Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын және Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломераттарының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 68 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 сәуірде № 13601 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 272 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломераттарының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 317 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8167 тіркелген, 2013 жылғы 20 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 71 (28010) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8805 тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Заң газеті" газетінде № 180 (2381) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 68 қаулысына
1-қосымша

Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Ипотека туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі – Кредиттік бюролар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрі – ұйым), сондай-ақ банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 46-бабына, Ипотека туралы заңның 5-4-бабына, Валюталық реттеу туралы заңның 30-бабына, Кредиттік бюролар туралы заңның 11-бабына сәйкес банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына мынадай факторлардың біреуін немесе бірнешеуін ескере отырып, шектеулі ықпал ету шарасын қолданады:

      1) тәуекел деңгейі.

      Тәуекел ретінде банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың өз қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы және (немесе) толық орындамауы, сондай-ақ банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың қаржылық жай-күйінің нашарлауы нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін бұзу, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіру, түрінде жағымсыз салдардың туындау ықтималдығы түсініледі;

      2) таңдалған ықпал ету шарасын қолданудың нәтижесінде болған жағдайды түзету қабілеті;

      3) бұзушылық сипаты және банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар үшін ықтимал салдар;

      4) бұзушылықтың жиiлiгi мен ұзақтығы;

      5) жол берілген бұзушылықтың нәтижесіндегі банктің, ұйымның шығындарының мөлшері;

      6) жіберілген бұзушылық туралы банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың қабылдаған (жоспарлаған) шаралары;

      7) iрi қатысушының немесе банк холдингінің белгiлерi бар тұлғаларға, сондай-ақ банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға немесе банктің iрi қатысушыларына қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының, санкциялардың, мәжбүрлеу шараларының болуы;

      8) нәтижесінде банк (банк конгломераты) бұзушылыққа жол берген және (немесе) банкке (банк конгломератына) нәтижесінде зиян келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн iрi қатысушының немесе банк холдингінің белгiлерi бар тұлғалардың, сондай-ақ банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банктің iрi қатысушыларының тұрақсыз қаржылық жай-күйі;

      9) банктің, ұйымның, банк конгломератының жалпы қаржылық жай-күйі.

      Банктің, банк конгломератының, ұйымның жалпы қаржылық жай-күйі есептіліктің (қаржылық, реттеуіш және статистикалық) деректері, тексеру материалдары, аудиторлық есептер, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің болуы жөніндегі талаптардың орындалуы, сондай-ақ банктің, ұйымның, банк конгломератының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда қаржылық қолдау алу мақсатында банк, ұйым, банк холдингі басшылығының акционерлермен өзара іс-әрекет жасау қабілеті негізінде айқындалады.

      3. Уәкілетті орган мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолданады:

      1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру;

      2) жазбаша ескерту шығару;

      3) жазбаша келісім жасау.

      4. Уәкілетті орган қолданылған шектеулі ықпал ету шараларын есепке алуды жүргізеді және ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

      Банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану оларға басқа шектеулі ықпал ету шараларын қолдануды тоқтатпайды.

      5. Банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көрсетілген мерзімде шектеулі ықпал ету шарасының орындалуы туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      Егер шектеулі ықпал ету шарасында белгіленген бұзушылықты жою мерзімі 1 (бір) айдан асатын болса, банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықты жоюға бағытталған талаптар мен іс-шараларды кезең-кезеңмен орындау туралы уәкілетті органға ай сайын хабарлайды.

      6. Банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының уәкілетті органның шектеулі ықпал ету шарасын қолдану туралы тиісті құжатында көзделген талаптар мен іс-шараларды орындау мерзімінің басталуы оны нақты алу күні болып есептеледі.

2. Орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру

      7. Уәкілетті орган банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға әсерін тигізген себептерді, сондай-ақ жағдайларды жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға әсерін тигізген себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы жазбаша нұсқама береді.

      8. Банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты жазбаша келісімді, жазбаша ескертуді қолдану олардың қызметін тиісінше түзетуді қамтамасыз ете алмайтынын ескере отырып, жол берілген бұзушылықтардың сипатынан туындайтын жағдайларда банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қатысты жазбаша нұсқама қолданылады.

      9. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оның орындалуын тоқтата алмайды.

      10. Түзету шаралары жазбаша нұсқама да көрсетіледі және орындалуы міндетті мынадай:

      1) кредиторлар мен салымшылар алдындағы міндеттемелерді орындау жөніндегі;

      2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарының анықталған бұзушылықтарын, оларды жасауға әсерін тигізген себептерді және (немесе) жағдайларды жою жөніндегі;

      3) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына қойылатын талаптарды орындау жөніндегі шараларды білдіреді.

      11. Банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде бұзушылықтардың сипаттамасын, олардың туындауына әкеп соқтырған себептер мен жағдайларды, жоспарланған іс-шаралардың тізбесін, оларды жүзеге асыру мерзімдерін, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, уәкілетті органға Іс-шаралар жоспарын ұсынады.

      12. Уәкілетті орган ұсынылған Іс-шаралар жоспарын 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіспеген жағдайда ол бойынша өз қорытындысын жібереді, онда банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына жоспарланған іс-шараларды түзету не уәкілетті орган белгілеген мерзімде оларды орындау қажеттігі туралы нұсқау қамтылады.

      13. Уәкілетті орган көрсетілген мерзім ішінде қорытынды жібермеген жағдайда Іс-шаралар жоспары қабылданған болып есептеледі.

      14. Уәкілетті орган банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының қызметінде оларды жою банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының тарапынан шаралар қабылдаумен объективті түрде мүмкін болатын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының бұзушылықтары байқалған жағдайларда Іс-шаралар жоспарын ұсынуды талап етеді.

      15. Уәкілетті орган банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары айқындалған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға мүмкіндік туғызған жағдайларды жою жөнінде жоспарланған іс-шараларды, орындауға ниетті және орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті деп болжауға негіз бар болған кезде банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына Іс-шаралар жоспарын ұсыну қажеттігін көрсетеді.

      Іс-шаралар жоспарында уәкілетті органмен айқындалған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға мүмкіндік туғызған жағдайларды жою үшін жеткілікті деп танылатын айқындалған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға мүмкіндік туғызған жағдайларды жою жөнінде жоспарланған іс-шаралардың тізбесі қамтылады.

      16. Уәкілетті орган банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары қабылдаған Іс-шаралар жоспарының орындалуын тексеруді жүзеге асырады.

      17. Жазбаша нұсқама жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушыларына, банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушыларының атқарушы органдарының басшыларына немесе олардың орнындағы адамдарға жіберіледі.

      18. Банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымның, заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысының атқарушы органының басшысы немесе оның орнындағы адам жазбаша нұсқаманы алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде банктің, ұйымның, сондай-ақ банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымның, банктің ірі қатысушыларының атқарушы органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша нұсқама шығарылғаны жөнінде хабардар етеді.

3. Жазбаша ескерту шығару

      19. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарғаннан кейін 1 (бір) жыл ішінде жасаған үшін жазбаша ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын қайта бұзғанын айқындаған жағдайда банкке, ұйымға, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, банктің ірі қатысушыларына не банктің басшы қызметкеріне (қызметкерлеріне) қатысты Банктер туралы заңның 47-бабында, Ипотека туралы заңның 5-4-бабының 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту шығарады.

      20. Жазбаша ескерту жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушыларына, банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, заңды тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушыларының атқарушы органдарының басшыларына немесе олардың орнындағы адамдарға жіберіледі.

      21. Банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымның, заңды тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушыларының атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам жазбаша ескертуді алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымның, банктің ірі қатысушыларының атқарушы органы мен басқару органының барлық мүшелерін жазбаша ескерту шығарылғаны жөнінде хабардар етеді.

4. Жазбаша келісім жасау

      22. Уәкілетті орган банкпен, ұйыммен, банк холдингімен, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдармен, банктің ірі қатысушыларымен айқындалған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, осындай бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары өзіне айқындалған бұзушылықтарды жоюға дейін қабылдайтын шектеулер тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жасайды.

      Жазбаша келісім жеке тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушыларымен, банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының басқару органдары және (немесе) атқарушы органдарының басшыларымен немесе олардың орнындағы адамдармен жасалады.

      Жазбаша келісімге банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломераты құрамына кіретін ұйымдардың, банктің ірі қатысушыларының тарапынан міндетті қол қойылуы тиіс.

      23. Жазбаша келісім мынадай:

      1) банктің, ұйымның, банк конгломератының қызметінде күрделі қаржылық нашарлау күтілгенде, яғни егер оларды түзету жөнінде тиімді үйлестірілген шаралар қолданбаса, жай-күйі тез нашарлауы мүмкін болған жағдайда;

      2) банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын Банктер туралы заңның 45-бабының 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімде ұсынбаған немесе осы жоспардың іс-шараларын уақытылы орындамаған, сондай-ақ уәкілетті органның банкке (банк конгломератына) және (немесе) оның акционерлеріне (ірі қатысушыларына) қойылатын талабына сәйкес ертерек ден қою шараларын орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда жасалады.

      24. Жазбаша келісімде айқындалған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесі және оларды орындау мерзімі және (немесе) жеке тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушылары, банктің, ұйымның, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, заңды тұлғалар болып табылатын банктің ірі қатысушыларының басқару органы және (немесе) атқарушы органы өзіне қабылдайтын міндеттемелер тізбесі көрсетіледі. Банк, ұйым, банк холдингі, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдар, банктің ірі қатысушылары жазбаша келісімге қол қойып, өздеріне оның талаптарын орындау жөнінде міндеттемелер алады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 68 қаулысына
2-қосымша

Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломераттарының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары

      1. Осы Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломераттарының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін белгілейді.

      2. Уәкілетті орган ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын Банктер туралы заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда қолданады.

      3. Ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлға уәкілетті тұлға оған қатысты мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы уәкілетті органның талаптарын жазбаша хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күннің ішінде уәкілетті органның уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарының әр тармағы бойынша орындау мерзімін, Уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты лауазымды тұлғаларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бермен уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға ұсынады.

      4. Уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын уәкілетті орган қарайды және банктің ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өз қорытындысын береді.

      Уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарымен уәкілетті орган келіспеген жағдайда банктің ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлғаға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаға жоспарланған іс-шараларды түзету не уәкілетті орган белгілеген мерзімде олардың орындалуы туралы нұсқау жібереді.

      5. Ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлға уәкілетті органның талаптарын орындау бойынша іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде іс-шаралардың орындалуы туралы уәкілетті органға есеп береді.

      Егер іс-шараларды орындаудың белгіленген мерзімі 1 (бір) айдан асатын болса ірі қатысушының немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлға оны кезең-кезеңмен орындау жөнінде уәкілетті органды ай сайын хабардар етеді.

      6. Ірі қатысушы немесе банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің белгілері бар тұлғаның және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғалардың уәкілетті органның талаптарын орындау мерзімінің басталуы олардың жазбаша хабарлама алған күні болып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады