Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 05.08.2015 № 513 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.08.2015 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңы 8-бабының 11-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қауіпсіздік жөніндегі инспекторат-департаменті (А.А. Ким):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тексеру парағының нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7246 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 323 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму сауда министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 311 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Қауіпсіздік жөніндегі инспекторат-департаментінің директоры А.А. Кимге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы агенттігінің Экономикалық даму
төрағасы және сауда министрі
______________ Т. Жантикин ____________ Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы агенттігі
төрағасының
2012 жылғы 14 қарашадағы
№ 23-пр
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 20 қарашадағы
№ 310
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы
субъектілердің тексеру парағы
Органның атауы:_________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті:_______________________________
Тексерілетін субъектінің атауы: ________________________________
Ұйымның мекенжайы:____________________________________________
Р/с |
Талаптар |
Сәйкестігі |
Ескерту |
|
ия |
жоқ |
|||
1. |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі |
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысы |
||
2. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысы |
||
3. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының «Зерттеуші ядролық қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
«Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 684 қаулысы |
||
4. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
«Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысы |
||
5. |
Атом энергиясын пайдаланатын объектілер жұмысшыларының жеке дозаларын есепке алуды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 8-тармағының 7-тармақшасы |
||
6. |
Радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету |
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 13-бабы |
||
7. |
Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету |
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 14-бабы |
||
8. |
Ядролық материалдар мен иондандаушы сәуле шығару көздерін есепке алуды қамтамасыз ету |
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі Заңының 15-бабы |
||
9. |
Авариялық әзірлікті қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың 325-тармағы |