
      2) жазбаша келісім жасау;
      3) жазбаша ескерту шығару;
      4) орындау үшін міндетті жазбаша ұйғарым беру.
      3. Ұлттық Банк, Комитет қолданған шектеулі ықпал ету шараларының есебін жүргізеді.
      4. Банк, банктің ірі қатысушысы, ұйым, банк холдингі, банк конгломераттың құрамына кiретiн ұйымдар Ұлттық Банктің, Комитеттің шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көрсетілген мерзімде шектеулі ықпал ету шарасының орындалуы туралы Ұлттық Банкке, Комитетке хабарлайды.
      Шектеулі ықпал ету шарасында белгіленген бұзушылықты жоюды орындау мерзімі бір айдан асып кеткен жағдайда банк, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, банк конгломераттың құрамына кiретiн ұйымдар, ұйым ай сайын бұзушылықты жоюға бағытталған талаптар мен іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау жөнінде Ұлттық Банкке, Комитетке хабарлайды.
      5. Банктің, ұйымның, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломераттың құрамына кiретiн ұйымдардың Ұлттық Банктің, Комитеттің шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көзделген талаптар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басталуы оның келіп түскен хабарын тіркеген күн болып есептеледі.

2. Міндеттеме хатты талап ету

      6. Ұлттық Банк, Комитет азаматтық, қаржылық заңнама және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасы саласында болған бұзушылықтарды мойындау дерегі және банк, ұйым, банктің ірі қатысушылары, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар басшылығының жоспарланған іс-шаралар (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) тізбесін көрсете отырып, қатаң белгіленген мерзімде оларды жою жөнінде кепілі бар міндеттеме хатты ұсыну туралы талабын банкке, ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға жібереді.
      Банк, ұйым, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар Ұлттық Банктің, Комитеттің жоғарыда көрсетілген талабын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке, Комитетке болған кемшіліктерді жою жөнінде Іс-шаралар жоспарын береді.
      Ұлттық Банк, Комитет берілген Іс-шаралар жоспарын күнтізбелік он күн ішінде қарайды және онымен келіспеген жағдайда ол бойынша өзінің қорытындысын жібереді, онда банкке, ұйымдарға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға берген белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау қажеттігі туралы нұсқауы болады.
      Ұлттық Банк, Комитет көрсетілген мерзім ішінде қорытындысын бермеген жағдайда Іс-шаралар жоспары қабылданған болып есептеледі.
      7. Ұлттық Банктің, Комитеттің міндеттеме хатты ұсыну туралы талабы банктің, ұйымдардың, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың қызметінде оларды жою өздеріне тиісті міндеттемелер алатын тұлғалардың тарапынан шаралар қабылдаумен объективті түрде мүмкін болатын азаматтық, қаржылық заңнама және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасы саласындағы бұзушылықтар байқалған жағдайда қолданылады.
      8. Міндеттеме хатты беру мынадай:
      өзіне тиісті міндеттеме қабылдаған тұлға оны орындауға ниетті және орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті деп болжауға негіз бар;
      міндеттеме хатта Ұлттық Банкпен, Комитетпен бұзушылықтарды жою үшін жеткілікті деп танылатын нақты шаралар құрамы және оларды жүзеге асыру мерзімдері бар жағдайлардың біреуі болған кезде жеткілікті ықпал ету шарасы болып табылады.
      Ұлттық Банк, Комитет тұлға қабылдаған міндеттеменің орындалуын тексеруді жүзеге асырады.

