Астана қаласының көшесіне атау беру туралы

Жаңартылған

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 80 қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 4/1-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 714 болып енгізілді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 19 шешімінің негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 04.12.2014 № 110-2043 қаулысы және мәслихатының 11.12.2014 № 312/45-V (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Астана қаласы Есіл ауданының № 27 жобалау атауы бар көшеге Хусейн бен Талалдың есімі берілсін.
      2. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                  Астана қаласы мәслихаты
                                                 сессиясының төрағасы
      И. Тасмағамбетов                                   Н. Мещеряков

                                                        Астана қаласы
                                                 мәслихатының хатшысы
                                                            С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады