Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 10.02.2014 № 23 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнайгаз өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған лицензияларды беру, қайта ресімдеу, лицензиялар дубликаттарын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Момышев Т.А.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет–ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Б.О. Ақшолақовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрі С. Мыңбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрі
_______________ А. Жұмағалиев
2012 жылғы 13 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 182 бұйрығымен
бекітілген
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия,
химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе)
пайдалану, мұнайгаз өңдеу өндірістерін жобалауға
(технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған
лицензияларды беру, қайта ресімдеу, лицензиялар дубликаттарын
беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық мемлекеттік қызмет (Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға арналған лицензияларды беру, қайта ресімдеу, лицензиялар дубликаттарын беруді Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi - ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздеуге, таратуға, тапсыруға және беруге арналған жүйе (бұдан әрi - АЖ);
2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрі - БСН);
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, уақытша тоқтатылған, жаңартылған және қолданысы тоқтатылған лицензиялар, сондай-ақ лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарларға берілетін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірлерін орталықтан қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ );
4) жеке сәйкестендiру нөмiрi – жеке тұлға, оның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрі - ЖСН);
5) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты жинақтауға, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы мемлекеттік органдар мен басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзекті және шынайы деректер беру мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ МДБ);
6) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы – ақпаратты автоматты жинақтауға, сақтау мен өңдеуге, Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы мемлекеттік органдар мен басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзекті және шынайы деректер беру мақсатында Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);
7) құрылымдық-функционалдық бірліктер – қызметтер көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен басқа да ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі (бұдан әрі - ҚФБ);
8) қызмет тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
9) пайдаланушы – өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алуға ақпараттық жүйеге жүгінетін субъект (қызмет тұтынушы, қызмет көрсетуші);
10) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданып, өзара ақпарат алмасуды талап ететiн электрондық ақпараттық ресурстар ұсыну жөнiндегi қызмет;
11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталған құжат;
12) электрондық лицензия - ақпараттық технологияларды пайдаланып ресiмделетiн және берiлетiн, қағаз тасымалдаушыда лицензияға тең электрондық құжат нысанындағы лицензия;
13) электрондық мемлекеттiк қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;
14) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ЭҮП);
15) «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерiн жүзеге асыру кезiнде екiншi деңгейдегi банктер, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерi арасындағы өзара iс-қимылды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮТШ);
16) «электрондық үкiметтiң» қақпасы – электрондық қызметтер шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерді біріктіруге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП);
17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi (бұдан әрi - ЭЦҚ).
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетушінің қызмет тәртібі
6. ЭҮП арқылы қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары (қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) ЭҮП арқылы Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген:
1) қызмет тұтынушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегiмен ЭҮП-да тiркелуді жүзеге асырады, ол қызмет тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (ЭҮП-да тiркелмеген қызмет тұтынушылар үшiн жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – қызмет тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-ға қызмет тұтынушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – логин (ЖСН/БСН) және пароль арқылы тіркелген қызмет тұтынушы туралы деректердің шынайылығын ЭҮП-да тексеру;
4) 2-үдеріс – қызмет тұтынушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты ЭҮП-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – қызмет тұтынушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығару (деректердi енгiзу) және қажетті құжаттарды электрондық түрде сұрау салу нысанына тіркей отырып, қызмет тұтынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып толтыруы;
6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-да қызметтерге ақы төлеу, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға түседі немесе квитанцияны электрондық (сканирленген) түрінде бекіту;
7) 2-шарт – көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу фактісін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбеуіне байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру, ЭҮТШ қызметі арқылы ақы төлеу;
9) 6-үдеріс – қызмет тұтынушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
11) 7-үдеріс – қызмет тұтынушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанынын (енгiзiлген деректердi) қызмет тұтынушының ЭЦҚ арқылы растау (қол қою);
13) 9-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да электрондық құжатты (қызмет тұтынушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
14) 4-шарт – қызмет көрсетушінің лицензия беру үшін қызмет тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкес келуін тексеруі;
15) 10-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11-үдеріс – қызмет тұтынушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптасқан қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсеткішінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптасады.
7. Қызмет көрсетушінің қызмет қадамдары және шешімдері (қызмет көрсету барысындағы функционалдық іс-қимылының № 2 диаграммасы) Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген:
1) 1-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
2) 1-шарт – логин және пароль арқылы қызмет көрсетушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің дұрыстығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тексеру;
3) 2-үдеріс – қызмет көрсетушінің қызметкерінің деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – қызмет көрсетуші қызметкерінің осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, қызметтi көрсету үшiн сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет көрсетуші қызметкерінің қызмет тұтынушының деректерін енгізуі;
5) 4-үдеріс – қызмет тұтынушының деректері туралы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға ЭҮШ арқылы сұрауды жолдау;
6) 2-шарт – қызмет тұтынушы деректерінің ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да болуын тексеру;
7) 5-үдеріс – қызмет тұтынушы деректерінің ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-үдеріс – сұрау салу нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде толтыру және қызмет көрсетуші қызметкерінің қызмет тұтынушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына тіркеуі;
9) 7-үдеріс – сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және қызметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу;
10) 3-шарт – лицензия беру үшін қызмет тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкес келуін қызмет көрсетушінің тексеруі;
11) 8-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9-үдеріс – қызмет тұтынушының ЭҮП-да қалыптасқан қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
8. Қызметке сұрау салу және жауап беру нысандарын толтыру www. elicence.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында келтірілген.
9. Салынған сұрау өңделгеннен кейін қызмет тұтынушыға сұрау нәтижелерін қарап шығуға мынадай мүмкіндік берілген:
«шығарылым құжатты қарап шығу» батырмасын басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығады;
«сақтау» батырмасын басқаннан кейін – сұрау салудың нәтижесі қызмет тұтынушы жасаған магниттік жеткізгіште Adobe Acrobat форматында сақталады.
10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
3. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП;
2) ЭҮШ;
3) ЭҮТШ;
4) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
5) ЖТ МДБ-да/ЗТ МДБ;
6) Қызмет көрсетуші.
12. Орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген.
13. Қызметтің (қызмет көрсету процесінде) логикалық дәйектілігі арасындағы өзара байланысын бейнелейтін, олардың сипаттамасы бойынша диаграммасы осы Регламенттiң 1-қосымшасында келтірілген.
14. Қызмет тұтынушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтірілген сапа көрсеткіштерімен және қолжетімділігімен өлшенеді.
15. Қызмет тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiне қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты санкциясыз алудан қорғау);
2) тұтастығы (ақпаратты санкциясыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды санкциясыз ұстап қалудан қорғау).
16. Қызмет көрсетудiң техникалық шарты:
1) интернетке шығу;
2) электрондық лицензия берілетін тұлғада ЖСН/БСН болуы;
3) ЭҮП -ден авторизациялау;
4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;
5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточканың немесе ағымдағы шоттың болуы.
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия, химия
өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға,
мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық), магистральдық
газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын
пайдалануға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланыс көрініс табатын сызба
ЭҮБ арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету
кезінде функционалдық іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Шартты белгілер:
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-
химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық),
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
Орындалу мерзiмi көрсетіле отырып, әкімшілік іс-әрекеттерінің
(рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-қимылдарын сипаттау
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс – қимылын сипаттау
Іс-қимыл (жұмыстар барысы, ағыны) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
ҚФБ атауы |
Қызмет тұтынушы |
ЭҮП |
Қызмет тұтынушы |
ЭҮТШ |
ЭҮП |
Іс-қимыл (процесс, рәсiмдеу, операция) атауы және оларды сипаттау |
Қызмет тұтынушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту |
Қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады |
Электрондық түрде қажетті құжаттарды осы сауалдарды бекіте отырып қызметті таңдайды және қалыптастырады |
Қызметтерге ақы төлеу |
Ақы төлемеуге байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптасады |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық – өкімдік шешiм) |
Мұқтаждың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Мұқтаждың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Қимылдың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Орындалу мерзімдері |
10–15 сек |
20 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
10–15 сек |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
2–егер қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 3–егер авторизациялау жақсы өтсе |
– |
4 |
5 – егер ақы төлемесе, 6 – егер төлесе |
– |
кестенің жалғасы
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Қызмет тұтынушы |
ЭҮП |
Қызмет тұтынушы |
«Е-лицензиялау» МБД АЖ |
«Е-лицензиялау» МБД АЖ |
«Е-лицензиялау» МБД АЖ |
Қызмет тұтынушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы |
Қызмет тұтынушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; |
ЭЦҚ арқылы сауалды куәландыру (қол қою) |
«Е-лицензиялау» АЖ–де (қызмет тұтынушының сауалы) өтініштің электрондық құжатты тіркеу және «Е-лицензиялау» АЖ өңдеу |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру; |
Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
Мұқтаж бағдары |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Мұқтаж бағдары |
Өтінішке нөмірді иемденумен мұқтаждың тіркелуі |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Электрондық лицензия, қайта ресімделген лицензия, лицензия дубликаты |
10–15 сек |
10–15 сек |
1,5 мин |
15 жұмыс күні |
- |
15 жұмыс күні, 10 жұмыс күні, 2 жұмыс күні |
7 – егер ЭЦҚ қате болса, 8 – егер ЭЦҚ қате болмаса |
- |
- |
10-лицензия беру үшін қызмет тұтынушының біліктілік талаптарына және негіздеріне сәйкес қызмет көрсетушімен тексеру |
- |
– |
2-кесте. Қызмет көрсетушілер арқылы ҚФБ іс–қимылын сипаттау
Іс-қимыл (жұмыстар барысы, ағыны) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
ҚФБ атауы |
Қызмет көрсетуші |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ |
Қызмет көрсетуші |
ЖТ МДБ |
Іс-қимыл (процесс, рәсiмдеу, операция) атауы және оларды сипаттау |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ авторизацияланады |
Деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту хабарлама туралы қалыптасады |
Қызмет көрсетуші қызметкерлерінің қызметті таңдауы |
Қызмет тұтынушының деректері туралы ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-ға ЭҮШ арқылы сұрау жіберу; |
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешiмi) |
Мұқтаждың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Мұқтаждың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Мұқтаждың бағдары |
Орындалу мерзімдері |
10–15 сек |
10 сек |
1,5 мин |
1,5 мин |
Келесі іс-қимылдың нөмірі |
1 – қызмет көрсетушінің логин және пароль деректерін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-де тексеру |
– |
4 |
5–егер қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болса; 6– егер авторизациялау жақсы өтсе |
кестенің жалғасы
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ |
Қызмет көрсетуші |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ |
Деректерде бұзушылықтардың болуына байланысты бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру |
Құжаттарды бекіту арқылы салдардың нысандарын толтыру |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ электрондық құжаттарды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ қызметтерді өңдеу |
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет тұтынушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру |
Электрондық құжат (электрондық лицензия) |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
Мұқтаждың ойдағыдай ұйымдастырылуы туралы хабарландырудың бейнеленуі |
Өтінішке нөмірді иемденуімен мұқтаждың желіде тіркелуі |
Сұратылған мемлекеттік электрондық қызметтен бас тарту туралы хабарландырудың ұйымдастырылуы |
|
1,5 мин |
10–15 сек |
15 жұмыс күні |
- |
15 жұмыс күні |
- |
- |
8–егер «Е-лицензияла у» МДБ АЖ-де сауал бойынша деректер болмаса 9 – егер сауал бойынша деректер табылса |
- |
- |
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-
химия, химия өндірістерін жобалауға (технологиялық)
және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу
өндірістерін жобалауға (технологиялық),
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын,
мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша
Тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы және қолжетімділік нәтижелері
Электрондық мемлекеттік қызметтердің «сапа» және
«қолжетімділік» көрсеткіштерін анықтауға арналған сауалнаманың нысаны
____________________________________________________
(қызметтің атауы)
1. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету процесінің сапасына және нәтижесiне қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.
2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
1) қанағаттанған жоқпын;
2) iшiнара қанағаттанамын;
3) қанағаттанамын.