3. Жазбаша келісім жасау

      9. Ұлттық Банк, Комитет банкпен, банктің ірі қатысушысымен, ұйыммен, банк холдингімен, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдармен азаматтық, қаржылық заңнама және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасы саласында анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы және осындай бұзушылықтарды жою жөнінде бірінші кезекті шараларды бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.
      Жазбаша келісімді жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысымен, банктің, ұйымның, заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың басқару органының және (немесе) атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам жасайды.
      10. Жазбаша келісім мынадай:
      банктің, банк конгломератының, ұйымның қызметінде күрделі қаржылық нашарлау күтілгенде, яғни егер оларды түзету жөнінде тиімді үйлестірілген шаралар қолданбаса, жай-күйі тез нашарлауы мүмкін болған жағдайда;
      банктің, банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, олардың қаржылық жай-күйінің нашарлауына және олардың қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөнінде ертерек ден қою шараларын көздейтін банктің (банк холдингінің) және (немесе) оның акционерлерінің (ірі қатысушыларының) Іс-шаралар жоспарын және (немесе) Банктер туралы заңның 45-бабында көзделген талаптарға сәйкес ертерек ден қою шараларын орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жасалады.
      11. Жазбаша келісімде жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы, банктің, ұйымның, заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың басқару органы және (немесе) атқарушы органы кемшіліктерді жою, қаржылық жай-күйін жақсарту жөнінде алдын ала жасауға тиісті іс-қимылдары мен оларды орындау мерзімдері көрсетіледі. Банк, ұйым, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар жазбаша келісімге қол қойып, өздеріне оның талаптарын орындау жөнінде міндеттемелер алады.

4. Жазбаша ескерту шығару

      12. Ұлттық Банк, Комитет азаматтық, қаржылық заңнама және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасы саласындағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда немесе болған кемшіліктер Ұлттық Банк, Комитет белгілеген мерзімде жойылмаған жағдайда банкке, ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты Банктер туралы заңның 47-бабында, Ипотека туралы заңның 5-4-бабында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту шығарады.
      13. Жазбаша ескерту жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына, банктің (заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың), ұйымның бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға жіберіледі.
      14. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың), ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам міндетті түрде жазбаша ескерту алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, ұйымның атқарушы органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны жөнінде хабардар етеді.

5. Жазбаша ұйғарымның міндетті орындалуы

      15. Ұлттық Банк, Комитет банктің, ұйымның, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың атына жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған орындалуы міндетті болатын түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша ұйғарым шығарады.
      16. Банкке, ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты міндеттеме хатты, жазбаша келісімді, жазбаша ескертуді қолдану олардың қызметін тиісінше түзете алмайтынын немесе түзетуді қамтамасыз ете алмайтынын ескере отырып, ол жіберілген бұзушылықтардың сипатынан шыққан жағдайда банкке, ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты жазбаша ұйғарым қолданылады.
      17. Сотта Ұлттық Банктің, Комитеттің жазбаша ұйғарымына шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.
      18. Түзету шаралары жазбаша ұйғарымда көрсетіледі және орындалуы міндетті мынадай шараларды білдіреді:
      кредиторлар мен салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөнінде;
      Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде;
      азаматтық, қаржылық заңнамаға және әлеуметтік қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес банкке, ұйымға, банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қойылатын талаптарды орындау жөнінде.
      19. Жазбаша ұйғарым жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына, банктің (банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың), ұйымның бірінші басшысына немесе оның орнындағы адамға жіберіледі.
      20. Банктің (банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың), ұйымның бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам жазбаша ұйғарымды алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде банктің, ұйымның, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың атқарушы органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша ұйғарым шығарылғаны жөнінде хабардар етеді.

6. Ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар
тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк
холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды
тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      21. Комитет ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын Банктер туралы заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда қолданады.
      22. Ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалар Комитеттің оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Іс-шаралар жоспарының әр тармағы бойынша орындау мерзімін, іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса беріп Комитеттің талаптарын орындау жөнінде іс-шаралар жоспарын Комитетке ұсынады.
      23. Комитет Іс-шаралар жоспарын қарайды және банктің ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға Іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қорытындысын береді.
      Іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, Комитет банктің ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға белгіленген мерзімде нақты іс-шараларды орындау туралы нұсқау жібереді.
      24. Ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалар Комитетке Іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шараларды орындау туралы есеп береді.
      Іс-шараларды орындаудың белгіленген мерзімі бір айдан асқан жағдайда ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалар оны кезең-кезеңмен орындау жөнінде Комитетке ай сайын хабарлайды.
      25. Банктің ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалардың Комитеттің талаптарын орындау мерзімінің басталуы олардың жазбаша хабарлама алған күні болып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады