Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 шілдеде № 13963 болып тіркелді.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8274 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2013 жылғы 17 шілдеде № 234 (27508) жарияланған);

      2) "Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшілеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 476 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9071 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қаңтарда жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде түпнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 190 бұйрығымен
бекітілген

Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша
ақыларды төлеу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының жұмыскерлеріне қосымша ақыларды төлеу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын дене шынықтыру-спорттық ұйымдар жұмыскерлеріне, азаматтық қызметшілеріне (бұдан әрі – Жұмыскерлер) еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыларды төлеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Жұмыскерлерге қосымша ақылар мөлшері Спорт және дене шынықтыру істері комитеті немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы) бекіткен еңбекақы қоры шегінде белгіленеді.

2-тарау. Қосымша ақыларды төлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жұмыскерлерге мынадай қосымша ақылар белгіленеді:

      1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы (бұдан әрі – 1-қосымша ақы);

      2) спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындау үшін қосымша ақы (бұдан әрі – 2-қосымша ақы);

      3) алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыскерлерге қосымша ақының мөлшерін белгілеуді мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша тиісті мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын дене шынықтыру-спорттық ұйымның (бұдан әрі – ұйым) басшысы жүзеге асырады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қосымша ақылар мөлшерлері спорттық жарыстардың хаттамаларымен расталған спортшылардың нәтижелері негізінде белгіленеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. 1-қосымша ақының жалпы мөлшері күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша қаулымен бекітілген қосымша ақылардың 1-тармағы 1) - 7) тармақшаларында, 2-қосымша ақының жалпы мөлшері күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша қаулымен бекітілген қосымша ақылардың 2-тармағы 1) - 7) тармақшаларында көрсетілген мөлшерлерді қосу жолымен айқындалады.

      Егер спортшы бір жылдың ішінде спорттық жарыстарда, оның ішінде әртүрлі спорт түрлері бойынша бірнеше жоғары нәтиже көрсетсе, онда 1 және 2-қосымша ақылар мөлшерлері спорт түрлері бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі бойынша жүргізіледі.

1-параграф. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы төлеу

      7. 1-қосымша ақыны төлеу ұйым Жұмыскерлеріне тиісті контингентке қабылданған спортшылардың жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін белгіленеді.

      8. Ұйымдардың басшылары мемлекеттік басқару органына жыл сайын, 25 желтоқсаннан кешіктірмей қосымша ақылардың мөлшерін көрсете отырып және спорттық жарыстардың хаттамаларын қоса бере отырып, қосымша ақылардың мөлшерін келісу үшін хат жолдайды.

      Мемлекеттік басқару органы хат түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күндік мерзімде қосымша ақылардың мөлшерлерін қарайды және алқалы келіседі.

      9. 1-қосымша ақыны төлеу тиісті ұйым спортшыларының алған нәтижелерінің жалпы мөлшерінен келесі пайыздарда белгіленеді:

      1) ұйымның басшысына 100%-ға дейін;

      2) ұйым басшының орынбасарына 90%-ға дейін;

      3) мемлекеттік жаттықтырушыға, бас жаттықтырушыға, аға жаттықтырушыға, аға жаттықтырушы-оқытушыға, әдіскерге, нұсқаушыға 100%-ға дейін;

      4) құрылымдық бөлімшелердің, филиалдың басшысына, бөлім, қызмет, сектор, спорттық құрылыс, асхана, бассейн, жатақхана, жылқы шаруашылығы, интернат, медициналық кешен басшысына (меңгеруші), психологқа, тәрбиешіге, хореографқа, аккомпаниаторға, дәрігерге, массаж жасаушыға, бас бухгалтерге, бас бухгалтердің орынбасарына, бухгалтерге, экономистке, заңгерге, мемлекеттік сатып алу менеджеріне 80%-ға дейін;

      5) зоотехникке, мал дәрігеріне, ат бағушыға, әбзелшіге, атшыға, инженерге, техникке, механикке, мылтықшыға, қайраушыға, майлаушыға, спорттық команданы тасымалдаушы автокөлік жүргізушісіне 70%-ға дейін;

      6) медбикеге, зертханашыға, операторға, аспазшыға және ас үй жұмысшысына 40%-ға дейін;

      7) команда бастығына, нұсқаушы-спортшыға, инспекторға, менеджерге, баспасөз хатшысына 60%-ға дейін.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. 1-қосымша ақы мөлшері бір күнтізбелік жыл ішінде қолданылады, бұл ретте спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорт жарыстары өткізілгенге дейін қолданыста болады.

      Егер ағымдағы қаржы жылының ішінде спортшы өзінің нәтижесін жақсартса, онда бұл нәтиже келесі (жоспарлы) қаржы жылы есепке алынады.

      Егер спортшы ұйымның контингентінде кемінде 6 ай болған және қаржы жылы ішінде басқа ұйымға ауысқан жағдайда 1-қосымша ақылар спортшы нәтижелер көрсеткен ұйымның жұмыскерлері үшін осы деңгейдегі келесі спорт жарыстары өткізілгенге дейін қолданыста болады.

2-параграф. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы төлеу

      11. 2-қосымша ақы төлеу тиісті спорт түрі бойынша бөлімшеге қабылданған спорттық жарыстардың чемпиондары немесе жүлдегерлері болған (бұдан әрі – чемпиондар, жүлдегерлер) спортшыларды даярлаған ұйымда жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы (бұдан әрі – жаттықтырушы) лауазымын атқаратын Жұмыскерлерге белгіленеді. Чемпиондар мен жүлдегерлер спорттың басқа спорт түріне қатысуы кезінде қосымша ақы төленбейді.

      12. 2-қосымша ақы төлеу мөлшері бір күнтізбелік жыл ішінде қолданылады, бұл ретте спорттық жарыстардың нәтижелері осы деңгейдегі келесі спорт жарыстары өткізілгенге дейін қолданыста болады.

      Егер ағымдағы қаржы жылының ішінде спортшы өзінің нәтижесін жақсартса, онда бұл нәтиже келесі (жоспарлы) қаржы жылы есепке алынады.

      13. 2-қосымша ақы төлеу осы деңгейдегі мына:

      1) қаулымен бекітілген қосымша ақының 2-тармағында көрсетілген спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған;

      2) қаулымен бекітілген қосымша ақының 2-тармағында көрсетілген спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған және басқа ұйымға ауысқан;

      3) бір ұйымнан екінші ұйымға осы спортшылармен ауысып, қаулымен бекітілген қосымша ақының 2-тармағында көрсетілген спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар үшін спорттық жарыстарды өткізгенге дейін қолданылады.

      14. Осы ұйымға түскенге дейін чемпион, жүлдегер болған спорт жарыстарының спортшылары ауысқан ұйымдар жаттықтырушылары үшін 2-қосымша ақы қолданылмайды.

      15. Егер чемпионмен, жүлдегермен екі немесе одан көп жаттықтырушы жұмыс істеген жағдайда, тиісті спорт түрінен жыл қорытындысы бойынша 2-қосымша ақының жалпы пайыздық мөлшері жаттықтырушылардың санына бөлінеді.

      16. Егер жаттықтырушы спорттың ойын түрлері бойынша бүкіл команданы дайындаған жағдайда 2-қосымша ақы қаулымен бекітілген Қосымша ақының 2-тармағының 1-7) тармақшаларында белгіленген 3-ке тең коэффициентті тиісті мөлшерге көбейту арқылы айқындалады.

      Егер спорттың командалық ойын түрлерінен жаттықтырушы бір немесе одан көп спортшы дайындаса, оған мынадай мөлшерде 2-қосымша ақы белгіленеді:

      1) бір спортшы үшін – қаулымен бекітілген Қосымша ақының 2-тармағында белгіленген тиісті мөлшерден 100%;

      2) әрбір кейінгі спортшы үшін – қаулымен бекітілген Қосымша ақының 2-тармағында белгіленген тиісті мөлшерден 20%.

3-параграф. Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының жұмыскерлеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу

      Ескерту. 3-параграф алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қосымша ақыларды төлеу шарттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. 1 және 2-қосымша ақыларды төлеу ұйым спортшыларының республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда көрсеткен нәтижелерінің қорытындылары бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 15.05.2020 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады